Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді.

 

Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832 – 1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психологияның даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален, Әбу әлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты.

Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Тіпті мұндай ой–пікірлер фольклорда, әсіресе, мақал–мәтелдерде көптеп кездеседі. Мәселен, «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жан да өледі», «Жан бар жерде қаза бар», «Жан – кеудеге қонақ» т.б. осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан қазақ ұғымында жан–жануарға, адамға тіршілік, күш–қуат беретін рух. Ал Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т.б. қазақ ақын–жыраулары мен ойшылдарының толғауларында да көшпенді ата–бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болып, осылар жайлы сындарлы пікірлер айтылған. Өресі биік, материалистік психологиялық ой–пікірлерді Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт шығармаларынан да көптеп кездестіруге болады: Мәселен, С.Торайғыров (1893 – 1920) жан мен тән ылғи да бірлікте, байланыста болады («Дене азыққа тоюдан жан ер жетер, жан ер жетіп, дүниенің сырын табар»), адамның тәні өсумен қатар, жаны да (ақыл–ой, сана–сезім) бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі тәнде, адам өлгеннен кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ... Өмір жоқ, яғни, бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деп тамаша материалистік қорытынды жасайды. Осы іспеттес пікірді Шәкерім Құдайбердиев те (1858 – 1931) айтқан болатын. Жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негізін жасауда, оны материалистік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтің (1829 – 1905) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849 – 1936) жоғары жүйке қызметі туралы ілімінің маңызы зор болды.[1, 4-7 беттер]. Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объекті болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдет-терін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі бол-ған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Л.С.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" (1940) атты еңбегінде «”Психология зерттеуін-дегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр - олар біздің қабылдауымыз, сезіміміз, ойларымыз, ықлас-ниет-теріміз бен тілектеріміз, т.б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны” - деген. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі - әр тұлғаның (индивид) өз меншік толғанысының болуы - ол түйсік, сезімнен ғана көрінеді де оның басқаша пайда болу жолы жоқ.

Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі әрқандай нақты заттың өзі мен оның қабылданған кейпі бір-бірінен ажыралып тұ-ратыны даусыз.

Адам психика жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір тәжірибесі негізінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінісуге, бірлікті тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын қүрады.

Психологияның жантану ғылымы ретінде мәні неде? Оның ғылыми дені (предмет) не?

ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г.Эббингауз психология жөнінде қысқа да дәл былай деген: Психологияның тарих алды ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанымыз психологияның пәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзінің эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл ХІХ ғ. кейінгі шерегі болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңінде өріс алды.