Таңдау әдісі. Социометрия

Шет ел психологиясы шағын топтарды зерттеуде ауырлықтың орталығын топтарда жеке тұлғаның тұлға аралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге ауыстырды. Тұлға аралық қарым-қатынастың эмоциялық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Топтар мен ұжымдардағы қарым-қатынас және тұлға аралық қатынастар бақылау, эксперимент, әңгіме, анкета, социометрия әдістері арқылы зерттеледі. Белгілі әдістерді қолдану нақты міндеттермен, сонымен қатар зерттеу іске асатын жағдайлармен байланысты.

Қазіргі кезде кеңінен тараған және шет елден енген әдістердің бірі - социометриялық әдістеменемесе социометрияәдісі, оны алғаш рет ұсынған З.Фрейдтің шәкірті — Джекоб Морено (1892-1974). Морено теориясы бойынша, барлық қиыншылықтар, қарама-қайшылықтар, оның ішінде, әлеуметтік, микро және макро құрылымының сәйкес келмеуіне байланысты. Социометрия— америка социологі және психологі Джекоб Морено ұсынған шағын топтарда тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеудің ерекше әдісі. Қазір социометрия әдісін топ мүшелерінің арасыңда ұнату және ұнатпауды анықтау үшін кеңінен қолданады. Социометриялық әдістің мәні белгілі бір шарттарға жауап беретін адамдарға — бірізділік тәртіппен таңдауды іске асыру міндеті қойылған топ мүшелерін сауалдаудың нәтижесін зерттеу. Демек, бұл жағдайда әртүрлі социометриялық өлшемдер немесе нақты сұрақтар ұсынылады, оған әрбір зерттеуші жауап беруі тиіс (мәселен, зеттеуші бірінші кезекте кіммен бірге жұмыс істеуді, көрші болуды, демалуды қалайды, кіммен екінші кезекте, кіммен үшінші кезекте). Сонымен зерттеу нәтижесінде топтағы "социометриялық жұлдыздарды"немесе топтағы ең кеп тандауға ие болғандарды анықтау.

Бұл әдіс тез арада топтағы адамдардың бір-бірімен қатынасын анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл әдісті сынып жетекшілері, тәрбиешілер кеңінен қолданады. Мектеп оқушыларына төмендегі сұрақтарға жауап беру сұралады: "Сен кіммен туристік жорықтарға, емтиханға дайындалануға, бір партада отыруға, бір командада ойнауға тілек білдірер едің?" Әрбір сұраққа үш таңдау беріледі: нәтижесінде ұжымның кейбір мүшелері көп тандауға мәжбүр болады. Ұжымның әрбір мүшесінің орны, рөлі, мәртебесі, бағыты туралы негізделген бағалауға, ұжым ішілік топтарды, оның лидерлерін анықтауға мүмкіндік, тәріздес сұрақтар социометриялы өлшемдердеп аталады, топ ішілік тұлғалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасының әртүрлі жақтарын қамтиды. Осындай өлшемдер белгілі бір міндеттерді орыңдаумен тығыз байланысты (оқу, қоғамдық жүктемелер, демалыс, бірге уақыт өткізу және т.б.сияқты).

Тандау өлшемдерін күшті және әлсіздеп беледі. Күшті өлшемдер зерттеу үшін оның өмірінің ең маңызды және қажетті салаларын қамтиды. Социометриялық таңдау өдісін жүргізу эксперименті жүргізушілерден немесе экспериментатордан таңдау өлшемдерін, оның санын зерттеу мақсаттары мен міңдеттеріне сай анықтауды талап етеді. Социометриялық зерттеулердің жүрісі белгілі дәрежеде экспериментатордың жеке басына тікелей байланысты, оның топ мүшелерімен қатынас жасай білу ептілігіне, зерттеудің маңызы мен қажеттілігін түсіндіре білуіне байланысты. Психологтар оны жүргізу ісіне бірден кіріспейді, ең алдымен олар топпен танысуға біршама уақыт жібереді. Бұл кезеңді социометриялық жаттығудеп атайды. Топ жөне эксперимент жүргізуші бір-бірінен үйренеді, олардың арасында ынтымақтастық және бір-бірін өзара түсінушілік қарым-қатынас қалыптасады.

Жауаптардың нәтижелері таңдау матрицасыдеп аталатынға енгізіледі. Оның саны өлшемдердің санына сәйкес келеді. Таңдау матрицасы социометриялық талдау үшін негіз болып табылады. Мәліметтерді сұрақ карточкаларынан матрицаға көшіргенде жағымды таңдаулар + түрінде белгіленеді, жағымсыз -, қалай болса-солай қарау 0 арқылы белгіленеді.

Дәрісбаян.

Психика даму кезеңі

Жоспары:

1. Психика туралы түсінік,

2. Психикалық үдерістер жайлы қағидалар мен көзқарастар.

3. Психика, мінез-құлық, әрекет

 

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан–жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі — «псюхе» (жан), екіншісі — «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.

Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «лоакаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір–бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай, жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгібақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384 – 322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б.) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ – ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын тәжірибе жүзінде әртүрлі құрал–жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832 – 1920) болды.

Психология ғылымының тарихы да біріне–бірі қарама–қарсы жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой–пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460 – 370) сол кездің өзінде–ақ психика оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427 – 347) керісінше «Жан мәңгі өлмейді, өшпейді», – деп тұжырымдады.

Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл–Фараби (870 – 950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225 – 1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары карай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.