Арна байланысы мен сигналдың көлемі

Байланыс арналары (Каналы связи) — хабардың жіберушідеп қабылдаушыға дейінгі жолы. Ол көптеген аспап-құралдардың (аппаратура) жиынтығынан тұрады. ИнБАИзо формацияны (хабарды) жеткізетін байланыс жолының түріне қарай байланыс арналары радиобайланыс, сымды байланыс арналары болып бөлінеді. Соңғысы әуе байланыс жолы, кабельді байланыс жолы, толқын таратушы, жарық таратушы және басқа арналарға бөлінеді.Инженерлік тұрғыдан айтқанда, арна деп бір хабардың жүретін жолын айтады. Егер ол көп хабар көзіне арналса, оны көпарналы жүйе деп атайды.

Арна әр түрлі міндет атқаратын құрылғылардың тізбектей қосылған жиынтығынан тұрады.

Андай хабар таратуға арнал ғанына байланысты арналар телефон, дыбыстық хабар тарату, бейнелі телефон, қозғалмайтын бейнелерді беру, теледидар, басқару сигналдарын жеткізу, деректер тарату, телеөлшеу, телесигналдау, телебасқару, т.б. арналарға болінеді.

Осы арналармсн берілетін әр түрлі сигналдардың динамикалық ауқымы, қуаты, деңгейі және жиілік спектрі болады.

WiMax технологиясының негізі

WiMAX (ағыл. WorldwideInteroperabilityforMicrowave Access) — кең спектрлі құрылғылар (жұмыс станциялары, портативті компьютерден бастап ұялы телефонға дейін) үшін алыс қашықтықта әмбебап сымсыз байланыс ұсыну мақсатында жасалған телекоммуникациялық технология. WirelessMAN деп аталатын IEEE 802.16 стандартына негізделген.

WiMAX» атауы 2001 жылдың маусымында WiMAX дамыту және таныту мақсатында WiMAXForum ұйымымен құрылған. Форум WiMAX-ты «xDSL және дербес желілерге балама болатын тораптарға жылдам әрі сымсыз қосылуға мүмкіндік беретін технологиялар стандартында жасалған» деген сипаттама береді.

WiMAX- бұл деректерді ондаған мегабит жылдамдығымен жіберуге арналған кең арналы сымсыз байланыс стандарты, ол технология жаңа мультимедиялық сервистің негізі бола алады және мультимедиялық контентпен жұмысты қамтамасыз етеді. Жүйелік сәулетінің арқасында толықтай IP протоколына негізделген және қолданыстағы жүйелік инфрақұрылымдар стандартымен үйлесімді, жаңа технологиялар базасындағы жүйелерге қарағанда, мұндай жүйелерді күшейту және пайдалану тиімді және жеңілдей түсті.

Электромагнитті тербелістердің тарату ерекшелігі

Электромагниттік тербелістер — Зарядтың, ток күшінің және кернеудің периодты өзгерісін атайды. Электромагниттік тербеліс кезінде электр және магнит өрістері энергиясының бір-біріне периодты айналу процесі жүреді. Электромагниттік тербелістерді бақылау үшін электрондық осциллограф қолданылады

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Байланыс арнасындағы кедергілер

Байланыс тізбегінің белсенді кедергісі (Активноесопротивлениецеписвязи). Байланыс тізбегінің белсенді кедергісі таратылатын сигналдың шығынын сипаттайды. Байланыс тізбегінің тұрақты токтағы активті кедергісі тізбек ұзындығына (тура пропорционал), тізбек сымы материалының меншікті өзіндік кедергісіне (тура пропорционал) және сол сымның көлденең қимасына (кері пропорционал) тәуелді болады.

Айнымалы токтағы байланыс тізбегінің активті кедергісі токтың жиілік ауқымына байланысты бірнеше өсерлер нәтижесінде өседі. Олар: сыртқа тебу әсері, жақыннан эсер ету, жылулық эсер.

Айнымалы электромагниттік өрістің өсерінен сымдардың көлденең қимасындағы электр энергиясының тығыздығы әр түрлі болып өзгереді. Мысалы, сымның ішіндегі магнит өрісінің әсерінен онда қүйынды ток пайда болып, ол сымның ішкі жағындағы токты азайтып, сыртқы жағындағы токты көбейтеді. Сыммен өтетін токтың жиілігі өскен сайын құйынды ток өсіп, сыммен жүретін ток сымның сырт жағымен ғана өтетіп болады. Сондықтан сымның көлденең қимасы түгел пайдаланылмай, ол сым кедергісінің өсуіне себеп болады. Оны кедергінің сыртқа тебу әсерден көбеюі деп атайды.

Екі сымның бірін қоршайтын магнит өрісінің күш сызығы екінші сымды қиып өткенде, екінші сымда қүйынды ток пайда болып, ол сымның ішкі (жақын) жағындағы тогын өсіріп, сыртқы (қашық) жағындағы тогын азайтады. Соның салдарынан сымның көлденең қимасы түгел пайдаланылмай, оның кедергісін кобейтеді. Сыммен жүретін токтың жиілігі өскен сайын оның кедергісі көбейе түседі. Осы құбылысты жақындық әсері деп атайды.

Ток жүретін сымның сыртындағы магнит өрісінің күш сызықтары сол тізбек маңайындағы басқа сымдармен және тізбек сыртындағы кабельдің металл қабықтарымен қиылысқан жерінде де қүйынды ток пайда болып, сол жерде жылу бөледі. Осы қүйынды токтың тізбек маңайындағы басқа сымдармен кабельдің металл қабығын жылытуы негізгі тізбекпен таратылатын энергия шығыны болып саналады, ол тізбек кедергісін өсірген болып есептеледі