Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар

І. Жанұядағы конфликт:
• туыстарының және қоршаған адамдардың әділетсіз болуы;
• басқамен көңілдес болу, қызғану, айырылсу;
• “сүйікті” адамынан айырылу;
• жоспарының орындалуына кедергі жасау;
• сүйікті адамывның мінез-құлқын, қасиетін ұнатпау;
• жалғыз қалу,
• сәтсіз махаббат;
• басқалардың оған жеткілікті көңіл бөлмеуі,
• жыныстық һәлдің төмендеуі.

ІІ. Психикалық күй:
• дені сау адамның реалды конфликтіге ұшырауы;
• паталогиялық себептер (психиканың бұзылуы)
ІІІ. Физикалық күй:
• соматикалық аурулар, физикалық азап көру;
• ажарсыз кемтар болу.

ІV. Қоғамға қарсы конфликттің туындауы:
• қылмыстық жауапкершіліктен қорқу;
• ұяттан, жазадан қорқу;
• өзін-өзі кінәлау.

V. Кәсіптік және білім саласындағы конфликтінің туындауы:
• жұмыстағы, оқудағы сәтсіздік;
• жұмыстағы немесе оқудағы әділетсіздіктің болуы.

VІ. Материалды-тұрмыстық қиыншылықтар.

VІІ. Басқа да себептер.
1. Денсаулығының нашарлығынан – 1,2 %
2. Қаражат қиындығынан - 3%
3. Өмір сүрудің ауырлығынан – 4,4%
4. Құмарлықтан - 6%
5. Отбасы келіспеушілігінен - 18%
6. Рухани дерттен - 18%
7. Жазасын өтеуден жалтарудан - 19%
8. Белгісіз күйі - 41%

Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады.

Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:

Тәбеттің жоғалуы немесе импульсивті ашқарақтық, ұйқы қашу немесе ұйқышылдықтың жоғарлауы;

Соматикалық сырқаттарға (іштің ауруы, бастың ауруы, үнемі шаршау, ұйқы басуы) жиі шағымдану;

Өзінің сыртқы бейнесіне оғаш қарау;

Ылғи жалғыздықты, қажетсіздікті, кінәлілікті немесе мұңаюды сезіну;

Бұрын қуаныш сыйлайтын үйреншікті дүниелерден іш пысуы, жақтырмау;

Араласудан қашу, достарынан, отбасынан өзін оқшаулау, жалғыздыққа берілу

Зейінінің бұзылуынан орындаған жұмыс сапасының төмендеуі

Өлім туралы ойларға берілу

Болашаққа жоспар жасамау

Көбінесе ұсақ-түйектен аяқасты туындайтын ашу-ызаға булығу

Сыртқы белгілері       бет-бейнесі мұңлы гипомимия амимия даусы ақырын бірсарынды сөзі баяу қысқа жауап қайыру жауап қайтармау шапшаң тоқтамай сөйлеу дауыс ырғағы өзгерген бұрқылдау жылауға бейім жалпы қозғалысының тежелуі әрекетсіздік, адинамия қозғалыстың қозуы
  Эмоционалдық бұзылыстар іш пысу мұңаю уайымшылдық салы суға кету түсі суық, қабағы қатыңқы жауласу ызақор бұрқылдап ұрсысу ызыңдап сөйлеу айналасындағылармен жағымсыз, өштік қарым-қатынас айналасындағылардың игілігіне жеккөрушілік сезіммен қарау өзінің дене бітіміне көңілі толмау өзіне, айналасындағыларға селқос қатынас сезімінің жоғалуы мазасыздану қорқыныш бұрынғыны аңсау шарасыздықтан ашыну айналасындағы қуанышты оқиғаларға қатулы көңілмен қарау
    Психикалық аурулар депрессия себепсіз қорқыныш, ішкі қысым және мазасыздануды сипаттайтын невроздар маниакалды-депрессивті психоз шизофрения
    Өз өмірін бағалау өзінің өткен өмірін пессимистік бағалау бұрынғы жағымсыз оқиғаларды таңдап еске түсіру өзінің қазіргі жағдайын пессимистік бағалау болашақ жоспардың болмауы
    Айналасындағылармен қарым-қатынас   кісікиіктік, араласудан қашу айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылу, тілектестікті іздеу, дәрігерден көмек іздеп шағымдану жылауға бейімділік кінәмшілдік өзінің азабына эгоцентристік бағытталу
  Вегетативтік бұзылыстар   көзінің жасаурауы қарашығының ұлғаюы аузы кебу тахикардия артерия қысымының жоғарлауы дем алысының тарылғанын, ауа жетіспеушілікті сезіну тамағында түйір сезіну бас аурулары ұйқысыздық ұйқыбастық ұйқы ырғағының бұзылуы ұйқыны сезінудің жоғалуы кеудеде ауырлықты, жан ауруын сезіну іш қату дене салмағының төмендеуі дене салмағының ауырлауы тәбеттің төмендеуі тамақты дәмсіз сезіну жыныстық құштарлықтың төмендеуі етеккірдің бұзылуы
Тәулік ішіндегі жағдайының динамикасы кешке қарай жақсаруы кешке қарай құлдырауы

Жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті болдырмау

· психологиялық қозу күшін бәсеңдету;

· суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;

· әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;

· өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру

Суицидке тап болған жасөспірімдерді түзету