Сіздің эмоционалдық жағдайыңыз

Тесттің кілті

· Егер сіз жарықтарды айналдыра қоршасаңыз,онда, сіздің дәл қазіргі уақыттағы жағдайыңыз мәз емес. Сіздің стресті бастан кешіруіңіз мүмкін, сіз өте қобалжып, біреуге өкпелеп жүрсіз. Сізде жағымсыз эмоциялар толы.

· Егер сіз бір немесе бірнеше жарықтың ішін боясаңыз,онда сіздің бір нәрсе мазаңызды алуда, дегенмен сіздің жағдайыңыз бірқалыпты, сіз өз проблемаңызды басқалардың көмегінсіз шеше аласыз.

· Егер сіз жаңа жарықтар қосып салсаңыз,онда сіз өз эмоцияңызды басқара аласыз.

· Егер сіз жарықтардың арасына бір заттың суретін салсаңыз,онда сіз қиын сәтте мойымайтын, өмірсүйгіш адамсыз. Сіз мұңаймайсыз. Эмоционалды дені сау адамсыз.

· Егер сіз жарықтың үстіне немесе арасына адамның немесе жануардың суретін салсаңыз,Сіздің жағдайыңыз нашар, дегенмен сіз өз проблемаңызды ойламауға, жаман ойлардан аулақ жүруге тырысасыз.

· Егер сіз жарықтардың шетін бір-біріне қоссаңыз,Сіз шындыққа тіке қарай алмайсыз, сіз жұрттың бәріне өз проблемаңыздың жоқ екендігін айтасыз, бірақ бұған өзіңіз сенбейсіз.

· Егер сіз жарығыңызды шаршының ішіне орналастырсаңыз,онда Сіз өзіңізге сын көзбен қарауға бейімсіз, сіздің эмоцияңыз үнемі ақылыңызға бағынады.

· Егер сіздің салған суретіңіз дөңгелек тәрізді болса,онда Сіз өз эмоцияларыңызды басқаларға көрсету арқылы жеңесіз.

Қорытынды.Көңіл-күйіңіз түсіңкі немесе ашулы болсаңыз, күш қажет ететін жұмыс істеңіз: бақшада жұмыс істеп, арықтарды тазалаңыз, үй жиһаздарын ауыстырыңыз немесе үйдегі ескі ыдыстарды сындырыңыз. Немесе ауыл сыртына шығып айқайлаңыз. Бұндай адекватты емес әрекеттер адамды стрестен құтқаруға көмектеседі. Табиғат аясына шығып демалыңыз. Табиғаттың түрлі құбылыстарын тамашалаңыз.

 

· Адамдарға қарап жиі күлімдеңіз және олармен әңгімелесіңіз. Бұл қарапайым ғана нәрсе, солай емес пе? Ашуланғанда беттің 72 бұлшық еті, ал күлімдегенде беттегі 14 бұлшық ет жұмыс істейді екен. Еске түсіріңіз: күлімдеу, бұл сіздің басқалардан байқайтын бірінші нәрсеңіз.

З.Зиглар «Жетістікке жету»

 

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алудағы мейірбикенің рөлі

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында аймақтық мейірбике «Жасөпірімдер арасындағы суицидтің алдын алу » бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды.

Бағдарлама жоспары:

1.Аймақтық мейірбике әр бір 6 ай сайын 12-17 жас аралығындағы аймақтағы барлық жасөспірімдерді осы бағдарлама бойынша тексеруден өткізіп тұрады.

 

2.Тексеру мейірбикенің арнайы сауалнамасы арқылы жүргізіледі.

 

3.Сауалнама жүргізгеннен кейін мейірбике сауалнама нәтижесіне сүйене отырып,жасөспірімдерді бағалайды.Сауалнама жүргізуде аймақтық мейірбикенің алатын орны ерекеше болып табылады.

 

4.Бағалау нәтижесінде жасөпірімде депрессия анықталса,мейірбике депрессияға қарсы іс-шаралар жасайды.Депрессияға қарыс жаттығулар жасатып,депрессиядан шығару жолдарын қарастырады.Егер суицидтке бейімділік байқалса, мейірбике мұндай жасөспірімдерді психолог мамандарына жолдап,арнайы жұмыс жасалуын қадағалайды.

 

5.Мейірбике депресияға ұшыраған жасөспірімдерден 2 апта өткеннен кейін

қайтадан сауалнама алып нәтижені бағалайды.Сауалнама көрсеткіші өзгермеген жағдайда,одан әрі депрессияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.

 

6.Психолог суицидке бейім деп танылған жасөспірімдердің ата-анасымен кездесіп,ата-анасымен әнгімелесу жүргізіп,бала тәрибесіне қатысты мағұлматтар беріп,балаларына жеткілікті уақыт бөлу керектігін түсіндіреді.Психолог жасөспірімдердің ата-анасымен жасөспірімнің өзімен бірге барлығы қосылып,әнгімелеседі.

 

7.Психолог суицидке бейім жасөспірімнің мектеб психологын хабардар етеді.

Психолог жасөспірімді үнемі назарында ұстап,бақылап жүреді.Мектеп психологі сынып жеткешісімен,пән мұғалімдеріне ескертіп,үнемі бақылауда ұстайды.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы жасөспірімдер арасындағы суицидті ерте анықтап,суицид көрсеткішін елемімізде төмендеткен болар едік.Болашақта осындай программа құрып,іске асырамын деген мақсатым бар.

Мектептерде стерске,қажуға,шаршағыштыққа қарсы арналған қоңырау үзілісінен бөлек оқушыларға жаттығу жасауға немесе билеуге,музыка тындауға арналған уақыт бөлінссе екен.

 

 

Автор Байкенжина Динара Сагатовна
Дата добавления 29.03.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров
Номер материала

 

Пайдаланған әдебиеттер
1. «Жеткіншек жастағы мінез құлық және оны алдын алудың тәсілдері»
әдістемелік құрал Ақтөбе, 2009. (4-15 бет)
2. Осипова А.А. Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях,
А.А. Осипова. – Ростов-н/Д: Феникс, 2005. (315 стр.)
3. С. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982. (37 бет)
4. Арнольд О. VITA// Советы психолога, 1999‚ № 4. (22-24стр.)
5. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302стр.)
6. Менделеевич. Медицинская психология. – М., 1998. (55 стр.)
7. Елбасының халыққа жолдауы. (55 бет)
8. «Жасөспірімдердің өз-өздеріне қол салу мәселесі». Мектептегі психология
журналы №4 (28), 2010. (13 бет)
9. «Ауытқуш мінез-құлықтың шығу себептері» Өзіңді таны журналы
№3, 2006. (29 бет)
10. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302 стр.)
11. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999. ( 23 стр)
12. Райс Ф. Психология подросткого и юнешеского возраста. Москва, 2000.
(45 стр.)