Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша ведомствоаралық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар.

Облыстық әкімдікпен балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бойынша ведомствоаралық салалардың өзара іс-қимыл жақсарту бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ведомствоаралық жоспар бекітілді:

1. Суицидтік әрекетті ескерту бойынша шараларды жүзеге асыру жалпы психикалық денсаулық туралы хабардарлығын арттыру дегенді білдіреді. Бұл әрине психикалық денсаулықты нығайтып, суицидтік жаңа жағдайлардың болуын шектейді. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей ақпараттандыруды арттыру суицидке әрекет жасау жағдайларының төмендеуіне және ауыр суицидтік ойлар мен ниеттерді шамамен 50%-ға төмендетеді.

Мәселен, жасөспірімдерді психикалық денсаулық туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында білім беру, денсаулық сақтау, спорт және туризм, ҮЕҰ секторлар арасындағы өзара тығыз қарым-қатынас арқылы 2015 жылы 309 шара өткізіліп, 16 448 жасөспірім қамтылған, ал ағымдағы жылдың 1 тоқсанында102 іс-шара өткізіліп, 17 303 жасөспірім қамтылды.

2. Анықтау және емдеу деңгейін арттыру - суицидтің алдын алудың негізгі стратегияларының бірі болып табылады.

Мұғалімдер мен мектептің психологы, медбике, қоғам өкілдері сияқты басқа да қызметкерлерін қамтитын, сондай-ақ, психикалық денсаулық бойынша медициналық қызметкерлер мен мамандарды «вахтерлікке» оқыту, тәуекел тобындағы жасөспірімдерді анықтауға және оларды қажетті ем алу үшін денсаулық сақтау қызметтеріне жіберуге өз көмегін тигезер еді.

2014-2015 жылдары Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен облыстық психоневрологиялық аурухананың базасында облыстағы колледждер мен орта мектептің психологтарына «Суицидтің алдын алу және жасөспірімдердің деструктивті мінез-құлқының ерекшеліктері» тақырыбында 6 циклды тәжірибелік сабақтардан тұратын семинар ұйымдастырылды. 2014-2015 жылдары колледждер мен мектептерден барлығы 183 психолог оқытылды.

Қала бойынша ЮНИСЕФ бағдарламасы негізінде психолог, психиатр және ЖТД арасынан 12 шебер-жаттықтырушы дайындалды. Аудандар бойынша ЖТД және психиатрлар арасынан 14-і дайындалды. Бір жылдың ішінде каскадты әдіс бойынша ЖТД 100% оқытылатын болады.

Сондай-ақ, облыстың барлық мектептері мен МСАК-қа шығатын құрамында білім басқармасының психологтары және психиатрлар, ОПНБ психологтары бар мобильді топ құрылды.

Жасөспірімдер арасында суицидтік тенденцияны ерте анықтау үшін емхана, мектеп психологтарын, әлеуметтік қызметкерлерді, ВОП дәрігерлерін, жедел көмек, өрт сөндіру, полиция және құтқарушы қызметкерлерді оқыту маңызды болып табылады.

3. Жоғары деңгейдегі тәуекел топтар үшін, әсіресе алкогольді асыра пайдаланатын және кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға бағытталған белгілі бір шараларды жүзеге асыру маңызды болып табылады. Мұндай шаралар осы топтағы контингенттің психикалық денсаулығын скринингтеп, осы орайда, мамандардың дайындық деңгейін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуетін күшету мақсатында тиісті іс-әрекетпен қатар жүруі тиіс.

Бүгінгі күні облыстық жастар денсаулық орталығында жинақталған ақпараттарды талдайтын болсақ, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті көп жағдайда әлеуметтік-аз қамтылған отбасынан шыққандығы байқалады. Деректер базасында қазіргі таңда 4541 жасөспірімдер анықталған. Бұл бағытта жұмыс жасау үшін осы жасөспірімдермен іс-қимыл алгоритмі әзірленген, әлеуметтік-психологиялық және медициналық картасы жасалып, мәліметтер қоры жинақталған.

Медициналық ұйым деңгейінде суицидтік әрекетті тіркеу бойынша мәліметтер өңделген. Дегенмен, тұрмыстық жағдайда ата-аналар жасөспірімдердің суицидтік әрекетін мектеп ұжымына хабарламайды және медициналық ұйымнан көмек сұрамайды.

Бұл мәселені шешу үшін жасөспірімдердің суицидтік әрекетіне ата-аналар мән беріп, мамандардың көмегіне: осы жағдаят бойынша бірлескен шара ұйымдастыру мақсатында мектеп психологына, сынып жетекшісіне жүгіну қажеттілігі туралы хабардар ету маңызды болып табылады. Бұл мәселемен мектеп айналысып, дөңгелек үстелдер мен әңгімесулер өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында тұрмыстық мәселелерді (отбасылық мәселелерден қысылу) жасыру бойынша ақпараттандыру қажет.

Мемлекетіміз зайырлы тең құқылы болу саясатын іске асыру мақсатында Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ерекше назарда ұстап отыр. Осы ретте өмірлік қиын жағдайға қалған жасөспірңмдерді әлеуметтік бейімдеуде осы саланың қызметін пайдалану мүмкіндігі орасан зор. Сондықтан өмірлік қиын жағдайларға тап болған жасөспірімдерді әлеуметтендіру мақсатында ҮЕҰ өкілдерінің көмегіне бағыттау қажеттілігі алға шығады. Ол үшін қиын жағдайда қалған жасөспірімдердің отбасы мүшелерімен психологиялық, медициналық сауаттандыру бағытындағы жұмыстарды нығайту жұмыстарына ҮЕҰ өкілдерін тарту қажет.

Жалпы алғанда қазіргі жағдайды талдау нәтижесіне сүйенетін болсақ, қиын жағдайда қалған жасөспірімдерді үнемі анықтап, дер кезінде тәуекел топқа алып, уақытылы медициналық, психологиялық, әлеуметік және құқықтық көмек көрсетуді жолға қою мәселесі өзектілігін жоймады. Сондықтан мұндай контингенттегі жасөспірімдерді әлеуметтендіру мақсатында облыстық деңгейде қосымша білім беру орталығы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҮЕҰ және т.б. өкілетті органдарды жұмылдыру жұмыстарын күшету маңызды болып табылады. Аяқталған суицид жағдайын ведоствоаралық кешенді талдау жұмыстарын жүргізуді жалғастыру ұсынылады.

 

 

 

Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау:

Сауалнама құрастыру және пікір сұрақ жүргізу әдістемесі

Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ жүргізіліп, байқалған кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру – бір өнер деп саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден өткізу керек.

Пікір сұрауды дұрыс жүргізу үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет:

1. Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:

— Сұрақ тек бір мәселе төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде екі жауапты талап ететін, екі ұшты сұрақтар болмауы керек.

— Сауалдар түсінікті, бір мәнді, нақты және анық сенімді жауап алуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

— Сауалнама зерттеу мақсатына және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан тұруы тиіс. Сұрақ дұрыс қойылмаса, респондент жауап беруден бас тартуы мүмкін.

— Сұрақтар логикалық сәйкестікпен қойылуы керек. Жеке сипаттағы немесе күрделі сұрақтар сауалнаманың соңында тұруы тиіс. Жағымсыз сезім, наразылық тудыратын сұрақтар тікелей түрде емес, жанама түрде қойылуы керек. Мысалы, «Сізде автомобиль бар ма?» деген сұрақтың орнына «Сіздің үйде кімде автомобиль бар?» деп сұрақ қоюға болады.

— Сауалнамада нақты терминологияны, күнделікті тілді, түсінікті, терминдерді пайдаланып, жаргондарды қолданбаған жөн.

— Респондент тәжірибесінен тысқары жайт туралы сауалдарды қоймаған жөн. Ол хабардар болған сұрақтарды қойған лазым. Негізгіні қоймас бұрын сұрақтарды ой сүзгісінен өткізіп алған пайдалы. Мысалы, темекі нарығын зерттеп тұрып, шылым тартпайтын жанға сұрақ қоя алмайсыз.

-Сұрақты қисындастырып мазмұндау респонденті зерттеушінің көңілі қалайтын жауапқа жетелеп, көндіруге тиісті емес.

— Сұрақтар екі мағыналы сипатта болмауы керек. Мысалы, «кейде», «жиі», «анда-санда» деген сөздер көп мағыналы болғандықтан, олардың орнына нақты сөздер қолданылуы керек. «Сіз» деген сөз кейде ұжымдық сипатта болуы мүмкін, сондықтан сұрақты құрастыру кезінде оның орнына «Сіз өзіңіз» деген сөз нақтылау болады.

2. Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге, жалпыдан – арнайыларға (тар ауқымдағы), міндеттемейтіндерден — сыпайыларына көше отырып қою керек дегендей қағидаларды сақтау қажет.

3. Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі: алдымен кіріспе, таныстырма сауалдар немесе респонденттің зерттелетін мәселе бойынша хабардарлығын анықтауға жәрдемдесетін сұрақтар қойылады. Мысалы, ашытқы нарығы туралы зерттеу жүргізу керек болса, респондент ашытқыны қолдана ма, жоқ па, соны анықтау қажет. Содан соң зерттеуге тікелей қатысты сұрақтар және бақылау сұрақтар болуы мүмкін, ең соңында жеке сипатты сұрақтар қойылады.

4. Сұрақтар саны сұрақты сауалнамаға кіргізбей тұрып, оның қажеттілігін анықтау керек. Зерттеуге қажет емес артық сұрақтар қойылмауы керек. Зерттеу мәселесіне қатысты емес сұрақтар сауалнаманы тым созады. Сұрақтар аз болған сайын, оларға жауап алудың мүмкіндігі мол.

5. Сауалнама құрылымы. Кіріспе, деректеме және негізгі сияқты үш бөліктен тұрады.

Кіріспеде респонденттің пікір сұрауға қатысуын өтініп, оның мақсаты көрсетіліп, респонденттің жауаптарының қандай пайда әкелетіндігі туралы айтылады. Сауалнаманың негізгі бөлігінде зерттеу мақсаттарын айқындайтын сұрақтар қойылады, ал деректеме бөлігінде – респонденттердің жасы, жынысы, отбасылық жағдайы сияқты сұрақтар қойылады. Сауалнама жүргізушінің аты-жөні, пікір сұрау жүргізген орны және күні міндетті түрде көрсетілуі қажет.

6. Сұрақтардың стандартталу типтері бойынша сауалнама ашық және жабық түрде болуы мүмкін. Жабық түрдегі сауалнамада мүмкін жауаптар түрі, шкаласы, сондай-ақ «иә» немесе «жоқ» сияқты жауаптар болады. Олардың артықшылығы – жауаптарды жылдам өңдеуге және бастапқы мәліметтерді кестеге енгізуге мүмкіндік береді. Өте жақсы стандартталған сауалнама – ол қойылатын сұрақтары мен жауаптары бұрыннан анықталған сауалнама. Ашық сұрақтарға жауаптар дәл осы мәселе жөнінде, өз ойын білдіретін ерікті түрде болуды көздейді. Ашық сұрақтарды тұтынушылар тауардың сапасы, дизайны, бағасы туралы не ойлайтынын белгілеу қажет болғанда, зерттеудің ізденіс кезеңінде қолдану пайдалы. Жауаптардың сан алуандығы оларды өңдеуді қиындатады.

Маркетингтік зерттеулерде стандартты ашық сұрақтар жиі пайдаланылады, мұндағы сұрақтар да, жауаптар да стандартты және көп нұсқалы болып келеді. Олардың басты артықшылығы – сауалнамадағы жауаптар кестеге қатысты бастапқы ақпараттарға онша қажет емес, бірақ адамдардың талғамы, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары жөніндегі мәліметтерді жинау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Стандартты жабық сауалнамалар бірыңғайландырылған әдіспен алынған жауаптарды рәсімдеу мен айқындау және жасырын себептерді (мотивтерді) табу артықшылықтарын біріктіреді. Стандартты емес ашық сауалнамалар зерттеу мақсаты айқын болған кезде қолданылады, алайда сұрақтарға жауап ашық түрде қалады. Ашық жауабы бар сұрақ нысанды емес тереңдетілген сұхбатқа әкеледі. Терең сұхбат – бұл респондентпен жеке әңгімелесу, мұнда ол ойы мен жауаптарын өз еркінше білдіреді. Стандартты емес жабық сауалнамалар кезінде респондеттер ашып айтпайтын мотивацияны зерттеуде пайдаланылады. Мұнда жобалық әңгіме, яғни әңгіме құрастыру және сөйлемді аяқтау әдістері қолданылады.

7. Жауап түрін анықтау. Әрбір сұрақтың мазмұнын анықтаған соң, респондент өз еркімен жауап беруге тиіс пе, әлде оның екі не одан да көп нұсқаны (вариантты) қолдануы керек пе немесе белгілі бір шкаланы пайдалана ма, алдымен соны шешіп алу керек. Жауаптардың көп нұсқалы тәсілі ұсынылатын болса, респондент оның ішінен тек біреуін ғана таңдап көрсетуі қажет. Сондықтан мұндай сауалнамада жауаптар мәселені толық қамтуы және оған «білмеймін», «ойым жоқ», «ойым басқаша», деген жауаптар да кіруі керек. Дихотомшалық сұрақ қарапайым және ыңғайлы, оны кестеге енгізу оңай, өйткені ол «Иә» немесе «Жоқ» деген қысқа жауаптардан тұрады. Басқаша қойылатын сауал түрлері бар сауалнамада «ешқашан», «кейде», «жиі», «сирек», деген сөздерден тұратын шкала пайдаланылады.

Сауалнамаға жауап беру уақыты: далада – 3 минуттан кем болмауы, үйде сыйақысыз – 5 минуттан көп емес, үйде сыйақымен – 15 минуттан көп емес болуы керек. Респонденттерге алдын ала хат дайындалып, онда пікір сұрау өткізу мақсаты және оларды таңдау себептері түсіндіріледі.

 

Зерттеуді жүргізу

Зерттеу объектісі:Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері.

Сауалнама

Рметті студент!

Біз жасөспірімдер арасындағы суицидтің таралу жиілігін анықтау мақсатында жүргізілетін әлеуметтік сауалнамаға қатысуға шақырамыз.Сауалнама сұрақтарына жауап беру үшін сұрақты мұқият оқып шығып,өз пікіріңізге сәйкес келетін жауапты (+) белгісімен белгілеңіз.Сіздің берген бағалауыңыз бен пікірлеріңіздің құпиялылығын сақтауға кепілдік береміз.