Мәселенің көздері педагогикалық практикадағы қиындықтар, шешілмеген жәйттер болып табылады. 7 страница

1. Аса теріс, қас /-2/ 2. Шала теріс /-1/ 3. Бәрібір /0/ 4. Шала оң /+1/ 5. Анық оң /+2/ Осыған орай бұл шәкілдердің әрбір бөлімдерін толық анықтап жазу керек. Кеңінен таралған бағалау шәкілі түрлерінің бірі рейтинг. Ол құзырлы судьялар мен сарапшылардың пікірлері мен жан-жақты бағаларын жинау жолымен психикалық құбылыстарды диагностикалық өлшеу әдісін көрсетеді. Рейтинг сарапшыларды тиянақты таңдауды, нақты, қолайлы бағалау жүйесін талап етеді. Оны мысалы, оқу әдістерінің ролін және диагностикалық құралдардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланады. Маңызына қарай рейтинг жекелеген көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру жолымен құрылады. Көрсеткіштерді маңыздылық дәрежесі бойынша қатарға орналастырады. Топ балаларын қандай да бір сапалары бойынша маңыздық рейтинг негізінде екі құбылыстың арасындағы байланыстың орнығуы-корреляция жүргізілуі мүмкін. .   Кесте 2. Маңыздылық рейтингі нәтижесі
Балалардың тегі Бірінші белгі бойынша ранг Екінші белгі бойынша ранг Рангтердің әртүрлілігі Q2
Ахметова С
Дулатова К
Жұмабаев Д -13
Сәрсенова Ш -3
Палманов Р

Бұдан кейінгі төмендегі формула бойынша спирменнің рангалық корреляция коэфициентін есептеуге болады: Егер есептелген коэфициент оң болса, онда зерттелетін екі белгі арасында оң /тура/ байланыс болады, егер теріс болса – кері байланыс : бір белгі көбірек көрініс алған сайын, екіншісі аз көрініс береді. Сондықтан егер корреляция коэфициентінің абсалют шамасы

0 / / 0,3 - шамада болса, онда корреляцияланған белгілер арасында әлсіз байланыс болады;

0,3 / / 0,5 – біркелкі байланыс

0,5 / / 0,7 – едәуір байланыс

0,7 / / 0,9 – күшті байланыс

0,9 / / 1 - өте күшті байланыс

Маңызына қарай рейтингіктің көп түрлерінің бірі жұптық салыстыру болып табылады. Оның маңызы балаларды бір-бірімен қандай да бір сапасына қарай салыстыруда жатыр. Егер бұл сапамен екі бала да тепе-тең деңгейде иеленсе, онда олардың әрқайсысына бір балдан қойылады. Егер зерттелетін сапа алғашқысында екіншіге қарағанда жақсы дамыса, ондай біріншіге екі балл, екіншіге ноль балл қойылады. Әр балаға алынған баллдарды есептей отырып, біз аталған сапаның даму деңгейінің сандық көрінісін аламыз.Салыстыру рәсімінің ұзақтығына және балалардың едәуір санын есептеудің қиындығына қарамастан, жұптық салыстыру әдісінің жетістіктері баршылық:

- үлкен санды салыстырумен туындаған бағалаудың объективтілігі / п/п-1/, мұндағы п- балалардың саны/

- әдістің қарапайымдылығы;

- материал жинау барысында уақытты үнемдеу;

- нәтижелерді күрделі емес математикалық өңдеу.

Социометриялық шәкілдербұл түрі топ жетекшісі үшін өте маңызды, оның көмегімен топтағы әлеуметтік өзара қатынастар құрылымы зерттеледі. Мысалы, социометрия әдістемесі топтағы жеке тұлға аралық қатынастарды білуге мүмкіндік береді. Анықталған қатынастардың сипатына байланысты әр түрлі сұрақтар қойылуы мүмкін: " сен кіммен бірге ойнағанды жақсы қалайсың, кіммен бірге отырғанды қалайсың? "… тақырыптағы пікірталасқа қатысуға сен кімді ұсынар едің ?". Балаларға өз парақтарына қол қойып, оған қалауларының бірізділігін сақтай отырып/ бірінші, екінші кезек/ таңдалған топтарының тегін жазу ұсынылады. Осы сұраудың негізінде ұқсас матрица құрылады. / өзара таңдау шеңберге алынады/:

Содан кейін бөлек параққа социограмма сызылады. Ол топ балаларының барлық нөмірі сиятын төрт концентрикалық қоршауды көрсетеді. Бірінші шеңберге / орталық/ таңдаудың орташа санынан екі есе көп " социометриялық жұлдыздар" түседі, екінші шеңберге " артық көретіндер" / орташа санды таңдаулар/, үшіншіге " менсінбейтіндер" /таңдау саны орташадан төмен/, төртіншіге – "бөлектенгендер" /бірде-бір таңдау алмағандар/. Таңдауды тыңдайтын адамнан таңдалған адамға бағытталған вектормен белгілейді. Жалпылау әдісі қорытындының объективтілігін күшейтеді. Әртүрлі әдебиеттерден алынған ақпаратты өңдеуге бағытталады. Белгілі проблеманы зерттей отырып, топпен танысу арқылы тәрбиешіден, топ жетекшісінен, ата-анадан, басқа топ балаларынан ақпараттар алады. Педагогикалық консилилумді Ю.К.Бабанский ұсынған, белгілі бағдарлама және біртұтас белгілері бойынша тәрбиеленушілерді зерттеу нәтижесін ұжымдық талдау. Аталған сапаларға ұжымның бағасы, жеке тұлғаның қалыптасуындағы ауытқулардың болу себептері, одан құтылудың жолдарын анықтау. Педагогикалық эксперимент.Аталған эксперимент осы күнгі педагогикалық құбылыстарды зерделеуге мүмкіндік береді; нақтылаушы эксперимент кезінде болфактілерді констатациялау және қайта електен өткізу негізінде жаңа педагогикалық құбылыстар анықталады және олардың ақиқаттылығы тексеріледі; бақылау эксперименті өткізілген қалыптастырушы экспериментті оң (немесе теріске шығаруға) бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндіктен, болжамды растауға (немесе теріске шығаруға) мүмкіндік береді.

А.Н. Новиков методологияны іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде қарастырады. ОЛ операция-әдістерді, іс-әрекет әдістерін бөліп алады.

Мұндай көзқарас әдісті анықтауға қайшы келмейді: біріншіден, әдіс дегеніміз қандай да бір мақсатқа жету, нақты міндетті шешу тәсілі; екіншіден, әдіс тәсілдердің немесе шындықты практикалық яки теориялық меңгеру операцияларының жиынтығы.

“Әдіс- зерттеу нәтижелерінің маңыздырақ, нәрсе, өйткені, жаңа әдіспен бұрынғыдан да жоғары нәтижелерге жетуге болады” деп есептейді академик Л.Д. Ландау. Зерттеу әдістерін таңдауға И.П. Павлов та ерекше назар аударады. “Жақсы әдіспен онша талантты емес адамның өзі көп жұмыс тындыра алады. Ал жаман әдіспен данышпан адамның өзі түк бітіре алмауы мүмкін” деп жазды ол.

Сонымен, зерттеу әдістерін мынадай топтамада қарауға болады:

1) теориялық әдістер: әдістер- дәйекті іс-әрекеттер: қарама-қайшылықтарды анықтау және шешу, проблема қою, болжам жасау және т.с.с. операция- әдістер: талдау, сүзгілеу, салыстыру, абстрактылау және нақтылау, т.с.с.;

2) эмпирикалық әдістер: әдістер- танымдықіс-әрекеттер: зерттеу, мониторинг, эксперимент және т.с.с; операция-әдістер: бақылау, сұрау салу, тестілеу және т.с.с.

Зерттеуді өткізу уақыты екі кезеңнен тұрады: теориялық кезең (әдеби деректерді талдау және жүйелеу, түйсік аппаратын жетілдіру, зерттеудің теориялық бөлігінің логикалық құрылымын жасау) және эмпирикалық кезең- тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу.

Ғылыми жұмысқа қойылатын мңызды талаптар- бұл қолданылатын терминологияның қатаңдығы, нақтылығы, бір мәнділігі.

Кез-келген педагогикалық зерттеу жалпы қабылданған методологиялық өлшемдерді анықтауды көздейді. Оларға зерттеудің проблемасы, тақырыбы, объектісі және мәні, мақсат, міндеттері, болжам және қорғалатын ережелер жатады. Педагогикалық зерттеу сапасының негізгі өлшемдері объектінің өзектілігі, жаңашылдығы, теориялық және практикалық маңыздылығы болып табылады.

Зерттеу бағдарламасы, әдетте екі бөлімнен: методологиялық және рәсімдік бөлімнен тұрады. Бірінші тақырыптың өзектілігін негіздеуді, проблеманы қоя білуді, зерттеудің объектісін және мәнін, мақсаттары мен міндеттерін анықтауды, негізгі түсініктерді (категориялық аппаратты) негіздеуді, зерттеу объектісін алдын ала жүйелі талдаудан өткізуді және жұмыс гипотезасын ұсынуды қамтиды. Екінші бөлімдезерттеудің стратегиялық жоспары, сондай-ақ бастапқы деректерді жинау және талдаудың негізгі рәсімдері мен жоспары қамтылады.

Зерттеушілік ізденістің логикасы мен динамикасы эмпирикалық, гипотезалық, эксперименттік-теориялық (немесе теориялық), болжамдық кезеңдерді іске асыруды көздейді.

Эмпирикалық кезеңде зерттеу объектісі туралы функционалдық түсінік алынады, нақты білім беру практикасының, ғылыми білімдердің деңгейі мен құбылыстың мәнін ашуға деген қажеттіліктің арасындағы қарама-қайшылықтар айқындалады, ғылыми проблема негізделеді. Эмпирикалық талдаудың негізгі нәтижесі, заңдылығы зерттеудің күнбұрынғы тұжырымдамасын тексеру мен растауға мұқтаж болып отырған басты болжамдар мен рұқсат етулердің жүйесі ретіндегі зерттеу гипотезасы болып табылады.

Болжамдық кезең Зерттеу объектісі туралы шынайы түсініктер мен оның мәнін ашу қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған. Ол зерттеудің эмпирикалық деңгейінен теориялық (немесе эксперименттік-теориялық) деңгейіне көшуге жағдай жасайды.

Теориялық кезең зерттеу объектісі туралы функционалдық және гипотезалық түсініктер мен ол туралы жүйелі түсініктер қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықты жоюға арналады.

Теория құру болжам жасау кезеңіне өтуге мүмкіндік береді, ол зерттеу объектісінің тұтас білім беру объектісі екендігі және оның жаңа жағдайларда дамуын алдын ала болжап айтып берудің қажеттілігі туралы алынған түсініктердің арасындағы қарама-қайшылықты шешуді талап етеді.

Зерттеудің соңғы кезеңі оның нәтижелерін сынақтан өткізу, оның әдеби рәсімделуі және жариялануы болып табылады. “Сынақтан өткізу” деген латын сөзі “мақылдау”, “бекіту” деген ұғымды білдіреді. Сынақтан өткізу көпшілік алдында баяндамалар жасау, сөз сөйлеу, пікір сайыстар өткізу, сондай-ақ жазбаша немесе ауызша рецензиялау нысандарында жүзеге асырылады. Сынақ нәтижелері бойынша зерттеуші туындаған мәселелерді, оң және теріс бағалауды, қарама-қарсы пікірлер мен кеңестерді ой елегінен өткізеді, ескереді.