Араңыз: Загвязинский В.И. Дидактикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі. М., 1984. С. 10.

Философиялық энциклопедиялық сөздік. М, 1983. С 365.

Краевский B.В. Ғылыми зерттеудің әдіснамасы. СПб., 2001. С. 10.

Араңыз:Загвязинский В.И. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі: Әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған кітап, М, 1995ж. С.17.

Тізімдеуді одан әрі жалғастыра беруімізге болар еді, алайда көзқарастардың бір-бірінен өзгешеліктерін қарастырудан гөрі, әртүрлі зерттеушілердің көзқарастарын жақындастыратын, соған анықтама жасаудың жоғары дәрежедегі келісімділігіне қол жеткізіп және сол анықтаманы әлеуметтік педагогиканың әдіснамасын әзірлеуге арнап қолдануға мүмкіндік беретін елеулі сапалық сипаттамаларды іздестірген анағұрлым маңызды болатын сияқты.

Тиісті әдебиеттерді талдау түрлі авторлардың осы проблемаға деген көзқарастарының тым болмағанда педагогиканың әдіснамасына анықтама беруде бір-біріне жақын бола бастағаны жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бұл - «педагогикалық қызметтің теория мен практика саласындағы құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары туралы ілім»1.

Ғалымдардың мұндай көзқарасы әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімінің негізгі принциптерін құрастыруға мүмкіндік береді.

Діснамалық білімнің елеулі белгісіне ең алдымен оның әлеуметтік-педагогикалық практиканың танымдық және қайта құру процестерінің арасындағы ерекше сипаттағы кереғарлығын шешуге деген тиесілігі жатады.

Демек, әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімі әлеуметтік-педагогикалық практиканың танымдық және қайта құру процестерінің арасындағы кереғарлықты шешудің нәтижесі болып табылады, ал теориялық білім – өзге түрдегі кереғарлықты: тану тақырыбы мен әдісінің арасындағы кереғарлықты шешудің нәтижесі, сол арқылы тақырыпты тану мүмкін болады (бұл жағдайда тану мен қайта құрудің, теориялық және практикалық қызметтің біртұтастығы мен өзара байланыс талабы міндетті шарт болып табылмайды). Теория-әдіснамалық білім проблеманың шешімінен шығарылады, мұнда екі кереғарлық: тақырып пен әдіс арасындағы, тану мен қайта құрудың арасында2 кереғарлық бар.

 

Педагогикалық ғылымды дамуының әдіснамалық проблемалары. М., 1985. С. 240.

Мұндай тұрғыны педагогикалық ғылымның өкілдері ұсынып және сыналған болатын; ол толығымен әлеуметтік педагогикада жүзеге асырылады, кейінгісі сол ғылымның бір бөлігі болып табылады. Қараңыз: Социалистік педагогика әдіснамасының құрамы мен құрылымы. М., 1987. С. 24-27.

 

Осыдан мынадай салдар туындайды: теориялық проблеманы шешу кезінде алған білім «теориялық негізді» құрайды; әдіснамалық проблеманы шешу кезінде алған білім1 «Теория-әдіснамалық негіздерді» қалыптастырады; теория-әдіснамалық проблеманы шешу кезінде алған білім әлеуметтік педагогиканың «теория-әдіснамалық негіздерін» құрайды4. Сонымен қатар әдіснамалық білімнің бұл белгісі әлеуметтік педагогиканың негізін құрайтын қағидаларға мазмұндық талдау жүргізудің қажеттігін, оларды ғылыми тұрғыдан алғанда барынша аяқталған түрін қамтамасыз ететін түрде құрылымдаудың қажеттігін негіздеуде. Әңгіме әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерінің теориясын қалыптастырудың қажеттігі туралы, әдіснама теориясы жайлы болуда. Және де әдіснама қызметтік аспектіге ие ғыылм саласы ретінде орын алып отыра алады деген В.В. Краевскийдің пікірімен келіспей кетуге болмайды. Былайша айтқанда, «бұл білімдер жүйесі ғана емес, бұл дескриптивті, сондай-ақ нормативті типіндегі әдіснамалық білімдерді өндіру бойынша қызмет саласы»2.

Әдіснамалық білімнің тағы бір белгісіне тану мен практиканың, екі процестің – танымдық және қайта құруші, теориялық және практикалық қызметтің біртұтастығы мен өзара байланысы жатады.Бұл белгі әдіснамалық білімнің тек танымдық процестерге ғана емес (әлеуметтік педагогтың теориялық, зерттеу қызметіне), сонымен қатар социумның түрлі объектілерін қайта құру процесіне (соның практикалық қызметіне) таралуын көрсетуде. Демек, әлеуметтік педагогика үшін оның ғылыми-зерттеу (танымдық) қызметінің теориясымен қатар оның өзіндік ғылыми-қайта құру (практикалық) қызмет болуы тиіс деген қорытынды маңызды болып табылады .

Осылайша, аталмыш белгі әлеуметтік педагогиканың ең маңызды құрылымдық қасиетін қалыптастырады важнейшее структурное качество: зерттеу (танымдық), практикалық (қайта құру) және, әлбетте, соларды біріктіріп отыратын білім беру қызметінің біртұтастығын қамтамасыз етеді3.

 

1 «Әдіснамалық проблема – анағұрлым жоғары деңгейдегі ортақтық теориясының содан анағұрлым төмен теорияларға ақиқатты ұғыну мен қайта құру әдістерін қалыптастыру мен қолдануға қатысты талабын білдіру формасы». Қараңыз: Куценко В.И. Қоғамдық проблема: генезис және шешімі. Киев, 1984. С. 177.