Зін-өзі бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар

 

  1. «Педагогикалық үдерістін» ұғымына сипаттама беріңіз.

2. Педагогикалық үдеріс идеясының негізін салушы және ретінде П.Ф.Каптеревтің ұстанымына сипаттама жасаңыз.

3. Ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымен ашып беріңіз.

4. Ішкі және сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерістердің өзара байланысы қандай?

5. Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің субъектісі мен объектісіне сипаттама беріңіз.

6. Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің жетілдірілуінің негізгі бағыттары қандай?

 

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.......................

Әдебиет.............................................................................................................

 

 

11-дәріс. Әлеуметтік педагогикадағы модельдеу және жобалау технологиялары (проблемалық дәріс).

12-дәріс. Арнайы әлеуметтік педагогикалық технологиялар.. Әлеуметтік-педагогикалық бейімделу технологиясы.

АДАМНЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ: БЕЙІМДЕЛМЕУІ ЖӘНЕ ҚАЙТА БЕЙІМДЕЛУІ

Адамны әлеуметтік дамуы оның қалпына, өзін анықтайтын белсенділігіне байланысты болады. Оның белсенділігі өзінің сезіміне, ортаға қандай деңгейде бейімделуіне немесе бейімделмеуіне және өзін ыңғайлы сезінуіне немесе сезінбеуіне байланысты. Адам өзін әлеуметте неғұрлым ыңғайлы (бейімді) сезінген болса, онда ол соғұрлым өзін бейнелеуге жақын және әлеуметтік даму деңгейі де жоғары болмақ. Осыған орай, мынадай сұрақтарды қарастыруға тура келеді:

1) адамның бейімделуі, оның әлеуметтік дамудағы, әлеуметтенудегі орны мен рөлі;

2) адамның бейімделмеуі, оның себептері, оның алдын алу және бейімдел меу себептерін жою;

3) бейімделу мен әлеуметтік бейімделу, әлеуметтенбеудің өзара байланы сы, оларды балалармен, жеткіншектермен жұмыста есепке алу.

 

1 Адамның бейімделуі, оның әлеуметтік дамудағы,

әлеуметтенудегі орны мен рөлі

 

«Адаптация» термині (латын. adaptatio) – бейімделу сөзінен шыққан. Оны адам ағзасының, оның қызметтерінің, ағзалары мен жасушаларының белгілі ортаның жағдайына бейімделуі деп түсінуге болады. Адаптация индивид денесіндегі жүйелердің, ағзаларының және психикалық құрылымдарының өзгерген жағдайға бейімделуіне бағытталады.

Әлеуметтік педагогика - әлеуметтік бейімделу мәселесін зерттейді – адамның белсенді түрде әлеуметтік ортаға (өмірлік орта) бейімделуіне байланысты өзін анықтауға, және қоғамда қабылданған мақсаттар, құндылықтар, қалыптар мен іс-қимылдар стиліне табиғи араласуы. Ең маңыздысы баланың әлеуметтік бейімделуі – жеке басындағы үдерістері мен баланың мүмкіндіктеріне орай айналасымен, өзгерген орта, жаңа өмірлік жағдай, белгілі әлеуметтік-психологиялық ортадағы қарым- қатынас құрылымына орай өзгеруі, ортада қабылданған қалыптар мен ережелерге сәйкес бола білуі.

Әлеуметтік бейімделу адамныың әлеуметтенуінің қажетті шарты. Ол өзіне, өзгелерге қарым-қатынасын, іс-әрекетін бейнелеп, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарға белсенді қатысып, осыған байланысты өзінің табиғи әлеуметтік жетілуін қамтамасыз етеді.Табиғат адамды әлеуметтік бейімделуге және әр түрлі өмірлік ортадағы әрекетіне орай, әлеуметтік үдерістерге бейімделуін қалыптастырған. Ондай мүмкіндіктер әр адамның бойында бар және ол әр түрлі болады. Осыған байланысты адамдар әр түрлі жағдайларға, сонымен қатар өте күрделі және жағымсыз жағдайларға да бейімделе алады. Адамның әлеуметтік бейімделуінің көрсеткіші, оның сол ортаға қанағаттанууы, өзін бейнелеуі және соған сәйкес тәжірибесінің қалыптасуы.

Бейімделу үдеріс, көрініс және нәтиже түрінде қарастырылады.

Бейімделу үдеріс ретінде - адамның табиғи мүмкіндіктерінің белгілі бір өмірлік жағдайда (мысалы, бала бақшасында, сыныпта, топта, өндірісте, тынығуда т.б.) дамуы. Ол адамның өзінің табиғи мүмкіндіктерін жүзеге асыруымен, әлеуметтенуін білдіреді. Мысалы, баланың әлеуметтенуі белгілі бір оған жағымды ортадағы жағдайда өтуі. Ол отбасы, бала бақшасы, мектеп.

Бейімделу көрініс ретінде – типтік мінез-құлық, жүрі-тұрыс, яғни іс-қимылын, қарым-қатынасын, нақты орта жағдайындағы адам іс-әрекетінің нәтижесін, оның белгілі мерзімде нақты жағдайға бейімделуін (жағымды көңіл-күйі) сипаттайды. Баланың бойындағы бейімделу көріністерін, оның белгілі орта жағдайына бейімделуінен байқауға болады. Тәжірибе көрсеткендей, тәрбиеші баланың ортадағы типтік емес іс-қимылын (отбасында, бала бақшада, мектепте, көшеде, өз қатарларымен қарым-қатынаста) көп жағдайда анықтай алмайды.Оны дер кезінде анықтау үшін баланы жақсы тану және түрлі жағдайдағы оның мінез-құлқын, іс-қимылын білу керек. Баланың типтік емес іс-қимылын көре білу арқылы тәрбиеші оның жағымсыз әрекеттерінің алдын-ала білуі тиіс. Тәрбиеші осындай фактылардың себебін анықтап көре білуі арқылы, баланың алдында туындайтын қайшылықтар мен қиындықтарды жеңуге көмектесуі қажет. Тәрбиешінің алдын-ала жүргізетін іс-әрекеті баланы ортаға тез бейімделуге, оқу барысында, бос уақытта, өзгелермен қарым-қатынас жасау кезінде, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып, әлеуметтенуіне көмектеседі.

Бейімделу нәтиже ретінде – баланың жас ерекшелігіне қарай өмірлік ортаға, белгілі жағдайға және оның іс-қимылы, қарым-қатынасы мен іс-әрекетінің сол әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қалыптар мен ережелерге сәйкесуі, оның белгілі әлеуметтік ортаға қандай деңгейде бейімделгенін көрсетеді. Балаға қатысты бұл көрсеткіш – оның жасына сай әлеуметтік дамуы мен тәрбиеленуі, өз құрбы-құрдастарына тең (тең емес) екендігін бағалауы. Басқа сөзбен айтар болсақ, бұл баланың жасына сай әлеуметтік тұрғыдан дамуын немесе дамымау қалпын бағалау. Бір жағдайда оның іс-қимылдары, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы, оқуының нәтижелілігі мен түрлі ойындарда өзін табиғи қалыпта ұстай білуі және өзге балалардан ерекшеленбеуі. Бұлар оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінің нәтижесін білдіреді. Мұндай бағалау бала бақшасында, мектепте, үйде қолданылады.

Адамның жеке басына тән ерекшеліктері – бұл оның тек өзіне ғана тән тұлғалық сапасы және кез келген жағдаятқа бейімделе алуы. Есейе келе адам өзгереді, оның сапалары жетіледі немесе кейбір мүмкіндіктерін жоғалтып, оның бейімделуіне ықпалын тигізеді. Адамның өзіндік ерекшелігіне оның өмірлік іс-әрекеті және түрлі жағдайға бейімделу тәжірибесі ықпал етеді.

Бейімделу тәжірибесі – жеке тұлғалық сапаның қалыптасуына ықпал етіп, жаңа жағдайға тез бейімделуіне көмектеседі. Адамның өзіндік ерекшелігі кез келген жағдаятқа сәйкес жинақталған бейімделу тәжірибесіне және соған ұқсас жағдаяттардағы іс-әрекеттеріне байланысты болады. Сонымен бірге оның әлеуметтену қабілеті, оның өмірге әлеуметтенуінің және өзін-өзі жүзеге асыруында маңызды рөл атқарады. Неғұрлым адамның бейімделу тәжірибесі мол болса, соғұрлым ол жаңа жағдайға тез бейімделеді. Ол өз тәжірибесіне ұқсас жағдайларға белсенді түрде бейімделуге қабылеттілік білдіреді.

Тәжірибе орта жағдайына бейімделу уақытын қысқартады. Бұл фактының тәжірибенің бейімделу мүмкіндіктерінің табиғи қалыптасуын түсінуге тигізетін маңызы зор. Үй жағдайында тәрбиеленген мектеп жасына дейінгі баланың бақшадағы балалар тобына және мектептегі сыныпқа бейімделуі қиын болады.

Адамның белгілі бір кезеңдегі жақсы өмірлік жағдайы, бейімделудің қажетсіздігі, оның іс-әрекеттік тәжірибесін қалыптастырмайды. Ал бейімделу қажет болса, онда оған белгілі бір қиындық келтіреді.

Көңіл түсу – бұл іштей бейімделуге көңілдің аууы. Ол адамның көңіліне әсер етеді. Тіпті тәжірибесі болса да өзін көрсетуге, өзін жүзеге асыруға көңілі түспесе, бейімделу іске аспауы мүмкін. Сонымен бірге адамның қызығуына түрткі жасау, тілек, ұмтылыс білдіруі арқылы өзін көрсету үдерісінің қалыптасуы байқалады.

Күй, хал-жай – іштей өзін көрсетуге дайындығын анықтайды. Ол көңіл түсуге жағымды немесе жағымсыз әсер етеді. Күй, хал-жай ішкі фактормен анықталады (мысалы, денсаулық, көңіл түсуі жағымды немесе жағымсыз, қорқыныш және т.б.) және сыртқы (жаңалығы, ортаның қабылдауы немесе қабылдамауы және т.б.). Күй, хал-жай бейімделу барысында орта жағдайы мен өзін іске асыруына байланысты оң немесе теріс жаққа өзгеруі мүмкін.

Өзіндік белсенділік – бұл факторды бейімделу барысында адамның өзі анықтайды. Осыған көп нәрсе байланысты. Ол қиындықтарды жеңуге көмектеседі және ортаға бейімделудің немесе бейімделмеудің көп факторларына тәуелсіз.

Адамның бейімделуге бейімділігі 1-ші кестеде көрсетілген.

 

 

Жеке басқа тән өзіндік ерекшелік  
Тәжірибе  
Көңіл түсу Күй, ахуал  

 

Өзіндік белсенділік  
Жағдаят (ортаның көрінісі)  

1-ші кесте. Адамның бейімделуге икемділігі

 

Баланың ортаға бейімделуі үшін отбасы, бала бақша, мектептің атқаратын маңызы зор. Баланың бақшаға бейімделуін оның топта өзін мейілінше табиғи ұстай білуінен көруге болады. Баланың ортаға бейімделуіне жүргізілетін тәрбие іс-әрекеті жағымды ықпал етеді. Мұндай жағдайда жүретін үдеріс пен баланың әлеуметтік даму жағдайы басшылыққа алынатын бағдарлама мен тәрбиешінің қызметімен тығыз байланысты жүзеге асады. Мектепте (орта және жоғары оқу орындарында) баланың оқу жағдайына бейімделуін және мектеп ( кәсіптік-техникалық, жоғары оқу орны) бағдарламасын табысты игеруі үшін жеке бас мүмкіндіктері ескеріледі.

Бейімделу басқа жағдайларда да болуы тиіс. Ең негізгісі: мектеп, интернат мекемесі, кәсіптік колледж (жоғары оқу орны) түлегінің ортаға бейімделуі; кәсіби қызмет орнының ауысуына байланысты бейімделуі; зейнеткердің бейімделуі. Әр бейімделудің өзіндік мазмұны және адам үшін өмірлік маңызы бар. Мысалы, кәсіби білім беру ұйымдары түлегінің (бастауыш, орта және жоғары) кәсіби іс-әрекет ортасындағы әлеуметтік даму жағдай үдерісін және бейімделу нәтижесінің табыстылығын көрсетеді. Бейімделудің табыстылығы, ол маманның өнеркәсіп ұжымындағы өз орнын табуы, өз кәсібіндегі іскерлігі, кәсіби іс-әрекетінде табысты, оң нәтижеге ие болуы. Мұндай бейімделу жас маманға да, өнеркәсіпке де қажет.

Функционалдық адаптация - қызметке бейімделу деген түсінік қолданылады. Ол адамның белгілі іс-әрекетті, кәсіби міндетін атқару барысындағы үдеріске бейімділігін және оған адамның бейімделу нәтижесін сипаттайды. Ол кез келген қызметке араласатын адамға тән. Функционалдық адаптацияға қажетті уақыт адам қызметіндегі үзіліске

байланысты. Неғұрлым қызметте үзіліс ұзақ болса, оның қызметке бейімделуіне соғұрлым уақыт та қажет болады.

Функционалдық адаптация сол қызметке сәйкес маманның тәжірибесіне, уақыт үзілісінің ұзақтығына, мысалы, қызмет етуге дайын болуына, көңіл-күйіне және өзіндік белсенділігіне де байланысты.

Ата-аналар, бала бақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдері балаларға жеңіл жағдай жасау арқылы бейімделу үдерістерінің даму мүмкіндіктерін еріксіз бәсеңдетеді. Мұндай жағдайдағы балалар жаңа жағдайда бейімделуге, осыған орай, өзін-өзі жүзеге асыруға және әлеуметтік дамуға қиынсынады, мысалы бала бақшасына бармаған баланың мектепке келгеннен соң, мектеп ұжымына бейімделуі күрделі болады.

Адамның түрлі жағдайларға бейімделу тәжірибесі оның бойында адаптивтілік (бейімділік)сапасын қалыптастырады. Мұндай сапа адамға түрлі жағдайларда қажет болады: оқуда, кәсіби қызметінде, өзге адамдармен қарым-қатынасында. Мәселен, оқу барысында оқушының білім беру ұйымының мазмұнына, формасына және оқыту әдістерінің өзгерістеріне бейімділігінен көрінеді. Арнайы әдебиеттерде адаптациялық синдром деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл сөз тіркесі балаға қатысты қолданылады, ол оның жаңа микроәлеуметтік орта (бала бақша, мектеп, т.б.) жағдайларына қатысты, жүйке, жүрек – қан тамырлары қызметінің өзгерісін білдіреді.

Адаптивсіздік - адам іс-әрекетінің қойған мақсаттары мен күтетін нәтижелерінің сәйкессіздігін сипаттайды. Бұл ұсынылып отырған жағдай, оның іс-әрекет етуге бейімсіздігін көрсетеді.

Адамның бейімделгіштігі ортаға тәуелді. «Адаптивтік орта», белгілі бір топ адамдардың ортаға мейілінше бейімділігін білдіреді. Адаптивтік ортаға бейімділік, ол адамның (топтың ) табиғи кірігуге бейімділігі. Мысалы, бала бақшасы мектепке дейінгі баланың, мектеп оқушының бейімделуіне қолайлы жағдай болып саналады.

Адамның түрлі жайдайларға адаптация мүмкіндігі тұрақты емес. Түрлі жағдайларда, адамның өзінің қалпына байланысты адаптациясы төмендеуі немесе артуы мүмкін Адаптация мүмкіндіктерінің төмендеуі дезадаптация (бейімделмеу) құбылысымен сипатталады.

 

2 Адамның бейімделмеуі, оның себептері, оның

алдын алу бейімделмеу себептерін жою

 

Дезадаптация (лат. қосымша de... немесе фран. des...) - жоғалу, құру, толықтай жоқ болу және өте сирек мағынада төмендеу, кішірею, бір сөзбен айтсақ, бейімделмеуді білдіреді. Кейбір ғылыми әдебиеттерде «дизадаптация» (лат. dis – бірінші мағынада – бүліну, қателесу, өзгеру, сирек мағынада жоғалуды білдіреді). Егерде адаптацияның бүлінуі, қателесуі жайында айтсақ, онда біз дизадаптацияны, адаптацияның толықтай жоғалуы мағынасында қолдансақ, жалпы қарағанда ойлайтын мәннің мүлдем саналы тіршілігін тоқтату деп білеміз, егерде ол мән тірі және саналы болса, онда ол ортаға басқаша бейімделеді. Сонымен қатар

 

латынша de – «де» және «ди» түрінде де оқылады. Сондықтанда, «дезадаптация» сөзінің мәні, оған жүктелетін мәнмен анықталады. Бұл фактының білдіретіні «дезадаптация» мен «дизадаптация» ғылыми әдебиетте және практикада синоним ретінде қолданылатындығында.

Дезадаптация (дизадаптация) деп жиірек адамның әлеуметтік-психологиялық және писхофизиолагиялық статусының тіршілік жағдайының талаптарына сәйкеспеуін, оның өз кезегінде тіршілік ортасына бейімделмеуіне әкеледі. Дезадаптация құбылысы жеке (типтік) немесе кез келген ортада орын алады. Мысалы, бала үйде өзін өте жақсы сезінеді және ешқандай дезадаптациялық құбылысты сезінбейді, ал бала бақшасында керісінше, өзін дискомфортты, яғни жақсы сезінбейді.

Дезадаптация, адаптация тәрізді үдеріс, көрініс және нәтиже ретінде қарастырылады.

Дезадаптация көрініс ретінде – адамның тіршілік орта жағдайына адаптпациялық мүмкіндіктерінің төмендеуін және белгілі бір жағдайда (бала бақшада, сыныпта, топта және т.б.) бейімделмеуін білдіреді. Жеке жағдайда, дезадаптация баяу сипатта жүреді және байқалмайды, сөйтіп белгілі бір кезеңде, жеке тұлғаның күрделі мәселесіне айналуы мүмкін; кейде адам белгілі бір жағдайға бейімсіз болғанда және өзін-өзі таба алмағанда бейімделмеу құбылысы анық сыр береді. Мұндай жағдайда оның салдары өте күрделі болуы да мүмкін. Бала үшін ұзақ мерзімді дезадаптация оның дамуын тежеп, жағымсыз шарттар мен үрейін қалыптастырады.

Дезадаптация көрініс ретінде – адамның сыртқы сипатындағы теріс әрекеттерін, қалыптан тыс мінез-құлқынан, іс-қимыл, қарым-қатынасынан және белгілі бір ортадағы іс-әрекет нәтижесінен байқалады. Дезадаптацияның көріну формасы әр балада әр түрлі. Сырттай оны анықтау да оңай емес. Ол үшін адамды өте жақсы білумен қатар, әр түрлі жағдайдағы оның өзіне тән іс-қимылын да жетік білу қажет. Тәрбиешінің бала бойындағы дезадаптацияны дер кезінде байқауы, сол жағдайды тез түзетуге, оның жағымсыз терең салдарының алдын алуға көмектеседі. Бұл жердегі мәселе, тәрбиеленушіге ерекше жағдай жасауда емес, дезадаптацияның ықпалынан болатын, жағымсыз бүліну салдарының алдын алу.

Дезадаптация нәтиже ретінде – адамның қалыпты жағдайына сай келмейтін, жаңа ортаға лайық емес сапалық қалпын және көрінісін салыстырмалы бағалау, оның өз қатарындағыларға, оқуына, іс-әрекетіне бұрынғы іс-қимылынан және қарым-қатынасынан (бала бақша тәрбиеленушісі, оқушы және т.б.) білінеді. Балаға қатысты – оның іс-қимылы, қарым-қатынасы, іс-әрекетінің нәтижесі (балалармен, ересектермен, оқуға, ойынға қатынасы), оның өзіне (өз қатарларына) белгілі ортадағы әлеуметтік қалыпқа сәйкеспеуімен сипатталады.

Арнайы әдебиеттерде және практикада дезадаптивті ұғымы белгілі бір топ адамдарына қолданылады: дезадаптивті балалар, дезадаптивті сәби, дезадаптивті топ, сонымен бірге тіршілік ортасына қатысты деформациялық құбылыстың салдарлары: мектептік дезадаптация, отбасылық дезадаптация және т.б.

Дезадаптивті балалар. Мұндай балалар өз қатарындағылармен және өзге балалармен тіршілік орта жағдайына (бала бақша тобына, сыныптық ұжымға, өз қатарына және т.б.) бейімделмеуіне байланысты, өз қабілеттерін көрсетуіне, дамуына, тәрбиесіне, оқуына теріс ықпал етеді, соның салдарынан, мысалы, сыныптың нашар оқушысы болады. Сонымен бірге нашар үлгерім көрсеткіші, бейімделмеуге байланысты болмауы да мүмкін, ол баланың жеке басына тән танымдық мүмкіндігінің оқуға деген ынтасының төмен болуына және т.б. да байланысты болады.

Дезадаптивті адам. Бұл адамның өзгелерден ерекшелігі, тіршілік ортасына бейімделу мәселелері, оның дамуынан, іс-әрекетінен, табиғи жағдайдағы міндеттерді шеше білуінен байқалады.

Дезадаптивті сәби. Тіршілік ортасының жағдайына бейімделмеуіне байланысты, өз қатарындағылардан дамуы, әлеуметтенуі, жасына сай алдындағы міндеттерді шешуі бойынша ерекшеленеді.

Балалардың белгілі бір тобы, өмірде кездесетін тіршілік орта жағдайына бейімделмеуді тез жеңеді. Ортаға табиғи бейімделуде олар қиыншылық көрмейді. Бірақта, назар аударатын жәйттің бірі, олар түрлі тіршілік орта жағдайына бейімділігі қарқынды болса да, сирек жағдайда үлкен қиыншылықты сезінеді, әсіресе дезадаптивті балалардың келешектегі өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі жетілдіруінде сыр береді. Мұндай балалар адаптация кезеңінде қолдау мен көмекті қажетсінеді.

Мектепке бейімделмеу. Бастауыш сынып мұғалімдері осы сатыдағы балалардың мектеп өміріне бейімделмеу қиындығын байқайды. Ол 6-8 жасар балаларға тән, өйткені оларға сыныптық-сабақ жағдайы түсініксіз, өз қатарларымен қарым-қатынас орната алмайтындықтан, мектеп өміріндегі танымдық қызметі немесе оның екпіні төмен болады. Мұндай балаларды мұғалім назарында ұстап, оларға көмек көрсетіп, олардың жеке бас ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Балалардың мектепке бейімделу мүмкіндіктерін белсендіру сынып ұжымына және оның қолдауына байланысты.

Педагогтың дезадаптивті балалармен, олардың ата-аналарымен және сыныппен қарым-қатынасын мақсатты түрде ұйымдастыруына қарай, мектепке бейімделмеу мерзімі оқу жылының басында 2-4 ай шамасына қысқарады. Өте күрделі жағдайда, баланың мектептегі оқуға деген теріс реакциясына байланысты арнайы мамандардан кеңесу, сонымен қатар, психологпен, ал кейбір жеке жағдайда баланың жүйке жүйесіне байланысты жылауық, ұйқысы мен тәбетінің бұзылуына қарай психоневрологпен кеңесу керек.

Түрлі топқа жататын белгілі тіршілік орта жағдайындағы балалардың мектепке бейімделмеуінің алдын алу немесе тәрбие мен оқыту барысында оны жеңуге болады. Дезадаптивті балаларда ауытқу формасының болуы, олармен арнайы оқу мекемелерінде оқу-тәрбие жұмысын жүргізуді және

оны тудырған факторларды ескеруді тала етеді. Ондай балалармен жұмыс жасау үшін арнайы әдістеме және арнайы дайындығы бар маман керек.

Адамның дезадаптивтілігіне, яғни бейімделмеуіне бір топ факторлар әсер етеді, олар: тұлғалық (ішкі), орта (сыртқы) немесе екеуі де.

 

Бейімделмеудің тұлғалық (ішкі) факторлары жеке тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етпеуіне байланысты болады. Оларға жататындар:

- ұзақ уақыт сырқаттану;

- баланың тіршілік ортасымен қарым-қатынасының тарылуы және айналасының оның жеке басына лайық өзгешеліктеріне орай қатынасының болмауынан;

- адамның жасына қарамастан ұзақ уақыт ( қажетті немесе үкімді түрде( күнделікті іс-әрекетінің шектелуіне;

- бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке ауысы (ұзақ демалыс, уақытша өзге қызмет міндетін атқару) және т.б.

 

 

Бейімделмеудің отбаслық (сыртқы) факторлары адам үшін үйреншікті емес, тұлғалық сапа деңгейін көрсетуіне кедергі келтіреді. Оған жататындар:

- отбасындағы кикілжің, баланың тұлғасына нұқсан келтіреді. Мұндай қалыптағы жағдай «тәуекел тобы» отбасында, баланы бедел арқылы тәрбиелеп, оған қысым көрсету;

- отбасындағы ата-ана мен отбасы мүшелерінің, өз қатарларының оған толық көңіл бөлмеуінен;

- балаға айнала басымдылығының ықпалы ( баланың бақшаға баруы, тобын, сыныбын ауыстыруы);

- топтың балаға қысым көрсетуі - ұжым, кішігірім топтың қабылдамауы, ығыстыруы, күш көрсетуі және т.б. Бұл жасжеткіншектерге тән, өз қатарларының қатыгездік танытуы, күш көрсетуі – жиі орын алатын құбылыс;

- «нарықтық тәрбиенің» көрінісі, баланың жетістігінің материалдық игілікпен өлшенуі. Жас ерекшелігіне лайық емес қызығушылықтары, әлеуметтік жақсылық идеалдарын бірінші шепке қою және жеңіл жолмен

табыс табу. Материалдық игілікке қолы жетпеуден депрессиялық* қалыпқа түсу.

----------------------------------------------

* (Депрессия (лат.depressio -өзін төмендету, қысым көру) психикалық сырқат қалпы, эмоциялық, зияттық торығу және қимылдарының тежелуі. Қызығу, мотив, ерік белсенділігінің, өзін-өзі бағалауының күрт төмендеуі. Мұндай қалыпта баяу қимыл, тез шаршау, өзіндік бастамасының болмауымен сипатталады).

 

- «нарықтық тәрбиедегі» ақпарат құралдарының жағымсыз ықпалы. Балалардың қызығушылықтары жас ерекшеліктеріне лайық емес әлеумет

тік жақсылықтар идалдарын және оларға оңай қол жеткізуді насихаттайды.

Өмір шындығы баланың түңілуіне, өзінен кемшіліктер іздеп, өзін қор санауға, дезадаптивтілікке ұшыратады. Арзанқол мистикалық романдар, үрей тудыратын фильмдер мен адамды ату-қыру әлі толыспаған адамның өлім туралы түсінігін бұлдыр етіп, оны асқақ мұратқа айналдырып көрсетеді;

- кейбір тұлғалардың балаларға дезадаптивтік ықпалы зор, олардың алдында балалар қысылып, дискомфорт (өздерін қолайсыз) сезінеді. Ондай тұлға дезадаптация тудырушы (дезадаптация тудыратын бала – топ) – ондай адам (топ) белгілі бір жағдайдағы ортаға (топқа) немесе жеке тұлғаға қатысты дезадаптивтік фактор ретінде ықпал етеді (өзін-өзі анықтауға әсер етеді) және, сонымен қатар баланың белсенділігін және өзін-өзі толықтай ашу қабылетін тежейді. Мынадай мысалдарға назар аударыңыз: қыз өзінің көңілі бар жігіттің алдында; өте белсенді оқушының сынып алдында; қиын бала, мұғалімнің өзіне деген қатынасын ушықтыру рөлін белсенді (әсіресе жас маманның) атқарады;

- балаға «қамқор болу» міндетіне қатысты жеке бас және жас ерекшелігіне сай келмейтін артық жүк арту. Мұндай фактілер жиі кездеседі, мәселен баланың жасына лайық емес, дайындығы жоқ баланы гимназиялық сыныпта оқыту; баланың психологиялық және физикалық мүмкіндіктерін ескермеу (мысалы, спортпен шұғылдану, мектепте оқыту, үйірмелерге қатыстыру ).

- жеке бас және жас ерекшелігіне сай емес, жүктемелер арту. Балалар мен жеткіншектердің дезадаптивтігінің түрлі салдарлары да кездеседі. Көбінесе, олар жағымсыз сипат алады, соның қатарында:

- тұлғалық деформация (бүліну);

- физикалық жағынан толықтай дамымауы;

- психикалық дамуының тежелуі;

- ми қызметінің бүліну мүмкіндіктері;

- типтік жүйкелік ауытқулар (көңіл-күйінің төмендігі, тежелу немесе қозу, бүлікшілік);

- жалғыздық – адам өз басындағы шешілмеген мәселелерімен оңаша қалуы. Ол сырттай оқшауланумен байланысты немесе өзін жоюға бет алуы;

- өз қатарларымен және өзгелермен қарым-қатынастарының шиеленіске ұшырау мәселелері. Аталған мәселелер негізінде, баланың өз өмірін сақтау инстинктін төмендетеді. Күрделі жағдайларға бейімделе алмауынан, адам өзіне қол жұмсауға (суицидке) дейін барады.

Сирек емес жағдайда дезадаптивті балалар жеке адамның (топтың) бейімделуіне ықпалы етеді. Мұндай жағдайда дезадаптивтікті тудырушы адам, топ туралы айтуға болады.

«Көше балаларын» да жиі дезадаптивтілер қатарына жатқызады. Оларға мұндай баға беру дұрыс емес. Бұл балалар ересектерден де артық бейімделгіш келеді. Тіпті өте күрделі жағдайда да, олар өздеріне ұсынған көмекті қабылдаудан бас тартады. Олармен жұмыс жүргізетін мамандар арнайы мекемелерде дайындалады, оларды тәрбиелеу, сендіру әдістемелерін игереді. Егерде көшедегі баланы арнайы балалар үйіне орналастырса, онда олар алғашқы кезеңде дезадаптивті балалар қатарына жатады. Біраз уақыт өткеннен соң, ол немесе ол тәрбиеленетін ортаның дезадаптивті болғанын алдын ала білу қиынға соғады.

Девиантты іс-қимылды балалардың жаңа жағдайға бейімділігі жоғары болғандықтан, ол негізгі тәрбиеленушілерге қатысты, күрделі жағымсыз мәселелер тудырады. Тәжірибе көрсеткендей, қиын баланың тәрбиеленушілер арасына келуі, педагогтан топты (сыныпты) белгілі деңгейде қорғау шараларын жүргізуді талап етеді. Кейбір жеке тұлғалар бүкіл топқа жағымсыз ықпал етіп, оқу мен тәртіпке бейімделмеу мүмкіндігін тудырады.

Осы жоғарыда аталған факторлардың бәрі баланың зияттық дамуына қауіп тудырады. Қиын тәрбиеленетін, әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан дамуының кешеуілдеуі тәрбие аясында жеке баланың (топтың) тәрбиеге, оқуға бейімделмеуіне қауіп төндіреді. Тәжіріибе көрсеткендей, кейде баланың өзі жаңа ортаға бейімделмеуінен жапа шегеді, кейбір жағдайда өзгелер үшін, соның қатарында мұғалім үшін де бейімделмеу (дезадаптивті) факторына айналады.

Жеке тұлғаның, жеткіншектің дамуына дезадаптивтіктің жағымсыз ықпал ететінін ескеріп, оның алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Жеке балалардың, жеткіншектердің бейімделмеуінің алдын алу жолдары төменгідей:

- балаға тиімді орта жағдайын жасау;

- оқу барысында баланың жеке даму мүмкіндіктеріне сай, күрделі қиындықтарсыз оқу үдерісін ұйымдастыру;

- жаңа жағдайға баланың бейімделуіне қолдау көрсету;

- баланың өзіндік белсенділігін, өзін-өзі өмірлік ортада көрсете білуі, оның бейімделуіне түрткі болады;

- түрлі тұрғындар арасында қиын өмірлік жағдайларға тап болғандарға арнайы әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық көмек көрсету қызметін жолға қою: сенім телефондары, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық көмек, тығырық стационарлары;

- ата-ана, мұғалім мен тәрбиешілерді бейімделмеудің алдын алу әдістерін оқыту және оның салдарларымен жою;

- қиын өмірлік жағдайларда түрлі адамдарға әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызмет көрсететін арнайы мамандар дайындау.

Дезадаптивті балаларға немесе беймделмеуін жеңуге көмек көрсету. Осы аталған іс-әрекеттер дезадаптивтілік салдарын жоюға бағытталады. Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет мазмұны бейімделмеуге соқтырған салдарларға байланысты қарастырылады.

3 Бейімделу мен әлеуметтенудің, бейімделмеу және

әлеуметтенбеудің өзара байланысы, оларды балалармен,

жеткіншектермен жұмыста есепке алу

 

Бейімделмеуді жеңу дегеніміз реадаптация. «Реадаптация» термині (лат. re... – қосымша, әрекеттің жаңаруын немесе қайталануын білдіреді); adaptation - бейімделу, үйлесу ) адамның түрлы ықпалдарға байланысты бейімделу іс-әрекетінің қалпына келуі, сонымен қатар өзін-өзі белсендіруге бағытталады.

«Реабилитациялық іс-әрекет» сөзтіркесін қарастырайық. Адамның немесе топтың сыртқы ортаның белгілі бір жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін белсендіруге бағытталатын іс-шаралар жиынтығы. Ғалымдардың пікірінше, реабилитация адамға психоәлеуметтік ықпал ету әдістері және оның әлеуметтік іс-әрекетін (еңбек терапиясы, кәсіби білім беру немесе қайта дайындау), клиентпен, туыстарымен жүргізілетін арнайы педагогикалық, психотерапевтік жұмыстарын белсендіретін кезең болып саналады. Реадаптивтілік - бейімделмеуді жеңген адам.

Топқа байланысты байқалатын құбылыс – «коадаптация» (лат.co...- қосымша және adapter - бейімдеу) – өмірлік ортаның өзгерісіне байланысты жалпы және өзара бейімделу.

Бейімделу, бейімделмеу және бейімделмеуді жеңу әр адамға тән. Ол түрлі өмірлік жағдаяттарда байқалып, адамның белгілі бір әлеуметтік қалыптар мен ережелерді бойына сіңіруін немесе олардан арылуын көрсетеді. Қандай да әлеуметтік тәжірибені жоғалтуына байланысты бейімделмеу және бейімделмеуді жеңу, жағымды немесе жағымсыз сипатта болады. Тәрбиешілер осы фактыны ескеріп, оны өзінің кәсіби жұмысында мақсатты қолдана білуі тиіс.

Қиын балалармен жұмыс жүргізуде, оларға басқа өмірлік орта жасау қажет. Сондай ортада қиын бала жаңа жағдайға байланысты өзін көрсете алады, басқа қалыптар мен ережелерді орындау арқылы, олардың сапалық қасиеттері өзгереді. Өз мәнінде өзгеше жасалған орта жағымсыз іс-қимыл тәжірибесін, қарым-қатынасын, іс-әрекетін төмендетіп, жаңа жағымды тәжірибені игеріп, бейімделмеуді жеңеді.

Тәрбиешілер өздерінің тәжірибелік іс-әрекеттерінде осындай жағдаяттарды балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу үшін жасайды. Орта өздігінен тәрбиелемейді, оны тәрбиелік ортаға айналдыра білу қажет. Тек осындай жағдайда тәрбиеленуші тәрбиешінің ойын қабылдап, оның мәнін түсініп, белсенді өмірлік әрекетті игереді. Тәрбиешінің шеберлігі, тәрбиеленушіні тәрбие үдерісінің белсенді мүшесіне айналдырып, тәрбиелік ортаның барлық талаптарын орындатуы тиіс.

 

 

СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

 

1.Бейімделу, әлеуметтік бейімделу, баланың әлеуметтік бейімделуі дегеніміз не?

2. Баланың әлеуметтік дамуындағы бейімделудің орны.

3. Бейімделу үдеріс, көрініс, нәтиже ретінде нені білдіреді?

4. Адамның бейімделуіне ықпал ететін факторлар және олардың сипаты.

6. Бейімделу және бейімделмеу, ортаға бейімділік: мәні және мазмұны.

7. «Дезадаптация» түсінігі: мәні мен мазмұны.

8. Бейімделмеу (дезадаптация) үдеріс, көрініс және нәтиже.

9. Бейімделмеу, бейімделмеген бала, бейімделмеген топ және олардың сипаттамасы.

10. Адамның бейімделмеуіне ықпал ететін (сыртқы және ішкі) факторлар және олардың сипаттамасы.

11. Балалар мен жеткіншектердің бейімделмеуінің алдын алу жолдары.

12. «Адамның реадаптациясы» түсінігі. Бейімделмеуді жеңу (реадаптация) үдеріс, көрініс және нәтиже.

 

13. Балалар мен жеткіншектерді түзету мен қайта тәрбиелеу жұмысында бейімделмеу және бейімделмеуді жеңу түсініктерін қолдану.

 

РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ

 

1. Бейімделмеген бала, оның айналаны бүлдіру мәселелерін төмендету.

 

2. Бейімделмеген типтегі бала, оның әлеуметтік-педагогикалық сипаты.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Беличева С.А. Социально-педагогические методы оценки социального развития дезадаптированных подростко// Вестник психосоциальной и коррекционно-реабилитационной работы. 1995, №1.

2. Буянов М.И. Ребенок из неблагополучной семьи: Записки детского психиатра. –М., 1988.

3. Социальная дезадаптация детей и подростков: причины, проявления, преодоление. –М., 1995.

4. Школьная дезадаптация.Эмоциональные и срессовые растройства у детей и подростков –М., 1995.

5. Шибаева Л.В. Программы психологической реабилитации школьников. –М., 1996.

6. Северный А.А., Иовчук Н.М. Социум как пусковой фактор реализации конституциональных и патологических предрасположений к отклоняющемуся отконению поведения детей и подростков// Социальная дезадаптация: нарушения поведения у детей и подростков. – М., 1996.

 

 

13-дәріс.Әлеуметтік педагогикадағы зерттеу әдістеріӘлеуметтік педагогиканың әдістері: ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-қайта құрушылық.