Дәріс. Әлеуметтік педагогика саласындағы зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету. 1 страница

Әлеуметтік-педагогикалық тәжірибенің ақпараттық қамтамасыз ету құрылымының мақсаты - әлеуметтік-педагог практиктерді ағымдағы және болашақта қалыптасу мүмкіндігі бар әлеуметтік-педагогикалық мәселелердің ғылыми негізделген шешімдерін табуға қажетті социумның әр түрлерінде сапалы ғылыми мәліметтермен қамтамасыз ету.

Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеулер мен ақпараттық қамтамасыз етілуін талдау нәтижелері бойынша, қазіргі кезде бұл үдеріс эмпирикалық даму кезеңінде және осы кезеңге тән барлық сипаттамалары бар. Сондықтан ұсынылып отырылған әлеуметтік педагогтерді ақпараттық қамтамсыз ету жүйесі болжау сипаттамасына ие.

Сонымен қатар, соңғы жылдары әлеуметтік-педагогикалық зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Оларға мыналар жатады: әлеуметтік саладағы практик-қызметкерлердің, әлеуметтік-педагогикалық білім саласындағы әлеуметтік жұмысшылар мен әлеуметтік-педагогтердің ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу; әлеуметтік педагогика бойынша болжау зерттеулерін ұйымдастыру; диссертацияның негізінде педагогикалық-психологиялық ақпараттық – банкті қалыптастыру; компьтерлік база негізінде ақпаратты ұсынатын автоматты лингвистикалық теориялық және ағымдағы модельді қалыптастыру және т.б.

Мұндай іс-шараларға болжау негізінде қалыптасқан әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің (ҒЗАҚЖ) концепциясын жүзеге асыру және өңдеу жатады. Құрылымдық жағынан ҒЗАҚЖ аналитикалық, ақпарттық, ізденіс және коммуникативті жүйеліктерді қамтиды.

Аналитикалық жүйеліктің функциялары: ақпараттық ағымдар мен өзге ақпарат көздерінде ғылыми әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарды іздеу; ақпаратты аналитикалық өңдеу – бейнелеу, құрылымдау, жүйелеу, топтау, жіктеу және т.б.

Ақпараттық жүйеліктің функциялары: аналитикалық жүйеліктен алынған әлеуметтік-педагогикалық білімдерді ақпараттық өңдеу; интегративті ақпараттың негізгі көзіне білімдердщі енгізу (белгілі бір жүйе үшін); иемденушіге тиімді формада ақпаратты сақтау.

Іздеу жүйелігінің функциялары: зерттеудің ақпараттық қажеттілігіне сәйкес келетін әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарды іздеу; ақпартты оның барлық тұтынушыларына ыңғайлы формада ұсыну.

Коммуникативті жүйелік мынадай функцияларды жүзеге асырады: әлеуметтік-педагогикалық ақпарат тұтынушылары мен оны сақтау, ұсыну, іздеу құралдарының арасында нақты және түсіністік қарым-қатынастарын орнату; әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіндегі барлық жүйеліктерінің арасында өзара байланыс; әлеуметтік-педагогикалық ақпаратты жасаушылар мен аналитикалық жүйеліктердің арасында кері байланыс орнату. Соңғы функция өте маңызды, себебі жабық жүйеде кері байланыс болу керек.

Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетін ақпараттық қамтамасыз етудің теориялық концепті болжау сипатындағы ережелерден тұрады: әлеуметтік-педагогикалық білім саласындағы ғылыми жаңалықтар мен ғылыми зерттеудің жалпы құрылымындағы орны мен маңыздылығын негіздейтін, әлеуметтік педагогикадағы жүйелердің мақсаты мен міндеттерін айқындайтын, ҒЗАҚЖ жеке элементтерінің құрылымы мен қызметтерін айқындайтын ережелер. Бұл ережелер әлеуметтік педагогикада ғылыми зертеулерді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін тәжірибеде құрылымдауға, қалыптастыруғы, зерттеуге, болжауға, оны жетілдірудің және дамытудың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

2. Әлеуметтік педагогикада ҒЗАҚЖ қалыптасытру мен терең зерттеу технологиялық концептісін құрайтын, ғылыми зерттеу мен практикалық іс-әрекетін ақпараттық қамтамасыз етудің процессуалдық жақтарын болжап талдау керек. Талдау негізі ретінде әлеуметтік педагогикада ҒЗАҚЖ мақсаттарын жүзеге асыру - әлеуметтік педагогтерді ақпараттық қажеттіліктері мен ғылыми қызығушылықтарына байланысты сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету. Бұл негіздеме әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету үдерісін айқындауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-педагогикалық ақпаратты тұтынушылар мен олардың ақпраттық қажеттіліктерінің негізгі сипаттамалары мен құрылымын зерттеу үдерісі. Осы үдеріс щеңберінде ақпараттық қамтамасыз етілу қажеттілігі бар потенциалды әлеуметтік педагогтердің – зерттеушілер мен практиктердің саны, олардың ғылыми қызығушылықтары, әлеуметтік-педагогикалық ақпаратпен қамтамасыз етілу жиілігі, ақпараттық сұраныс пен құжаттардың сипаттамасы айқындалады және ақпаратты ұсыну мен оның формалары келісіледі.

Тұтынушыны қызықтыратын әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді ғылыми талдау үрдісі. Осы үдеріс щеңберінде мыналар жүзеге асырылады: әлеуметтік-педагогикалық білімдерді рубрикациялау, жүйелеу, жіктеу, топтау, типтеу және сипаттау; ақпараттардың белгілі бір «ұяшықтарын» қалыптастыру және логикалық пен құрылымдық байланыстар деңгейінде өзара қарым-қатынас орнату. Әрбір ақпараттық ұяшыққа жеке код беріледі. Ұяшықтарды осылайша кодтау, яғни нақты әлеуметтік-педагогикалық ақпараттың жиынтығы ЭВТ-ны қолдануға мүмкіндік берумен шектелмей, сонымен қатар, ақпараттың болжау қызметін жетілдіретін әлеуметтік педагогика бойынша білімнің модульдік блоктарын қалыптастырады.

Ақпараттық қажеттіліктерге сәйкес әлеуметтік - педагогикалық ақпарат көздерін іздеу үдерісі. Осы үдеріс щеңберінде әлеуметтік педагогика мәселлерімен байланысты барлық ақпарат көздері тіркеледі, уақыт тереңдігіне байланысты ақпарат көздерін ретроспективті талдау; олардың қамтитын ақпараттарын іздеу және оны фиксациялау; ақпараттық ұяшықтардың арасында жаңа байланыстарды орната отырып жүйелеу;

Әлеуметтік-педагогикалық білімдердің ақпараттық модульдерін тұтынушының ақпараттық сұраныстарына сәйкес жүйелеу. Тұтынушының ғылыми қызығушылықтарына сәйкес және ұсынылған ақпарат негізінде бірнеше ақпараттың ұяшықтардың мәліметтерін қамтитын ақпараттың мәселелік бағытталған база қалыптасады. Осы мәселелік бағытталған мәліметтер базасы жоғары деңгейдегі жеке ақпараттық ұяшықты қалыптастырады, себебі композициялық, модульдік құрылымы бар.

Белгілі бір мәселе туралы ақпаратты қамтитын құжатты ақпарат ағымындағы ақпараттарды талдау үдерісі арқылы қалыптастыру. Осы үдеріс щеңберінде табылған мәліметтер ақпарттық сұранысқа сәйкес жаңартылады, ақпарат нақты тұтынушыға ұсынылады. Сонымен қатар, осы үдеріс щеңберінде жалпыланған ақпараттық құжаттарды қалыптастыруға болады, мысалы, тақырып бойынша әлеуметтік - педагогикалық әдебиеттердің библиографиялық тізімі; белгілі бір мәселе бойынша диссертациялар тізімі, әр түрлі бағыт бойынша реферативті жиынтықтар және т.б.

Әлеуметтік-педагогикалық ақпаратты тұтынушыларды кезеңмен сауалнама жүргізу. Осы үрдіс щеңберінде жаңа ақпараттық қажеттіліктер зерттелінеді, өзге ақпараттық сұраныстар жиналады және олар жаңа не ағымдағы мәліметтермен толықтырылады.

Алынған ақпарттық сұраныстарды және ұсынылған мәліметтерді өңдеу. Осы үрдістің нәтижесіне мынадай мәліметтер жатқызылады: белгілі бір тақырыпқа, мәселеге, бағытқа байланысты әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарға сұраныстың жиілігі, сәйкесінше, белгілі бір уақыттағы өзекті не керісінше, ғылыми мәселелерді айқындау; мәліметтер аз не жоқ мәселелер; әлеуметтік педагогикадағы ақпараттық күйдің жалпы сипаттамалары.

Әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді зертеушілерден жеке ақпараттық ұяшықтардан не мәселелік бағытталған (259)

Үдеріс щеңберінде аналитикалық жүйеліктің мамандарымен және авторларымен ғылыми зерттеулердің нәтижелері арнайы өңделеді және материалдық ақпарат көздеріне енгізіледі.

Осылайша, жоғарыда ұсынылған үдерістер жүйесі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің (ғылыми-зерттеу және ғылыми-өңдеу) ақпараттық қамтамасыз ету технологиясын қалыптастырады.

3. Жалпы және әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етуде ерекше мәнге ақпараттық ұяшықтың мазмұнын құрайтын құжат формасы жатады. Әлеуметтік-педагогикалық ақпаратты сақтау нысаны мыналарды айқындайды: әлеуметтік-педагогикалық құбылыстар туралы ақпараттарды таңдауды; әлеуметтік педагогиканың теориялық ережелерін; ақпарат сақталатын мәтіндік және баспа мәліметтер көлемін; ҒЗАҚЖ-ның тұтынушылардың ақпапаттық сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіншіліктерін; ұсынылатын ақпараттың құрылымы мен мәнін; өзге де сипаттамаларды.

Әр ғылымның ақпараттық құжаттарды жасау тәжірибесі бар.Жалпы педагогикада олардың мынадай түрлері белгілі: практиктерден алынған (оларға арналған) мәліметтерді (ИКА1) және ғалым зертеушілер мәліметтері (ИКА2) қамтитын ақпараттық – педагогикалық модуль (ИПМ), педагогикадағы ақпараттық-ізденіс жүйелерінің біріңғай модулі; практиктер мен ғалымдардың жұмыс құжаттары (ЗЖҚ1 мен ЗЖҚ2); кері байланысы бар белгі картасы №1 мен №2, индивидуалдық абоненттің картасы және ақпараттық парақшасы және т.б.

Қазіргі кезде әлеуметтік педагогикада ақпараттық құжаттың екі түрі қолданылады. Олардың біреуі ақпарат көздерін кітапханалық-библиографиялық сипаттауға сәйкес келеді, ал екіншісі белгілі бір сқранысқа сәйкес ақпаратты ұсыну, сақтау, қорытындылау, жинақтауға арналған диссертацияның әдістемелік кескіні (ДӘК) болып табылады.

Диссертацияның әдістемелік кескіні екі кезеңде жасалынды: біріншісінде диссертация туралы алғашқы мәліметтерді қамтитын қарапайым нұсқауда жасалынады; екінші кезеңде бұл нұсқаулық кеңейтіледі. Қазіргі кезде әлеуметтік педагогикадағы ДӘК қамтиды: диссертация авторының аты-жөні, диссертациялық жұмыстың ғылыми зерттеушісі, диссертациялық зерттеуді ғылыми экспертизасын жүзеге асыратын жетекші мекеме, диссертация құрылымы, зерттеу социумының негізгі приоритеті, диссертациялық зерттеудің мақсаты, пәні және объектісі; жұмыс барысында шешілетін міндеттер, диссертацияның ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық жаңалығы; қорғауға ұсынылатын болжамдар және т.б.

Диссертациялық зерттеудің мұндай элементтер жиынтығы ДӘК-де үш типтегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: әлеуметтік педагогика бойынша ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру (міндеттердің мәндік типі); ақпараттық сұраныстарды есептеу негізінде әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарды статистикалық өңдеуді жүзеге асыру (міндеттеменің статистикалық типі); диссертациялық зерттеуде әлеуметтік-педагогикалық талдауды жүзеге асыру (міндеттеменің ғылыми типі); Болжау типіндегі міндеттерді ҒЗАҚЖ-ның эксперттік және болжау жүйесі ретінде қызмет етуі кезінде мүмкіншілігі пайда болады. Осылайша, әлеуметтік педагогикада ақпараттық құжаттар ережесі инфологиялық концептініңмазмұнын құрайды.

4. ҒЗАҚЖ-ның ақпаратты сақтау, іздеу, өңдеу жұмысын ұйымдастырудың алуан түрлі бағыттары өзге ғылымдардың тәжірибесі мен әлеуметтік-педагогикалық ғылыми зерттеулердің ерекшелігін ескере отырып ҒЗАҚЖ-ны әлеуметтік педагогикада қалыптастыру қажеттілігін туғызады. Осы мәселені шешу әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларын қалыптастыруға септігін тигізді. Негізгі қағидалар:

Әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді толық ақпараттық қамтамасыз етй қағидасы ғылыми – зерттеу іс-әрекетінің сапасының әлеуметтік – педагогикалық ғылымның дамуына, тұтынушылардың ақпаратқа қол жетімділік деңгейіне тәуелділігін бейнелейді және мыналарды айқындайды:

· Әр түрлі уақытта және мемлекеттің әр түрлі аймақтарынан алынған әлеуметтік педагогикалық мәліметтер көздері туралы толық ақпарат;

· Ақпараттың әрбір көзінің мазмұны туралы толық мәліметке ие болу;

· Өзге ғылымдарда қалыптасқан мәселелер бойынша кең ақпараттарды жинау;

Ғылыми әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің ақпараттық қамтамасыз етілуінің шынайылығы әлеуметтік педагогика іс-әрекетінің ғылыми – зерттеулер сапасының әлеуметтік-педагогикалық үдерістер мен құбылыстарын бейнелейтін және қалыптасу, даму, өзгеру тенденцияларын ескеретін ақпараттардың нақтылық деңгейіне тәуелділігін бейнелейді және мыналарды айқындайды:

· Алуан түрлі көзқарастарды, ғылыми мектептер мен бағыттардың қамтамасыз ететін ақпараттар мен әлеуметтік педагогиканың ақпарат ағымында қызмет ететін жан-жақты әлеуметтік-педагогикалық мәліметтермен қамтамасыз ету;

· Тұтынушыны ақпараттық сұраныс арқылы алатын терминологиялық, мәндік, құрылымдық және құжаттық нақтылықпен қамтамасыз ету;

· әлеуметтік – педагогикалық ақпарат банкісін кері байланыс арқылы сапалы, негізделген, тексерілген, ғылыми зертеу нәтжелерімен сәйкес келетін мәліметтермен толтыру;

· ақпарат жүйесіне сенімсіз және сапасыз мәліметтердің енуіне жол бермеу;

Педагогикалық ақпараттарды уақытылы толтыру қағидасы ғылыми – зерттеу іс әрекетінің үзіліссіз, бірқалыпсыз сипаттамасын, оның қоғам, мемлекет, жалпы және нақты әлеуметтік педагогикадағы әлеуметтік ғылымды бейнелейді және мынаоарды айқындайды:

· Мәліметтер банкісін, мәселелік бағытталған базаларды, ақпараттық ұяшықтарды ізденіс және енгізілмеген әлеуметтік педагогикалық мәліметтерді сәйкестендіру және әлеуметтік педагогика мен өзге ғылымдардың жаңа зерттеулері арқылы алынған ақпараттар арқылы үзіліссіз толықтыру;

· Уақытылы және дұрыс сұраныстарды қалыптастыру мақсатында енгізілген әлеуметтік-педагогиклық ақпараттар туралы хабарлап отыру

· Әлеуметтік педагогианың өзге бөлімдерімен салыстырмалы аз ақпараттары бар мәселелер, тақырыптар және бөлімдер туралы ақпараттар жинау;

Әлеуметтік-педагогикалық ақпараттың бейнелілік қағидасы әлеуметтік педагогикалыө білімнің жүйелік –құрылымдық сипаттамасын және пәнаралық пен пәнішілік байланыстардың болуын бейнелейді және келесілерді айқындайды:

· Әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарды уақытылы өңдеу; жалпы ақпараттық банк құрылымы, нақты әлеуметтік-педагогикалық білімнің байланыстары туралы мәліметтер беретін жалпылама ақпараттық құжаттарды қалыптастыру мүмкіншілігі;

· Негізгі мәселелер, ғылыми зерттеу бағыттары мен мазмұны туралы практиктер мен зертеушілер арасында өзара байланыс қалыптастыру мақсаттылығы;

Ақпаратты типтік ұйымдастыру қағидасы әлеуметтік – педагогикалық зертеу мен тәжірибенің даму заңдылықтарының сипаттамасын (тенденцияларды, заңдылықтарды, даму үлгілерін іздеуге бағыттылық) бейнелейді және келесілерді айқындайды:

· Ақпараттық ағымдарды, мәселелік бағытталған базаларды, ақпараттық ұяшықтарды типтік, ғылыми негізделген концепцияларга, заңдылықтарға, гипотезаларға, педагогикалық мәселелерді шешу алгоритмі, педагогикалық үдерістердің даму шарттары түрінде қалыптастыру;

· Әлеуметтік – педагогикалық ақпарат тұтынушыларының сұраныстары сәйкес типтік формада ақпараттық құжаттарды жасау және типтік сұраныстар кітапханасын қалыптастыру;

Әлеуметтік педагогикады ғылыми зерттеулерді ақпарттық қамтамасыз етудің интекгративтілік қағидасы әлеуметтік-педагогикалық мәндердің (теориялар, гипотезалар, болжаулар, фактілер) өзара және әлеуметтік тәжірибенің құбылыстармен байланысын айқындайды. Оның мәні келесідей:

· ҒЗАҚЖ бір енгізіліп тұрақты сақаталынатын ақпараттың бір элементерін әр түрлі мақсаттар мен жан-жақты пайдалануға мүмкіндік береді;

· Мәселелік бағытталған мәліметтер базасын белгілі бір әлеуметтік-педагогикалық мәліметтер ережесі мен шектеуліктеріне сәйкес рекомбинациялау нұсқаулықтарын жүзеге асыру;

· Жаңа әлеусеттік-педагогикалық ақпараттармен толтырудың мультипликациялық сипаттамасы;

 

Осылайша, ғылыми зерттеулер мен практикалық іс-әрекетті ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары нормативті концептінің мазмұнын құрайды. Әлеуметтік педагогикадағы осы үрдістің ұйымдастырушылық және мазмұндық жағын қамтиды.

5. алуан түрлі ғылымдар мен ғылыми пәндерді ақпараттық қамтамасыз ету формаларын зерттеу олардың мақсатқа, мәндеттерге, ғылыми білімнің спецификасына, ақпараттың мазмұнына қарай алуандығымен байланысты. Осы әр алуандылықты жалпы, ерекше және бірегей диалектикасына сәйкес жіктеуге болады.

Ұйымдастырудың жалпы формасына ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі жатады, оларға мыналар жатады:

· ААҚЖ – автоматты түрде ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі;

· ЖБДЖ - ғылыми – зерттеу институттарында ақпараттандыру үрдістерін автоматизациялау үшін жалпы бағыттағы диалогтік жүйе;

· ПҒАЖ – педагогика бойынша ғылыми ақпарат жүйесі;

· ҚАӨЖ - құжаттарды автоматты түрде өңдеу жүйесі;

· ғылыми –педагогикалық зерттеулерді жүйелі ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі;

· АТҚЖ - ақпаратпен толық қамтамасыз ету жүйесі;

· ТАКҚЖ - тұтынушыларды ақпараттық – кітапханамен қамтамасыз ету жүйесі;

· КБАҚЖ - кітапханалық-библиографиялық ақпараттық қызмет көрсету жүйесі;

· ПБЗАҚ - педагогикада болжау зерттеулерімен ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі.

Осы ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерінің ішінде тұтынушыларға ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелері ерекше болып табылады. Осы деңгейде барлық ақпараттық жүйелер АТТ және ЖДҚ деп бөлінеді.

Ақпараттарды таңдау негізінде тарату (АТТ) қызмет көрметудің ең ыңғайлы нысаны ретінде қарастырылады, себебі ақпараттық сұраныстардың бағыты мен субъективтілігін ескеруге мүмкіндік береді.

Жетекшілерге дифференцияциялау арқылы қызмет көрсету (ЖДҚ) ақпараттармен қамтамасыз ету жүйесі кері байланыс негізінде абонентпен алдын-ала айқындалған тақырып пен ақпараттық қажеттіліктерге сәйкес ақпарат тұтынушыларын жаңа ақпарат көздерімен тұрақты хабарландырып отыру.

Ақпаратпен қам тамасыз етудің осы формаларын жан-жақта арнайы әдебиеттерде қарастырлыған.

Қарастырылған педагогикадағы ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері ақпаратты таңдау негізінде тарату жүйелеріне жатады.

Ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың бірегей нысандарына алуан түрлі ақпараттық және ақпараттық ізденіс типіндегі нақты жүйелер жатады. Ізденіс жүйесі – маңызды сипаттамалар бойынша құжаттарды, мәліметтерді, материалдық объектілерді табуға арналған ізденіс тілінің, оны қолдану ережелері мен ұсыну талаптар жиынтығы. Кейде ізденіс жүйесі түсінігіне оны жүзеге асырудың техникалық құралдарын жатқызады.

Ақпараттық – ізденіс жүйесі - қажетті ақпарат мәтінін (құжаттар, олардың бөлігі, фактографиялық жазбалар), негізгі тақырып не пән бойынша не ресми сипаттамлар бойынша (автор, баспа жылы және т.б) өзге ақпараттар жиынтығынан табуға арналған ізденіс жүйесі.

Осылайша, концепт нысанының мазмұны әлеуметтік – педагогикалық зерттеулерді ақпаратттық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жалпы және жеке ережелерін қамтиды. Жиынтық ретінде олар өзге ғылымдарды жинақталған ақпараттық қамтамасыз тәжірибесін, информатиканың соңғы жетістіктерін әлеуметтік педагогикада жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

6. ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етудің болжау концепциясында маңызды орынды талаптар концептісі алады, яғни оны бағалау талаптарын негіздейтін ережелер жиынтығы. Жалпы және педагогикалық информатикадағы, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру теориясындағы бағыттарды талдау нәтижелері ғылыми бағытта айырмашылықтардың болуына қарамастан ортақ ережелер бар. Олар әлеуметтік педагогикадағы ҒЗАҚЖ үшін де қолданылуы мүмкін.

Әлеуметтік педагогикада ақпаратпен қамтамасыз етудің талаптар жүйесі ғылыми-зерттеудің аталған түрінің көрсеткіштерінің жиынтығы ретінде қарастырылады, және оны бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір талаптың (ақпараттық, релеванттілік, оперативтілік) сапаны өзіндік бағалау көрсеткіштері болады.

Ақпараттылық талабы («ақпараттылық – жан-жақты ақпаратты қамту, білім мен мәліметтер көлемі») ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етуде ҒЗАҚЖ-ның осы сала әлеуметтік-педагогикалық ғылымдармен қамтылу деңгейін айқындайды, яғни арнайы өңдеуден (рубрикация, бейнелеу, жүйелеу, топтау, типтеу) өткен білім көлемі және ақпараттық ұяшықтардаға енгізілген мәліметтер. Ол сонымен қатар, ғылыми зерттеу үрдісі кезінде әлеуметтік педагогикалыө ақпараттардың қолжетімділік деңгейін бейнелейді. Осы талаптың көрсеткішіні мыналар жатады:

· Ақпараттық қамтамасыз етудің кеңдігі - әлеуметтік педагогикада жинақталған және тұтынушыларға ұсынылатын әлеуметтік-педагогикалық ақпараттың жан-жақтылығы;