Ылыми-педагогкалық зерттеу жұмыстарының жаңашылдығын анықтау әдістері

Негізгі нұсқаны салыстыру әдісінің қамтитындары: эталонның құрылуы; шығарылған нәтижелердің талдап, топталуы; талдап отырған жұмыс пен негізгі нұсқаның салыстырылуы; Негізгі нұсқада белгілі кесте бойынша іріктеліп, бейнеленген педагогика саласындағы осы уақытқа дейінгі белгілі теориялық және практикалық білім көрсетіледі. Базалық нұсқаның құрылуы ізделіп отырған мәселе бойынша әдебеттерді анықтауды, түрі мен оларды сипатына қарай бейнелеу арқылы білімдерді топтауды қарастырады. Сөйтіп, іздепт отырған мәселе бойынша негізгі нәтижелердің (тұжырымдамалар, әдістер, идеялар, ұсыныстар т.б.) тізімі алынады. Аталмыш эталон салыстырмалы болады және белгілі бір уақытқа тән.

Нәтижелерді талдап, топтау кезеңінде сарапшылар бағалап отырған жұмыс нәтижесіне талдау жасап, оны жаңашылдық деңгейімен мазмұнына қарай білім түрлері бойынша топтастырады.

Соңғы кезеңде талдап отырған жұмыс нәтижелері мен базалық нұсқаны салыстыру жүргізіледі. Олардың бірдей болып қалуы немесе үйлеспеуіне байланысты жұмыс қорытындысы бұрынан белгілі немесе жаңа деп бағаланады.

Жаңашылдықты анықтаудың ақпараттық әдісі – ізденіс жұмыстарынан ұқсас түйін болып қалатын құжатты қарауды қамтиды. Сарапшылар құжаттарды оқып, өз тәжірибелері мен түйсіктеріне сүйене отыра қорытынды жасайды. Құжаттардың ( диссертация, ғылыми есеп, мақала) тек атауы мен негізгі мақсаты ғана тіркеледі. Алынған нәтижелер бейнеленбейді.

Жаңашылдықты оқыту әдістемесі мазмұны неғұрлым түпнұсқаға сай келетін релевантты құжат іздеуді қарастырады. Содан кейін сарапшылар құжаттарды іріктеп, жаңашылдығы жағынан өзара салыстырады. Бірдей түйін жасалған құжаттар кездесіп қалса онда ол қысқартылады.Кейде мәліметтер базасына енбеген, бірақ үйлесімділік түйіні бар құжат болып қалуы ықтимал.

Бірақ мұндай мүмкіндік жаңашылдықтың сараптамалық бағасына қарағанда неғұрлым төмендеу.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижесінің жаңашылдығын бағалау үшін антиципация (күн ілгері білу) әдісі қолданылады. Бұл әдіс қарапайым ғана болғанымен, сенімді тұжырым жасайды. Ол алдын ала жоспарланған зерттеулерді талдау үшін тиімді. Бұл әдістің мәні: жұмыс нәтижесі сұрақ түрінде көрсетіледі. Сарапшылар сұраққа жауап береді. Жауап сәйкес келіп қалған жағдайда жұмысты көрсетілген нәтижелердің белгілі екені анықталады.Кейде тұжырымның белгілі болып, сарапшылардың жауабы сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда жаңашылдық түйіндері қосымша дәстүрлі тәсілдермен анықталуы тиіс.

Соңғы кездері мәтіндік құжаттарды тексеру үшін AntiPlagiat.ru. интернеттік желісі пайдаланылатын болды. Бұл желі іске қосылу базадағы мәтіндердің түпнұсқалығын тексеруге үлкен мүмкіншілік берді. Жоғары оқу орындарының бірқатары РГБ (Ресей мемлекеттік кітапханасы) базасының мәліметтері бойынша курстық жұмыстар, рефераттар, диссертацияларды тексеруде. Аталмыш желі зерттеу нәтижелерінің жаңашылдығын тексеру үшін де пайдаланылады. Ғылыми зерттеулердің жаңашылдығын анықтауда өте сақ болу қажет. Өйткені, электронды түрде материалдың аз ғана бөлігі болуы мүмкін. Авторлықты анықтау үшін интернетте бүкіл ақпарат болуы тиіс. Ғылыми мәтіндердің көпшілігі қағазда қалып қоюы мүмкін.

Көптеген авторлар түп деректі заңды түрде дәйектейді. Егер ол оны екінші рет қосымша нұсқасымен жариялайтын болса, авторды шығармашылық ұрлығы үшін айыптауы мүмкін.

Ғылымды дамыту үшін жұмыстың жаңашылдығын анықтау, көшірмеден сақтандыру, неғұрлым маңыздырақ болып табылады.

Ұсынып отырған ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің жаңашылдығын бағалау әдістерін практикаға енгізу әрине, бір жолға ғана акт болып табылуы мүмкін емес; Ол үшін белгілі бір ұйымдастырылған қайта құру, зерттеу нәтижелерін рәсімдеуге қойлатын талаптар енгізу, педагогика ғылымының әр түрлі саласы бойынша қолда бар тұжырымдардың эталондарын жасау қажет.

Мұндай өзгерістер зерттеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігіне, педагогикалық ғылым мен практиканы дамытуға оң көзқарасты танытады.

 

5-семинар.Әлеуметтік-педагогикалық танымның мәдениеттанушылық және жүйелілік тұғырлары.

6-семинар. Әлеуметтік педагогиканың педагогикамен, валеологиямен, конфликтологиямен, әлеуметтік информатикамен, әлеуметтік жұмыспен, мәдениет және өнермен байланысы.

7-семинар. Әлеуметтік педагогиканың ғылыми білімінің технологиялық деңгейдегі құрылымының моделі. Әлеуметтік педагогиканың әдістемелік білімінің технологиялық деңгейі.

«Технология» ұғымын анықтауда осы сөздің құрылымының ерекшелігінен екі түрлі тәсілдеме туындайды.

Біріншісіне сәйкес, технология, бұл – практикалық қызметтің өнері, шеберлігі туралы ғылым. Бұл контексте әлеуметтік-педагогикалық технология – болжанған әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа жету өнері туралы ғылым. Ол әлеуметтік-педагогикалық технологияның өту заңдылықтарын, оған елеулі ықпал ететін факторларды, мақсатқа жетуді оңтайландыру жағдайларын зерттейді. Мұндай технология теориялық-з Олардың ішінде:

- теориялық әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – белгілі жағдайда әлеуметтік-педагогикалық мәселені (әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды) шешу үшін қажетті неғұрлым оңтайлы әдістер, құралдар мен тәсілдер (әрекеттер, операциялар мен рәсімдер) туралы ілім. Мұндай технология қызметтің нақтылы объектісіне қатысты қалыптасқан жағдаяттың белгілі әлеуметтік-педагогикалық проблемасын шешудің нұсқасын сипаттауда, талдауда, негіздеуде пайдаланылады. Теориялық әлеуметтік-педагогикалық технологияның үлгілері: оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, технологиянын теориялық әзірлемесі түрінде ұсынылады;

- зерттеуші әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – әлеуметтік-педагогикалық құбылысты, оның құрамдас бөліктерін, танылу ерекшеліктерін, танылу динамикасын, дамуын, сапалы өзгеруін бағытталған түрде басқару мүмкіндіктерін танып-білуге (терең танып-білуге) мүмкіндік беретін арнайы құрылған, ғылыми негізделген әдіс (әдістер мен құралдардың жиынтығын пайдалану жүйесі). Ол әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың өзін, танылу динамикасын танып қана қоймай, үдерістің сапалы өзгеруін жобалауға мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар: зерттеу бағдарламалары, зерттеу қызметі әдісі; эксперименттік әзірлеме түрінде ұсынылуы мүмкін.

Технологияның екінші тәсілдемесіне сәйкес, бұл – белгілі бір орта жағдайында адаммен, топпен жұмыста болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістерді (әдістердің жиынтығын), құралдар мен тәсілдерді маманның (мамандардың) іске асыруы бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсатты түрде бағытталған және неғұрлым оңтайлы жүйелілігі (ретке келтірілген іс-әрекеттердің, операциялардың және рәсімдердің жиынтығы). Мұндай технологиялар (практикалық-бағдарланған) қолданбалы сипатта болады. Олар арнаулы теориялық әзірлемелердің немесе бұған дейінгі (іс жүзіндегі) тәжірибенің негізінде құрылады.

Жалпы тұрпатты практикалық технология – бұл маманның (мамандардың) белгілі бір ортада адаммен, топпен жұмыс істеуде болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістер, құралдар мен әдістердің жинақталуын іске асыру бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметінің мақсатты түрде бағытталған, жобаланған және жоспарлы түрде атқарылатын оңтайлы жүйелілігі. Технологияның мұндай тұрпаты мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызмет бағдарламалары: маманның (мамандардың) әлеуметтік-педагогиканың жалпы мәселелерін нақтылы объектімен жұмыста шешу үшің қолданылуы мүмкін. Олар әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың сатылы кезеңдерін, әдістер мен құралдарын негіздеу және оларға болжалды нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін әдістемелік ұсынымдар түрінде ұсынылуы мүмкін.

Мұндай тұрпатты технология мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызметтің бағдарламалары: маманның әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді (индивидуалдық даму және тәрбиелеу, түзету, педагогикалық оңалту) бойынша қолданыстағы әдістерді, жүйелілік және оларды қолданудағы ерекшелікті қамтитын жұмыс әдісі.

Жеке тұрпатты практикалық технология, бұл – ортаның белгілі бір жағдайларында адаммен, топпен жұмысында болжанған мақсатқа жетуді сипатты түрде қамтамасыз еетін, белгілі бір жоспар бойынша реттелген, жоспарланған және жүйелі түрде іске асырылатын іс-әрекеттер, операциялар мен рәсімдер. Бұл жағдайда әлеуметтік-педагогикалық технология болжанған нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін оңтайлы жүйелілік пен олардың іске асырылуын ерекшеліктерін сипаттау түрінде ұсынылуы мүмкін.

Әлеуметтік педагогикалық технологияның мұндай тұрпаты әлеуметтік педагогиканың жеке міндеттерін шешуде қолданылуы мүмкін. Мұндай технологияға мынадай мысалдарды келтіруге болады:

- жеке әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді (проблемаларды) шешу үдерісінде маман қызметінің сценарийі;

- жеке әлеуметтік-педагогикалық технологияны шешу контексінде белгілі бір әдісті іске асыру әдісі;

- Әлеуметтік-педагогикалық проблеманы шешу сценарийі және оған маман үшін әдістемелік ұсынымдар.

Әлеуметтік-педагогикалық технологияның барлық тұрпаты (теориялық, зерттеушілік және практикалық) өзара байланысты. Олар бір-бірін жиі толықтырып, танымдық және практикалық қызметтен қол жеткізілген нәтижелерді нақтылауға және жетілдіруге ықпал етеді.

Арнаулы әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің немесе маманның адамдардың түрлі топтарымен - әлеуметтік педагогика объектілерімен жұмысында жинақтаған практикалық жұмыс тәжірибесі негізінде әлеуметтік-педагогикалық технологияның тұрпатты нұсқауларының банкін құруға болады. Әрбір тұрпаттық технология теориялық, зерттеушілік немесе қолданбалы сипаттағы нақтылы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешу мүддесінде клиенттердің белгілі бір тобына бағдарланады.

 

 

8-семинар. Әлеуметтік педагогиканың нысанын және оның қасиеттерін бағалау технологиясы.

9-семинар. Әлеуметтік педагогикадағы жоспарлау және кері байланыс орнату технологиялары.

10-семинар. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің ғылыми және ұғымдық-терминологиялық аппараты.

11-семинар. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің әдістемелері.