Дәріс. Әлеуметтік педагогика саласындағы зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету. 2 страница

· Ақпараттық қамтамасыз етудің тереңдігі – нақты бөлім, теория, концепция және т.б көлеміндегі әлеуметтік-педагогикалық ақпараттың сапалы жан-жақтылығы;

· Ақпараттық қамтамасыз етудің сыйымдылығы – ақпараттық сұраныстарға сәйкес қсынылатын әлеуметтік-педагогикалық ақпараттардың сандық көрсеткіші.

Релеванттілік талабы («реванттілік – ақпараттық сұраныс пен алынған хабарламаның арасындағы мәндік сәйкестілік») ақпараттық қамтамасыз етуде шыққан ақпарат пен берілген ақпараттық сұраныс арасындағы мәндік сйәкестілік деңгейі бейнеленеді. Осы талаптың кқрсеткішіне жатады:

· Әлеуметтік-педагогикалық ақпараттың терминологиялық біржақтылығы – ортақ категориялық ақпаратты қолдану; әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етуді жоғарылату мақсатында келесідей ережелерді ұстану қажет: педагогикалық шынайылық объектісі туралы жалпы түсініктер контексінде әрбір терминді қарастыру; осы контексте жүйелік бағыт негізінде объект туралы түсініктер иерархиясын есептеу; педагогикалық шынайылықты түсіндірудің эмпирикалық деңгейінен теориялық деңгейіне өту;

· Мәндік сипаттамалар жиынтығы ақпараттық ұяшықтарды бейнелеу үшін және оларды сақталатын ақпараттың мазмұны ретінде қолданылады. Аталмыш көрсеткіш диссертацияның әдістемелік формулярының мазмұнын айқындайды, ал өзге жұмыстар үшін (монографиялар, оқу құралдары, ғылыми мақалалар) осындай сипаттамалар айқындалады және толықтырылып, өзгетіліп отырады, сондықтан ақпараттық сұраныс кезінде осына ескеру керек.

· Ақпараттық ұяшықтың мазмұнына байланысты хабарламалардың жиілігі әр түрлі себептерге байланысты осы ақпаратқа жүгіну хабарламаларының мүмкіншілікті жиілігі. Әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету эффективтілігін жоғарылату мақсатында келесі шарттар сақталуы керек: кілт сөздер мен кілт түсініктерді қатар пайдалану, нақты кілт сөзбен екінші кілт сөзді байланыстырудың бірегейлігін қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулерді ақпаратпен қамтамасыз ету барысында осы бірегейлікті сақтау; тұтынушыға әлеуметтік-педагогикалық білімді сипаттайтын кілт сөздер мен түсініктердің барлығын ұсыну, яғни, әр қайсысын сипаттай отырып педагогикалық терминдер банкісін қалыптастыру;

Әлеуметтік педагогикадағы ақпараттық қамтамасыз етудің оперативтілік талабы ҒЗАҚЖ-де үрдістердің жылдамдығын бейнелейді және мынадай көрсеткіштері бар:

· Әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарды жағарту оперативтілігі – ақпараттық ұяшықтарды белгілі бір уаұыт аралығында өзгертіп, жаңартып отыру (нақты тақырып, мәселе, теория, концепция бойынша әлеуметтік-педагогикалық білім мазмұны) және т.б.

· Ақпараттық сұраныстар мен құжаттарды қалыптастырудың оперативтілігі. Осы көрсеткішке сәйкес сапасы келесілермен айқындалады: ақпараттық үдерістердің автоматизациялау деңгейімен, қолданушылардың компьютерлік сауаттылығымен және ғылыми зерттеулерді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерінде жұмыс істеу дағдыларымен, қолданылатын ЭВМ типі және бағдарламалық қамтамасыз ету сапасымен.

Ақпараттық қамтамасыз ету құралдарына тұтынушының қолжетімділік оперативтілігі. Осы көрсеткішке сәйкес ақпараттық қамтамасыз етіледі, егер: ҒЗАҚЖ инфраструктурасының даму деңгейімен, ҒЗАҚЖ, элементтері және ақпарат тұтынушылары арасындағы байланыс; әр түрлі баспа құралдары арқылы жүйеде тіркелген ақпараттар туралы сапалы хабарландыру.

Осылайша, талаптық концепт ғылыми зерттеулер мен практикалық іс-әрекеттің ақпараттық қамтамасыз етілуін бағалау көрсеткіштерін айқындайтын ережелер жиынтығы.

7. Әлеуметтік педагогикада ғылыми зертеулерді ақпараттық қамтамасыз етудің болжау концепциясы басқа ғылымдар мен ғылыми пәндердің теорияларымен, концепциялармен, бөлімдерімен байланысты. Ғылыми – зерттеу щеңберінде олардың өзара байланысын бейнелейтін ережелер жиынтығы пәнаралық концептіні құрайды. Өзара байланыстарды талдау олардың иерархиялық сипатын бейнелейді. Олардың негізлеріне келесілерді жатқызуға болады:

- ғылыми білімнің әр түрлі салаларында (соның ішінде педагогика) ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, басқару, жоспарлау туралы ережелер;

- ғылыми зерттеу жұмыстарының эффективтілігін жоғарылатудың негізгі құралдары, шарттары мен бағыттары туралы;

- ғылыми – зерттеу бағдарламаларын, ғылыми зерттеу жоспары мен тақырыптарын бағалау мен өңдеудің әдістемелері мен технологиялары туралы;

- әр түрлі ғылымдар мен ғылыми пәндердің әр түрлі бағытта дамуын болжау туралы;

- зерттеудің негізгі бағыттары мен мәселелерін өңдеу туралы;

- жалпы ғылыми – зерттеу іс-әрекетін және оның жеке үдерістерін автоматизациялау туралы ережелер;

Қорытындылай келе, әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеудің дамуы мен олардың болашағын болжаудың маңызды шарты ақпараттық қамтамасыз ету деңгейі екені айқындалды. Қазіргі кезде ол эмпирикалық деңгейде жүзеге асырылады, сондықтан ғылымда алынатын нәтижелер мен күнделікті әлеуметтік педагогика тәжірибесінде қолданылатын нәтижелерге әсер етеді. Кейінгі жетілдіру ғылыми деңгейде жүзеге асырылуы керек, оны ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етудің болжау концепциясы қамтамасыз етеді. Оның құрылымы мен мазмұны теориялық, технологиялық, инфологиялық, нормативті, псанән аралық концептіні және нысана концептісін қамтиды.

Концептілер жиынтығы ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етудің аналитикалық, ақпараттық, ізденіс, коммуникативті жүйеліктерін негіздейді және айқындайды. Негізінен, әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында мәліметтерді ұсынудың лингвистикалық автоматты жүйесі (әлеуметтік педагогика бойынша) МҰЛАЖ-ӘП жасалынған және тексерілген.

 

Қорытынды.

Әлеуметтік педагогика дамып келе жатұан ғылым саласы ретінде міндетті түрде здамудың үш кезеңінен өтеді. Бірінші кезең – эмпирикалық, әлеуметтік саланың көптеген мамандарының саналы не санасыз деңгейде өз іс-әрекетіне педагогикалық компонентті әкелетін іс-әркеттерінің нәтижелерін қорытындылау, жинау және жалпылау кезеңі.

Әрқашан өз іс-әркетінде педагогикалық компонентті шығаратын, жетілдіретін, дамытатын, күшейтетін адамдар болады.

Әлеуметтік –педагогикалық ойлар тарихын зерттеу олардың әлеуметтік педагогикалық тәжірибені, әлеуметтік-педагогика субъектілері институттарын бейнеледі. Басқарудың авторитарлық жүйесі мен әлеуметтік-педагогикалық ойлардың идеолиялық бағыттары бірге жинақталмаған соң, және тек мұғалімдердің, шіркеу қызметкерлерінің, дәрігерлерінің, мәдениет мекемесінің, спорт қызметкерлерінің, партиялық қызметкерлердің және т.б. кәсіби іс-әрекеті щеңберінде қолданылды.

Кеңестік кезеңде «нақты белгілі болды»: «марксистік педагогика бойынша қоғаммен белгілі бір деңгейде байланысты болмайтын білім, мәдениет салалары жоқ, сондықтан педагогика әлеуметтік»; әлеусеттік педагогика «буржуазиялық педагогиканың бағыттарының бірі болып айқындалған».

Әлеуметтік педагогикаға деген мұндай марксистік көзқарас өкінішке орай, қазіргі кезге дейін сақталған.

Әлеуметтік педагогиканың дамуының екінші кезеңі – ғылыми эмпирикалық, әлеуметтік-педагогикалық объектілердің (үдерістердің, жүйелердің, іс-әрекет түрлерінің) идеализацияланған модельдерін жасау. Осы кезеңде әлеуметтік – педагогикалық шынайылықтың танымдық және өзгерушілік жақтарын бейнелейтін тәжірибелік бағытталған және теориялық бағытталған әлеуметтік педагогикалық үлгілер қалаптастырылады.

Қазіргі кезде әлеуметтік педагогика ғылыми білім саласы ретінде тәжірибемен байланыстың жаңа кезеңіне өтті. Әлеуметтік педагогиканың теориялық білімі адам мен социум ара-қатынасын үйлесімділігін жоғарылату мақсатында әлеуметтік педагогиканың даму бағытын болжауға қабілетті болып жатыр.

Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың дамуының үшінші кезеңі – ғылыми теориялық. Осы кезеңде әлеуметтік педагогиканың теориясының қалыптасуы, дамуы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, әрбір кезеңде әлеуметтік-педагогикалық тәжірибенің, теориясының және әдістемесінің әр түрлі элементтерін тану жүзеге асырылады. Егер әлеуметтік педагогиканың тәжірибелік іс-әрекетінің объектісі белгілі бір құбылыс (әлеуметтік-педагогикалық үдеріс, жүйе, іс-әрекет және олардың элементтері) болса, теориялық бағыт бойынша мұндай объектілеріне әлеуметтік-педагогикалық құбылысты ғылыми бейнелеу мен тану үдерістері жатқылылады. Әдістемелік жағынан тану объектісіне ғылыми білімнің осы инварианттары жатқызылады, бірақ олар тікелей әлеуметтік – педагогикалық құбылыстарға емес, осы құбылыстарды зерттейтін әлеуметтік педагогика теориясына жатады.

Теориялық және әдістемелік білімдердің арасындағы айырмашылық олардың қарама-қайшылықтарымен айқындалған: теориялық білімде - объект, тану пәні мен тану әдістері арасындағы қарама-қайшылықтар; әдістемелік білімде - объектіні тану мен қайта құрудың расындағы қарама-қайшылықтар. Теориялық-әдістемелік білімдер осы екі қарама-қайшылықтарды бейнелейді. Белгілі бір әлеуметтік –педагогикалық білімді әдістемелікке жатқызуға негіз болатын көрсеткіштерді білімнің абстарктілік талабы; білімнің пәндік мазмұны; білім саласы. Олардың жүйелік қолданылуы ғылыми білімнің иерархиясын қалыптастырады, әлеуметтік – педагогикалық құбылыстың және оның қызметтерінің қайта жаңаруының әр түрлі кезеңдерінде айқындалады.

Әлеуметтік педагогикамен салыстырғанда әдістемелік мәртебесі жоғары ғылым мен ғылыми пәндердің негізгі ережелері ол қатысты әдістемелік негіз қызметін атқарады. Топтарға біріктірілген осы ережелер зерттеу жұмысына, объектіні тану мен жаңғыртуға қатысты әдістемелік бағыт ретінде жүзеге асырылады.

Әрбір бағыт өзіндік мақсаттармен, міндеттермен, мазмұнмен, тану құралдарының жиынтығыман сипатталады, дегенмен, әлеуметтік педагогикада тікелей айқындалмайды. Бағыт әлеуметтік педагогиканың терминдері мен категорияларын арнайы құралдар қңдеу негізінде жүзеге асырылады.

Әр түрлі әдістемелік бағыттар абстракция, жалпылық деңгейіне, салаларына сәйкес топтарға біріктіріледі, ғылыми білімнің иерархиялық және деңгейлік сипаттамасын қамтамасыз етеді.

Танудың технологиялық құралдарының бірі ғылыми білімді әдістемелік талдаудың мазмұндық – фунционалдық концепциясы. Осы коцепцияға сәйкес әлеуметтік педагогикадағы әдістемелік білім гносеологиялық, дүние-танымдық, логикалық-гносеологиялық, ғылыми-мазмұндық, технологиялық және ғылыми –әдістемелік деңгейлерде ұсынылуы керек.

Гносеологиялық деңгейдің мазмұнын гносеологиялық негіздер қалыптастырады: объектіні танудың диалектикалық, тарихи, сыни (бағалау) және саяси бағыттары. Жиынтықта қолданылған бұл бағыттар әлеуметтік педагогикада әлеуметтік-педагогикалық факторлар, шарттар, қарама-қайшылықтар, заңдылықтар, тенденциялар, ұстанымдар секілді ғылыми білімнің инварианттарын қалыптастырады.

Дүниетанымдық деңгейдің мазмұны әлеуметтік педагогиканың дүниетанымдық (жалпы ғылыми және жеке ғылыми) негіздері қалыптастырады. Олар білімнің мәдени, жүйелік, жиынтық, оптимизациялық, кибернетикалық, ақпараттық, математикалық-статистикалық, синергентикалық және акмеологиялық бағыттар арқылы жүзеге асырылады. Жиынтықта олар әлеуметтк педагогикалық білімнің құндылықтарын, жүйесін, жиынтығын, нұсқауларын қалыптастырады.

Логикалық-гнесеологиялық деңгейдің мазмұнын әлеуметтік педагогикаға ғылыми бағыттардың қолданылуы нәтижесінде қалыптасатын логикалық-гнесеологиялық (ғылыми) негіздер құрайды. Сонымен қатар, әлеуметтік падагогиканың объекті, пәні, мақсаттары мен міндеттері, категориялары мен терминдері секілді инварианттары басымдылыққа ие болады.

Ғылыми – мазмұндық деңгей нақты ғылыми – пәндік бағыттарды пайдалану кезінде қамтамасыз етіледі. Осы бағыттарды пайдалану әлеуметтік педагогиканың мәні, байланыстары, құрылымы, мазмұны, сипаттамалары (сапалық, андық, уақыттық), қызметтері мен қасиеттері, қағидалары, концепциялары, кезеңдері, формалары, бағыттары, жолдары және т.б секілді элементтерін айқындауға мүмкінді береді.

Технологиялық деңгейдің мазмұнын әлеуметтік педгогикада технологиялвқ бағыттарды пайдалану нәтижесінде қалыптасатын технологиялық негіздер құрайды. Оларға әлеуметтік-педагогикалық үдерістерді диагностикалау, өлшеу, жобалау, үлгілеу, мақсаттар мен міндеттері, кері байланысты орнату, әлеуметтік – педагогикалық объектілерді тану туралы білімдерді жатқызады.

Ғылыми – әдістемелік деңгейдің мазмұнын әлеуметтік педагогиканың әдістемелік негіздері құрайды. Оларға ғылыми таным (ғылыми зерттеу іс-әрекеті) мен жаңғырту (ғылыми жаңғырту іс-әрекеті) әдістері мен үлгілері туралы білім жатқызылады.

Жиынтықта жоғарыда айқындалған бағыттар әр түрлі деңгейде әлеуметтік педагогика объектісі туралы иерархиялық мәліметтерді алумен ғана шектелмей, сонымен қатар, теорияларға сәйкес объектіні ғылыми деңгейге жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-педагогикалық тәжірибенің ақпараттық қамтамасыз ету құрылымының мақсаты - әлеуметтік-педагог практиктерді ағымдағы және болашақта қалыптасу мүмкіндігі бар әлеуметтік-педагогикалық мәселелердің ғылыми негізделген шешімдерін табуға қажетті социумның әр түрлерінде сапалы ғылыми мәліметтермен қамтамасыз ету.

Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеулер мен ақпараттық қамтамасыз етілуін талдау нәтижелері бойынша, қазіргі кезде бұл үдеріс эмпирикалық даму кезеңінде және осы кезеңге тән барлық сипаттамалары бар. Сондықтан ұсынылып отырылған әлеуметтік педагогтерді ақпараттық қамтамсыз ету жүйесі болжау сипаттамасына ие.

Сонымен қатар, соңғы жылдары әлеуметтік-педагогикалық зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Оларға мыналар жатады: әлеуметтік саладағы практик-қызметкерлердің, әлеуметтік-педагогикалық білім саласындағы әлеуметтік жұмысшылар мен әлеуметтік-педагогтердің ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу; әлеуметтік педагогика бойынша болжау зерттеулерін ұйымдастыру; диссертацияның негізінде педагогикалық-психологиялық ақпараттық – банкті қалыптастыру; компьтерлік база негізінде ақпаратты ұсынатын автоматты лингвистикалық теориялық және ағымдағы модельді қалыптастыру және т.б.

Мұндай іс-шараларға болжау негізінде қалыптасқан әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің (ҒЗАҚЖ) концепциясын жүзеге асыру және өңдеу жатады. Құрылымдық жағынан ҒЗАҚЖ аналитикалық, ақпарттық, ізденіс және коммуникативті жүйеліктерді қамтиды.

Аналитикалық жүйеліктің функциялары: ақпараттық ағымдар мен өзге ақпарат көздерінде ғылыми әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарды іздеу; ақпаратты аналитикалық өңдеу – бейнелеу, құрылымдау, жүйелеу, топтау, жіктеу және т.б.

Ақпараттық жүйеліктің функциялары: аналитикалық жүйеліктен алынған әлеуметтік-педагогикалық білімдерді ақпараттық өңдеу; интегративті ақпараттың негізгі көзіне білімдердщі енгізу (белгілі бір жүйе үшін); иемденушіге тиімді формада ақпаратты сақтау.

Іздеу жүйелігінің функциялары: зерттеудің ақпараттық қажеттілігіне сәйкес келетін әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарды іздеу; ақпартты оның барлық тұтынушыларына ыңғайлы формада ұсыну.

Коммуникативті жүйелік мынадай функцияларды жүзеге асырады: әлеуметтік-педагогикалық ақпарат тұтынушылары мен оны сақтау, ұсыну, іздеу құралдарының арасында нақты және түсіністік қарым-қатынастарын орнату; әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіндегі барлық жүйеліктерінің арасында өзара байланыс; әлеуметтік-педагогикалық ақпаратты жасаушылар мен аналитикалық жүйеліктердің арасында кері байланыс орнату. Соңғы функция өте маңызды, себебі жабық жүйеде кері байланыс болу керек.

Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетін ақпараттық қамтамасыз етудің теориялық концепті болжау сипатындағы ережелерден тұрады: әлеуметтік-педагогикалық білім саласындағы ғылыми жаңалықтар мен ғылыми зерттеудің жалпы құрылымындағы орны мен маңыздылығын негіздейтін, әлеуметтік педагогикадағы жүйелердің мақсаты мен міндеттерін айқындайтын, ҒЗАҚЖ жеке элементтерінің құрылымы мен қызметтерін айқындайтын ережелер. Бұл ережелер әлеуметтік педагогикада ғылыми зертеулерді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін тәжірибеде құрылымдауға, қалыптастыруғы, зерттеуге, болжауға, оны жетілдірудің және дамытудың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

2. Әлеуметтік педагогикада ҒЗАҚЖ қалыптасытру мен терең зерттеу технологиялық концептісін құрайтын, ғылыми зерттеу мен практикалық іс-әрекетін ақпараттық қамтамасыз етудің процессуалдық жақтарын болжап талдау керек. Талдау негізі ретінде әлеуметтік педагогикада ҒЗАҚЖ мақсаттарын жүзеге асыру - әлеуметтік педагогтерді ақпараттық қажеттіліктері мен ғылыми қызығушылықтарына байланысты сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету. Бұл негіздеме әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету үдерісін айқындауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-педагогикалық ақпаратты тұтынушылар мен олардың ақпраттық қажеттіліктерінің негізгі сипаттамалары мен құрылымын зерттеу үдерісі. Осы үдеріс щеңберінде ақпараттық қамтамасыз етілу қажеттілігі бар потенциалды әлеуметтік педагогтердің – зерттеушілер мен практиктердің саны, олардың ғылыми қызығушылықтары, әлеуметтік-педагогикалық ақпаратпен қамтамасыз етілу жиілігі, ақпараттық сұраныс пен құжаттардың сипаттамасы айқындалады және ақпаратты ұсыну мен оның формалары келісіледі.

Тұтынушыны қызықтыратын әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді ғылыми талдау үрдісі. Осы үдеріс щеңберінде мыналар жүзеге асырылады: әлеуметтік-педагогикалық білімдерді рубрикациялау, жүйелеу, жіктеу, топтау, типтеу және сипаттау; ақпараттардың белгілі бір «ұяшықтарын» қалыптастыру және логикалық пен құрылымдық байланыстар деңгейінде өзара қарым-қатынас орнату. Әрбір ақпараттық ұяшыққа жеке код беріледі. Ұяшықтарды осылайша кодтау, яғни нақты әлеуметтік-педагогикалық ақпараттың жиынтығы ЭВТ-ны қолдануға мүмкіндік берумен шектелмей, сонымен қатар, ақпараттың болжау қызметін жетілдіретін әлеуметтік педагогика бойынша білімнің модульдік блоктарын қалыптастырады.

Ақпараттық қажеттіліктерге сәйкес әлеуметтік - педагогикалық ақпарат көздерін іздеу үдерісі. Осы үдеріс щеңберінде әлеуметтік педагогика мәселлерімен байланысты барлық ақпарат көздері тіркеледі, уақыт тереңдігіне байланысты ақпарат көздерін ретроспективті талдау; олардың қамтитын ақпараттарын іздеу және оны фиксациялау; ақпараттық ұяшықтардың арасында жаңа байланыстарды орната отырып жүйелеу;

Әлеуметтік-педагогикалық білімдердің ақпараттық модульдерін тұтынушының ақпараттық сұраныстарына сәйкес жүйелеу. Тұтынушының ғылыми қызығушылықтарына сәйкес және ұсынылған ақпарат негізінде бірнеше ақпараттың ұяшықтардың мәліметтерін қамтитын ақпараттың мәселелік бағытталған база қалыптасады. Осы мәселелік бағытталған мәліметтер базасы жоғары деңгейдегі жеке ақпараттық ұяшықты қалыптастырады, себебі композициялық, модульдік құрылымы бар.

Белгілі бір мәселе туралы ақпаратты қамтитын құжатты ақпарат ағымындағы ақпараттарды талдау үдерісі арқылы қалыптастыру. Осы үдеріс щеңберінде табылған мәліметтер ақпарттық сұранысқа сәйкес жаңартылады, ақпарат нақты тұтынушыға ұсынылады. Сонымен қатар, осы үдеріс щеңберінде жалпыланған ақпараттық құжаттарды қалыптастыруға болады, мысалы, тақырып бойынша әлеуметтік - педагогикалық әдебиеттердің библиографиялық тізімі; белгілі бір мәселе бойынша диссертациялар тізімі, әр түрлі бағыт бойынша реферативті жиынтықтар және т.б.

Әлеуметтік-педагогикалық ақпаратты тұтынушыларды кезеңмен сауалнама жүргізу. Осы үрдіс щеңберінде жаңа ақпараттық қажеттіліктер зерттелінеді, өзге ақпараттық сұраныстар жиналады және олар жаңа не ағымдағы мәліметтермен толықтырылады.

Алынған ақпарттық сұраныстарды және ұсынылған мәліметтерді өңдеу. Осы үрдістің нәтижесіне мынадай мәліметтер жатқызылады: белгілі бір тақырыпқа, мәселеге, бағытқа байланысты әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарға сұраныстың жиілігі, сәйкесінше, белгілі бір уақыттағы өзекті не керісінше, ғылыми мәселелерді айқындау; мәліметтер аз не жоқ мәселелер; әлеуметтік педагогикадағы ақпараттық күйдің жалпы сипаттамалары.

Әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді зертеушілерден жеке ақпараттық ұяшықтардан не мәселелік бағытталған (259)

Үдеріс щеңберінде аналитикалық жүйеліктің мамандарымен және авторларымен ғылыми зерттеулердің нәтижелері арнайы өңделеді және материалдық ақпарат көздеріне енгізіледі.