Сәкен ЕСІМБЕКҰЛЫ. «Невада-Семей» қозғалысы халық қаржысын қалай қымқырды

09 Март, 2012115836

 

Кітап дүкендерінен белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің «Но людям я не лгал...» деген кітабын сатып алдым. Оқып шықтым. Олжекеңнің басқа жұртқа не дегенінде шаруам жоқ, ал бізге, семейліктерге, не айтқаны әлі есімізде.

Семейде ядролық сынаулар жүргізген полигон болғаны барша жұртқа мәлім. Оны жауып тастауға сол кездегі Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев бастаған топтың қандай күш жұмсағаны семейліктердің көпшілігіне белгілі. Ол туралы Бозтаев марқұмның «Семипалатинский полигон» кітабының өзі-ақ бар шындықты айтып берген болатын. Онда ақын Олжас Сүлейменовтің Алматыда КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа өте алмай қалып, сол жылдағы Қазақ ССР Министрлер Советінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуымен Семейге, К.Бозтаевқа келгені жазылған. Кітаптың қолымда қазақшасы жоқ болғандықтан, орысшасынан оқып берейін: «Мне позвонил Председатель Совета Министров республики Н.А.Назарбаев. Кратко рассказал об обстановке, сложившейся вокруг Олжаса Омаровича, и попросил нашей поддержки на выдвижение его кандидатом в народные депутаты СССР от Семипалатинской области. «Сулейменов поможет Вам. В его лице Вы найдете хорошую поддержку в антиполигонном движении», сказал Нурсултан Абишевич. На следующий день с такой же просьбой позвонил Г.В.Колбин».

Кітап Кешірімнің тірі кезінде, 1992 жылы шығыпты. Егер ол өтірік жазған болса, Н.Назарбаев та, О.Сүлейменов те оның өтірігін әшкерелер еді ғой? Өйткен жоқ, расты қалай өтірік дей алсын. Бірақ Кешірім Бозтаев қайтыс болған 1997 жылдан соң, полигонды жаптыру жолындағы күрестің маңында ол болмағандай, «Кешірім Бозтаев» деген аты-жөн аталмайтын болды. Бастаған да, жеңіп шыққан да баяғы Олжас Сүлейменов. Шындық олай емесін бірінші рет белгілі жазушы Ғаббас Қабышұлы «Жас Алаш» және «Сентрал Азия монитор» газеттерінде айтып беріп еді, оған О.Сүлейменов қатты шамданып, К.Бозтаев туралы: «...Да, он был первым секретарем обкома, но не более того. И уж во всяком случае, среди первых борцов за закрытие полигона его не видели» деді. «Но людям я не лгал» деген ақынның онысы бүкіл жұртқа өтірік айту емей немене?! Сол қиын жылдары Кешіріммен бірге қызмет істеген зиялылар белгілі ақынның Бозтаевтың аруағынан аттап кеткенін айтты та, жазды да. Әлі де жазып жүр. Жақында ғана «Правда Казахстана» газетінде полигон туралы мақаласы шыққан В.Пигаваев К.Бозтаевтың қоластында қызмет еткенін, оның Мәскеуге, М.Горбачевке полигонды жабу, басқа жаққа көшіру жайындағы хаты қалай жазылғанын нақты айтып берді. Бірақ «өзі жоқтың көзі жоқ», сүлейменовшілдер шындыққа көшер емес. Тіпті қажылыққа он шақты рет барған Амантай Асылбеков мырза да Алланы аузына ала отырып сөйлегенде, К.Бозтаевтың атын атамапты, полигонды жабу күресінде ерекше күш танытқан «Азат» қозғалысын, оның басшылары Михаил Есенәлиев пен Батырхан Дәрімбетов және басқаларды есіне алмапты. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі «Алланың дегені болады» деп аталған шағын мақалада (17. 02. 2012 ж.) полигонды жапқан халықтық тұлғалар О.Сүлейменов пен Амантай қажы болып шығыпты. Жұртты «алдамаған» ақынның семейліктерді ғана емес, бүкіл Қазақстанды ең зор алдауына куә құжаттың көшірмесі біздің қолымызда. Ол Қаржы министрлігінің Бақылау-тергеу басқармасы 1993 жылғы 9 қыркүйекте жасаған акт. Басқарма бастығы И.Смирнов, бас инспектор Е.Бишимов, жетекші инспектор Э.Ким қол қойған ол актіде «Невада-Семей» акционерлік қоғамы Қорының айналасы екі жылда (құрылған 03.06.1991 – 01.04. 1993 жж. аралығында) миллиондаған доллар махинация жасағаны талдап жазылған. Мен есеп маманы емеспін, бастан-аяқ есептеу тіпті жиіркенішті де болды. Қормен байланысты болған он-он бес компания, фирма және басқалары біздің мұнайды, мысты, тағы басқа байлықтарымызды шетелдерге шығарып, Ибрагимов, Шодиев, Беренбаум, тағы сондай жылпостар түскен ақшаны бөліске салып отырыпты. Мұндағы өзбекстандық фирма бастығы Шодиев Кабул Каюмович әйгілі миллиардер Шодиев Патох Каюмовичтің әлде інісі, әлде ағасы.

Бөліске түскен ақша шетел банктеріне салынып отырған. Актіде (71-бет) 1992 жылдың қаңтары мен 1993 жылдың наурызы аралығында ғана шетелдердің банктеріне жиыны 167 миллион долларға жуық ақша барып түскені көрсетілген.

«Невада-Семей» қозғалысының, оның акционерлік қоғам Қорының бұлардың қаржысымен сан түрлі операция жасап, ақша күреп, мол жарна төлейтін сыбайлас фирмалар мен компаниялардың штаттарындағы қызметкерлерге берілген айлықтың мөлшері министрлердің түсіне де кірмегені сөзсіз. Мысалы, «Алтын» деген фирмаға жалақыға бір жылда 3.489.889 рубль аударылған. Оның басым бөлігі Қор басшыларына қосымша төленетін жалақы ретінде қайта айналып келіп тұрғаны актіде дәлелденіп көрсетілген. Мұндай махинациядан аяқ алып жүре алмайсыз.

Ал аталған Қордың ашылуы туралы актіде былай жазылған: «Решение о незаконной регистрации так называемого акционерного общества «Невада-Семей» принято 3 июня 1991 года Исполкомом Фрунзенского районного Совета народных депутатов под давлением авторитета бывшего члена Верховного Совета СССР, президента движения «Невада-Семипалатинск» Олжаса Сулейменова. В частности, 6 июня 1991 года за №173 (лист 125-3) на имя председателя Фрунзенского Совета народных депутатов Сухорукова В. поступило письмо Олжаса Сулейменова, в котором как член Верховного Совета СССР и председатель движения «Невада-Семипалатинск» сообщает, что он лично «рассмотрел обращения председателя кооператива «Малахит» Беренбаума Л. И. о вхождении этого кооператива в движение «Невада-Семипалатинск»...».

О.Сүлейменовтің ол хатында құрылатын Қорды салықтан азат ету мәселесі де айтылыпты. Себебі ол Қор Семей полигонынан зардап шеккен жұртқа жан-жақты көмек көрсететін болады делініпті. Ақырында, актіде жазулы тұрғанындай: «Постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 сентября 1992 года №773 «Об установлении ставки налога на экспорт товаров и услуг Акционерного общества «Невада-Семей» (лист 184-Д) установлена ставка налога по всем видам доходов от экспорта товаров и услуг в размере только 2%».

Ал салықтан азат етілген соң, бұл қоғам қазақтың байлығын сыртқа қалай шығарғанын мына құжаттан көруге болады: «Письмом на имя Премьер-Министра Республики Казахстан Терещенко С.А., зарегистрированным в Кабинете Министров 7 сентября 1992 года за №15633 (лист 140-Д), О.Сулейменов просит правительства республики разрешить акционерному обществу «Невада-Семей» и реализацию за границей ежемесячно по 100.000 тонн сырой нефти...». Тілегі қабыл болыпты. Актіде қанша мұнайдың қайда кеткені анықтап тіркелген. Сонымен қатар мыстың да тиелген вагондарының нөмірі көрсетіле шығарылған есебі бар. Мысалы, 1992 жылы және 1993 жылдың қаңтар айында жиыны 10810, 6 тонна мыс Ресейдің комбинаттары мен заводтарына жөнелтілген (актінің 46–52-беттері).

«Невада-Семей» қоғамдық қозғалысының басшысы О.Сүлейменов Семейде өткізген үлкен-кіші жиналыс-жиынның барлығы жоғарыдан келген нұсқау бойынша облыс бюджеті есебінен қаржыландырылды. Оған дәлел құжаттың бәрі сақтаулы. Солай бола тұрса да, О.Сүлейменов 1993 жылғы 2 көкекте «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Большому кораблю – большое плавание» деген мақаласында, аталған актіде атап көрсетілгендей: «Наше движение за четыре года своего существования не выпросил у государства ни копейки» деп шындықты белден басып, көпшілікке өтірік айтудың көкесін көрсетті.

Біз – Семейдің партия, совет, комсомол қызметкерлері Мәскеуден, Алматыдан, шетелдерден келген қонақтарға аяғымыздан тік тұрып қызмет істеп жүрдік. Сондай жиындардың қайсысында болсын сөз сөйлейтін О.Сүлейменов полигоннан зардап шеккен халыққа керек көмектің бәрін көрсететіндерін айтатын. Тұрғын үй, мектеп, аурухана, т. б. салынатын болған. Бірақ ешқандай жақсылық жасалмады. Актіде талдап көрсетілген қыруар қаржы сүлейменовтердің салтанаттарына жұмсалыпты. Алматының қонақүйлерінде, үкіметтік санаторийлерде жататындарына, мейрамханаларда берілетін қонақасыларына және Ресейге, Балтық бойы елдеріне, шетелдерге сапар жасағандарына кеткен қаржы да шексіз болыпты. Қордың айналымында миллиардтаған доллардың барын, неше түрлі сапарларға, салтанаттарға кімнің қаржысы, қайдан жұмсалып жатқанын О.Сүлейменов білмеді, оның «Алматыда екі қабатты үй салып алуыма қаржы таба алмадым» дегеніне кім сенеді?

Аталған Қорда қызмет істеп жүргендердің бәрі жемқор болмаған ғой, солардың дабылы бойынша Қор тексеріле бастағанда, О.Сүлейменов ежелгі досы Н.Назарбаевқа 1993 жылғы 15 маусымда хат жазып, акционерлік қоғамның жұмысына кедергі келтіріліп жатқанын, коммерциялық істермен шұғылданған бас маманының тұтқындалғанын, бухгалтерлік құжаттардың заңсыз алынғанын шағына айтып, қорғауды өтініпті. Соның нәтижесі деп ойлаймын, аталған акт одан кейін жым-жылас жауып тасталған. Ал Қордың атқарушы директоры Л.Беренбаум тексеру аяқталмай жатып, қылмыстары үшін жаза алудан қорқып, Израильге қашып кетіпті.

Газеттегі мақалада айтылғандай, О.Сүлейменов өзінің кітабына алған ақшасына 1986 жылғы желтоқсандықтарға сегіз пәтер сатып әперген көрінеді. Өте жақсы! Бірақ мына актінің 37-бетінде Алматының «Самал-2» мөлтек ауданында қала атқару комитетінің (председателі В.Храпунов) қамқорлығымен 36 пәтерлі тұрғын үй салынғаны, оның А.Ибрагимовтың араласуымен «Алтын» деген фирма арқылы жасанды жолмен Қор есебіне алынып, бөліске салынғаны айтылған. 12 пәтерді кімдердің алғаны аты-жөндерімен көрсетілген де, Қордың өзіне тікелей тиесілі болған 8 пәтердің кімдерге берілгені көрсетілмеген.

Міне, өзінің қол астында осындай көптеген былық-шылық жасалып, ақша суша ағып жатқанынан О.Сүлейменов мырза мүлде хабарсыз болды деу кімнің болсын ақылына сыймайды. Мысалы, актінің 66-бетінен мынадай фактіні оқи аласыздар: «...Таким образом, в результате снижения процентной ставки налога на экспорт до чисто условной, что делалось в связи с тем, что АО «Невада-Семей» как бы, под гарантии Сулейменова О., якобы при своей деятельности имеет ярко выраженную направленность на благотворительность, фактически получило от государства за счет недопоступления налога всего 19 193151 долларов США». Мұндай фактілер жалғыз бұл емес. Орын алған қылмыстық жағдайлар уақыт өтуіне байланысты жауапкершіліктен жалтаруға жәрдем етері сөзсіз. Бірақ біз үшін Олжекең Сүлейменовтің «Мен халыққа өтірік айтпадым» деген сөзінен кейін біраз өтіріктің бетін ашуға тура келді!

Сәкен ЕСІМБЕКҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан облысыӨтіріктің құйрығыТүпнұсқадағы тақырып: НЕШЕ ТҰТАМ? «Невада-Семей» қозғалысы халық қаржысын қалай қымқырды«Общественная позиция»(проект «DAT» № 11 (139) 07 наурыз 2012 жыл

(http://arasha.kz/post/676)

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысына – 20 жыл Жәрдемші
 
«Каторгадағы» бейбітшіл ел бұрқанған шақ... Дәл осы шақтан 60 жыл бұрын, 1949 жылдың 29 тамызында, Семей ядролық сынақ полигонында Кеңес Одағының алғашқы атом бомбасын жер үстінде жару арқылы ядролық қаруларды сынау басталды; бұдан 20 жыл бұрын аса көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды, ал 18 жыл бұрын, 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» №409 Жарлыққа қол қойды. Семей ядролық сынақ полигонының саяси, әскери мәнін және полигондағы жарылыстардың зардабын экономика, экология, медицина, психология, мораль тұрғысынан зерделеген зерттеушілердің еңбектері аз емес, бұл тақырып әлі де жазыла береді. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының тарихи рөлі жөнінде де азды-көпті жарияланымдар бар. Мен бейбітшіл қозғалыстың полигонмен іргелес орналасқан Павлодар облысындағы белсенді өкілі ретінде өзім жақсы білетін біршама жайттардың кейбірін ғана жазуды ұйғардым. ... Бәрі де әлемдік деңгейдегі аса көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаттығына кандидат Олжас Сүлейменовтың 1989 жылдың 25 ақпанында, сағат 17-ден 45 минут өткенде Қазақстан орталық телевизиясы арқылы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруларды сынауды дереу тоқтатуды талап еткен және жұртшылықты «Невада» антиядролық қозғалысын құруға шақырған ашық мәлімдемесінен басталды. (Ескерту: Олжас ақын ол кезде депутаттыққа кандидат болатын және қозғалыс алғашқыда «Невада» деген бір-ақ сөзбен аталған еді). Сірә, 1961 жылы, 12 сәуір күні, қазақ жері: Байқоңырдан алғашқы кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғаламшардың тартылыс күшін кейін серпіп жұлдызды аспанға самғаған шақта қолма-қол жазылған «Адамға табын, Жер, енді!» поэмасы да қоғамдық сананы дәл солай дүр сілкіндірген шығар. Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматының тұрғындары жалпы Кеңес әдебиеті тарихында бұрын мүлде ұшыраспаған тосын жайт: поэма басылған парақшалар ұшақтан қала үстіне тасталғанда, аспаннан өлең жауғандай асқан таңырқаулы әсерге бөленген болар. Одан соң Ұлы Даланың жұртынан орыстілді қазақ ақыны «Арғымағымен» Ресей қалаларының қақпасынан: «Уа, аруақ!» - деп, ұрандата шауып кірген шағында орыс зиялылары байырғы жаугершілік заманындағы жыраулар мен Махамбеттің айбынды рухы атойлап тұрған өлеңдерді таң-тамаша сезіммен тыңдаса керек. Сосын, француз ақындары, содан кейін әлемнің шығармашыл зиялылары Олжастың Дала поэзиясынан тамыр тартқан өлеңдерін өз тілдерінде оқығанда бұрқыраған жусан исін жұтынып, ол иістің Шығыс шайырлары жырлаған ирани бақтардағы раушан гүлдердің жұпар исінен мүлде бөлек екенін сезінуі мүмкін-ау. Бұдан соң «Аз и Я»кітабында Ұлы Даланың мәдениеті, тұрмыс салты, әскери әлеуеті, орыс кінәздіктерімен һәм өзге елдермен сан қырлы қарым-қатынасына қатысты тарихты ақын көзімен байыптауы империялық идеологияға негізделген ресми тарихи тұжырымдарға кереғар келді. Сондықтан, Сүлейменовты саясат сахнасында оңдырмай сүріндіруді көздеген сұр кардинал Суслов ұйымдастырған кеңестік ғылыми ортадағы пікірсайыста Олжас өзінің сұңғыла білімінің арқасында қаптаған қарсыластарынан мерейі үстем түсті! Сөйтіп, ол өзінің беделін, атақ-даңқын, лауазымын қорғап қана қоймай, елінің абыройын аспандатып атамекеніне оралды! Солай бола тұра, кеңестік идеологтар мен олардың ыңғайына бейімделген ғалымдардың жеңілісі ресми мойындалған жоқ, Олжастың жеңісі де ресми танылған жоқ. Бірақ бұл жеңіс 300 жылдық бодандық зардабынан еңсесі езілген қазақ елі мен түркі халықтарының ұлттық санасында ұлттық мақтаныш сезімін оятқан түркі әлеміндегі алғашқы Жеңіс еді... Ал, ақын Сүлейменов одан көп уақыт бұрын «жабық» тақырыптарға поэзия сәулесін түсіріп, заманауи қасіретті қалың бояулы образдармен бедерледі. Олжастың Шыңғыстау туралы екі шумақ өлеңіндегі: «Қайғы-шерден басталмаған жоқ сәрі, Қуарған шөп, тамбай көктің кәусәрі. Зәр секілді, у секілді кәдімгі Гүл атаулы сап-сары... Шыңғыстауда жатыр мазар сазарып» - деген жолдарда ұлы Абайдың кіндік қаны тамып, мәйіті мәңгілік тыншу тапқан өлкенің сұрқай көрінісі арқылы атом сынақтарының зардабы суреттелгенін цензураның жіті көзі байқамады, тек зерек ойлы оқырмандар аңғарды. Немесе «Жапан дала жабайы» өлеңінде қазақ жерінің Тарас Шевченко мен Федор Достаевскийге, шешендер мен ингуштарға каторга болғаны үшін кешірім сұрап, «Біздер сонда, Каторгада туғанбыз» - деп жырлаған ақынның Қазақстанға қарата айтқан: «Бәрін де сен сынап көрдің, Ал енді Сынауларға тиым салу жасасын!» - деген жолдардың астарлы мағынасынан ақынның идеясын түсініп, үрейленгендер болды. Өйткені, кеңестік заманда, коммунистік қоғамда осындай қатпар сырлы, иірімді ойлы өлең жазбақ түгіл, «Ұлы ақын дүниеге келген қасиетті өңірдегі ядролық сынауларға тиым салу керек» - деген ойдың ұшығын санаға ұялатудың өзі үрейлі еді! (Өлеңдерді аударған Қадыр Мырза Әлі). Міне, сөйткен Олжас Сүлейменов айналасына ажал сәулесін таратқан атом ордасы жөніндегі қасіретті Шындықты Қазақстан халқына ашық мәлімдеп, бейбітшіл елдің мұрат-мүддесін үзілді-кесілді талап түрінде оқыс білдіргенде, жұртшылықтың не істерін білмей, абдырап қалғаны рас. ...Сын сағаты басталды! Азамат ақын рухы жанышталған елдің мұрат-мүддесін жария етіп тұрып, сол елдің өзінен қолдау күткені бесенеден белгілі жайт еді. Оны, ең алдымен, Қазақстан Жазушылары Одағының үйінде Қазақстан жазушылары қолдады! Бірақ КОКП ОК Бас хатшысы М.С. Горбачевтің демократия мен жариялық жөніндегі сөздерін жалаулата, жарыса жазған Қазақстан баспасөзі Қазақстан халқының мұң-мұқтажын білдіретін мәлімдемеге келгенде, ықтиярсыз «әліптің артын бағуды» жөн көрді. Шартты түрде «Семей ядролық сынақ полигоны» аталған полигонның төңірегіндегі Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының қырық жылғы жарылыстардан зардап шеккен тұрғындары Үндеуге іле үн қосуы керек еді. Өкінішке қарай, жұртшылықтың басым көпшілігі ақпарат тапшылығы салдарынан бейбітшіл Алматы мәлімдемесінен хабарсыз қалды. Ал, Олжас Омарұлын әлемдік деңгейдегі даңқты тұлға десек те, лауазымдық құзіреті жағынан «жоғарыдан төменге» нұсқау бере алатын партшенеуніктердей артықшылыққа ие емес еді. Республика басшылығының келісімінсіз ұйымдастырылған, Одақ басшылығының әскери ұстанымына кереғар келетін бастамаға оның жанындағы жанкешті қаламгерлер қол қойғанымен, аймақтардағы шығармашыл зиялыларды осы іске тартуға жүректері дауаламады. Өйткені, жұртшылықтың біраз бөлігі алғашқы бетте «Отпен ойнау!» деп қабылдаған нар тәуекел істің соңы немен аяқталатынын Олжас та, не оның әріптестері де білген жоқ десем, қателесе қоймаспын. ...Павлодар облысында Олжас Сүлейменовтың мәлімдемесі жайында ақпарат тарату және «Невада» қозғалысын қолдаушылардың қолын жинау мәселесі өздігінен туындады. Бұл орайдағы іс-шараларды жүзеге асыруға Ертістің Кереу өңірі жұртшылығына белгілі ақын, осы жолдардың авторы бел буды. Сол күндері Павлодар қаласының орталық алаңына таяу орналасқан «ЦУМ» әмбебап дүкенінің алдында қолыма плакат ұстап тұрған маған мыңдаған бейбітсүйгіш адамдар ризашылық сезімін білдірді, мүсіркей қарағандар да, мысқылдап келеке қылғандар да бой көрсетті! Қалай десек те, кеңестік кезеңдегі комсомолдардың, кейінгі жастар ұйымдарының кернейлетіп, сырнайлатып өткізетін қандай да бір акциясымен салыстыруға мүлде келмейтін әлгі іс-шара барысында жұртшылықтың «Невада-Семей» қозғалысын шынайы халықтық, демократиялық, интернационалистік, ең бейбітшіл әрі патриоттық қозғалыс ретінде бірден тани бастағаны білінді. Олжас Сүлейменов пен қазақстандық шығармашыл зиялылар, Қазақстан әдебиетіндегі танымал тұлғалардың бейбіт бастамасына және Семей полигонының зардабына жергілікті шығармашылық адамдары бейжай қараған жоқ! Полигонды жабу және қозғалысты қолдау туралы талапхатқа облыстық партия комитетінің органы болып табылатын «Сарыарқа самалы» мен «Звезда Прииртышья» газеттері, облыстық телевизия мен радио журналистерінің басым көпшілігі бірден қол қойды! Қозғалыстың Павлодар облысында қанат жаюына жер-жердегі шығармашылық адамдары: Ғабит Сапаров, Қайыр Жүнісқалиев (енді марқұм), Серік Мұхтаров, Қанат Шайғазин, Өмірбек Құшманов (енді марқұм), Ризолла Бұланбаев (Май ауданы), Жұмағали Қоғабаев (Екібастұз қаласы), Сүлеймен Баязитов (Баянауыл ауданы) іс-әрекетімен де, шығармаларымен де зор үлес қосты. Солардан үлгі алған он мыңдаған соғыс және еңбек ардагерлері, түрлі салада еңбек етушілер, студенттер, тіпті оқушылар да бейбітшіл істі қолдауға жұмыла кірісті! Осындай сындарлы кезеңде Қазақстан компартиясы Павлодар облыстық комитетінің І хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты Юрий Алексеевич Мещеряковтың Семей ядролық сынақ полигонының басшысы, генерал-лейтенант А. Д. Ильенкомен жең ұшынан жалғасатыны және антиядролық «Невада-Семей» қозғалысын қолдамайтыны аңғарылды. Әу баста, оның атына жазған хатыма орай мені қабылдауына шақыртып, қозғалысқа деген көзқарасы дұрыс екенін айтқаны шындықпен сәйкеспеді. Павлодар қаласы Ильич аудандық партия комитетінің хатшысы (қазір Қазақстан компартиясы облыстық ұйымының І хатшысы) Зоя Николаевна Кожанова «Невада-Семей» қозғалысының облыстық бөлімшесін құру ісіне тікелей араласып, оның құрамына тіпті қозғалысқа қарсы адамдарды: бұрын партшенеунік болған зейнеткерлерді, өз ықпалындағы дәрігерлерді, радиологтарды енгізіп жіберді. Олар облысқа белгілі эколог Тоқболат Ысқақов пен медицина ғылымдарының кандидаты Еркін Бейсенбаевтың Семей полигонының Павлодар облысына тигізер теріс әсері жөніндегі нақты мәліметтерге негізделген топшылауын жоққа шығаруға тырысты. Зоя Николавнаның өзі: «Қозғалыстың полигонды жабу жөніндегі талабы орынды емес» деген сыңайдағы пікір білдіріп, бастамашыл топ арасында теріс үгіт-насихат жүргізе бастады және әлгіндей коммунист дәрігерлердің бірін бөлімше төрағалығына сайлауға қамданды. З.Н. Кожанованың қозғалыстың облыстық құрылымын осылайша, жергілікті билікке толық тәуелді әрі жасанды түрде құру пиғылын аңғарғандықтан, аталған сайлау қарсаңында нағыз белсенділерді жаныма топтастырдым. Соның нәтижесінде, қоғамдық жауапты қызметке бізбен қарым-қатынасы тығыз, Павлодар пединститутының «Ғылыми коммунизм» пәнінен дәріс оқитын оқытушысы Амантай Қалиевтің өтуін сәтті ұйымдастырдым. Өкінішке қарай, Амантай Төлеуханұлы көп ұзамай әлгілердің сөзін сөйлеп кетті, онымен тынбай өзін төрағалыққа өткізген шынайы белсенділерді бөлімшеден біртіндеп шеттетіп, қозғалысқа еш қатысы жоқ бөгде адамдарды жанына жинады, әрі біздің қарсылығымызға қарамастан, бөлімшенің жеке есеп шотын ашып алды. Әсіресе, осы соңғы ісі оған опа бермеді... Енді бұл дүниеде жоқ адамның кейінгі іс-әрекеттері жөнінде жазуға менің дәтім жетпейді. Осындай құрсауда қалған қозғалыс белсенділері біршама уақыт бойы қажыр-қайратын облыстық партия комитетіне қарсы жұмсауға мәжбүр болды және өздерінің жанкештілігі арқасында ғана бейбіт митингілер өткізу құқына қол жеткізді. Дегенмен, облыстық партия комитеті басшылығының «Невада-Семей» қозғалысына деген теріс ұстанымын жер-жердегі партия ұйымдарының көпшілігі қуаттаған жоқ, бірталайы қозғалысқа ашық қолдау көрсетуге кірісті. Мысалы, Май ауданы Чапаев кеңшары (қазіргі Саты ауылы) партия ұйымының хатшысы Мереке Әбілқасымов аудандық деңгейде алғашқы антиядролық митингінің ұйымдастырылуына мұрындық болды, Қызылқұрама кеңшары (қазіргі Баскөл ауылы) партия ұйымының хатшысы Қабиден Байғожин және өзгелер де бірнеше бейбіт акциялардың ұйымдастырылуына белсене атсалысты. Алматы, Семей, Қарағанды тәрізді қалалар мен облыстардағыдан біршама уақыт кешірек қолға алынған және негізінен Май ауданында өткізілген антиядролық минигілер өзіндік сипаттарымен ерекшеленді. Айталық, аудан орталығы Белогорьеде (қазіргі Көктөбе) өткізілген митингінде бейбіт талаптармен бірге «Невада-Семей» қозғалысын қолдаушылардың бірі, «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының сол кездегі төрағасы Жеңіс Мардановтың және осы жолдар авторының ұсынысымен Қазақстан компартиясы Павлодар облыстық комитетінің І хатшысы Ю.А. Мещеряковқа және облыстық атқару комитетінің төрағасы Ж. Ғ. Ысқақовқа сенімсіздік білдіру жөнінде қарар қабылданды. Өкінішке қарай, облыс басшылығына қатысты шешімді қозғалыстың облыстық бөлімшесінің сол кездегі төрағасы оқымай кетті. Дегенмен, көп ұзамай тележурналист ретінде облыстық телевизиядан полигон туралы «Зардап» атты хабар дайындағанымда әлгі сенімсіздік туралы шешімді жұртшылыққа мен жария еттім. Полигон түбінде өткізілген митингіде Май ауданының мәдениет қызметкері Алтынбек Әбілқасов шопандарды саяси ереуіл жасауға үндеп, «Қойларыңды қамап тастаңдар, Мещеряков пен Ысқақов келіп, өздері бақсын!» - деген қисынсыз сөз саптауға дейін барды. Егер мұндай жағдай орын алса, әрине, облыс басшылығы келіп қой бақпайтыны және аштан қырылатын мал шығынының орнын Алтынбектің толтырмайтыны белгілі жайт еді... Митингілік демократия қарқын алған сол 1990 жылдары қозғалыс сапына көлденең келіп қосылған көк аттылар көбейді, дақпыртқұмар даңғазашылар тілдерін безеп шыға келді. Жеке бас араздығы бойынша аудан басшыларына тісін қайрап жүрген кейбіреу митинг мінбесінен әлгілерді аяусыз сынап-мінеп өш алды, сөйте тұра өздерін жүрек жұтқан күрескер демократ кейпінде көрсетуге тырысты. Тіпті, аупартком ғимаратының алдында бала-шағасымен бірге аштық жариялайтынын айтып, пәтер мәселесін шешуді көздегендер де бой көрсетіпті. Ал Семей облысындағы жағдай демократия талаптарына сәйкес, мейлінше өркениетті үрдіспен өріс алды деген ойдамын. Өйткені, Қазақстан компартиясы Семей облыстық комитетінің І хатшысы Кешірім Бозтаев және Абай аудандық партия комитетінің І хатшысы Хафиз Матаев «Невада-Семей» қозғалысы құрылысымен-ақ, өз құзіреті шеңберінде, мүмкіндігінше қолдау көрсетті. Тек, қазақтың осы екі асыл азаматының Семей полигонында соңғы екі ядролық қаруды сынау жөніндегі әскерилердің өтінішіне келісім бергені жұртшылықтың наразылығын туғызған өте өкінішті жағдай болды! Міне, содан бастап қозғалыс жетекшілері мен облыс басшылығының жолы екі айрылды! Естуімше, Олжас Сүлейменов пен Кешірім Бозтаевтың сол кездегі қарым-қатынасын қазіргі кезде баспасөз бетінде барынша күрделендіріп сипаттау орын ала бастаған сияқты. Бұл мәселенің шешімін маған салса, «Тауларды аласартпай, төбелерді асқақтатайық» деген Олжастың қанатты сөзіне сүйенген дұрыс дер едім... Әйтседе, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын «Олжас емес, өзге біреу ұйымдастырыпты-мыс» - деген қаңқу сөзді ойдан шығару не үшін қажет болғаны және кім үшін пайдалы екені маған да, қозғалыстың Керекудегі өзге белсенділеріне де құпия сыр болып қалуда. Тіпті, Олжас Сүлейменовтың өзі аса құрметтеген Дінмұхаммед Қонаев немесе одан кейін Қазақстан КП ОК І хатшысы болып істеген Геннадий Колбин Семей полигонының зардаптары жөнінде жұрттан бұрын мәселе көтеріп, «Невада-Семей» қозғалысын құрған көрінеді - деген болжам жасасақ та, қисынын келтіре алмаймыз ғой. Өйткені, бұлар Қазақстан билігінің ең жоғары сатысында тұрғанымен, Кремльде отырған компартия алпауыттарына Кеңес Одағының ядролық қуатын сынап, жетілдіретін полигонды жабу жөнінде үзілді-кесілді талап қою түгіл, еміреуін білдіруге де батылы бара ма және әлеуметтік тегі, саяси ұстанымы, діни сенімі, ұлты әркелкі жүз мыңдаған адамды соңынан ертуге беделі жете ме?.. Осынау сөздер еріксіз айтылды ғой. Әйтпесе, жігіттік шағының өзінде Қазақстан мен Кеңес Одағы тарихында, сонымен қатар әлем тарихында ойып тұрып өз орнын алған заманымыздың заңғар тұлғасы біз секілді қатардағы азаматтардың өзін ақтап сөйлеуіне мұқтаж емес. Және ақындығы мен қайраткерлігін өркениетті елдердің барлығы әлдеқашан мойындаған дүниежүзілік ауқымдағы аса ірі көрнекті тұлға: Олжас Сүлейменов қазіргі шақта қазақстандық жоғары атақтарды қажетсінбейді һәм өзіне қарсы кампания жүргізіп жатқан қазақтардың сын жебелеріне де селт етпейді... Сөз соңында айтарымыз: дүниежүзінде ядролық қарусыз әлемге бірінші болып қадам басқан бейбітсүйгіш елдің бейбіт өмірі баянды болсын! Пікір саналуандығы танылатын демократиялық қоғамда Тәуелсіз, Бейбітшіл Қазақстан жөніндегі бірегей қоғамдық ой екіге жарылмауға тиіс...
   

 

Семей полигоны

Қазақстан-ядросыз мемлекет, бірақ бұрынғы кеңес үкіметінен үш сынақ полигоны қалды. Ең үлкені-Семей сынақ полигоны. 1949 жылдың жиырма тоғызыншы тамызында Семей полигонында бірінші бомба жарылды. 1963 жылға дейін жарылыстар көбінесе жер мен суда болды. Сол сынақтар зардабы арсыз адамдарға шейін састырды, кейін сынақтарды жер астында өткізетін болды. Барлығы 456 жарылыс, жалпы қуаты 17420 килотонна.

Ақырғы сынаудың күні-19 қазан 1989 жыл.

Көне дала, әдет-ғұрып, қарапайым адамдар, сансыз көп жануарлар мен өсімдіктер-барлығы соғыс күшінің аманаты болды.

Сексенінші жылдардың екінші жартысында басқа қоғамдық процесстермен қатар, бостандық қажеттілігі туындады. 1988 жылы бұл полигонды жабу үшін ұйымдасқан қозғалыс, белгілі ақын, қоғам-қайраткері Олжас Сүлейменов басқаратын «Невада-Семей» қозғалысына айналды: «Невада-Семей» қозғалысы халықтың атомға көзін ашты және халық оны қолдап, мақұлдап қарсы алды. Митінгілер, жиналыстар, хаттар, үкіметке үндеулер, мыңдаған қол қойылған қағаздар жиналды, полигонға пикет қойылады. Ақыры ескі жүйе шегінуге мәжбүр болды.

Полигон жабық, бірақ іздері қалды. Облыста рак ауыруы өте биік деңгейде, адамдар мен жануарлардың генетикалық құрылымдарындағы өзгерістер, адам өлімінің жиілігі, мыңдаған шақырым уланған жер. Бүгінгі күннің жағдайын шешетін әртүрлі пікірлер бар, бірақ біреуі анық: халықтың денсаулығына, табиғатқа келтірілген экология мен моральдық зияндарды бағалау керек. Қазақстан осы проблеманы жалғыз отырып шеше алмайды. Оның шешіміне тек Қазақстан ғана мүдделі емес. Бұл планета деңгейіндегі маңызды мәселе.

Ядролық қару

 

Қазақстанда Кеңес Одағының қорғаныс өндірісінің 50-ге тақау кәсіпорны қалды. Тұрғыны аз, жері кең көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар Қазақстан зымырандық, ядролық, басқа да жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақты сынау үшін «таптырмайтын» орын болды. Байқоңыр ғарыш айлағының құрамында зымыран сынау полигоны жұмыс істейді. Әуе шабуылынан, зымыран шабуылынан қорғанатын қаруларды сынайтын Сары Шағанды да атап өтуге болады. Қазақстан аумағында Кеңес Одағы кезінде 8 ірі сынақ полигоны болды. Бұл полигондар республика жерінің 7 пайызын алып жатты.

Семей ядролық полигонынан бөлек Кеңес Одағының ядролық инфрақұрылымына тікелей қатысы бар кәсіпорындарының саны да есепсіз. Олардың қатарына Каспий маңы тау-металлургиялық комбинаты, Үлбі металлургиялық зауыты. Целинный тау-химия комбинаты. «Южнолиметалл» орталық кен басқармасы, Маңғышлақ энергокомбинаты, Азғыр полигоны, тағысын тағылар болатын. Бірақ ядролық қару мен зымырандарды өндіру мәселесі шешіле қойған жоқ.

Оның аумағында бұрындары жабық қалашық аталынған Курчатов орын тепкен.

Бұл полигондағы тұңғыш сынақ 1947 жылдың 29-шы тамыз күні өткізілді. Оның қуаттылығы 22 килотоннаға дейін жетті. Жалпы есеп бойынша 1949 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықта 456 жер асты және әуеде ядролық сынақ жүргізілді. Осы уақыт аралығында жүргізілген сынақтардың жалпы куаттылығы Хиросимаға тасталынған атом бомбасынан 2500 есе күшті.

Республика жұртшылығының 1989жылғы ақпандағы митингісі Невада-Семей халықаралық қозғалысына жол ашты. Оны ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Қысқа мерзім ішінде бұл қозғалыс ең ықпалды қоғамдық қозғалысқа айналып, ядролық сынақты тоқтату үшін әскери өнеркәсіп кешенімен тегеурінді күрес жүргізді. «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы мен әлемдегі барлық ядролық қаруға қарсы қозғалыстардың атом қаруын сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жігерін біріктіру мақсатымен 1990 жылы мамырда Алматыда «Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықаралық конгресс өткізілді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 1991 жылғы 28-тамызда Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша,Семей полигоны Қазақстан Республика-Жергілікті халық бұзылған ғимараттармен түрлі қалдықтарды жинастырып, металл бөлшектерін теріп күнелтуді кәсіп етіп алған. Сондай-ақ өңірден әскери қарулар, жанармай толы бөшкелер жиі табылады. Осының өзі мұнда келушілерді қатты қызықтыруда.

Лазерлік қаруды сынайтын Терра-3 полигоны. Жоғары қуатты лазерлік қаруларды сынақтан өткізу мақсатында құрылған. Сары Шаған полигонынан онша қашық емес, Қарағанды және Жамбыл облыстарының шектесер тұсында орын тепкен.

Бұл полигонда қуаттылығы жоғары әскери лазер қарулары сынақтан өткізілген.

Возрождение полигоны. Арал теңізіндегі осы аттас аралда орналасқан бактерологиялық қаруларды сынақтан өткізу мақсатында пайдаланылып келді. Әскерилер бұл жерге 1948 жылы келді. Осы жылдан бастап аталмыш полигонның іргетасы қаланды. Биополигон өз жұмысын 1954 жылдан бастап күшейтті.

Аталмыш полигонда адам баласы естіп-білмеген сұмдық сынақтар жүзеге асырылды. Дәлірек айтсақ, ауаға түрлі аурулардың вирустарын жіберу арқылы жаппай қырып, жоятын қарулар сыналды. Мәселен, күйдіргі, оба, бруцеллез, шиқан, түйнеме, ботулизм, бортпе сүзегі, сарп, сал, маңқа, энцефалит т.б. аса қауіпті инфекциялар пайдаланылды.

 

 

Нұрсұлтан Назарбаев



/footer.php"; ?>