Орыс педагогикасының ұлы классигі К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесі. 3 страница

Адамның табиғи дамуы сан алуан әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қабылдауымен

тығыз байланыста бірге дамып отырады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде

сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік

жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. Өсе

келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс

істеу арқылы ептіліктер мен дағдылары қалыптасады және олардың барлығы да өмір

барысында адамда пайда болып, дамып отырады.

Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның дамуы өз

қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға

болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы

тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің

амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен

мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін

оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен

амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін

сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады.

Міне, осыдан ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен

таным иесі деп танылады. Демек, “адам” түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік

(қоғамдық), сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.

Ал “жеке тұлға” түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді

игерген тұлғаны танумен байланысты. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша: “Жеке тұлғаның

негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық

қатынас жүйесіне қосылу”. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі,

санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи

биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке

тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған

әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын

көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай

білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.

С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы

басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін

ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін

жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В.П. Тугаринов жеке

адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды:

- саналылық;

- жауапкершілік;

- еркіндік;

- жеке басының қадірі;

- даралық;

- қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.

Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В.П. Тугаринов бұл түсінікті

адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырды.

Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен үйлестіре алса,

өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне

ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан “адам”

және “жеке тұлға” түсініктерінің сипаттамасы “даралық” түсінігімен толықтырылады.

Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелелігін

сипаттайды. Даралық әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері (салмақты,

сабырлы, ашушаң), шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің (ойлап

тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністермен бөлектенеді. Аталғандар сияқты мұғалімнің де

даралық белгілері оның терең білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға

жайлылығы мен еңбектегі шығармашылығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір

адамды екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық

қасиеттерді білдіреді.

Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін “индивид” түсінігін де білген

жөн. Бұл латын сөзі қазақша “жекелік” дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің

әрбір бөлек өкілін, оның сапа-қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір адам

“индивид” бола алады. “Жеке тұлға” түсінігінің және онымен байланысты ғылыми

категориялардың мәні осында.

Жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамиды және қалыптасады.

Сондықтан, педагогикадағы “даму” және “қалыптасу” категорияларының мәнін ашып беру

маңызды.

Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. И.П.

Подласый даму ұғымын былай түсіндіреді: “Даму дегеніміз адам организміндегі сандық және

сапалық өзгерістер”. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері

ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік-тұрмыстық

және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке

адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан

түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік

аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды,

өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез-құлық бірте-бірте

белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық әрекетін басқара алу мен

өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық-

физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық пен

шығармашылық іс-әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси

көзқарастары мен нанымдарындағы бір-біріне кіріге байланысқан сандық және сапалық

өзгерістер үрдісін білеміз.

Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның

кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.

Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты мәселе – жеке

адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері. Идеалистік ағымдар бұл туралыәртүрлі тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан

теориялық пікірлердің дұрыс-бұрыстығына баға беруді оқырманныың өзіне қалдырып,

оларға тек қана объективті сипаттам беруді өз міндетіміз деп есептейміз.

Идеализм өкілдері, қай бағттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын-ала

болжастырылған бағдарламаға теліп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз беттерінше

өріс алатынын уағыздайды. Ал тәрбие олардың ойынша, жәрдемші роль атқарып, сол

бағдарламаның іске асуына көмектесуші ғана құрал.

Қазіргі заманғы идеалистік философия, психология мен педагогика әлеуметтік

төңкерістер мен күйзелістерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепші, сондықтан да

адам өзінің шын кемеліне жету үшін қоғаммен байланысын үзу қажеттігін дәріптейді. Бұдан

шығатын қорытынды: адамдық мән рухани және әлеуметтік бостандықты алу үшін күрес

емес, өз болмысының шын, ең жоғары сыр-мағынасын тану (экзистенциализм) немесе

тәңірлік кемелге жақындау (неотомизм).

Идеалистік педагогикада жеке адам дамуы жөніндегі пікір-сайыста бірнеше теориялық

концепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның табиғи

(биологиялық) жетілуімен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани

қасиеттері қалыптасады. Адамдар арасындағы моральдық қатынастар биологиялық негізде

орнығады (Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Шешендік Летурно, Ч. Ломброзо).

психоаналитикалық бағыт: жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен

оның мінез-құлқы толығымен жыныстық инстинктке тәуелді (З. Фрейд). Прагматикалық

бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстинктерге байланысты, әрбір адамда тұрақты

нәсілдік қасиеттерді сақтаушы ерекше саналық гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар

мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын иеленуі олардың биологиялық болмысымен

анықталуы тиіс, себебі әртүрлі халықтар мен нәсілдердің бірі табиғатынан дарынды, ал

екіншілері – кемірек дамыған (Дж. Дьюи, Э. Торидайк).

Материалистік бағыттағы философия және оныың көрнекті өкілдері жеке адамның

дамуы мен қалыптасуы туралы:

- ежелгі грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының әртүрлі болуы

оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайы мен таптық тұрғысынан;

- француз философы Гельвеций: адам қоршаған орта, нәсілдік және тәрбиеге

байланысты біртұтас әсерлердің нәтижесінде қалыптасады. Соның ішінде аса маңыздысы –

тәрбие;

- В.Г. Белинский: адам табиғаттан, бірақ оны дамытып, жасайтын қоғамнан;

- Н.Г. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтіретін келтіретін табиғат не олардың

нәсілдік кемістігі емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тәрбие.

Осы күнгі педагогикада жеке адам дамуы жөнінде қалыптасқан ой-пікірлер

төмендегіше:

- Адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына, оның дамуға деген табиғи қабілеті

аса маңызды. Әр адам іс-әрекеттің түріне негіз болар нышанмен дүниеге келеді, сондықтан

да адамның биологиялық және әлеуметтік даму мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста,

бірақ әлеуметтік фактордың рөлі басымдау.

Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен

қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор. И.П. Подласый: “Тәрбие – қоғамға

жеткілікті қалыптасып дамыған жеке адамды бере алатын негізгі күш” – деп баса айтады [2].

Олай болса қоғамға қажет жеке адамды қалыптастырып, дамыту үшін тәрбие ісін дұрыс,

мақсатты, ұйымдастыру керек деп ойлаймыз.

Адам дамуында тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, оның қоршаған орта мен

нәсілдік әсерлердің енжар объектісі деп тануға болмайды. Бұл үрдісте жеке адамның өз

белсенділігі мен шығармашыл-жасампаздық іс-әрекетінің маңыздылығын ескеру қажет.

Олай болса қазіргі күні тәрбие ісінде оқушыға, тәрбиеленушіге өзі дамушы субъект ретінде

қарау аса маңызды.

Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі

және сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие – сыртқы әсерлер: табиғи икемділік пен

құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен

толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуыосы екі фактордың байланысынан болады. Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды

қозғау салып, (өзіне бағдарланған) өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз

дамуындағы қызметін орындай алғаны.

Балалар қабілеттілігі – тарих азығы. Көптеген іс-әрекеттің нәтижесінде адамдардың

қабілеті қалыптасып, дамиды. Жай ғана психикалық процесстерден күрделі процесстерге

дейін адамның іс-әрекет процессінде дамиды. Өмірлік практика әртүрлі заттарды қажет

еткендіктен – қабылдау қабілеті дамиды; табиғатқа әсер етуі арқасында, оның өзгеруі

нәтижесінде – ойлау қабілеті дамиды; өткен ұрпақтың тәжірбиесі жетіспегендіктен, жаңа

орта жағдайына байланысты – елестету қабілеті дамиды.

Балалардың өздерінің қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға мүмкіндіктері бар.

Мектептегі оқыту мен тәрбиенің арқасында балаларға белгілі қоғамдық тәжірбие беріледі.

Оқу бағдарламасының күрделенген түрлерін меңгере отырып, оқушылардың қабілеттері

дамиды. Білім жүйесін меңгере отырып, балалар сана операцияларын меңгереді және өзінің

сана қабілеттерін дамытады. Бастауыш сыныптағы дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие

жұмысы оқушылардың жеке адам болып қалыптасуының алғы шарты.

А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, А.З. Запорожец т.б. ғалымдар

Пиаженің баланың психикалық дамуын әлеуметтік қатынастар жүйесіне біртіндеп және өте

жай уақытта кіретін индивид ретінде қарастыруын сынға алған. Индивидтің қоғамнан

тәуелсіз болуы мүмкін емес. Олардың пікірінше, Пиаже бала туғаннан бастап адамдар

ұжымына мүше болып, қоршаған адамдармен қатынасқа түсу дерегін есепке алмаған.

Жалпы Пиаже «әлеуметтендіру» үрдісін қате түсінген. Оның ойынша «әлеуметтендіру» -

бала санасының басқа саналармен қарым-қатынасы, ал қоғам – қоғамдық санамен

сипатталады (Францияның әлеуметтік мектептерінің көзқарасы). Сонымен қатар, бала

ойлауының дамуын, баланың әлеуметтік тәжірибесін есепке алмай, объектілермен

қарапайым манипуляциялау дей келе, баланың алғашқы заттық әрекеті ересектермен

қарым-қатынас жағдайында (ересек адамдар заттың әлеуметтік қызметіне қарай бала

әрекетін ұйымдастырады) жүзеге асатындығын ескермеген. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша

баланың қоршаған заттық әлемге қатынасы үнемі қоғамды, әлеуметтендірілген. Пиаже

еңбектеріндегі «бала-зат» қатынасына қарағанда, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин т.б.

көзқарастары бойынша «бала-ересек адам-зат» қатынасы әлдеқайда дұрыс.

Адам дамуы – бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді жəне қарама-қайшылықты процесс. Біздің

ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тəн-дене болмысы

мен рухани дүниесі, əсіресе, балалық жəне жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға

кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменннен

жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес., бұл процестің өзіне тəн ерекшелігі –

сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық жəне рухани сапалық қасиеттеріне

диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы. Бұл құбылыстарды түсіндіруде əртүрлі көзқарастар

қалыптасқан. Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға

келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өмір шарттарына тəуелсіз, сондықтан, тумадан берілген

күштерге байланысты; адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр

белгілейді. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша: даму – бұл əуел бастан

қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып, жаңа туындап барады.

Өмірге енжар икемдесуші жануарлардан адам өз дамуы үшін қажеттерін өз еңбегімен жасай

алатындығымен ажыралады.

Дамуды қозғаушы күш – қарама-қарсылықтар тайталасы. Қарама-қарсылықтардың

арқасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғыртулар дүниеге келеді. Қарама-қарсылықтар

– бұл өзара екі полярлы күштердің бір-біріне сиымсыздығынан туындайтын диалектикалық

процесс. Адам қайшылықтарды іздеп немесе ойдан шығарып, əлектенуінің қажеті жоқ, олар

қадам сайын өмірлік қажеттіктердің өзгеру салдарынан пайда болып отырады. Табиғатынан

адамның өзі де қарама-қайшылықты дүние болмысы. Қарама-қайшылықтар барша

адамдардың дамуына ықпал жасаушы ішкі жəне сыртқы, жалпы (əмбебап), сонымен бірге

қарапайым материалдық жəне ең жоғары рухани қажеттерінің жəне оларды қанағаттандыру

мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар əмбебап сипатқа ие. Ішкі қарама-

қайшылықтар əр адамның өз болмысына қанағаттанбауынан туындайды. Олар жеке-дара

ниеттерде көрінеді. Негізгі ішкі қайшылықтардың бірі – жаңадан пайда болған қажеттер меноларды іске асыру мүмкіндіктерінің арасындағы алшақтықтар. Мысалы, оқушылардың өз

психикасы мен интеллект, əлеуметтік деңгейінің жетімсіздігіне қарамай, мүмкіндіктері

толысқан ересектермен бірге іс алып баруға ұмтылуы. “Қалаймын -“қолымнан келмейді”,

“білемін” - “білмеймін”, “мүмкін”-“болмайды”, “бар”-“жоқ” – мəңгі қарама-қайшылықтарды

белгілейтін қосарлы ұғымдар. Адам дамуын зерттей отырып, ғалымдар даму жəне оның

нəтижелері – бір жағынан, жəне оларға ықпал жасаушы себептер – екінші жағынан,

арасындағы заңдылықты байланыстарды аңдатушы бірнеше маңызды тəуелділіктерді

ашты.

Неліктен кей адамдар өз дамуында өте биік нəтижелерге жетіседі, ал екінші біреулер -

ондай мүмкіндікке ие емес? Бұл процестің жəне оның нəтижесі неге байланысты? Ұзаққа

созылған зерттеулер осы сұраққа орай жалпы заңдылық ашты: адам дамуы ішкі жəне

сыртқы жағдайларға тəуелді. Ішкі жағдайлар – адам ағзасының физиологиялық жəне

психикалық қасиеттері. Сыртқы жағдайлар – бұл адамның қоршаған ортасы, ол жасаған

жəне дамыған аймақ, сыртқы ортамен ықпалды араласу процесінде адамның ішкі мəні

өзгереді, жаңа қасиеттері қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде алдағы өзгерістерге жол

ашады.

Сонымен, адамның дамуы сандық жəне сапалық өзгерістердің желісі мен нəтижесі.

Даму барысында адам тұлғаға айналып, сана мен өзіндік сана, дербес жаңғыртушы іс-

əрекет иесі болып жетіледі. Дамудың қозғаушы күші-қарама-қарсылықтар күресі. Адамның

дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайлармен анықталады.

Дамудың қай қырлары адамның өзіне тəуелді жəне қай тараптары сыртқы жағдайларға,

жағдаяттарға байланысты? Дамуды айқындаушы себептер тобы – жағдайлар деп аталады,

ал сол қарапайым себептердің ішіндегі ең маңызды, мəнді себеп – жағдаят (фактор) деп

аталады. Даму процесі мен оның нəтижесіне əсер етуші жалпы жағдайлар мен жағдаяттар

қандай?

Белгілі болғандай, адамның даму процесі мен оның нəтижесі үш өзекті жағдаяттардың

бірлікті əрекетімен жасалады, олар –нəсілдік, қоршаған орта жəне тəрбие. Негізге “нəсілдік”

деп аталатын адамның тума, табиғи ерешеліктері алынады. Нəсілдік – бұл атадан балаға

берілетін тұрақты сапалар мен ерешеліктер. Нəсілдікті тасушы – биологиялық ген (грек сөзі -

туындатушы). Организм қасиеттері табиғат жаратқан гендік кодтарда өрнектеліп, белгілі

ақпарат күйінде тіршілік өкілі тəнінде сақталатынын жəне бірден бірге ауысып баратынын

бүгінгі ғылым дəлелдеп отыр. Генетика – адам дамуының нəсілдік бағдарлама құпияларын

ашып, жариялайды. Адамның нəсілдік бағдарламасы адамды адам кейпінде танытатын

жалпы, сонымен бірге əрбір адамның басқаға ұқсамас өзгешілігін білдіретін айрықша

детерминатты (тұрақты) жəне ауыспалы бөліктерді өз ішіне алады. Нəсілдік бағдарламаның

т ұ р а қ т ы бөлігі адамзаттық ұрпақ жалғастыру жəне адам тегіне тəн нышандарды –

сөйлеу, тік жүру, еңбек іс-əрекеті, ойлау, т.б. – қамтамасыз етеді. Атадан балаға адамның

сырт-қы белгілері: дене құрылысы, шаш, көз, тері түстері – ауысады. Қан тобы, резус-

фактор, ағзадағы ақуыздардың əртүрлі бірігімі қатаң генетикалық бағдарламаға тəуелді

түзілген.

Адамның жүйке жүйесі, мінезі, психикалық процестердің өту ерекшелігі осы нəсілдік

қасиеттер тобынан. Ата-аналар тəнінде болған жүйке жүйесінің кемшіліктері, олардың

арасында психикалық күйзеліс, сырқаттар – патологиялық ауытқулар ұрпақтан-ұрпаққа өтіп

отырады. Сондай-ақ, қан аурулары (гемофилия), қан диабеті, кейбір эндокриндік

бұзылыстар, мысалы – ергежейлілік, нəсілдік сипатқа ие. Ұрпаққа ауыр зиян келтіретін

жағдаяттардың бір тобы – ата- аналардың алкагольдік жəне нашақорлық зиянды

əдеттерінен.

Барша қалыпты адамдар табиғатынан өзінің ақыл жəне танымдық күштерін дамыту

мүмкіндігіне ие, сонымен бірге шексіз рухани дамуға қабілетті. Жоғары жүйке қызметі

типтеріндегі айырмашылық ойлау процестерінің жүрісін ғана өзгертуі мүмкін, ал ақыл-

парасат əрекеттері деңгейіне олардың ешқандай əсері жоқ. Солай да болса, бүкіл дүние

педагогтары нышандардың ақыл ой қабілеттерінің дамуына кедергі де болатынын

айғақтайды. Мысалы, маскүнемдерден туған балалардың бас миындағы енжар жасушалар,

нашақорларда болатын гендік құрылым бұзылымдары, кейбір нəсілдік психикалықсырқаттар– қабілеттердің орнығуына көп кедергі келтіреді. Шылымкеш ата-аналардан туған

балалар өкпе ауруына шалдыққыш келеді.

Ақыл-ой əрекетіне негіз – жалпы нышандармен бірге арнайы нышандар да ұрпақтан-

ұрпаққа беріледі. Белгілі іс əрекет түрінде адамды қалыптастырудың бастауы осы арнайы

нышандарда. Егер адамға қажетті жағдайлар жасалса, арнайы нышандар ерте жастан-ақ