АСБ су ресурстарын басқарудың құқықтық және институционалдық сараптамасы.

Мақсаты:АСБ су ресурстарын басқарудың құқықтық және институционалдық шеңберінің сараптамасын қарастыру.

Кілт сөздер:су қоры, су ресурстары, СРЫБ, Арал-Сырдария бассейні, су сапасы

Қазақстанда СРЫБ-ға көшуге барлық алғышарттар бар, бірақ осы үрдістің дамуын қамтамасыз ету үшін институционалдық заңнамалық және ақпараттық шараларды орындау қажет. Су, Жер, Орман кодекстері (2002) және Экологиялық кодекс (2006). "Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық әл- ауқаты туралы" (2002), "Су пайдаланушылардың ауылдық тұтынушылық кооперативі туралы" ҚР заңдары, "Жер және жер қойнауын пайдалануды қорғау туралы" ҚР Заңы (2010) және өзге де құқықтық құжаттар СРЫБ ұстанымдарын енгізу үшін қажетті заңнамалық база құрылған.

Халықаралық ынтымақтастық дамуда, бірақ конвенциялар мен келісімдер бойынша Қазақстан міндеттемелерін орындау үшін, ең алдымен су ресурстарын басқару мәселесін ұлттық деңгейде шешу қажет.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес (Су кодексі, 40-бап) Арал- Сырдария бассейні су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның аймақтық органы болып табылатын су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі Арал- Сырдария бассейндік инспекциясы жүзеге асырады.

Жаңа Су кодексінің қабылдануымен БИ құзыретіне келесі жаңа қызметтер қосылды:

1. Бассейндік келісімдерді дайындау және жүзеге асыру;

2. Бассейндік Кеңес қызметін қамтамасыз ету;

3. Жерасты суларын арнайы су пайдалану рұқсаттарын беру немесе қызметін тоқтата тұру;

4. Жерасты сулары қорын бекітуге қатысу;

5. Су қоймалары жұмыс тәртібіне бақылауды жүзеге асыру;

6. Тұрғындарды су қорын тиімді пайдалану және қорғау жөнінде жүргізілетін жұмыс туралы хабардар ету;

7. Халықты су қорын тиімді пайдалану және қорғау туралы насихаттау және тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

Басқарудың бассейндік ұстанымын нығайту мақсатында БИ ұйымдастыру құрылымы мен ұйымдастыру әлеуетін дамыту басқарудың барлық деңгейлерінде (мемлекетаралық, ұлттық, бассейндік және жергілікті) институционалдық шараларды талап етеді. Қазіргі уақытта су ресурстарын басқару саласында мамандарды дайындау жүйесі дамуды талап етеді. Қазіргі уақытта су ресурстарын басқару саласында мамандарды дайындау жүйесі дамуды талап етеді. Арал- Сырдария БИ- де білікті мамандар, оқыту қаражатының тапшылығы байқалады. Судың сапалық сипаттамаларының мониторингін "Казгидромет" РММ (жерүсті суларының сипаттық мониторингі). Қоршаған ортаны қорғау облыстық басқармалары (өнеркәсіптік суағарлар сапасының мониторингі). СЭС аумақтық басқармалары (ауызсу қажеттіліктеріне арналған су сапасының мониторингі). Геология және жер қойнауларын пайдалану комитетінің аумақтық басқармалары (жерасты сулары сапасының мониторингі). Су қатынастарын реттеу жүйелерінің сараптамасы көрсеткендей, су қатынастарын реттеу шаралары су ресурстарын кешенді басқаруға емес, негізінен суару секторының басымдықтарын қамтамасыз ете отырып, су шаруашылығы құрылымдарын басқаруға бағытталғанын көрсетеді. Басқару шешімдерінің тиімділігін төмендету көбіне көлемдердің қысқаруына және су ресурстары мониторингі жүйелерінің нашарлауына байланысты бастапқы ақпараттың нақтылығының төмендеуімен түсіндіріледі.

Бүгінгі таңда ақпарат алмасу және қол жетімділік үрдістері нашар жағдайда екендігін атап өту қажет. Су шаруашылығы саласындағы ұйымдар өзге мемлекеттік ұйымдар ақпараттарына қол жеткізе алмайды, ал қоғам болса ақпаратты қол жеткізу мәселелерін өздігімен шешеді.

Су шаруашылығы саласы бойынша толық мәліметтер базасын қалыптастырып және қамтамасыз ететін техникалық қабілетті ұйым жоқ. Нәтижесінде мүдделі қатысушылар әлеуметтік- экономикалық және экологиялық ақпаратпен қамтамасыз етілмейді, басқарудыңбарлық деңгейлерінде қабылданатын шешімдер нақтылығы төмендейді.

2006 жылы Арал- Сырдария Бассейндік Кеңесі құрылған болатын, оның мақсаты бассейн су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша басқару шешімдерін дайындау және қабылдауға барлық мүдделі тараптардың қатысуын, сонымен қатар Арал- Сырдырия бассейні су нысандарының экологиялық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету.

Су кодексінің 43- бабына сәйкес Бассейндік Кеңес келесі міндеттерді атқаратын консультативті- кеңес органы болып табылады.

· Бассейн су қорын тиімді пайдалану және қорғау саласындағы көкейтесті мәселелер бойынша ұсыныстарды бірлесе талқылау және дайындау;

· Басеейндік келісімдер, сонымен қатар оның ілеспе құжаттары мен хаттамаларын дайындау және жүзеге асырыу;

· Бассейндік Кеңес қатысушылары үшін су қорларын басқару, пайдалану және қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;

· Бассейн су қорын пайдалану және қорғау саласында, су нысаны бассейні шегінде орналасқан бассейндік басқармалар, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де субъектілер арасында туындайтын мәселелерді шешу;

· Су қорғау шараларын жоспарлау және жүзеге асыру үрдісіне мүдделі субъектілерді қоғамдық хабардар ету және тарту.

Арал-Сырдария Бассейндік Кеңесі құрамында үш сектордан, мемлекеттік құрылымдар, ҮЕҰ және Оңтүстік Қазақстан (21 адам) мен Қызылорда (20 адам) облыстарының су пайдаланушыларынан құралған адам бар. Кеңес құрамындағы мемлекеттік құрылымдар 70%, ал қалған 30% су пайдаланушылар мен ҮЕҰ өкілдері құрайды.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Жаңа Су кодексінің қабылдауымен бассейндік инспекция құзыретіне қандай қызметтер қосылды?

2. Су кодексі қашан қабылданды?

3. Бассейндік су шаруашылығы басқармасының міндеттері мен функциялары Су кодексінің қай бабында көрсетілген?

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Арал-Сырдария су шаруашылығы бассейні су ресурстарын ықпалдастықаен басқару (СРЫБ) және су жинақтау бассейндік жоспары. –«OST-XXI век», Алматы, 2011.

№9 Лекция