Судың құқықтық режимі

Мақсаты:Судың құқықтық режимін қарастыру

Кілт сөздер:өзенэкожүйесі, Су кодексі, экологиялық қатер, су ресурстары

Қазақстан су ресурстарының үлкен жетіспеушілігі елдерінің санатына жатады. Қазіргі уақытта су объектілерін тау-кен өндіру, металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.

Су объектілеріне антропогендік салмақ пен олардың қалпына келу қабілетінің арасындағы теңгерімсіздік экологиялық қолайсыздықты іс-жүзінде барлық ірі өзен бассейндеріне тән етті, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткілікті қаржыландырмау су шаруашылық объектілерінің барынша қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйіне және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленісуіне себеп болды.

Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудің негізгі жолдары айқындалған Экономиканың су секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ халықты жеткілікті көлемде және кепілді сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен "Ауыз су" салалық бағдарламасы бекітілді, Қазақстан Республикасының Су кодексі және "Cу пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, 2005 - 2010 жылдары негізгі су бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.

Қабылданған бағдарламалық құжаттардың щеңберінде 2005 жылы іске асырылуы суды қажет ететін өндірістер дамуының қарқыны мен көлемін шектeугe, су үнемдейтін технологияларды, су пайдаланудың айналымды және тұйық жүйелерін жаппай енгізуге, өнім бірлігіне және пайдалану шығындарына жекелей су пайдалануды азайтуға, су шаруашылық жүйелерін есепке алу мен реттеудің қазіргі заманғы құралдарымен жарақтандыруға мүмкіндік беретін сумен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мақсатты бағдарлама әзірлеу қажет. Бағдарлама су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемнің қолданыстағы ставкаларын саралау, су шаруашылық объектілерін ұстау мен жөндеу жөніндегі шығыстарды өзін-өзі ақтауға кезең-кезеңмен көшіре отырып, су пайдаланушыларға су жеткізу жөніндегі қызмет үшін баға белгілеуді оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды да қамтуы тиіс.

Өзен экожүйелеріне ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшін 2005 - 2010 жылдар барысында пайдаланылатын барлық су объектілері үшін су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобалары әзірленетін болады, 2005 - 2006 зиянды әсердің мүмкін болатын шекті нормативтерін және судың жай-күйінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлеу жөніндегі ғылыми-қолданбалы зерттеулердің кешені жүргізіледі, ол су объектілеріне ластаушы заттар төгінділерін таңбалыдан жиынтық нормалауға кезең-кезеңмен көшіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ағынды суларды тазартатын құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту кезінде жаңа технологияларды енгізуді жеделдетеді.

Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшін су жетіспеушілігін тартып отырған өңірлерде өзен ағынын реттеу жөніндегі, оның ішінде бассейн аралық қайта бөлу, сондай-ақ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.

Қазақстан Республикасының су пайдалану мәселелері 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған су кодексі мен реттеледі. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдардың сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреттерін айқындау мақсатында әзірленген «ҚР Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 2009 жылдың 2 қыркүйекте мақұлданды. Бұл құжаттар бізге қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға және экология мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік берді.

Жер бетіндегі судың жапы мөшері 14 млн км3 шамасында. Бірақ қолданыста жарамды тұщы сулардың стационарлық қоры гидросфераның 0,3% көлемін ғана алып отыр. (4 млн км3 шамасында)

Біздің жер шарымызда су үнемі айналымда болады. Дүние жүзі мұхиттарыны бетінен жылына шамамен 412 мың м3 су буланады, ал оларға қайта түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 310 мың км3 шамсында болады /1,8/. Табиғатта су таза күйінде кездеспейді. Бұған мысал ретінде жауын-шашынның құрамында 100 мг/л дейін жететін әр түрлі ластағыштар дәлел бола алады.

Қалаларды, ауылдарды және өндіріс мекемелерін ортақтандырған су жүйесмен қамтамасыз ету техникалық - экономикалық және ұйымдастырған шаралардан тұратын күрделі жүйе болып табылады. Олардың рационалды түрде бақыланып отырылуы қала мен ауылды жерлердің санитарлық жағдайының деңгейін анықтап, халықтың тіршілгіне қолайлы жағдай туғызады.

Адамзат тіршілігінде маңызды зор тұщы су қорларын шектелген және жер беті мен жер қойнауларында әркелкі таралған/8,10/. Бұндай сулардың көп мөлшері өндіріс орындардың тұрмысына қажет болса, кейбір мөлшері ауыл шаруашылығында, балық аулауда қызметі зор.

Қазіргі кезде адамдардың тіршілік қолданысының артуы нәтижесінде тұрмыстық және шаруашылық бағытта судың бағасы арттырылуда. Орта шамамен бір адам тәлігіне 250 литр су пайдаланады /1,6/. Бұдан су дефициті қауіпті туу мүмкін, ал бұл өз алдына табиғи су қорларының тиімді пайдалану мәселелерін туындатады.

Біздің заманымызда үнемі қолданыста болатын су сапасының деңгейін жоғары дәрежеде екеніне күмән келтіруге болады.

Қазіргі кезде елімізде қалалық су тасымалдау жүйесінің 60 жуығы авариялық жағдайда. Одан басқа қала сыртындағы ауылдар мен ауылды жерлері есептемегенде, ал бұдай жерлерде табиғи судың сапасы санитарлық нормалардан әлде-қайта алыс /3,6/. Көптеген өтіп жатқан ғылыми конференциялардың мәліметтеріне сүйенетін болсақ біздің краннан тек ішуге ғана емес, тіпті тұрмыстық шараларға жарамсыз су ағып жатыр. Тұрмыстық қолданысқа бағытталған су алдын-ала тазалығыш қондырғыштарда улансыз-дандырылып, тазаланады. Бұндай сулар негізінен беткей қорлардан алынады. Тазалану барысында су сақтау қоймаларына жеткен кезде СанПиНа ең жоғарғы нормаларына сәйкес келді Бірақ көп киллометрлі коррозияға ұшыраған трубалармен жылжыған кезде, оның сапасы күрт төмендейді, мөлдірлігі азайып, иісі пайда болады, құрамында темір, мыс, мырыш және тағы басқа ауыр металдардың мөлшері жоғарылап, суға әр түрлі улы компоненттермен қоса конструкциялық және герметизделген материалдардан бактериялар түседі. Ал бұндай ластанған су адам организімне түсіп әр түрлі аллергияның және қан ауруларының тууына алып келуі мүмкін.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1.Су объектілеріне деген антропогендік салмақты талдаңыз;

2. Су ресурстарын сақтау мен ұтымды пайдалану жолдары;

3. Елімізде халықты жеткілікті көлемде сапалы сумен тұрақты қамтамасыз ету жолдары;

4. Ауыз су салалық бағдарламасын талдаңыз?;

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1 .Бейсенова Ә., Самақоға А. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану», «Ғылым», 2004
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: экология және табиғатты қорғау – Алматы мектеп ААҚ 2002ж. 392 б.
3. Қоженбаев С. Махмудов С. Табиғатты қорғау – Алматы: «Ана тілі» 1992 ж. 144 б.
4. Рациональная схема освоения природных ресурсов.-Алматы,1983.
5. Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж.
6. Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. “Экология”, “Астана”, 2005 ж.

 

№12 Лекция

Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару. Қазақстан Республикасы Үкіметінің су қорын пайалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті. Уәкілетті органның құзыреті.