Халықаралық ынтымақтастық.

 

Мақсаты:Арал-Сырдария аймағында су ресурстарын бақару жөніндегі

халықаралық ынтымақтастық жөнінде мағлұмат беру

Кілт сөздер:су қоры, су ресурстары, СРЫБ, Арал-Сырдария бассейні, су сапасы, халықаралық ынтымақтастық

Сырдария өзені бассейінің негізгі суағары Қазақстан аумағында (79% жуық), бір бөлігі Өзбекстан (15%шамасында) және Қазақстан жерінде (6% жуық) қалыптасады. Өзен шекараларды қиып өтетіндіктен халықаралық ынтымақтастық мәселелері басты назарда.

АСБ тәрізді Орталық Азияда да су саласындағы ынтымақтастықты құқықтық реттеу жүйесінің іргетасы ретінде аймақтық және суб-аймақтық (қатысушылардың саны шектеулі) келісімдер саналады. Осындай келісімдер ішіндегі негізгілердің бірі 1992-жылы қабылданған Мемлекет аралық қайнарлардан су ресурстарын бірлесе басқару, пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Орталық Азияның барлық мемлекеттерінің қатысуымен қабылданған). Аймақтық деңгей құралдарының қатарына 1993-жылы қабылданған Арал теңізі мен Арал аймағы мәселедерін шешу жөніндегі бірлескен әрекеттер, Арал аймағын экологиялық сауықтандыру және әлеуметтык-экономикалық дамуын қамтамасыз ету туралы келісім және 1998-жылы қабылданған Сырдария өзені бассейні су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы үкімет аралық келісімі (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан – төрт елдің қатысуымен).

Аймақтық құралдар ішінде аймақтың су ресурстарын басқару және қорғау саласында Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастық органдары заңды мәртебесін, ережесін, құзыретін және әрекет барысын анықтайтын жиынтық институционалдық сипаттағы актілер маңызды роль атқарады. Олардың қатарына ең алдымен халықаралық шарттар енеді – бірінші кезекте 1999-жылы қабылданған Аралды құтқару Халықаралық Қорының (АҚХҚ) және оның ұйымдарын мәртебесі туралы үкіметаралық бес жақты келісім, сонымен қатар өзге де халықаралық келісім болып табылмайтын, бірақ заңдық міндетті деп саналатын актілер жатады.

Орталық Азиядағы су саласындағы ынтымақтастық ортақ ұстанымдары мен бағыттарын анықтайтын аймақтық құралдардың үшінші тобына мезгіл сайын ұсыныс сипатында қабылданатын – декларациялар мен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының өтініштері жатады. Мұндай «мейірімді құқық» санатындағы құжаттарға 1995-жылы қабылданған Арал теңізі бассейні тұрақты дамуы мәселесі жөніндегі Орталық Азия және халықаралық ұйымдардың Нукус декларациясы, 1999-жылы Ашхабад декларациясы, 2001-жылы Ташкент декларациясы, 2007-жылыға Душанбе декларациясы, 2009-жылы АҚХҚ құрылтайшылары – мемлекет басшыларының бірлескен баяндамалары жатады. Бұл құжаттардың заңдық күші тұрғысынан аталмыш құжаттар оларды қабылдаған мемлекеттер үшін міндетті болып табылмайды, аймақтық су саясаты саласында олардың маңызы аса қауымды.

Аймақтық құралдардың жекелеген тобын орындауға міндеті, бірақ нормативті сипаты жоқ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының шешімдері құрайды. Бұл ретте су саласындағы аймақтық ынтымақтастықты ұзақ мерзімді жоспарлау мәселелері (мысалы, «2003-2010-жылдары аралығындағы кезеңде Арал теңізі бассейндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарту жөніндегі нақты әрекеттер бағдарламасы негізгі бағыттары туралы» шешімі) немесе ынтымақтастықтың институционалдық тетіктерінін қызметі мәселелері (мысалы, «АҚХҚ Атқарушы комитеті атқарушылық қызметін қамтамасыз ету туралы» шешімі) жөніндегі шешімдерге маңызды рөл тиесілі. Бұл қатарға АҚХҚ басқармасы, МСШҮК (МКВК) және с.с. аймақтық ынтымақтастық органдар шешімдері де жатады.

Осылайша, Орталық Азияда су ресурстарын басқару жөніндегі аймақтық ынтымақтастықтың қолданыстағы құқықтық базасы қызмет етіп тұрған аймақтық ұйымадар жүйесін құрып және елдердің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында маңызды рөль атқарады. Бірақ бүгінгі таңда ол көп жағынан ескіріп қайта жаңартуды, жетілдіруді және түрлі құралдар ережелерін үйлестіруді талап етеді. Мысалы, су ресурстарын ықпалдастықпен басқарудың басты ұстанымы – мәселені бассейндік жол мен шешу – қолданыстағы келісімдерде көрініс таппаған.

Су қорғау және ұтымды пайдалану саласында халықтың ақпараттандырлуын арттыру

Халықтың ақпараттандырылуын арттыру әсіресе ауылды жерлерде мәселелердің барлық қалған топтамаларды шешуге мүмкіндік беретін маңызды міндет болып табылады. Халықты ақпараттандыру арнайыландырылған білім беру орталықтарының жұмыс арқылы, сондай-ақ білім беру жобалары мен бағдарламаларын іске асыру арқылы жүргізілуі мүмкін.

Қәзіргі уақытта Шымкентте және Қызылордада қоғамдық білім беру орталықтары қызмет істейді. Осы орталықтардың негізінде СР қорғау және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша арнайыландырылған курстар ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ халықты гигиена және санитария саласы бойынша ағарту жөніндегі оқыту жобалары мен бағдарламалы жүзеге асырылатын болады.

Ауылды жерлерде білім беру жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруда жергілікті халықты оқыту процесіне мейлінше тарту қажет.

Осы шараларды жүзеге асыру үшін барлық қызығушылық танытқан тараптарды тартқан жөн, соның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі де бар. Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ донорлық көмек тарту арқылы жүргізілетін болады.

Су ресурстарына байланысты төтенше жағдайлар кезінді елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Су ресурстарына байланысты туындайтын ТЖ кезінде елді мекендердің қауісіздігін қамтамасыз ету бассейндегі бірінші дәрежелі міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты ҒТҚ және қорғаныс дамбыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеу және жүзеге асыру қажет. ҒТҚ жағдайын бағалап, ҒТҚ және дамбыларды қайта жаңарту және бекіту бойынша шаралар қолданылуы тиіс.

Су шаю, суға бату, тасқын және сел жүру қаупі бар елді мекендерге толықтай мүліктік түгендеуді жүргізу қажет. Басты назар ТЖ кезінде шұғыл әрекет ету мәселелері бойынша халықтың ақпараттандырылуына аударылу тиіс.

Бұл үшін жергілікті халықпен бір қатар тренингтер мен жаттығулар жүргізілуі тиіс.

Бұл шаралар БИ, қоғамның және БАҚ қолдауы арқылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып, жергілікті атқарушы билік органдарымен және ТЖМ жүзеге асырылуы тиіс.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Нукус декларациясы қай жылы қабыланды?

2Ашхабад декларациясы қай жылы қабылданды?

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Арал-Сырдария су шаруашылығы бассейні су ресурстарын ықпалдастықаен басқару (СРЫБ) және су жинақтау бассейндік жоспары. –«OST-XXI век», Алматы, 2011.

 

№10 Лекция

Бассейн су ресурстарын тиімді басқаруға кедергі келтіретін тосқауылдар мен мәселелер тізімі. Мәселелерді басымдық бойынша қарастыру. СРЫБ жоспарын жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер.

Мақсаты:Бассейн су ресурстарын тиімді басқаруға кедергі келтіретін тосқауылдар мен мәселелерді қарастыру.

Кілт сөздер:су қоры, су ресурстары, СРЫБ, Арал-Сырдария бассейні, су сапасы

Жоспар:

1. Бассейн су ресурстарын тиімді басқаруға кедергі келтіретін тосқауылдар

2. СРЫБ жоспарын жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

 

Тосқауылдар мен мәселелер ьізілімі сраптама, мүдделі тұлғалармен кеңес, сонымен қатар Арал- Сырдария Бассейндік Кеңесі мүшелелерінен құрылған жұмыс тобының жұмысына негізделіп дайындалған.

АС БК сарапшылары мен мүшелері АСБ үшін тосқауылдар мен мәселелер тізімі дайындалады, олар 9 негізгі топқа бөлінген болатын. АС БК кезектен тыс отырысында төрт негізгі топтамалар бойынша басым мәселелер мен тосқауылдар таңдап алынды. Осылайша АС БК 2010- жылдың 24- желтоқсанындағы кезектен тыс отырысы хаттамасына сәйкес СРЫБ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларына келесі мәселелер топтамалары енді:

1) Экологиялық топтама:

· Солтүстік Арал теңізіне экожүйені қамтамасыз ету үшін жеткілікті экологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігі;

· Мемлекет тарапынан қосымша қаржыландыруды талап ететін тұрақты қажетті экологиялық жағдайдың болмауы;

· Суды қорғау зоналары мен аймақтары шегінде шаруашылық қызметті жүргізу тәртібін сақтамау;

· Су нысандарының коллекторлы- дренажды, ағын сулармен және өзен салалары бойында орналасқан елді мекендердің тұрмыстық қалдықтармен ластануы;

· Қиыршық тас пен құм алу, сонымен қатар карьерлерді абаттандыру барысында өзендер сағалары мен арналарының бұзылуы;

· КДЖ мен вертикальді дренаждың істен шығуы.

2) СР басқару жүйесін жетілдіру:

· Уәкілетті орган мәртебесінің төмендігі, сәйкесінше АСБ БИ нақты өкілеттіліктерінің жоқтығы;

· СР қадағалау және қорғау саласында БИ және өзге мемлекеттік органдар, сонымен қатар қоғам арасында үйлестіру және қажетті өзара қатынастың болмауы;

· Су ресурстарын басқару органдары және олармен қарым- қатынас етуші ұйымдарының кадрлық әлеуетінің төмендігі;

· БИ қызметкерлерін жеткіліксіз материалды- техникалық жабдықтау, жеткіліксіз қаржыландыру және жұмысшылар санының аздығы бұл жүктелген міндеттерді уақытында және толық орындауды қиындатады.

3) Су пайдалану тиімділігін арттыру және ынталандырудың экономикалық тетіктері:

· Әсіресе ауыл шаруашылығында СР пайдалану тиімділігінің төмендігі;

· СР тиімді пайдалану үшін экономикалық ынталандырудың болмауы;

· Су пайдаланудың тозған техникалық құралдары және технологияларын пайдалану;

· Коммуналдық- тұрмыстық, суғару және өнеркәсіп секторлары негізгі қорының физикалық және моральды тұрғыдан тозуы. Су пайдаланушылар су шаруашылығы нысандарын күту және техникалық жөндеулі жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді жеткілікті мөлшерде орындамауы;

· Су пайдаланушылар ассоциациалары және кооперативтері өздеріне жүктелген қызметтерді жеткілікті мөлшерде орындамауы;

· Бекітілген тарифке сәйкес су беру қызметі үшін төлем жинау деңгейінің төмендігі.

4) Әлеуметтік және коммуналдық сектор. Халықтың денсаулығы және қауіпсіздігі:

· Қалалар мен ауылдар коммуналдық секторы жүйесінің аса тозуы. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге қаражаттың тапшылығы;

· Ауызсудың санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі. Халық денсаулығының төмендеуі, сонымен қатар СР шекаралық ластануы нәтижесінде;

· Ауылды жерлерде ауызсу сапасын тексеру және сараптама жасау жұмыстарының тұрақты түрде жүргізілмеуі;

· Елді мекендер мен ауыл шаруашылық жайылымдарын су басуға байланысты төтенше жағдайлар санының ұлғаюы;

· Су қайнарларын қоқыс басу, лайлану, ластану және тозығы жетуіне байланысты жағдайлардың ушығуы;

· ГТҚ техникалық деңгейінің төмендігі, бұл жауын- шашын және су басу кезінде халыққа қауіп төндіреді.

2.СРЫБ жоспарының мақсаты және міндеттері. СРЫБ жоспарын жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер.Бассейндік жоспардың негізгі мақсаты экожүйенің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, мүмкін болатын климат өзгерістерін ескере отырып су ресурстарын ықпалдастықпен басқару ұстанымдарын енгізі арқылы Арал – Сырдария бассейні су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау.

Аймақ үшін маңызды болатын мәселелерді ескере отырып, Арал – Сырдария ассейні үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді СРЫБ жоспарының негізгі міндеттері ретінде келесілерді көрсетуге болады:

1. АСБ табиғи кешені экологиялық жағдайын жақсарту;

2. Су басқару жүйесін барлық деңгейде жетілдіру және жоспарлар мен мүдделі тараптар әрекеттерін үйлестіру;

3. Су пайдалану тиімділігін арттыру, экономика салдарында: ауыл шарувшвлвғвндв, коммуналдық шаруашылықта және өнеркәсіпте өнімнің бір бірлігіне су тұтынуды азайту;

4. Өмірдің әлеуметтік шарттарын жақсарту және халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.