Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері

Мемлекеттік кредитжалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі - карызға берілген каражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Мемлекеттік кредит ақша қаражаттарын қайта бөлу функциясынорындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Кредиттің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша мемлекетте шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін қаржыландаруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылған мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді.

Мемлекеттік кредиттің екінші функциясы- реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады. Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін. Мемлекеттік кредит ролі –халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыт жасайды. Мемлекеттік кредиттің көздері-кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларда, халыққа пайда болатын уақытша бос қаражаттар.

Мемлекет кредит ресурстарын:

1.бюджет тапшылығын қаржыландыру

2. ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру.

3.биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру

4. елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.

Алайда, бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Мем\к кред\ң жекеше кред\н айырмашылығы: Жекеше кред: өндр\к мұқтаждар үшін жұмылдырылады,несие капиталы жұмыл\ды,өтеу қосымша өнім н\се өндр үдерісінде п.б. құннан жүргізіледі,капиталдың қолдану сферасын кеңейтеді. Мем\к кред : өндр ж\е өндр емес мұқтаждар үшін жұм\ды,төлем ж\е сатып алу қараж\ы жұм\ды,төлем ж\е сатып алу қараж\ы жұм\ды,өтеу б.кірістерінен жүргізіледі,капиталды қолдану сферасын тарылтады. Мемлекеттік кредит мынадай функцияларды атқарады: қайта бөлу және реттеуші. Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып бөлінеді. Ішкі кредитте- мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарыздар кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.Сыртқы кредитте- қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің, жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарапынан мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.Шартты мемлекеттік кредит-отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Мемлекеттік кредит нысандары: а) ішкі: Қарыздар, Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер, Мемлекеттік банктер салымдарының қалдықтарының пайдалану, Орталық банктің кридиттер; б) сыртқы: Ақшалай қарыздар Тауарлық қарыздар, Дамуға ресими комек, Өтемдік келісімдер в) шартты: Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарыздары бойынша мемлекеттің кепілдіктері.Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады. Мемлекеттік қарыздар- нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары. Қарыздардың салықтардан айырмашылығы: Қарыздар ерікті сипатта және мәжбүрлеудің бүркемелі нысанында болса, ал салықтар мәжбүрліге ие сипатында және мәжбүрлеудің анық нысанында болады. Мемлекеттік кредиттің әдістері- әртүрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп алу, мерзімсіз қарыздарда –пайыздық кірісті дүркіндік төлеу). Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері де жатады. ( жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, қайта қаржыландыру). Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде мұндай қолданудың шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту шарттары - әдістері ұқсас болады