Тікелей салық, оларға тән белгілері, сипаттамасы.

Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады. Оған мындай салықтар жатады: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салықтар және т.б. Тура салықтар салық төлеушінің кірісі мен мүлкіне тікелей төленетін салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің(меншігінің) кейбір түрлеріне(үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с) салыднады. Жеке тура салықтар бұл жеке адамдардар мен заңи ұйымдардың табыстары мен мүкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкінде, оның қаржылық жағдайында ескеріледі. Корпоративті табыс салығынтөлейтіндер – мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жалпыға ортақ тәртіпті қолданатын ҚР-ның резидент-заңды тұлғалары. КТС келесідей ставкалармен төлейді: 20%, азайтылған салық ставкасы 10%, бейрезиденттер15%. Жеке табыс салығын төлейтіндер – салық салу нысандары бар резидент және резидент емес жеке тұлғалар. Есептеу ставкалары: жинақтаушы зейнетақы қорларына берiлетiн зейнетақы төлемдерiн қысқартқандағы табыс соммасының 5 тен 20 пайызына дейнгi ставка бойынша есептелiнедi, табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.дивиденттер, сыйақылар мен ұтыстар түрiндегi табыстарға 5% . Көлік құралдары салығынтөлеушілер – меншік құқында салық салу нысандары бар жеке тұлғалар, меншік құқында салық салу нысандары бар заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері.Салықты есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі (АЕК). Мысалы; жеңіл автокөліктерге 4-тен 117 АЕК дейін, ал ауыр автомобильдер мен арнаулы автомобильдер 6-дан 15 АЕК дейін. Жер салығынтөлеушілер – меншік құқында, тұрақты жер пайдаланушы құқында және алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар. Ставкалары:5000 шаршы метрге дейін - әрбір шаршы метр үшін 0,20 теңге; 5000шаршы метрден жоғарғы –әрбір шаршы метр үшін 1,00теңге.Жергілікті өкілді органдар шешімі бойынша 5000шаршы метрден жер салығы үшін салық ставкасын әр 1 шаршы метр үшін 1,0 теңгеден 0,20 теңгеден дейін төмендете алады.

 

 

Бағалы қағаздар ерекшеліктері мен қызметтері.

Бағалы қағаздар-иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша

сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар. Бұл

анықтамада мүліктік құқық бағалы қағаздарды кеңінен түсінуді қажет

етеді:

1. Олардың иелерінің белгілі бір шаруашылық жүргізуші объектінің капиталына қатысуын және бұл қатысудан табыстың бір бөлігін алуын растайтын құжаттар ретінде;

2. Оларда тұлғаланған мүліктік құқықтарды іске асыру және иеленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын құжаттар ретінде; бұлай баяндауда «бағалы қағаздар» ұғымы бірқатар есеп айырысу шаруашылық операцияларды: коносаменттерді, варранттарды қамтиды.

3. Қарыздық қатынастар мемлекеттік, сондай ақ корпоративтік бағалы қағаздар ретінде де тұлғаланады.

Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын

айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар-міндетті түрде оның ұстаушысының

қалайдабір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар

мен басқа да бір белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе

нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ бағалы қағаздар

белгілі бір коғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне

қатысуға және басқаруға құқық береді.

Бағалы қағаздар нарығының басты қызметтерiн келесiдей топтастыруға болады:

Жалпы нарықтық қызметi:

· Коммерциялық, яғни осы нарықтағы операциялардан пайда табу;

· Баға белгілеу, яғни нарықтық бағаларды қалыптастыру және олардың

өзгеруін, қозғалысын қадағалау;

· Ақпараттық қызмет,яғни нарыққа қатысушыларға қажетті ақпаратты

жариялау;

· Реттеу, яғни нарықтық сауда жүргізу, оған қатысу, қатысушылар

Арасында болған дауды шешу туралы ереже шығару және бақылау органдарын құру қызметтері жатады.

Ерекше қызметiне:

· қайта бөлу, яғни бағалы қағаздардың айналысы арқылы к/о-р,

Мемлекет және халық, сонд-ақ салалар мен аймақтар арасында ақша