Мемлекет қаржысындағы шығарып тастау және бөлгіштік қағидасының мәні.

Мемлекет қаржысы- мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады.

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты экономикалық қызметке қатысады және мемлекет қаржысының қоғам дамуында, экономиканың жетілуінде маңызы зор.

Мемлекет өндіріске тура қатыса алады және белгілі бір тауарларды, игіліктерді, қызметтерді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларға тікелей қатынаса алады. Қоғамдық тауарлардың нарықтық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол- олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидасының іс-әрекетіне ұшырамайды. Бөлгіштік қағидасы-жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.

Шығарып тастау қағидасы-тұтынушы егер ол тауардың нарықтық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.Қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде- құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.Қоғамдық тауарлар бөлінбейді өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидасы іс-әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде,ал қоғамдық тауарлардан пайда өндіру кезінде ажыратылады.Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидасының ықпалына түсіп кетеді. Яғни оларға баға белгілеуге және оларды кәсіпкерлік құрылымдар арқылы өткізуге болады. Мысалы, бірқатар медициналық қызметтер, білім деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілеген кепілдікті минимумнан жоғары қамтамасыз етіледі.

 

 

43.ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру ,пайдалану және басқару
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын,мемлекеттің қаржы активі түріндегі,сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі активтері ҚР-ң Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор(ҰҚ) мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру,сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың жағдаятына республ-қ ж/е жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемл-ң тұрақты әл/к-эк/қ дамуын қамтамасыз етуге,қаржы активтерінің ж/е материалдық емес активт-ді қоспағанда,өзге мүліктердің қорлануына,эк-ң мұнай секторына тәуелділігін ж/е қолайсыз сыртқы факторл-ң ықпалын төмендетуге арналған.Яғни, Қазақстанның ҰҚ қалыптастыру – болашақ ұрпақ үшін қорланымды ж/е елдің эк-н келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. ҰҚ-ң түсімі мен жұмсалуы ұлттық ж/е шетелдік валюталармен жүргізіледі.ҰҚ-ға жіберілетін бюджеттік түсімдер ҰҚ-ды қалыптастыру көздері б.т. 2009ж.басында ҰҚ қаражаттарының сомасы 3,3 триллион тг/ні – 27,3млрд.$ н/е елдің барлық алтын-валюта резервтерінің 60,5%-ын құрады.

ҚР ҰҚ қалыптастыру мен пайдалану әлемдік,ішкі тарау ж/е қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемл-гі және шет елдердегі эк-қ жағдай,бұл ретте макроэк-қ және фискалдық тұрақтылық және ҰҚ-ң негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып,ҚР-ң әл/к-эк/қ даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады. ҰҚ-ды қалыптастыру ж/е пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі,сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары б/ша шешімдерді Президент қабылдайды.

ҚР-ң ҰҚ-н сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде ҚР-ң Ұлттық банкі жүзеге асырады. ҚР-ң ҰҚ-н басқару жөніндегі кеңес – ҚР-ң Президенті жанындағы ҚР-ң ҰҚ-н тиімді пайдалану ж/е оны,материалдық емес активтерді қоспағанда,шетелдік қаржы құралдарына орналастыру жөніндегі ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесші орган б.т. ҚР-ң ҰҚ-н басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді,оның құрамы мен ҚР-ң Президенті бекітеді.

 

 


44 Шаруашылық субъектілердің қаржылық қорлары

ЖШС қаржысы – өнім өндіріп,сату негізінде ақшалай табыстарды,қорланымдарды,қорларды жасау мен бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар.

Шаруашылық–қаржылық қызмет үдерісінде ШЖС/лар қаржылық қорларды –белгілі бір мақсаттарға арналған ақшалай қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады.ШЖС/ң жұмыс істеуі үшін маңызды қорлар болып табылатындары: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық және жөндеу қорлары. Дербестік жағдайларында ШЖС–лар басқа да мақсатты ақшалай қорларды құруы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым дамуына қатысудың үлестік қоры және т.б.Жарғылық қор (капитал) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген ШЖС (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда ШЖС/ды құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі б.т. оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық қордың мөлшері шаруашылық қызмет үдерісінде өзгеріп отырады.ШЖС/ң қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорларын құрады.

Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді: бүкіл жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу шығындары; ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар; еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақшалай және натуралдық нысандардағы қаражаттар; материалдық көмек; еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар; ШЖС/ң мүлкіне салынған жұмыскерлердің акциялары мен салымдары бойынша төленетін табыстар(дивидендтер, табыстар); оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнертабу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа жеке сипаттағы төлемдер.Қор қаражаттары жұмыскерлердің жеке тұтынуына жұмсалады.

Қорлану қоры: ШЖС/ң қарамағында қалатын табыс (пайда); негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар; шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім – ақша; банктердің кредиттері; жай акцияларды қосымша шығару; басқа да көздер есебінен қалыптасады.

Қорлану қоры пайдаланылады: ғылыми – техникалық дамуға, жаңа өнімдерді игеруге; табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға; өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомобиль жолдарын, есептеу орталықтарын, жөндеу, энергетика, құрылыс және басқа өндірістерді) салуға үлестік қатысуға; құрылысты және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін (тұрғын үйлерді, клубтарды, демалыс үйлерін, пансионаттарды, санаторийледі, емхана мен ауруханаларды, балалар мекемелерін, спорт объектілері мен ғимараттарын, қосалқы ауыл шаруашылық өндірістерін) салуға үлестік қатысуға.Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар тұтыну мен қорланудың кешенді қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке – жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады:жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.

Ұдайыөндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде резервтік қордың(резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры)маңызы зор.Қаржылық резервтерді ШЖС/ң өздері меншікті қаржылық ресурстар есебінен басқару құрылымдары, мамандандырылған сақтық ұйымдары және мемлекет жасай алады. Оның мақсаты – шаруашылық – қаржылық жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады.

ШЖС/ң валюталық қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады: экспорттық валюталық түсім – ақшадан; жарғылық капиталға түсетін жарналардан; банктердің, соның ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық кредиттерінен; ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пункттері арқылы валюта сатып алу; бейрезиденттер көрсететін қаржылық көмек. Бұл қорларға активтерге инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б. нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қаржы қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептелінеді.Валюталық қорлар ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік – мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел тауарларын, дәрілік заттарды және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюталық қорлардың қаржысы ізгіліктік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдаланылуы мүмкін. Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізуүшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай – күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады.

 

 


45.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

Әлеметтік сақт-ру қоры-аумақ-қ,сала-қ тұрғыда бөлінетін жалпы мемл-к ресурс-ң орталық қоры.әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорынд-ң,ұйым-ң ж/е кәсіпкер-к қызметпен айналысатын тұлғаара-қ қаражат-р-ң міндетті түрде қатысуымен сақтандыру әдісі құрылады.Мақсаты-қоғам-қ ұдайы өнд-с-ң үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азамат-рды,мүлік-рді,өнд-с процесін қоғам-қ ж/е ұжым-қ қорғау б.т.Міндеті-әлеум-к сақтандыруды қолдану саясатын кеңейту,міндетті сақт-ру түр-рін нақтылау,халықаралық стандартты ескере отырып,сақтық қадағалау жүйесін ұйымдастыру. Заң:ҚР 25сәуір 2003 ?405Капиталы:қордың өз қаражат-ры жарғылық капиталынан ж/е активтерден алынатын комиссиялық сыйақыдан тұрады.Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың бірі б.т. қор жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен ҚР үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 273 қаулысына сәйкес құрылды. Қор коммерциялық ұйым емес. Миссиясы: ҚР да міндетті әлеуметік сақтандыру жүйесін енгізу. Мемлекеттік әлеуметтің сақтандыру қорының жасалу көздері:1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналарынан(немесе арнаулы салық); 2) мемлекеттік бюджеттің қаражаттары; 3) санаторийлерге,демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс; 4) басқа да көздер. Жұмсалу көздері: 1) жәрдемақылар төлеуге(еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша, жүкті болғанда және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа толғанға дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері); 2) санаторлық курорттық қызмет көрсетулерді қаржыландыруға; 3) кәсіпорындардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.