Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

.Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюд­жет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.

Бюджеттен тыс қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінін маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бµлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табыла­ды:

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік
және аймақтық болып бөлінеді.

Экономикалық қорлар —экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар — бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.

Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.

Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары мыналар: жарғылық қызмет; артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау; коммерциялық қызмет.

Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар — бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.

Арналымы — мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды қаржыландыру:

а)арнаулы мақсатты салықтар;

ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;

б)бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;

в)қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;

г)ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.

Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:

отандық көсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;

арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге;

зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер кµрсетуге;

қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік әріптестерге беруге болады.

Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік органдарының — орталық, республикалық және жергілікті органдарының қарамағында болады. Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:

а) салық тµлеуден босату;

ә)кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер болмайды).

Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің сипатымен және ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әр алуандығы мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы
жағдайы әсер етеді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жµн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.

Қаржы институттарының — бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалды. Жасалу көздері:

1)кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы салық);

2)мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;

3)санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс;

4)басқадай көздер.

Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:

1.Жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті болғанда және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа толғанға дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері).

2.Санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.

3.Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры:

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері.

а) зейнетақылар мен жәрдемақылар тәлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісінұйымдстыру;

ө) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.

Зейнетақы корының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:

1)міндетті зейнетақы жарналары;

2)меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар.

3)жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;

4)жоғарғы органдардың қаражаттары;

5)ерікті зейнетақы жарналары және т.б.

Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:

1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;

2) балаға қарау жөніндегі жәрдем.ақыларды төлеу;

3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;

4)зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар;

5)қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық базаны дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру.

Бюджеттен тыс қорлардың органдары:

басқару;

атқарушы органдар;

тексеріс комиссиясы;

қордың аймақтық бөлімшелері.

Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі үшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында "Мақсатты қаржылаңдыру қоры" бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.

Қазақстанда Астана қаласын экономикалық және әлеуметтік дамыту үшін "Жаңа астана" қоры сақталынған. Бұл қор:

1)кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеңілдетілетін қаражаттар;

2)Астана қаласында тұрғын үй құрылысына бағьпталатын және іс жүзінде мақсатты арналымға пайдаланылған қаражаттар;

3)мемлекеттік бюджет қаражаттары;

4)қалада құрылыс пен абаттандыруды жүзеге асыратын шетелдік инвестордың қаражаттары;

5)шет елдердің үкіметтерінің, фирмаларының және компанияларының мақсатты гранттары есебінен жасалынды.