Эссе. Қаржы дағдарысының екінші деңгейлі банктердің қызметіні әсері.

Дағдарыс жағдайында экономикалық үдерістерді ынталандыру мен үйлестіруде мемлекеттің рөлі анықтаушы мәнге ие болады.

Экономикадағы рецессия әдетте іскерлік белсенділіктің құлдырауы, ЖІӨ өсім қарқынының, тұтыну сұранысының төмендеуі секілді қазір бүкіл әлемде байқалып отырған түрлі құбылыстармен қатар жүреді. Еліміздің қаржы нарығына келсек, банктердің сырттан белсенді түрде қарыз алу саясаты бірқатар тәуекелдердің тууына және өсуіне әкелді. Әлемдік қаржы рыногындағы тұрақсыздық отандық банк секторындағы жағдайды да күрделендіріп, сол арқылы төлемпаздық тәуекелінің артуына, кері қаржыландыруға әкелді.

Ел Президентінің кеңейтілген Үкміет отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын қадағалау агенттігімен бірлесіп, Қазақстанның қаржы жүйесі мен экономикасын тұрақтандырудың 2009-2010 жылдарға арналған жоспарын әзірледі. Онда өзге де іс-шаралармен қатар, қазақстандық банк секторының төлемпаздығы мен капиталдануын нығайтуға және қолдауға бағытталған кешенді шаралар да қарастырылған. Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктерді қосымша капиталдандыру арқылы мемлекеттік қолдауды ұсыну, Ұлттық банк тарапынан төлемпаздықты сақтау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» шығаратын облигацияларды ҚР Ұлттық қорының сатып алуы арқылы банктерге төлемпаздықтың қосымша көздерін ұсыну. Мәселен, Агенттік әзірлеген ұсынымға сәйкес, Үкімет еліміздің Альянс Банк, ТұранӘлемБанкі, Халық Банкі және Казкоммерцбанкі секілді жүйеқұраушы төрт банкінің акционерлеріне олардың капиталдарын нығайту шарасы ретінде акционерлік капиталдарына қосымша қаражат құю туралы ұсыныспен шықты. Бұл ұсыныстың аясында қосымша капиталдануды қарапайым және басым акциялар эмиссиясы арқылы және жалпы көлемі 5 миллиард АҚШ доллары сомасында субординді заемдар беру арқылы жүзеге асыру көзделеді.

Акционерлерге жаңа шығарылған қарапайым және басым акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы беріледі де сол арқылы банктерге қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті капиталдану көлемі ұсынылады. Бұл ретте, Үкіметтің қандай да бір банктің капиталындағы бақылау пакетін сатып алуды жоспарлап отырмағанын атап айту керек. Жоспар іске асқан жағдайда, мемлекеттің меншігіне жоғарыда көрсетілген 4 банктің дауыс беретін 25 пайыз акциялар үлесінің түсуі көзделуде. Бұл банктердегі мемлекеттің мүддесін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» қадағалайтын болады. Банктердің жоғарыда аталған бағалы қағаздарын сатып алу үшін Қор мемлекет тарапынан қосымша 5 миллиард долларға капиталдандырылды.

Жоғарыдағы банктерге төлемпаздықтың қосымша көздері ретінде ұсынылатын және Ұлттық қор арқылы сатып алынатын облигациялардан түсетін қаражат экономиканың нақты секторын, соның ішінде серпінді және инфрақұрылымды жобаларды да несиелеуге, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыруға бағытталады. Ал уақытша бос қаражаттар бірқатар банктердің депозиттеріне салынып, олардың жаңа жобаларды несиелеуіне және ағымдағыларын қаржыландыруына мүмкіндік береді.

Мемлекет осының бәрін серпінді және инфрақұрылымдық жобаларды қоса алғанда, экономиканың нақты секторын несиелеуді ынталандыру үшін, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыру үшін істеп отыр. Төлемпаздық көлемінің одан әрі қысқаруы мен сыртқы қарыз алу көздерінің шектеулілігі банк активтері сапасының нашарлауына, экономиканың нақты секторын несиелеу көлемінің қысқаруына, түпкі нәтижеде қазақстандық кәсіпорындардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне әкелді. Мұндай жағдайда экономикалық үдерістерді ынталандыру мен үйлестіруде мемлекеттің рөлі айқындаушы мәнге ие болатынын бірқатар елдердің үкіметтері мен реттеуші органдарының әрекеттері көрсетіп отыр.

Қазақстандық қор биржасының веб-сайтында орналастырылған ақпаратқа сәйкес, «ҚазМұнайгаз» Барлау және өндіру» АҚ-ының директорлар кеңесі KASE сауда жүйесінде және Лондон қор биржасында орналастырылған, жалпы құны 350 миллион доллардың қарапайым акцияларын сатып алу бағдарламасын мақұлдады. Бұл шешімді директорлар кеңесі акцияларының ағымдағы нарықтық бағасы олардың нақты құнына сай болмауы себепті қабылдаған. Алайда бұл жерде эмитенттердің отандық және шетелдік нарықта айналып жүрген акцияларын кері сатып алуы олардың қаржылық жағдайының нашарлағанын көрсетпейді, қайта өздері шығарған акциялар құнының төмендеуіне байланысты тәуекелдерді азайтуға ұмтылысын айғақтайды.

2-жауап). Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.

Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалады.

Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.