Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Қ» дыбысы және әрпімен таныстыру

Бөлімдері: Сауат ашу және жазу

Күні, айы, жылы: 10. 12. 2014 жыл

Мақсаты

Білімділік: Қысқа сөздерге дыбыстық талдау жасау, буындарды оқу, қысқа сөздерді оқу, торкөздермен сурет салу, штрихтау қабілеттерін жетілдіру.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, жазу дағдысын, қол қимылын дамыту.

Тәрбиелік: Достық қарым-қатынасқа, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Қостілдік компонент: Киіз үй – юрта, ұлттық ою – өрнектер – таныстық.

Көрнекілік құралдар: Жұмыс дәптері, қима әріптер, қолайна

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Үстел үстіне ұлттық бұйымдарды қоып, балаларға көрсету, аттарын атап, қолдарына ұстап көрулеріне тапсырма беріледі. Бұйымдарға назар аударып, ұстауға әрекет жасайды.
    Ұйымдастыру- іздестіру   - Балалар, сендер не көріп отырсыңдар? - Дұрыс айтасыңдар. Мұның бәрі – қазақтың ұлттық бұйымдары. - Мына киіз үй неден жасалған? - Ал мынау не? - Сырмақ неден жасалған? - Балалар, мына сырмақ қандай ою – өрнектермен әшекейленген? Түсіндіру - Сырмақ, киіз үйді қойдың жүнінен жасайды. Сырмақтың бетін неше түрлі ою – өрнектермен әшекейлейді... - Балалар, біз қазақ халқының ою – өрнектерімен, сырмақпен таныстық. Сырмақ – өрнектелген төсеніш. Қостілдік компонент Киіз үй – юрта, ұлттық ою – өрнектер – таныстық. -Сендер атаған оюлардың бәрі де «қ» дыбысын басталады. -Балалар, бүгін біз «қ» дыбысымен және әрпімен танысамыз. Дыбысты біз естиміз, ал әріпті көзімізбен көреміз, Мысалы, қолымызды шапалақтасақ, үстел үстін ұрсақ, дыбыстар естіледі. Ал әріптерді қолымызбен жазамыз және көзімізбен көреміз. -Кәне, бәріміз «қ» деп қолайнамызға қарап айтайық. «Қ» дыбысының дұрыс артикуляцисы мынадай: ерін тістің жағы таңдайға тиеді. Міне, осыдан «қ» дыбысы жасалады. - «Қ» - дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? - Енді өздерің «қ» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдар. - Дұрыс айтасыңдар. Мен бір өлең шумағын оқимын, қай сөзде «қ» дыбысы бар екенін еске сақтап отырыңдар. Құлыншағым – құндызым, Құлдырайды, шабады. Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат қағазды. ( І.Жансүгіров) Сергіту сәтін ойын арқылы өткізуге болады. «Жасыл қияр» ойыны Балалар шеңбер бойымен жүреді. Ортада бір бала тышқан болып отырады. Балалар өлең жолдарын айтады: Қияр, қияр, қиярлар, Алысқа кетіп қалмаңдар. Ұйықтап жатыр дәу тышқан, Оятып енді алмаңдар! Оянған тышқан балаларды қуып ұстайды, ұсталған бала «тышқан» болады. - Балалар, міне – «қ» әрпінің баспа және жазба түрі. Осы әріпті ауада жазып көрейік. - Осы «қ» әрпіне өзіміз өткен әріптерді қосып, қысқа сөздер жазайық. Сол сияқты басқа сөздерге де дыбыстық талдау жасату. - «Қар» сөзі неше дыбыстан тұарды? - Неше буын? - Неше дауысты дыбыс бар? Қызыл, көк түстерді қою арқылы талдау жасатады. Педагогтің көмегімен буындарды оқу. Қысқа буындарды оқыту. «Ойлан, тап!» дидактикалық ойынын ойнатуға болады. Ойын шарты: педагог жұмбақ жасырады, балалар жұмбақтың жауабын тауып, сөйлем құрайды. Дәптермен жұмыс: дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Жеке жұмыс жүргізіледі. - Киіз үй, торсық, сандық, сырмақ, қоржын, кебеже. - Киізден, ағаштан жасалған. - Сырмақ. Киізден жасалған. - «Қошқармүйіз, құсқанаты, құстұмсық» деген оюлармен өрнектелген. Балалар тыңдайды.     Балалар сөздерді екі тілде қайталайды.   «Қ» деп қайталайды. Қолайнаға қарап, үш дауыста айтады.   - Дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз. - «Құмыра»,«қасық», «қоржын»,«қолшатыр»,«қас»,«қайшы»,«қозы», «құлын»,«қасқыр».     Балалар «қ» дыбысы бар сөздері есте сақтап айтады.   Сергіту сәтін ойын түрінде ойнайды. Ойынды жалғастырады.     Балалар «қ» әрпін ауада жазады.   Қар,қас,қан,қора сөздерін қималармен жазып, оқып, дыбыстық талдау жасайды. - Үш дыбыстан. - Бір буын. - Бір дауысты дыбыс бар. Қ – дауыссыз, А-дауысты, Р-дауыссыз дыбыс. Қ – дауыссыз дыбыс. А – дауыссыз дыбыс. С – дауыссыз дыбыс. ҚА,ҚҰ,ҚО,ҚЫ,ҚЫ,ҚӘ, ҚАН,ТАҚ. Жұмбақты шешіп, сөйлем құрайды. Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   Қорытындылау: - Бүгін қандай дыбыспен таныстық? - «Қ» дыбысы қандай дыбыс? - Қандай сөздерге дыбыстық талдау жасадық?   - «Қ» дыбысымен. - Дауыссыз дыбыс . - Қар, қас сөздеріне.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Әріп пен дыбыс айырмашылығын, буын жайлы түсінікті, өтілген әріптердің дауысты, дауыссыздығын;

Қандай түсініктерді игерді: ою – өрнектер аттарын атауды, ойлап сөз құрауды, сөздерге дыбыстық талдау жасауды.

Меңгерген дағдылары мен түсініктері: қысқа сөздерді оқып, мағынасын түсінеді. Өлең сөздердің арасынан бүгін өткен әріпті табуды.