Лыншақ» ересектер тобы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Адам-табиғаттың бір бөлігі»

Бөлімдері: Экология негіздері

Күні, айы, жылы: 13. 10. 2014 жыл

Мақсаты

Білімділік: Адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Адамның сезім мүшелерінің табиғатты танып-білудегі атқаратын рөлі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Балалардың тілін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру, қиялдарын байыту.

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Қостілдік компонент: Сезім мүшелері – органы чувств, дене мүшелері – части тела, көз – глаза, мұрын – нос, тері – кожа, құлақ – ухо

Көрнекілік құралдар: Табиғат туралы сюжетті картина, мақта, «Сезім мүшелері» туралы ойын, айна, жұмыс дәптері

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық -Біз бүгін адам туралы айтатын боламыз. Адам мен табиғат – бір тұтас дүние. -Ал адам өмір сүруі, тіршілік етуі үшін, жұмыс істеуі, қозғалуы үшін не керек? - Айналадағы дүниені танып – білуге адамның қандай сезім мүшелері көмектеседі?   - Адам өмір сүріп, тіршілік етуі үшін, дене мүшелері қажет.    
    Ұйымдастыру- іздестіру   - Көз – адамның негізгі көмекшісі болып табылады. Ол қандай қызмет атқарады? - Көз туралы не айтуға болады? -Көздің түсі қандай, қалай күту керек? Көзге арналған гимнастика 1. Көзіңді қатты жұм да, қайтадан аш. 3 – 4 рет қайталау 2.Саусақтың ұшымен қабағыңды 1 минут шамасында сипа. 3.Көзді айналдыра қозға: солға – жоғары – оңға – төмен.10 рет қайталау 4.Қолдарыңды алдыға соз. Саусағыңның ұшын жайлап мұрныңа қарай жақындат. Содан соң қайтадан жайлап алдыға соз. Осы қимылды көзіңді жүргізіп бақыла. 5 рет қайталау 5.Терезден қара, ең алыс нүктені тауып, көзіңді 1 минут тоқтатып қара.   Есту мүшесі. - Дыбыстарды естуге сендерге не көмектеседі? - Құлақты күту үшін не істеу керек? Музыка қойылады. Балалар құлақтарын мақтамен тығындайды. - Не болғанын айтыңдар. - Қандай қорытынды айтасыңдар? - Есту – адам үшін ең үлкен байлық. Біз күнделікті тағы қандай сезім мүшесін күтіп ұстауымыз керек (күнделікті таңертең жуынғанда). - Тіс не үшін керек? Оны қалай күту керек? - Тіс неге ауырады? Қостілдік компонент: Сезім мүшелері – органы чувств, дене мүшелері – части тела, көз – глаза, мұрын – нос, тері – кожа, құлақ – ухо. Сезім мүшелерін дұрыс күту, дұрыс күтпеуге берілген әртүрлі жағдайлар бейнеленген суреттер көрсету - Сонымен сезім мүшелері арқылы нені танып – білеміз? Сергіту сәті. Картотека №11 «Дене мүшелері» - Табиғатты қандай екі үлкен әлемге бөлеміз? - Адамның табиғатпен қандай байланысы бар? Табиғатта демалып, жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігін бақылап жүрген адамдар бейнелеген сурет көрсету.   - Ол айналадағы дүниенің бәрін көруге, көлемін, орналасқан орнын ажыратуға көмектеседі.   Балалар көздеріне арналған жаттығуларды тәрбиешімен ілесе орындайды.     Балалар сұрақтарға жауап береді. - Айналадағы дыбыстарды құлақ арқылы естиміз. Құлақты үнемі таза ұстау керек. - Дыбыстар жоқ болып кетті. Еш нәрсе естілмейді. - Құлақ арқылы айналадағы барлық дыбыстарды естиміз. Балалар тісті қалай күту керектігін айтады.   Сөздерді екі тілде қайталайды. Балалар сурет бойынша ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін айтады.     Сергіту жаттығуларын қимылмен қайталайды.     Балалар сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша әңгімелейді
  Рефлексивті- түзетушілік   Қортындылау: - Адамды неге табиғаттың патшасы деп атайды? - Дұрыс айтасыңдар. Адам – табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан ол табиғатқа қамқор болуға міндетті. Ол бәрін табиғаттан үйренеді   - Өйткені адам табиғатқа өз ықпалын тигізе алады. Егер дұрыс қарамаса, табиғатты бүлдіреді. Табиғатқа қамқор болу да соның қолында.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Өз ойын дұрыс жеткізеді; сезім мүшелерін күтуді біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Адамның табиғаттың бір бөлігі екенін; адамның табиғатпен тығыз байланысын; адамның табиғатқа ықпалын түсінді.

Меңгерген дағдылары мен түсініктері: Дене мүшелерінің және сезім мүшелерінің атқаратын қызметі туралы білімді.

 

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Л», «Р» дыбыстары. «Ақсақ құлан» аңызы

Бөлімдері: Тіл дамыту

Күні, айы, жылы: 8. 12. 2014 жыл

Мақсаты

Білімділік: Балаларды «Ақсақ құлан» аңызының мазмұнымен таныстыру, құланның қандай аң екенін түсіндіру, сұрақтарға толық жауап бере білуге үйрету; «л», «р»дыбыстарын сөз ішінде анық айтуға үйрету

Дамытушылық: Балалардың аңшылық туралы ұғымдарын кеңейту, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Хайуанаттарға қастық жасамауға тәрбиелеу.

Қостілдік компонент: құлан – кулан, жабайы – дикий, аңшы – охотник

Көрнекілік құралдар: Жылқы тектес жануарлардың үлгі суреті, қолайна, демонстациялық құрал, төлдердің атрибуттары

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Суретпен жұмыс: Жылқы тектес жануарлардың үлгі суретерін ( жылқы, есек, алақұлан, пони, құлан) іледі. Әр суретке тоқталып, түсінік беріп, құлан да жылқы тектес жануар екенін кеңінен айтады.   Үлгі суретке назар аударып, қарап отырады.
    Ұйымдастыру- іздестіру   - Балалар, құлан – жылқы тектес жануар. - Сендер жылқыны білесіңдер ме? - Құланның да жылқы сияқты жалы бар, бірақ ол – жабайы жануар. Ертеде аң сияқты құланды да аулап, етін жеген. - Сендер бүгін «Ақсақ құлан» аңызымен танысасыңдар. -Аңыз – түп нұсқасы болған оқиға. Ауыздан – ауызға ұмытылмай жеткен оқиғаны аңыз деп айтамыз. «Ақсақ құлан» аңызын оқып беру: Жошы ханның ашамайға мінігізген жас баласы аңшылырмен бірге жүріп, бір жерде қашып бара жатқан ақсақ құлаңды қуып кетіпті. Ақсақ құлан жүйткіп бара жатқан бір топ құланға қоысылыпты. Баланың астындағы жүйрік тұлпар елігін, құйырғын шаншып құйғытып, құландарға қосыады.Құланның әңгісі баланы шайнап өлтіріп кетеді. Аңшылар баланы іздеп таба алмайды. Жошы хан аңшыларға қаһарын төгіп: «Баламды өлді деп естірткен адамның аузына қоғасын құямын», - деп жарлық айтады. Аңшылар бір жерден баланың жұлмаланған қолын табады. Енді ешкім баласының өлгенін Жошы ханға айта алмайды. Ақыры көпшілік ордада отырып бір домбырашыға күймен жеткізуді сұрайды. Сұрақ-жауап: - Сендерге «Ақсақ құлан» аңызы ұнады ма? - Аңызда не туралы айтылған? - Жошы ханның баласы не істейді? - Құлан қайда қашады? - Баланың астындағы ат не істейді? - Ашуына тиген құлан әңгісі балаға не істеді? - Міне, балалар, аң екеш аңға да зәбір көрсетіп, қорлауға болмайды екен. Қостілдік компонент: құлан – кулан, жабайы – дикий, аңшы – охотник. Сөздік жұмысы: Әңгі – үйірді басқаратын, бастап жүретін айғыры. Сергіті сәті: Картотека №28 Арғымақ Мініп алып сабауға, Асыр салып жүр інім. Достары тұр маңвйды, Қызық көріп қылығын. Жақын келген баланы, Қағып – соғып кетеді. Арықтарын алдағы, Қарғып – қарғып өтеді. (Қ.Баянбай) Жаңа дыбыстармен таныстыру: - Балалар, «л», «р» дыбыстарымен танысайық. -«л», «р» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мынадай: ерін, тіл сәл ашылып, тілдің ұшы үстіңгі тістің түбіне тиеді. Ал тілдің артқы жағы көтеріңкі ортасы ашық болып, екі жағы тіске тимей, дем осы тілдің отртасынан шығады. Бірге айтып қайталайық. - «Л» - дауыссыз дыбыс. Жаттықтыру жұмысы: Ла – ла – ла – лақ. Лә – лә – лә – Ләззат. Да – да –да – дала. До – до – до - долана. Құ- лан. Құ- лақ. Қол- ғап. - «Л» дыбысы қайда кездесіп тұр?   - Енді «р» дыбысын буын ішінде кездесуі. Ра – ра – ра – Рабиға. Ар –ар – ар – Жанар. Та – рақ. Тыр – ма. Дом – бы – ра. Дид. ойын: «Төлді қалай шақырады» Ойын шарты: балаларға құлын, лақ, қозы, бұзау, бота атрибуттарын кигізу. Педагог: «пұшайт – пұшайт, аухау –аухау», - деп щақырғанда, сол атрибутты киген бала төлдің дауысын салып, ортаға шығады.   - Иә, жылқыны білеміз, атты көлік ретінде мінеді, еті – тамақ.     Балалар қайталайды: Ауыздан – ауызға ұмытылмай жеткен оқиғаны аңыз деп айтамыз     Қызығып тыңдауға әрекетенеді.   - Ұнады, өте қызықты екен. - Аңшылыққа шыққан Жошы ханның ұлы туралы айтылған. - Ақсақ құланды көріп қуып кетеді. - Бір топ құланға қосылады. - Елігіп, құландарға қосылып кетеді. - Баланы шайнап өлтіріп тастады.   Балалар сөздерді қайталайды.   Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл – қозғалыстар жасайды.   Балалар қолайнаға қарап, «л – л – л» деп қайталайды.   Педаго пен бірге қайталайды.   - «Л» дыбысы екінші буында кездесіп тұр. «Қол - ғап»   «Р - р» деп жоғары, орташа, төмен дауыспен қайталап айтады. Айнадан балалар еріндерінің жай ғана ашылғанын көреді. -«Р» дыбысы бірінші және екінші буында кездесіп тұр. Дом – бы – ра сөзінде үшінші буында кездеседі. Балалар дидактикалық ойынды ойнайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   Қортындылау: - Балалар, біз қандай аңызбен таныстық? -Қандай жаңа дыбыстармен таныстыңдар? - Сендер қандай үй жануарларының дыбысын салдыңдар? - «Ақсақ құлан» аңызымен. - «Р», «л» дыбыстарымен. - Бұзау, қозы, лақ, бота, құлын.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қойылған сұрақтарға жауап береді, төлдердің дауысын салуға арналған тапсырманы

Қандай түсініктерді игерді: аңыздың мазмұнын, құланның қандай аң екенін, аңдарға жамандық жасауға болмайтынын

Меңгерген дағдылары мен түсініктері: Сөздерді буынға бөле білу дағдыларын