Күншуақ» ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «0-ден 5-ке дейінгі сандар. Жиын. Элемент. Топ. Тең дәрежелі жиындар.

«=» таңбасы»

Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Күні, айы, жылы: 15. 12. 2015 жыл

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды = таңбасымен, оның мәнімен таныстыру, жиын элементтерін анықтау және сол жиыннан топ құрау, тең дәрежелі жиындарды дұрыс табуды үйрету.

Дамытушылық: Балалардың зейінін, сөйлеу және дәптерде бағдарлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: «Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны. Жеке жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, үлестірмелі материалдар, демонстрациялық материалдар

 

Іс –әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері: -Балалар, менің қолымда не бар? -Бұл гүл қалай аталады? -Осы раушангүлін бір-біріңе бере отырып, жақсы тілектер айтамыз: -Айша, сені бүгін көргеніме қуаныштымын, бүгінгі күнің сәтті өтсін, үйіңде ас көп болсын, сен ақылды қызсың.     Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты.
    Ұйымдастыру- іздестіру   Педагог фигуралар жиынын көрсетіп: -Бізде қандай тоқаштар бар екен? Балалардың әрқайсысын тақтаға шақырып, фигураларды қарамай бір-бірден алып, қорапқа салуды тапсырады. Көзді жұмып,қолымен сипау арқылы оның қандай фигура екенін табуға болады.Фигуралардың бәрі қорапқа салынғаннан кейін әр фигураны санау басталады. Мысалы,педагог бір фигураны алады, балалар дауыстап санайды. Сан жазылған карточканы алып, қораптың қасына қояды. Сопақшалар мен шеңбер 4- еуден екен. Яғни, олар саны жағынан тең. Қанша шеңбер болса, сонша сопақша бар деуге болады. Педагог «=» таңбасы бар карточканы алып,қораптар мен сандар арасына қояды. Бұл « теңдік » таңбасымен белгіленеді. Балаларға цифрлар мен теңдік таңбасы бар карточкаларды, сондай-ақ нүктесі мен сандар жазылған карточкаларды үлестіреді. Бес заттың суреті бар карточканы көрсетулерін сұрайды. -Бұл карточкалар туралы не деуге болады? -Цифрдың қасына нүктелер мен заттар саны жағынан сәйкес келетін карточкаларды қойып шығыңдар.Қандай сандарды алдыңдар? Олар тең бе? Ендеше, «5=5» деуге болады ғой? Карточкада қанша зат болса, сонша нүкте бар. Дәптерді алып, осыған ұқсас №1 тапсырманы орындайды. Содан соң «=» таңбасының қалай жазылатынын үйретеді. Сергіту сәті: Картотека № 11 Дәптердегі №2тапсырманы орындау: Суреттегі заттар тобын санап,оларды тиісті цифрмен белгілейді.Санның үлгісі- нүктелері бар карточканы алып, оны тиісті топтың астына жапсыру қажет. Балалар тоқаштардың түсі мен пішіні әртүлі болғанымен, өлшемі теңдей екенін айтады. -Тоқаштар шеңбер, ұшбұрыш, шаршы, сопақша пішіндес екен   Нүктелер мен заттар салынған карточкаларды алады.Суретте қанша зат болса сонша нүкте барын түсіндіреді.Яғни, «=» таңбасын қоюға болады.Теңдіктерді үстел үстіне қояды.     Сұраққа жауап береді: 5 цифрын екі рет алып,олардың арасына теңдік белгісін қояды.   Дәптердегі №1 тапсырманы орындайды.   Сергіту сітін қимылмен қайталайды.   №2 тапсырманы орындайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   Балалардың жиыннан топ құрауды қалай меңгергенін анықтау үшін №3 тапсырма беріледі.Араларды 2-еуден, гүлдерді 3-еуден топтастырып қоршап сызу керек.Содан соң неше топ пайда болғанын санайды. Қорытындылау: -Бүгінгі сабақта қандай таңбамен таныстыңдар? Ол нені білдіреді екен? Балаларға алғыс білдіреді және үстел үстін реттеуге шақырады. 3- тапсырманы орындайды.Сұрақтарға жауап береді.Сабақты қорытады. «=» таңбасы бір топта қанша болса,екіншісінде де сонша зат бар дегенді білдіретінін айтады. Үстел үстін реттейді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: «=» таңбасының міндеті және мәні; жиындарды белгілі бір таңбасына қарай топтарға бөлуге болатынын;

Қандай түсініктерді игерді: тең дәрежелі жиындар (заттар тобының теңдігі туралы) туралы түсінікті;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тең дәрежелі жиындарды анықтап, «=» таңбасын қолдануды.

 

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы