Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Күні, айы, жылы: 25. 12. 2014 жыл

Мақсаты

Білімділік: Балаларға Отан деген сөздің мағынасын түсіндіру, өзінің Отаны туралы әңгімелеп айтуға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Қостілдік компонент: Атамекен – родной край, отбасы – семья, бауырмал – почитающий родственников, қонақжай – гостеприимный.

Көрнекілік құралдар: Демонстрациялық материалдар, әр мемлекеттің шекарасы көрсетілген саяси карта

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Үнтаспадан Е.Хасанғалиевтің орындауындағы «Атамекен» әнін тыңдайды. Балалар орындарынан тұрып әнді тыңдайды, қосылып айтады.
    Ұйымдастыру- іздестіру   Сөздік жұмысы: Атамекен – ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған құтты қоныс, мекен. Қостілдік компонент: Атамекен – родной край, отбасы – семья, бауырмал – почитающий родственников, қонақжай – гостеприимный. - Біздің Отанымыз қалай аталады? «Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінуге болады? Мақалдың мағынасын талдау: «Отан – біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміздің табиғаты, ауылымыз, қаламыз». Демонстрациялық көрнекілікпен жұмыс - Әлемде өте көп елдер бар. Мына картада әр елдің жер аумағы бөліп көрсетілген . Енді картадан жер аумағы үлкен елдерді табыңдар. Сергіту сәті: Картотека №21 Бұл шақта, бұл шақта. Кішкентаймыз қазір біз, Кішкентай болсақ та Ел қорғауға әзірміз. Түсіндіру: - Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Дүниежүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәуелсіз республика деп таныды. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз, халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар. Балалар да өз ойларын жеткізеді: -Атамекен деп туған жерімізді айтамыз. Ол – менің атам, менің арғы бабаларым мекен еткен жер.Енді сол жерде мен туып – өсіп жатырмын. - Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан аталу себебі: жергілікті халық – қазақ. Біздің еліміз – көпұлтты ел. Қазақстанда тұратын басқа да көптеген ұлт өкілдері қазақстанды өзінің Отаны деп санайды. Балалар картадан әр елдің қандай жерді алып жатқанын көріп, Қазақстан жерінің де үлкен аумақты алып тұрғанын байқайды.     Мұқият тыңдайды, әңгімеге кіріседі. Туған қаланың, ауылдың көрікті жерлерінің суретін салады. Салған суретінің мазмұны бойынша не салғанын әңгімелеп атап береді.
  Рефлексивті- түзетушілік   Қорытындылау. -Біздің Отанымыз қалай аталады? -Тәуелсіз мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер? -Мемлекетіміздің Рәміздерін кім атайды? -Елтаңбада не бейнеленген? Неліктен? Т.с.с.   Балалар Отан туралы білгендерін әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Әнді, мақалдарды тыңдай отырып, мазмұнын түсінуге үйренеді, өз ойын жеткізуге дағдыланады.

Қандай түсініктерді игерді: Өз Отанының, жерінің, суының сол жерде тұратын адамдар үшін қымбат екенін, еліміздің егемендігі ата – бабаларымыздың аңсаған арманы екенін

Меңгерген дағдылары мен түсініктері: Өзінің туған жері туралы білетін білімін.

 

 

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Азайту. 0 ден 5ке дейінгі сандар. Жиын. Элемент. Топ. Белгілі бір белгісі бойынша жиынның бөлігін бөліп алу. «-» таңбасы»

Бөлімдері: ҚМТҚ

Күні, айы, жылы: 30. 12. 2014 жыл

Мақсаты

Білімділік: Азайту амалының мәнін ашу; «азайту» таңбасын қолданысқа енгізу, азайту амалдарын құрастырып, жазуды үйрету; алғашқы бестіктегі сандарының нумерациясын пысықтау.

Дамытушылық: Балалардың зейінін, кеңістікте ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Балаларды тәртіпке, реттілікке баулу, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: «Сиқырлы қалта» дидактикалық ойын. Жеке жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, үлестірмелі материалдар, демонстрациялық материалдар

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері: Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын күн келді, Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы күн, балалар!   Өлең жолдарын қимылмен жасайды. Бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.
    Ұйымдастыру- іздестіру   Ойын: «Кетті, кетті орамал» Ойынның шарты: Тәрбиеші: «Кетті, кетті орамал, шеңберді айнала ойынды бастайын, бір баланың қасына келіп орамалды тастайын» деп бір балаға орамалды береді. Тәрбиеші сұрағы: Сенің саның неше? Осы саннан бастап тура сана. Ойын әрі қарай жалғаса береді. Дәл осылай сандарды кері санаймыз. Дәптердегі 1 – тапсырмаға нүктелер мен цифрлар жазылған карточканы жапсыруды тапсырады. Балаларға азайтуға мысал құрастыруға көмектеседі. Жазудағы әр цифр мен таңбаның нені білдіретіні сипаттап береді.       Балалар ойынды қызыға ойнайды.     1-тапсырмаға тиісті цифрды сан үлгісі-нүктелерді жапсырады. Мысалдарды әртүрлі етіп оқиды немесе педагогтің соңынан қайталайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   №2 тапсырманы балалардың сабақты меңгеру деңгейін тексеру үшін береді: жазба мен оған сәйкес суретті сызық арқылы қосу. 5-1=4, 3-1=2, 4-1=3 Педагог балалардан жазу мен ондағы әр таңбаның нені білдіретінін сұрайды. Содан соң сабақты қорытындылайды. Балалардан қандай таңбамен танысқандарын сұрады: «Ол не үшін қажет? Оны қалай оқиды? (азайту, алу, алып тастау)». Бұрынғы өткенді қайталау үшін сабақта №3 тапсырманы орындауды тапсырады. Балалар әр бөлімге тағы бір элемент жапсырады. Сабақта белсенді қатысқаны үшін балаларға алғыс білдіреді. Балалар суретте не жазылғанын және оның цифрлар мен таңбаның көмегімен жазылғанын дауыстап айтады. Сабақты қорытуға атсалысады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: азайту белгісінің мәні және оның таңбасын («-»);

Қандай түсініктерді игерді: цифрлар мен таңбалар арқылы азайту амалын жазуды;

Меңгерген дағдылары мен түсініктері: азайту амалын «-» таңбасымен белгілеуді, азайту амалдарын түрліше оқуды.