Тақырып. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуының әдіс-тәсілдері, құралдары

Дәріс жоспары (1 сағат)

Дәріс

1. Өзін-өзі тану әдістері: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, жобалау

 

Өзін-өзі тану әдістері: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі жобалау. Өз тұлғасын маман ретінде модельдеу. өзін-өзі тәрбиелеу және өздігінен білім алу педагогтың өзін-өзі дамытуының әдісі ретінде. Портфолио - әрбір педагогтың кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуының құралы ретінде. Педагогтың кәсіби жетістіктерін жинақтау әдістемесі. Кәсіби қарым-қатынас. Тәлімгерлік.

С.М. Жақыпов жек мағыналық құрылымдарды емес, тұлғаның танымдық іс-әрекетінеде көрінетін ішкі психикалық құрылымдардың тұтас жүйесін қарастырды. Ол мотивацияның іс-әрекетке байланыстығын, мағына және мақсаттың пайда болуымен түсіндірді. Адамдардың бірлесіп әрекет етуіндегі ортақ мотив түрін бөлді. Ортақ мотив – іс-әрекеттің ортақ обьектісінен және іс-әрекетке қатысты тұлғалардың мағыналық жүйесінің өзара сәйкестілігінен байқалады, ол әрекет тиімділігіне едәуір әсер етеді.

А.А. Бодалев өзін-өзі танудың оптимальді мүмкіндігі адамдармен қарым-қатынас негізінде көрінеді, ал субьективті маңыздылығы субьект жағынан құндылықтар қатынасымен қарастырды. Мұндай қатынас негізінің сапасында субьектінің тану эталоны тұлғаның құнды қасиеттері жайлы, басқа адамдар және өзі жайлы білудің жиынтығы.

Өзін-өзі тану процесі - өзін тану, білу мақсатына жету әрекеттердің ауысуы, ал өзін-өзі тану құралы - өзін-өзі бақылау, өзіндік талдау, өзін басқалармен салыстыру. Өзін-өзі бақылау өз іс-әрекетін, қылығын, ішкі жағдайларына бақылау жасау және ол мақсат-бағдарлы болып келеді. Өзін-өзі бақылау – мінездік сипатын, қарым-қатынас ерекшелігін, тұлға қасиеттерін анықтауға мүмкіндігін тудырады.

Өзін-өзі талдау, өзін-өзі бақылау арқылы және бақылаудың соңында талдау жасалынады. Алайда, адам өзін үнемі өзгелермен салыстырады, ал салыстыру әдісі өзін-өзі тану компоненті ретінде өзін-өзі бағалауы қалыптасады.

Моделдеу – бұл өзін-өзі танудың арнайы тәсілі. Мысалы, психологтың көмегіне сүйену, алайда, психологпен әңгіме жүргізуде, қарым-қатынас жасауға кез келген адам жете бермейді. Сондықтан өзіндік нәтижесін өңдеу жұмысын дербес жүргізуге болады. Моделдеу - жеке дара қасиеттердің бейнеленуі. Мұның қарапайым әдістері - өзін суреттеу, «Мен қазіргі шақта», «Мен болашақта», «Мен дос ретінде», «Мен студент» т.с.с. сурет өзіндік талдауды жеңілдетеді (мен қандаймын?, менде қандай қасиеттер басым?, мен нені қажет етемін?, мен не істей аламын?). Егер суретте белгілер айқын көрсетілген кезде, бұл тәсіл тиімді болады. Сондай-ақ, практика өзін-өзі тану процесін жеңілдетеді және өзіне басқа жағынан қарауға көмектеседі. Мысалы, рөлдік ойындар, психодрама.

В.Г. Маралов бойынша өзін-өзі тану нәтижесінің негізі - өзі жайлы білімнен келіп туады. Бұл білімдер жақындық принципі бойынша топтастырылады. Сондықтан да өзін-өзі тану процесі аяқталмайды. «Мен» концепциясын жете білу көбінесе адамның өзіне байланысты, яғни, өзін-өзі қабілеттілігі, талпынысы және өзін-өзі тану жүйесімен айналысуы.

Өзін-өзі тану нәтижесі ретінде өзіне деген эмоционалды құндылық қатынасы бойынша төмендегідей тұлғаның компоненттерін айтуға болады. Олар ұқсастық, өзіндік қабылдау және өзін сыйлау.

Австриялық ғалым К. Лоренц адамның өзін тануға қалауының болмауы, өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастырғысы келмегендіктен деп есептейді. Кедергі келтіретін топтарды төмендегідей көрсетті.

1. Талдау, бағалау, қабылдау әрекеттерінің қалыптасуынан, ұқсастыру мен рефлексия құралдарының дұрыс қолдана алмауы, өзін тұлға ретінде қабылдауға, дәлме-дәл қабілетінң төмен болуы.

2. Өзін тануда қорқыныш сезімнің болуы, қоршаған ортаның талабына сай өзін бағалауға тырысу.

Аталған кедергілерді жеңуде адамның бойындағы үрейді, қорғаныс және сақтануды қалыптастыру, өзін-өзі сыйлау деңгейі мен өзін-өзі тану әдісі арқылы адамды оқыту, өзін-өзі тәрбиелеуде ең тиімдісі болып табылатын – бұл адам алдына өз бетінше мақсат қоя білу, сол мақсатқа жетуге өз еңбегімен жетуге тырысу.

Қорыта айтқанда, өзін-өзі тану – бұл өзін тану мен тұлғалық, интеллектуалдылық ерекшеліктері және қасиеттері, басқа адамдармен қарым-қатынас , өз бойынан белгілі бір қасиеттерді қабылдау процесі.

Өзін-өзі тану өзіндік сана құрылым компонент ретінде әрекет етеді. Өзін-өзі тану аймағына және саласына сана, бейсана, адамның сыртқы және ішкі дүниесіндегі әрекет, тұлғаның позитивті сәйкестілігінің қалыптасуы, оның өзін-өзі тануына қолайлы жағдайлар тудырып, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді.

2.Портфолио жайлы түсінік.Портфолио – білім алушының жыл, (тоқсан, семестр) бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио білім алушының прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: білім алушылар өз оқуын бұрынғыдан да сәтті ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді.

Портфолио – білім алушының оқу процесіне қалайша қатысатынын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділік деңгейін айғақтайды, оқу процесінің білім алушылар үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. бұған қоса портфолио білім алушылардың бірлесе жұмыс жасап, ұстаздармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол шәкіріттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына білім алушылар мен ұстаздардың қатысуын талап етеді.

Портфолионың міндетті бөлімдері мен рубрикаларының тізімі келесідей болуы керек: 1. Білім алушы өзі туралы.білім алушының өзі туралы мәлімет (бір беттен кем емес, биопоэмасы, 3 фотосурет: жеке, жанұяда, жолдастарымен, пән бойынша алдына қойған мақсаттары мен күтетін нәтижелері (бір беттік эссе),пәнді игерудегі жұмыс жоспары (бір беттік эссе), пәнді игеруде қолданылатын әдіс-тәсілдері (бір беттік эссе)

2. Пәннің теориялық мазмұны. Терминологиялық сөздік (глоссарий) – 20 атаудан кем емес, персоналий – 10 есімнен кем емес, оқу материалдары (әр тақырып бойынша 3 беттен кем емес тірек-лекция)

3. Жұмыс үлгілері. Пән тақырыбында жазған бір ғылыми-әдістемелік мақала (5 беттен кем емес), шығармашылық жұмыстар (әр сабақта жазған эсселер практикалық – 15, өзі құрастырған ой-сергектер мен топтарға бөлу тәсілдері – екеуден кем емес), 100-ден кем емес тест сұрақтары, пән бойынша 10 сұрақтан кем емес сауалнама құрастыру, бірге оқитын жолдастарының жұмыс үлгілері – 10-нан кем емес.

4. Жетістіктер: жаңалықтары (келтірген жаңа ақпараттары, өздігімен анықтаған заңдылықтары), ең ұтымды шыққан жұмыстары, марапаттаулары

5.Ой толғаныс: өз жұмысы туралы есептері, (3 беттік эссе), оқу процесі туралы ой-толғаныстары (3 беттік эссе), пәнді игеру процесіндегі өзінің рөлі туралы ой-толғанысы (3 беттік эссе), пәннің маңызы туралы ой-тоғанысы (3 беттік эссе), өзін-өзі бағалау (3 беттік эссе)

3. Өзін-өзі тану пәні оқытушысының кәсіби қарым-қатынас ерекшелігі. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгіқұралы - қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынас -кәсіби біліктілік негізінде құрылған, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған, сондай-ақ оку әрекеті мен тұлғааралық қарым-қатынасты оңтайландыруды көздейтін оқытушы мен оқушының өзара байланысы.

Педагогикалық қатысым мәдениеті, ең алдымсн, тілдік (сез) және тілдік емес (қол-дене қимылдары, бет-жүз құбылыстары, сөз сазы, көзқарастары, кеңістіктегі орны, т.б.) құралдарды дұрыс пайдалануынан көрінеді.

Тілдік қарым-қатынастарда педагог сөйлеу мәдениетін, әдеби тілдің нормаларын сақтау қабілетін еркін көрсете алуы керек. Мүкіндігінше, педагоітің сөзі ашық та бейнелі болуы қажет.

Өзін-өзі тану пәні оқытушысының шеберлігі оның мынадай тілдік емес кұралдарды қалай пайдалануына да байланысты:

1) паралингвистика — сөзді айту ерекшелігі, дауыс сазы, оның биіктігі мен анық шығуы, сөз екпіні, сөздер мен фразалар арасындағы кідіріс, күлкі және т.б.;

2) көрнекі қатынас — көзбен байланыс жасау;

3) проксемика (ағылшын тілінен аударғанда - жақындық) — қарым-

қатынас субъектілерінің кеңістіктегі орналасуы;

4) отырысы, бет-жүз құбылыстары, қол-дене қимылдары.
Тұтас алғанда олар дененің әр түрлі бөліктерінің жалпы моторикасы

деп қабылданады. Олар адамның эмоциялық көңіл-күйін қалтқысыз көрсетіп тұрады.

"Өзін-өзі тану'' курсынан сабақ беретін оқытушының міндеті - студенттің бүкіл әлеммен, өзімен жаңа қатынас жүйесінде жеке басының мәнін түсінуіне мүмкіндік беру. Оқытушы әрдайым оқу процесінің негізіне салынатын гуманитарлық модельге бағдар жасай алуы қажет. Мұнда қандай болса да, айтылған барлық көзқарастармен пікірлерқабылданады. Бұл курстың өн бойында "білмеймін" деген сөздіқолдануға тыйым салынады. Оқушының ұтымды жауаптарына дер кезінде ықылас танытып, оларға колдау жасау нәтижесінде оқытушы оларды дамудың жаңа сатысына қарай үнемі жетелеп отырады. Білімді бағалау мен бағыт-бағдарын анықтау тек акыл-ой жұмыстарына ғана қатысты емес, сонымен бірге эмоциялык деңгейде де қатар жүргізіліп отырылады. Бұл оқушылар әрекетінің гуманистік сипатын арттырады, адамгершілік нормалары мен құндылық бағдарларын қалыптастырады.

Өзін-өзі оқыту - тартымды да жанды процесс. Өзін-өзі тануды оқытатын педагог әр білім алушының өзімен-өзі болуына, өз ойларын ашық айтуына қатысты құқықтарын сақтауына мүдделі болады. Өмірлік мәні терең мәселелерді ұжымдық талқылаудың бастапқы кезеңінде аса қызығушылық таныта қоймаған оқушының өзі оған эмоцияларын білдіру арқылы-ақ қатысып отыруға мүмкіндік алады.

 

2. Өз тұлғасын маман ретінде модельдеу