Арым ‒ қатынас құралы және қарым ‒ қатынас түрлері 3 страница

барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің

нәтижесі.Білікті әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана

таңдай білуден емес оларды тәжірибеге қолдану.

Біліктің және дамуның ең тиімділігін қамтамамсыз жалпы шарттар:

-тұжырымдалған ережені тусіну:

-орындалатын қажет әрекет бейнесін қалыптастыру:

-жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті оындаудың нәтижілігі жөнінде

хабар алып отыру:

Білім(знание)адам ойында шындықты дұрыс бейнелеуі қоғамдық тәжірибеде

тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы

материалдык және рухани іс әрекеті нәтижесі ретінде пайда болады кез келген

шындықты бейнелеу білім болмайды(жануарларға байланысты қарайтын болсақ)

адам өзін өмірдегі ісінен , оның обьективті жағдайлары мен заттарынан

бөліп қарайды. Адамдар болмысының тәсілдерінің өзі олардың әлемге

қатынастарының тәсілдерінің мақсатқа сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-

қатынасымен жүзеге асатын нақты іс. Сондықтан да әрбір жеке адам өз

әрекеттері мен заттарына сырттай қатынасатын сияқты. Әрбір құбылысының

өзіндік қасиеттері мен сапалары бар шын әлем оған сыртқы обьективті өмір

ретінде көрінеді. Адамның обьективті әлем заттары мен құбылыстарының

обьективті мүмкіндіктері жөніндегі ойы оның білімдерінің алғашқы түрі. Тек

білімдер ғана іс мақсатын көруге береді. Бұл жерде адамның шындыққа

қатынасы аралыққа айналды. Осы қатынас яғни адамдардың шын өмір барысын

олардың болмысын саналы қабылданған болмысқа айналдырады. Сана дегеніміз

адамның әлемге қатынасының өзі осы әлемнің шын қабылеті қандай және оған

өзінің заттары мен күштері арқылы әсер еткенде не болатынын біле отырып

қатынас жасау.

Білім беру(образование)-жүйеге келтірілген білім ,білік және

дағдыларды игеру барысы және нәтижесі , оқушы өмірге және еңбекке

дайындаудың қажетті шарты , білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту б

ілім берудің мектепке дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты

сатылары бар.

Білім беру әдістемесі(методика образование)-ғылыминегізделген оқудың

әдістері, ережелері, тәсілдері,, жүйесі осының арқасында оқушының дуниеге

көз карасын қарастырып алған білімдерін тәжірбие жүйесі осының арқасында

оқушыеның дүниеге көзқарасын қалыптастырып алған білімдерін тәжірбиеде өз

бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру

Білім беру әдістемесі таным теориясына суйенеді. Педагогика ,

психология, логика және т.б бірқатар ғылымдар жетістіктерін басшылыққы

алады. Білім беруде оқытуға қойылатын талаптарды шығармашылықпен қолдану

үлкен пайда келтіреді.Психология ғылымындағы оқушы зейіні , иесі ,

қабылдауы, қызығуы мәселелерін оқыту барысында есепкеалу қажет. Логика

мұғалімді ойлау заңдарын білу мен, сендіру әдістерімен, алға қойған

қағидаларды ғылыми дәлелдеу тәсілдері мен қаруландыру .

Оқыту барысының кезеңдерінде сәйкес әдістемедемұғалімнің сабаққа

дайындалу , жаңа материалдарды баяндау ,оқушылардың әдебиеттер мен өз

бетімен жүұмыс істеуі олардың оқу және тәжірбелік тапсырмаларды орындауы

қорытындылау білінін тексеружәне бюағалау тәсілдері қарастырылады.

Білімді бекіту(закрепление знание)-оқытудың барлық кезеңдерінде ж

үзеге асатын білімді игеру беріктігінің міндеттерін шешуге мумкіндік

беретін барыс.Әдетте білімдерді бекітуге арнайы уақыт бөлінеді . Оқылатын

материалды тусіндіру барсында оның негізгі мазмұнын қайталау үшін әңгіме

ұйымдастырылады . Білімді бекітудің ең тиімді тәсілі оларды тәжірбиеде

қолдану болып табылады. Білімді бекіту оқытатын жаңа материалмен

байланыстар негізінде бұрынғы білімдерді тереңдетуді, білім , білік,

дағдыларды жетілдіруді талап етеді . Білімді бекітудің үйреншікті әдістері

мен түрлері бұрын оқылған материалдар б/ша әңгіме, жинақтау сипатындағы

сабақтар, шолулар, кітаппен жұмыс, тәжрибелі тапсырмалар болып табылады

.Ұмытудың алдын алу білімдерді бекіту мақсатында оқу жұмысының барысында

тексеру және қайталау жұмыстары жүргізіледі. Бұл оқу материалы жуйеге

келтіруді ,жинақтауды, толықтыруды және білім мен біліктің беріктігін

қамтамассыз етеді. Осы жұмысты жүргізуге мұғалім болашақ оқу жұмысына

қажетті білім қырларына басназар аудара ды.Әдістемелік тұрғыдан дұрыс

ұйымдастырылған білімді бекіту жұмыстары түрлі анықтама әдебиеттерді жұмыс

орындауда , бақылау орындауда тиімді пайдалануға оқушылардың танымдық

қызығуын , өз беттерімен білім алу қабілеттерін дамытуға бейімдейді.

Білімді ұғып алу(усваение знание)-білім , білік дағдылады игеруге

бағытталған іс-әрекет. Зерттелетін құбылыстарды деректерді, барысмтарды

талдау және мсұрыптау нәтижесінде ғылыми ұғымдардың негізін қалайтын

жинақтау қалыпта сады. Білімдерді ұғып алудағы жинақтаулар сипатын

оқушылардың жеке ерекшеліктерімен және қабілеттерімен анықталады. Мұғалім

бул ерекшелктерді еске ала отырып оқушыларды талдау, сұрыптау,

жинақтаужалпылау, сияқты ақыл адамдарын үйретеді мысалы, жалпы ұғымда

шығару үшін жеткілікті деректер мен құбылыстарды талдай отырып бекітеді .

Оқыту барысында тек дайын білімдерді беру ғана емес , оқушыларға оларды өз

бетімен алу білігін үйрету, оның тиімді тәсілдері мен әрекекттеін

қалыптастыру маңызды нәрсе болып табылыады.

Білімді тексеру(проверка знании)-оқыту барысының құрамды бөлігі .

Мұның мақсаты -оқушылардың алған білімдерінің және оларға негізделген

дағдыларының толықтығын , тереңдігін жүйелігін, осы білімдерді өздерінің

танымдық және тәжірбиелік істерінде қай шамада пайдалана алатын анықтау

болып табылады . Білімді тексеру мұғалім дер кезіндегі білімдегі кеткен

кемшілікті көре білу, оны жоюға қол жету, оқушылардың өз бетімен білім алу

мүмкіндігіне жеткізеді. Осымен қатар оқушылардың оқуға қатынасын олардың

мұддесін жеке ерекшеліктерін анықтауға осыны есепке ала отырып ұжымдық және

жеке орқу жұмысының лайықты әдістерін пайдаланып оқу барысын жетілдіруге

жол ашады .

Білімді тексергенде оның ауқымы мен сапасы ,оқылған материалды түсіну

мен игеру негізгі ойлау адамдарын меңгеру дәрежесі , әрекеттерінің

бірізділігі сенімділігі, өз бетінділігі түрлі жағдайларда тәжірибеде ол

білімдерде пайдалану білігі есепке алыну қажет. Білімді тексергенде жүйелі

мағыналы , оқушылардың таным істерінің қарқынын күшейтуге көмектесу

талаптары орындалуы керек.

Білім беру және оқыту теориясы(теория образование и обучение дидактика

)-педагогика ғылымының саласы. Білім беру және оқыту теориясы жас

кезеңдерінің барлық сатыларына сәйкес оқытудың заңдылықтарын оған қойылатын

талаптарды , білім беру міндеттерін мазмұнын , оқыту мен оқу түрлерін

әдістерін оқу барыснда ынталандыру мен бақылауды анықтайды. Білім беру және

оқыту теориясының методологиялық негізі таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-

жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. .Бұл теория

білім беру және оқытуда арнайы ұйымдастырылатын іс деп қарайды. Оқыту

барысында оқушылардың білім , білік , дағдыларды меңгеруде мұғалім мен

олардың өз бетіндік іс бірлігі айқындалады .

Білім беру және оқыту теориясы адамның ісін санасын ,қарым-қатынасын

зерттейтін философия.Бұл теориның мақсаты оқытудың заңдылықтарын қоғам

қажеттігіне сай оқытудың мақсаттары мен міндеттері, әдістері, түрлері және

нәтижелері байланысын ашу. Заңды байланыстардың көптеген түрлерін жинақтай

отырып бұл теорис оқытуға қойылатын талаптарды қалыптастырады. Бұл

талаптарды орындай отырып мұғалім оқу барысын қолайлы етіп құра алады.

Соңғы жылдары білім беру және оқыту теориясы оқу жүктемесін тиімді және

ұтымды ету тұрғысынан оқытудың әрбір нақты жағдайын сапалы және мақсатты

ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту барысын қолайлы ету теориясын жасап

шығарады. Қоғамдық қажеттілікті есепке ала отырып әрбір тарихи кезеңге

білім беру және оқыту теориясын ,оқыту міндеттерін, білім беру мазмұнын

таңдап алу белгілерін , оқу жоспарларын , бағдарламаларын, оқулықтарды оқу

құралдарын, дидактикалық материалдарды жасаудың негізін ашып береді. Білім

беру және оқыту теориясы оқыту әдістерін зерттейді, оларды түрлі негізде

топтайды, тәжірбиелік эксперименттік және педагогикалық озат тәжірбие

негізінде жаңа әдістер мен әдістемелік жүйелерді жасайды. Бұған шешімі

табылуға тиісті мәселе көтере отырып , оқушылардың танымдық іс жасау күйін

туғызу , ізденіс , әдістерінің пайда болуы дәлел. Білім беру және оқыту

театры оқытуды ұйымдастыру түрлері мен құралдарын қарастырады.

Ғғылым(наука)-мақсаты мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем

жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс шеңбері,

қоғамдық санның бір түрі. Ғылым деген атау мен табиғат қоғам құбылыстарын

түсінуге және олардың дамуын алдын ала болжауға мүмкіндік беретін бірте

кеңейіп келе жатқан теориялық білім жүйесін белгілейді. Қазіргі кезде ғылым

тікелей өндіргіш күшке айналып отыр.

Ғылыми абстрактілеу(научная абстракция)-заттардың белглі бір

қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын

танымның бір жағы, түрі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін

білімдігін әдістемелік дайындығын көтеру, педагогика ғылыми жетістіктерін

насихаттау, озат тәрбиені жинақтау, оқушылармен жұмысты тиімді әдістер мен

жұмыс түрлерін қолайлы пайдалануды өндіру.

Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының

өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау

түрі.Мұның мақсаты- теорияны басшылыққа ала отырып нақты тәрбие мекемесінің

тәжірибесіндегі белгіленген мәселенің шешілу барысын жан- жақты талдау.

Ғылыми педогогикалық хабар(научно педогогическая информация)-

пеодогогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар, техникалық құрылымдар

және басқалар арқылы таратылатын оқу және тәрбиелеу теориясы мен

тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.

Дағды (навык)-еңбек және басқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген

дәлдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен

қайталау нәтижесіндегі білік негізінде жақсы қалыптасқан әрекет. Оқыту

барысында , еңбек дағдыларын қалыптастыруда тек қозғалыс емес, мақсатқа сай

және орынды әрекеттер танымдық іс дағдыларына ерекше зейін аудару қажет.

Оқыту дағдыларына оқушылардың кітаппен және басқа түрлі басылымдар мен өз

бетімен жұмыс істеу, ауызша баяндағанның және оқығанның мағынасын ажырата

білу, конспекті жазу және баяндау жоспарын құру көпшілік алдында сөз

сөйлеуі жатады.

Даму(развития)-өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың түрі.

Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез- келген

даму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды .

Дәлелдеу(доказательства)-әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен

байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы

логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі,

ғылыми сенімдерді қалыптастыру кезеңі. Сондықтан ұстаздық жұмыста дәлелдеу

тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады .

Дәлелдеу амалы құрылымы негізінен 3 буыннан тұрады. Негіздеуді қажет

ететін қағида ой желісі , бұрын анықталған ақиқат пікірлер дәлелдер ой

желісі мен дәәлелдердің логикалық байланысы көзін жеткізу. Дәлелдеудің әр

буынына ой желісі айқын және анықталған болуы, дәлелдеу барысында өзгермеу

керек. Ой желісін қалыптастыруда пайаланылатын атаулар мағынасы оқушыларға

қол жетерлік болуы керек , олай болмаса олар хабарламаның негізгі идеясын

түсіндіре алмайды. Жәңа атаулар оқушыларға сәйкес түсініктер арқылы

ұсындырылады.

Күрделі ой жүйесі әдетте бір қатар бөліктерге бөлінеді, олар әрқайсысы

өз бетінше талқылау обьектісіне айналды. Осының барысында оларға берілген

бағалауда алшақтық пайда болса, берілген ой желісіндегі қарама-қайшы

пікірлер бөлігіне айналды, ой желісі оқушылар алдында сөйлеуден дәлелдеудің

негізі болады, сондықтан дәлелдердің ақиқаттығын қарама-қайшылықсыздығы ,

негіздеушісі ой желісінен бөлектігі, пікір айтуға қолданылатын түрлі ақыл

қорытындылары (дедукция, индукция, салыстыру) дәлелділікті көрсету болып

табылады. Қорытынды сәйкес ақыл тұжырымында ереже ретінде сақтау

дәлелдеудің логикалық дұрыстығын қамтамассыз етеді. Дәлелдеу тәсіліне сай

тура және жанама түрде болады. Тура дәлел қандай да бір болмысын қосымша

құрылымдарсыз ой желісін шығаруға мүмкіндік беретін етіп дәлелді негіздеу.

Жанама дәлел ой желісіне қарама-қарсы пікірдің жалған екендігін көрсете

отырып оны негіздеу.

Дәстүрлер(традиция)-ұзақ уақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы

қатынасқа сақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени

мұралардың құрамды бөлігі.

Ұлы педагогтардың еңбектері жайында қысқаша мәлімет:

Джон Локк- "Тәрбие жөніндегі ойлар" және " Ақылды тәрбиелеу туралы"

деген еңбектерінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне және адамгершілік

қалыптастыру мәселесіне мән берді.

Жан - Жак Руссо - француз жазушысы, ағартушы-философы және педагогы.

Ол баланы табиғаттан дарынды деп таныды.

Иоганн Генрих Песталоции -педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие

мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің

маңыздылығын көре білді.

Иоганн Гербарт - оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін жобалап

берді, баладағы адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін оның саналылығын

көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттігін жариялады.

Адольф Дистерверг - неміс педагогы. өзінің педагогикалық теориясын

прогрестік демократиялық бағытта дамытқандардың бірі.

В.А. Сухомлинский - "Жастарды адамгершілікке" тәрбиелеудің

проблемаларын зерттеді.

Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. (Ы. Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясының кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.

Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.

Елбасымыз Нұрсылтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.

Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептеймін.

Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан – жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.

Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан – жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?

Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.

Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.

Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі.

Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.

Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.

Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.