Тақырып. Мен және әлем

Дәріс жоспары (1 сағат)

 

1. Әлемге қатынас арқылы өзін-өзі тану.

Баланың тұлға ретінде қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынаста дамуы мен қалыптасуы өзін- өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Бұл орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне еңбек ету жолына арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін- өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызы өте зор, сырлы әлемге толы дүние.

«Өзін- өзі тану» сабақтарында оқушыларды адами қарым- қтынасқа үйрету мәселесәне үнемі баса назар аударылады. Оқушыларды қарым- қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланы өзгелерге жағымды қарым- қатынас жасау дағдыларын өмірде қолдана білуіскерліктері дамытылады.

«Өзін- өзі тану» пәні сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың үнемі қарым- қатынаста болатындығы. Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез- келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Мектептегі құрбыларымен неғұрлым интенсивті қарым- қатынас жасайтын кезең болғандықтан, жоғарыда айтылғандай жарасымды қарым- қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып табылады.

Алматы қаласындағы АҮД институтының ғылыми қызметкері Р.О.Ізғұттынованың берген анықтамасы бойынша, қарым- қатынас дегеніміз – бұл адамдарда тану, өз өміріңе іс- әрекетіңе, қылығыңа талдау жасау; проблемаларыңды ортаға салу; басқа адамға ашық болу; әлемді, әр түрлі адамдардың философиясын тану, яғни бұл деген - өмір.

Қарым – қатынассыз өмір сүру мүмкін емес. 200 жыл өмір сүретін үйеңкі де жаңа отырғызылған кезде жалғыз болса өліп қалады. Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым- қатынаспен, адамгершілікке жат қылық тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым – қатынаспен астастыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір- бірімен қарым- қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым- қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі адамгершілік белгісін танытады.

Қарым- қатынаста адам өзін еркін, сенімді, өзін тыңдатып, өзгені де тыңдай білуі қажет. Кез- келген адам сізбен қарым – қатынаста жеке пікірін айтуға, шешім қабылдауға құқығы бар. Мамандардың зерттеулері бойынша адамдар 55% ақпаратты вербальды емес қатынастан, 38% ақпаратты дыбыстардын (тембр,ырғақтан т.б), 7% ақпаратты сөйлеуден алады екен. Қарым- қатынаста адам саналы түрде дамиды, жетіледі.

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.

Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажеттілігін қанағатандырады. «Өзін-өзі тану» және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты

Қарым-қатынас және іс-әрекет. Біріккен әрекетте адам өзге адамдармен қажет болғандыктан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек. Бұндай жағдайда қарым-қатынас іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінеді. Бірақ мұнымен шектелмей адам өзін өзге адамдар орнына қояды, ерекшелігін, жеке даралығын көрсетеді. Бұл қосалқы пән. Бір жағы іс-әрекет пәні, екінші жағынан адамның өзін-өзі әлеуметтік ортада көрсету құралы. Сонымен іс-әрекет қарым-қатынастың бір қыры, ал сезіну іс-әрекеттің бір жағы, бұлардың барлығы бірлесе барлық жағдайда үзілмес бірлік құрайды. Қарым-қатынас үрдісіне енбейтін психикалық құбылыс жоқ. Осы іс-әрекеттен ажырамас қарым-қатынастан индивид адамзат қалыптастырған тәжірибені игереді.

 

 

2. Әлемнің тұтастығы және адамның, қоғамның және табиғаттың өзара тәуелділігі.

Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Әр жыл мезгілдері әр қилы. Төрт жыл мезгілі - төрт түрлі ғажайып күй сыйлайды. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын будақ бұлттарымен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры және әр нәрсеге, бізге әсемдік береді. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары мақтадай, шөптері кілемдей төселген. Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды, себебі адамда табиғаттың бір бөлшегі. Таразы басында екі қымбат нәрсе бірі табиғат, бірі адам. Бірі жеңіл тартса таразы аударылады, демек адам мен табиғат егіз ұғым. Бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты аялап, қорғауымыз керек. Табиғатты аялау дейміз – ау. Осы бір сөздер парақ жүзіне асқалы көп болғанын сізде бізде білеміз. Өзіміздің салдыр - салақтығымыздың нәтижесін көріп те жүргендейміз. Оған дәлел талай баланың дертті болып туылуы болса, ауа - райының үлкен өзгеріске ұшырауы, төрт мезгілде болатын құбылыстың бір күнде болуы, табиғат – ананың да денсаулығына нұқсан келгенін қинала отырып мойындаймыз. «Дүние - үлкен кел, :Заман - соққан жел, :Адуындағы толқын – ағалар :Артқы толқын - інілер, :Кезекпенен өлінер, :Баяғыдай керінер...»

Абайдың филос. көз қарастарын оларды тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен байланысты және сол дәуірді танытатын нақты-тарихи ережелер жүйесін қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың дүние танымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді (қ. Психологиялық көзқарасы, Дінге көзқарасы). Солай бола тұрса да ақын құдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп есептемейді, ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске шығарады. Әуезов айтқандай «... тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне байланысты өлеңдерінің езі ең басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді» (соңда, 142-6.). Абай көз қарасынан антропол. принциптерде көрініс тапқан. Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, филос. ойларының көпшілігіңде адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. 17- 19 ғ-лардағы антропологизм, тіпті, Фейербахтың езі де, адамды абстрактылы гүрде, жайғанабиол.тіршілік иесі ретіңде қарастырып, оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін табиғи шығу тегіменен ғана түсіндірді. Абай адамды табиғаттың бір белігі деп санап, оның имандылық қасиеттерін өмір жағдайлары, дәуір қалыптастырады деп есептейді, ал объективті дүниенің құбылыстары адам басыңда сәулеленеді де, оның психикалық қызметінен көрініс табады. Адам мәселесін Абай әр түрлі: филос. , биол.- психол. , эстетик. және әсіресе, этик. көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі тұжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде айтып атын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмыс бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абай Жетінші сөзіндег. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен демеулік... Дүниенің көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды», -дейді ойшыл-ақын. Объективті шындықты тануға деген бұл құмарлықты ақын адамның ең жоғарғы талабы деп біледі

Әрбір азамат қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен - антропогендік әсерден, авария, зілзала, табиғи апаттан өз денсаулығын қорғауға құқылы. Осы құқықпен қамтамасыз ету механизміне - қоршаған ортаның сапасын жобалау және нормалау, экологиялық зиянды әсерлерді болдырмау, авария, катастрофа, табиғи апаттарды ескерту және салдарларын жою жатады.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласында ведомствалық санақты:

· жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау бөлімі бойынша - Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің геология және жер қойнауын қорғау Комитеті;

· жерді пайдалану, құнарлығын қалпына келтіру және қорғау бөлімі бойынша - Жер ресурстарын басқару Агенттігі ;

· су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау, өзендер, көлдер, су қоймаларын және басқа да жер үсті су көздерін сақтау және жақсарту бөлімі бойынша - Қоршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау Министрлігінің су ресурстары бойынша Комитеті;

· автокөліктерден атмосфераға зиянды заттарды бөлуді қадағалау, экологиялық полиция жұмысын ұйымдастыру бойынша - ішкі істер Министрлігі;

· қоршаған табиғи ортаның санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтауды қадағалау бойынша - Денсаулық сақтау Агенттігі жүргізеді.

Экологиялық жағдайды талдау үшін атмосфералық ауа мен су ресурстарының сапалық құрамы туралы мәліметтер де пайдаланылады. Бұл мәліметтерді Қоршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау Министрлігінің «Казгидромет» РМК-нің арнайы қызметі дайындайтын бақылаулары (мониторингі) нәтижесінде алынады. Ауа мен су ресурстарындағы зиянды заттардың мөлшері жөнінде алынған мәліметтер бойынша атмосфераның ластану индексі (АЛИ) және судың ластану индексі (СЛИ) есептелінеді.

 

3. Өнерге қатынас арқылы өзін-өзі тану

Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік

Дүниедегі ең данасы – Уақыт

Ең жеңілі – Біреуге ақыл айту

Ең қиыны — Өзін-өзі тану

Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері де қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б. Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпайтынмын, керсінше жақсы әңгімелерін ылғи да айта жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір секілді. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды. Адамның ішінде оны түрткілеп тұратын бір сайтан ой болады. Бұл ой оған былай деп сыбырлайды: «Неге бұл істі сен ғана істеуің керек? Таста, басқалар істесін», «Сен өз міндетіңді атқардың, қалғаны сенің ісің емес, осы істегенің де жетер!» және тағыда тағылар… Бұл сыбырға ергендер әрдайым есімен тайталасып, салғыласып, ұрысып-керісіп жатады. Ал ұрыс бар жерде ешқандай береке жоқ. «Күл болмаса бүл болсын»дейтін мұңсыз адамдар осындайдан шығады. Өйткені мұндай адамдар «Мені бұл нәрсе қызықтырмайды, маған бәрібір»-дейді. Әрине, мұның бәрі де-бір абырой әпермейді. Қалай дегенмен де қарым-қатынастың жетістікке жеткізер жолдары бар. Өз жан дүниеңе қара. Адам сөйлескенде ең көп «Мен» сөзін қолданады екен. Өйткені бұл оған ұнайды, «Мен сүйттім», «Мен бүйттім» дегеннен адам жалығар емес. Бұл өзіне сенгендік емес керісінше өзін ғана ойлаушылық. Өмірде өзін ғана ойлайтындар опық жейді. Жетістікке жету жолындағы кедергі болатын қасиет осы-адамның өзімшілдігі. Атақты психолог А.Адлер былай деген екен: «Айналадағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде ең үлкен қиыншылыққа кезігеді және айналасындағыларға үлкен зиян тигізеді.

Әрбір адам өмір есігін ашқан соң Құдай берген дарыны немесе өнері болады. Соны дұрыс білсе өнерлі жан өз орнын табады. Өнер - адамның әрбір кезінде берілуі мүмкін. Бастысы оған деген құштарлық сезімі биік болса алынбайтын қамал болмайды. Бұл дүниеде адамның жан дүниесін нұрландыра түсіретін құдірет ол - өнер. Бұл құдірет өмірді кемелдендіріп, ізгілік нұрын шашатын қасиет. Адам баласы өнер арқылы өмірдің қыр-сырын таниды. Өзін-өзі бағалап, кемелденеді. Биікке қол созады. Өмірге деген құштарлық сезімі өнер арқылы өмірге келеді. Өнерлі жан өзіне емес, өзгеге де бақыт сыйлай алады. Өнердің шынайы келбеті сол өнерлі жанның өміоін нұрландырып, соның игілігіне қызмет етеді. Б.Момышұлы былай деген екен "Өнер - адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы". Расында солай емес пе? Өнер - бұл дүниеге жаңаша бағыт әкеледі. Шын дарын өнер жолында өмірден өз орнын таба алады. Күш, жігер, ақыл мен қайрат бұлар өнердегі шыдамдылыққа жетелейтін қасиеттер. Кімде-кім өз бойындағы жалқаулық, еріншектік, сенімсіздікті жеңсе, бұл жан өмірден өз орын мен ісін тапқан адам. Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны. Оның өлеңдері өмірден өшпес орын тапқан. Әсемпаз болма әрнеге, Өнарпаз болсаң, әрқалаң. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан! - деп өлеңін осылай өрнектесе керек. Мұнда үлкен мән мағына бар. Пайда үшін өнер қусаң онда ол өнер емес - табыс көзі. Ал шынайы өнер ол шын дарынға берілетін даралық. Өмір атты үлкен әлемде әрбіріміз өз бойымызда берілген өнерді танып, бағалайық достар. Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады.

Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды:

1. мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері,

2. мезгілдік (сөз және музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері.

3. мекенді-мезгілдік (би, актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр, кино, телевизия, эстрада, цирк, т.б.), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері.

Сөз өнері іштей – жазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер – вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер – драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті – эпос, лирика, драма сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері – портрет, пейзаж, натюрморт, сахна өнері, комедия, трагедия, водевил, т.б. жанрларға бөлінеді. Өнер, жалпы алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан көркем әдісі ретінде өзіне тән ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа ие. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, талғамдары болады. “Өнер алды – қызыл тіл” деген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Қазақ фольклорының шағын жанрлары – мақал-мәтел, жұмбақ, лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым. Халық музыкасында қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. Кең тынысты лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген күй арқылы өздерінің эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын жеткізіп отырған. Осы белгісіне орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі этникалдық құбылыс ретінде қарастыруға да болады. Халық мұрасы тұсында оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге келгенде эстетикалдық сипаты үстем. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. Соларды саралай отырып, адамзат баласының көркем қиялмен ойлау жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз.

стетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субьекттің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеьерлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б . талап етуі мүмкін.

Тіпті музыкат немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық құралдарға жүгінеді. Адам өнері мен талантты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғылалық қажеттігі айдан анық. Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда , ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіруі емес, әсресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.

Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.

Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада –кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Жекеленген ғылымдар мен рухани, практикалық әрекет салалары әлемнің әр түрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырлары қалыптасуына жағдай жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол әлемді өз тұтастығында қабылдау кепілі, адамзаттың өмірлік тәжірибесі мен мәдениеті тұтастығын сақтаушы. Өнердің бұл бүкіләлемдік тарихи мақсаты адамзат дамуының барлық кезеңдері үшін қажеттілігі мен құндылығын қамтамасыз ететін оның фолифункционалдылығын тудырады. Алайда дамыған қоғамдық жүйелерде көркем шығармашылықтың барша қызметтерінің дерлік өз дублерлері бар:өнер-бұл таным, алайда әлемді танытатын ғылым да бар; өнер-тәрбие, бірақ бұл мәселемен айналысатын педагргика да бар; өнер-тіл және ақпарат құралы, бірақ онымен қатар табиғи тіл мен ақпарат құралдары да өмір сүреді; өнер- әрекет, бірақ еңбек -әлемді өзгертуші адамның әрекеттік мәні көрінісінің ең басты формасы. Алайда өнер адам әрекетінің бірде-бір формасын алмастыра алмайды, көркемдік әрекеттік ерекше үлгілейді. Бұл ерекшелікті түсінудің кілті ешнәрсені де көшірумен айналыспайтын, көркемдік әрекеттік ерекше пререгативасы болып табылатын өнердің эстетикалық және гедонистік функцияларында.

Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тәжірибесін тереңдету, кеңейту үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол-адам өмірқамының бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында және көркемдік тәжірибесімен өзара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының барлық құрылымында әсер етеді. Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара әрекет барысында бейнелік ойлау құрылымын айқындайтын тұлға ұлт-адамзат сияқты әлеуметтік бастаулар қиылысады. Өнер тұлғалық формаға көркемдік идеяларды еге отырып, өз аудиториясына оқырмандарды, көрермендерді, тыңдармандарды тартады. Және осыдан көркемдік идеялардың инвариантты көпшілігі туындайды: бір ғана көркем идея әркім де әр түрлі қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудің деңгейі ғана әр түрлі. Өнерде болма иеленудің деңгейі де, мазмұны да әр түрлі: көркем шығармада берілген әлеуметтік-тарихи тәжірибені адам өзінің индивидуалдық санасына көшіреді, нәтижесінде көтерілген мәселелер мен шындыққа деген оның тұлғалық қатынасы қалыптасады. Өнерде тек суреткер тұлғасы ғана талқыланбайды. Шығармада адамдардың жалпы бұқарасы үшін маңызды, қажетті, тұрақты, нәрселерді бейнелей отырып , суреткер оған формалық тұлға береді, яғни әлемді өзі арқылы ашады.

Осылайша ,ол халықты өзінің өмірлік тәжірибесін иеленуге мәжбүрлейді. Өнердің ұлттық ерекшелігі автордың көркемдік ойлау ерекшелігінен көрінеді. Өнердің төлтумалылығы ашу кілті де осында.

Ақындар, суретшілер,музыканттар, философтар табиғаттан үйлесімділік іздейді. Және үйлесімділіктегі, ырғақтағы, мақсатылықтағы, заңдылық көрінісіндегі эстетикалық құндылықты теріске шығаруға болмайды. Мәселе оның нені білдіретіндігінде. Үйлесімділік бұл-алуантүрліліктің тұтастығы, өінше құндылық еме,с, тек адамға қатынасында ғана құндылық. Табиғаттың өзінде үйлесілімдік те, ырғақ та, тепе-теңділік те заңды өмір сүреді. Алайда мұның барлығының құндылығы, яғни адам үшін маңыздылығы –бұл адамзат мәдениетінің құбылысы.

Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу, мүсін, би, ән, графика, сәулет қолданбалы және декоративті өнер, цирк, көркем фотогафия, кино, теледидар. Өнердің түрлерге бөліну принципі-шындықтың эстетикалық байлығына сүйенетін, әлемді көркемдік игеру саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерінің алуан түрлілігі. Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек әрекеті үдерісінде дамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды.

Сазгер табиғат картинасын естіп қабылдайды, ал суретші сол картинаны дыбыспен емес, көз жанарымен қабылдайды, формалар сұлулығынан, желілер ,жарық пен көлеңке ойынынан ләззәт алады.

Өнердің дамуы үшін оның әрқайсысы өз ерекшеліктеріне орай бөлінуімен қатар, әрқайсысы өз қайталанбастығымен дараланатын музалардың өзара әрекеті де маңызды ықпал етеді. Өнер түрлерінің бірігуге, қосылуға жақындығына қарамастан, олар осы өздерінің айрықша ерекшеліктерін сақтай отырып, адамзаттың көркемдік мәдениетіне, әлемдік эстетикалық игілікке жаңа, өзгеше үлестерін қосып отырады.

Қолданбалы өнер Көркем шығармашылықтың ең ежелгі және қазіргі күні де дамып отырған түрлерінің бірі- қолданбалы өнер. Қолданбалы өнер түындылары өзінің қайталанбас индивидуалдылығымен ерекше көзге түседі. Бұл оны жаратушы- суретшінің, қолөнершінің бүкіл тұлғасы мен талантын сақтап қалатын уникалды туындылар.

Сәулет өнері. (архитектура). Адам еңбек құралын даярлауды үйренгеннен кейін, енді оның тұрағы үңгір немесе ұя емес, эстетикалық кейіпке келген мақсатты құрылыс болды. Құрылыс сәулет өнеріні айналады. Архитектура-адамның тұрғын үйге және қоғамдық орынға деген қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында шындықтың сұлу заңы бойынша қалыптасуы.

Кескіндеу өнері. Кескіндеу өнердің ең ежелгі түрлерінің біріне жатады. Қазіргі түсінігінде жазудың бір түрі ретінде қарастырылады. Өзінің не істегенін жазуға талпыну, графикалық түрде көрсетуге ұмтылу адамға әуел бастан-ақ тән.

Мүсін өнері. Мүсін өнері-құбылыстардың өмірлік бейнесін бере алатын, матеиалдарда таңбаланатын, әлемді пластикалық образдар арқылы игеретін кеңістіктік –бейнелеуші өнер. Адам –мүсін өнерінің жалғыз болмағынымен, ең басты обьекті.

Әдебиет. Әдебиет әлемді көркем сөзбен игереді. Оның саласына табиғи және қоғамдық құбылыстар, ірі әлеуметтік катализмдер, халық бұқарасының қозғалыстары, тұлғаның рухани өмірі, сезімдері енеді. Барлық адамзаттық тілмен байланысты және тілге қатысты барша нәрсе адамға тән.

Театр — әлемді драмалық әрекет арқылы көркемдік тұрғыда игеретін, оны актерлер көрерменнің көз алдында жүзеге асыратын өнер түрі. Театрдың негізі-драматургия. Сонымен қатар ол өз құрамына кескіндеме, мүсін өнерін, кейде сәулет, сән өнерін, кейде кино, музыка, би өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның ұжымдық сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың, суретшінің, сазгердің, актердің шығармашылық күш-жігерлері біріктіріледі.Театрдағы көркемдік бейненің «құрылыс материалы»-тірі адам, актер. Драмтург пен режиссердің ойы актер ақылы жүзеге асады.

Өнерде образ өзінің жеке қасиетінде көпшіліктің белгісі мен сапасын білдіреді.

Орта Азия халықтарының ежелгі және орта ғасыр кезеңіндегі музыкалық мәдениетінің тек қана тәжірибе жүзінде ғана емес, ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Наво, парда, рах, кавлхусрави және сол секілді кәсіптік музыканың ежелгі түрлері алғашқы фольклорлы синкретизмнен алшақтап, негізгі музыкалық бастама ретінде қалыптаса бастады.

Орта Азия халықтарының исламға дейінгі кезеңіндегі музыка ғылымы жөнінде жазылған толық жеткен мәліметтер аз болғанымен, өнердің бұл түрі белгілі бір деңгейге дейін көтерілгені туралы дәлелдер бар. Беруни: « Араб әскер басы Кутейба ибн Муслим хорезмдік жазушыларды өлтіріп, көптеген кітаптары мен еңбектерін өртеп,хорезмдіктерді жазуға тыйым салған. Мүмкін олар үшін бұл тиімді болған шығар»,-деп айтқан

Арабтардың алғашқы династиялары Омейядтар мен Аббасидтер кезінде музыка жөнінде музыка саласын жетік меңгерген устадтар араб тілінде жазып қалдырған. Атап айтсақ, Мансур залзал , Якя әл-Макки, Ибрахим Маусили , Исхак маусили, сонымен қатар аджамнан араб емес халық шыққан белгілі теоретиктер болды. Орта Азия елдері де өздерінің мәдени дәстүрінің дамуына, соның ішінде музыкаға улкен мән берді.

Орта және Таяу Шығыс елдеріндегі музыка ғылымының негізін салушылардың бірі — Әбу Насыр әл-Фараби. Өз заманының көрнекті тұлғасының бірі және ғылымның әр түрлі саласының дамуына улес қосқан ғалым.

А.Көбесов өз еңбегінде, грек музыкасының басын құрастырып, жинап-теріп , олардың музыкалық ғылымын жаңа жағдайда, жаңа заманға лайықты дамытушылар: әл-Канди, Фараби, ӘбуӘли ибн Сина болды. Бұлардың арасында Фарабидің музыка теориясын дамытудағы алатын орны ерекше деп атап өткен. Көптеген мәліметтерге сүйенсек, ғұлама әр түрлі музыкалық аспаптарда да шебер орындап, тамаша ән салғаны жөнінде айтады. Оның музыкалық шығармалары замандастарының арасында да танымал болды. Әл-Фараби Орта Азия, Иран және көптеген араб елдерінің мәдениетімен таныс болған. Өмірінің соңғы жылдарында ол Алеппода Сайфул-даула Хамдамид өнерге улкен мән берген. Осы уақыттың өзінде Фарабидің музыкалық қабілеті мен орындаушылық шеберлігі жөнінде әр түрлі аңыздар да айтылып жүрді. Мысалға алатын болсақ, Дамаскіде Сайфул –даула ұйымдастырған мәжілісінде Фараби бәрін өзінің жан-жақты білімімен таңқалдырды. Мәжіліс аяқталған соң басшы музыканттарды залға шақырып, музыка жөнінде әңгімеге тартады. Сонда әл-Фараби де өз білімін ортаға салғанын көрген Сайфул- даула таң қалып, оның гипжакта орындауын сұрайды.

Тағы да айтатын болсақ, Фараби бір күні Рейге уәзір Сахиб Аббадты күтіп алуға келгенде, оның қарапайым киінгендігі сонша, оны ешкім танымайды. Көп күткен Фараби сөмкесінен бір таяқтарды алып, одан музыкалық аспап гпижакқа ұқсап шығы келді жасап әр түрлі мелодиялар ойнай бастайды.Алғашқы ойнаған мелодиясы өте көңілді, екіншісі қайғылы болса, үшіншісі ұйықтап қалады. Фараби гипжакқа: «Сізге әл-Фараби келіп кетті»,-деп жазып кетеді. Сонда уәзір барлық музыканттарды жинап, гипжакқа жазған адаида іздейді. Иесін таппаған соң « Игіліктің сырын енді тапқанда , оның жоғалып кеткенің білесің» деген екен

Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, ізгілікке, этикалыққа және интеллектуалдыққа – бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мумкін емес. Дәл сол сияқты кемшілік біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы да шындыққа сыймайды және мумкін емес. Бұл жағдайлардың кеуіле мумкін емес. Көбінесе, әрбір ізгілік іске немесе бірнеше ізгілерге , не болмасабелгілі бір өнерге немесе бірнеше өнерге бейім болады, сөйтіп біреу бір ізгі іске немесе өнерге, екінші біреу екіншісіне, үшінші біреу үшіншісіне бейім келеді.

Кейбір деректерге қарағанда , оның шығарған музыкалық әндері осы күні Иран, Ирак, Туркия және тағы басқа да Шығыс елдерінде орындалады. Оның өзі жасаған Канун, Уд, Қыпшақ деп аталатын аспаптары болған сияқты. Фараби музыка теориясына арнап бірнеше еңьек жазған: Музыканың улкен кітабы, Музыка жайлы талдау, Ырғақтардың классификациясы. Бұдан басқа Ғылымдардың шығуы, Ғылымдардың энциклопедиясы атты туындыларында музыка ғылымын талдауға арналған жеке тараулары бар.

Әлемге танымал болған Фарабидің Музыканың улкен кітабы атты еңбегі кейінгі жазылған бірнеше ғалымдардың трактаттарының жинағы деген көзқарастар да бар. Музыканың улкен кітабының алғы сөзінде Фараби музыканың ежелгі заманғы ғалымдардың көзқарастарымен көбімен келісе алмайтынын, кейбір қателерін тапқанын, теориясының жағдайы мен сапасына өзінің қанағаттанбағандығын, яғни көңілі толмағандығын айтқан, онда айтылған барлық басқа өнерлер әсіресе , музыка өнері, толық түрде зерттелмегендігін жазады және пайымдалған немесе қабылданған пікірлердің көпшілігі мазмұны түсініксіз, олардың мазмұнының бір- бірімен байланысы жеткіліксіз болғандығын көрсетеді. Сонымен, көне музыка ғылымының пайда болуы мен даму процесін жоққа шығармай, Фараби олардың, яғни ежелгі заманғы ғылымдардың айтқандарының кемшіліктерін, көптеген шығармалардың жойылып кетуін және олардың араб тіліндегі аудармаларының дәл еместігін, яғни араб тіліне сай аударылмағандын түсіндіреді.

Ғалымның айтуынша, теориялық өнерде қалыптасқан жағдай оны өзінің кітабын жазуға талаптандырған. Фарабидің өткен зерттеулерден белгілеп алған басты мәселесі-ол музыка ғылымында өңделген, яғни бір қалыпты жүйеге келген әдіснаманың жоқтығы.

Әдіснама дегеніміз –жалпы ғылыми әдіс туралы немесе ғылымдардың әдісі туралы ілім. Әл-Фарабидің көзқарасы бойынша, бұл ғылым саласындағы барлық еңбектер өнерді танып-білетін жолды және сол жолиен ары қарай жүрудің амалдарын, яғни осы өнердің негізін түсіндіріп, мәлімдеп бере алмады. Берілген пайымдауда теорияны алдын ала түсініп, автор музыка ғылымын қарастыруға өзінің әдісі мен амал-тәсілдерін енгізу қажеттігін дәлелдеген.

Музыканың улкен кітабының мазмұнын сипаттай келе, Әбу Насыр әл- Фараби біз өзімізге қажетті тәсілді қандай да бір басқа әдіс-тәсіл деп есептемей келдік деп ерекшеленіп көрсетеді. Трактаттағы барлық кейінгі мазмұндамалар тек қана музыкалық –теориялық жүйені көрсетуге түсіндіруге арналған, онда сонымен бірге оның негізгі әдіс-тәсілдерінің дамуы да көрсетіледі. Ортағасырлық ғылыми дәстүрге сәйкес, мұнда бұл мәселе білім сұрауы ретінде тұжырымдалады. Оның мән-маңызы, жолы мен мақсаты ғалымның терең аспектілі әлемдік көзқарасына ықпал етіп, оны талқылау ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан шығады. Әл-Фараби — өз еңбектерінде таным және әдіснама ғылымдарының сұрауларын терең зерттеген ең алғашқы араб-мұсылман философтарының бірі.

Музыканың үлкен кітабы атты еңбегі осы сұрақтардың өзгеше арнайы талқылануына қарамай, ең кең таралған еңбектерінің біріне жанады. Аталған кіріспе бөлімінде музыка ғылымының әдіснамалық мәселесі түріндегі білім тақырыбында шығарманң негізгі ішкі мағынысын қарастырып, оның әр түрлі тақырыптық бағыттарын топтастырып, біріктіріп, бір жерге жинастырады. Адамның таным қызметін, сонымен қатар олардың семантикалық бөліністерін сипаттайтын ұғымды, мағлұматты ұғындырып , трактаттағы бұл тақырыптың қажеттігін түсіндіреді. Теориялық оқудағы ең басты сауалды түсіндіруде білім музыка өнерінің мақсаты мен белгілі бір ерекше мағынасына ие болды. Сонымен, оны түсіндіруде, автор музыка теориясын зерттеуде өзінің әдіснамалық принциптерін логикалық талдау арқылы және эпистемологияны негізгі философиялық онтология түсініктерімен байланыстырып түсіндіріледі.

Осыған орай, музыка ғылымына 2 еңбек арнаған. Біріншісі-музыка ғылымының негіздеріне, екіншісі ежелгі авторлардың көзқарасына жасалған түсініктемелеріне арналған. Фарабидің бірінші кітабы екі бөлімнен: ғылымға кіріспеден және ғылымның өзінен тұрады. Кіріспенің өзі екі бөлімге бөлінеді, негізгі бөлім үш тараудан және әр тарау екі тараушадан құралған. Жалпы алғанда, кітап 12 тараудан тұрады.

Әл-фарабидің жазып кеткен екінші кітабы бізге жетпеген. Музыканың үлкен кітабының Музыкалық өнерге кіріспе деген бөлімі жеке бір трактат болып жазылған. Кейбір еуропалық ғалымдар, атап айтқанда Козегертен, Ланд, Триподо «бұл, мүмкін Фарабидің екінші кітабы шығар» дегеен пікірлер айтады. Зерттеушілердің пікірінше, «Музыканың үлкен кітабы»- саманидтік эмир Мансур ибн Нухтың өтінішімен жазылған энциклопедиялық еңбек «Екінші ілімнің » (Ат-Талим ас сани) бір бөлімі. « екінші ілімде » Аристотель философиясына түсініктемелер жасалған. Фарабидің көзінің тірісінде осы еңбегі үшін «Екінші ұстаз» дегн атақ берілген. Сонымен қатар, ғылым тәжірибесі музыка теориясы туралы осындай маңызды еңбекке мұқтаж болғандығына куәлік етеді. Музыка ғылымының қайнар көздері антикалық мұралармен тығыз байланысты.