Рылыс мекемелерінің жүйелері туралы түсініктер

Құрылыс – өндіріс күшінің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда және халықтың тұрмысын жақсартудағы халық шаруашылығының ең ірі және жоғары дамыған саласының бірі.

Құрылысқа қатысушылар:

Тапсырма беруші (заказчик)- жобалауды және құрылыс салуды жоспарлаушы және оған қаржы бөлуші, жабдықтармен, аспаптармен және бірқатар арнаулы құрылыс материалдарымен, бұйымдарымен қамтамасыз етуші, осы сияқты құрылыс жұмыстарының барысына, салынып біткен үймереттер мен ғимараттар объектілеріне техникалық бақылау жасаушы ұйым.

Жобалаушы мекеме (проектная организация) - құрылысты жобалау және құрылыс барысында авторлық бақылау жасайтын және оның сметалық құнының дұрыстығына және жобалық шешімінің сапасына, техникалық дәрежесіне, дамуына жауап беретін ұйым.

Мердігерлік құрылыстық-жинақтау мекемесі (подрядные строительно-монтажные организации СМО)- әр түрлі бағыттағы құрылыс нысандарын орындаушы жұмыс кешені. Келісім-шартты бас мердігер тапсырма берушімен жасайды. Мердігерлік әдіспен бас мердігер құрылысты басқарады және тапсырма берушіге құрылыс нысанының уақытылы орындалуына, жобаның сапалы жүзеге асырылуына және нысанды пайдалануға беруге жауап береді. Бас мердігер басқа жұмыс түрлерін орындауға субмердігерлік мекемелермен жұмыс жасайды (санитарлық-техникалық, электромонтаждық жұмыстар бойынша, қондырғыларды жинақтау, құрылыс жолдарын, желілерді және т.б. жұмыс түрлері). Бас мердігер субмердігердің орындаған жұмысына жауап береді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары дегеніміз – ол жалпы құрылыс, өңдеу, санитарлық-техникалық, арнаулы және құрастыру жұмыстары кіретін үймереттер мен ғимараттар тұрғызу барысында атқарылатын кешенді жұмыстар.

Жеткізуші (поставщики)- құрылысты салу үшін өнім шығарушы, сонымен қатар мемлекетттік жабдықтау органдары, министрлік және ресурстарды жеткізуді ұйымдастырушы мекеме болып табылады.

Транспорттық мекемелер (транспортные организации) - транспорттың барлық түрлерімен материалды-техникалық ресурстарды ішкі және сыртқы тасымалдау арқылы мердігермен келісім-шарт негізінде жүзеге асырушы мекемелер.

Ғылыми-зерттеу мекемелері (научно-иследовательские организации) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс бөлімінің тапсырмасы бойынша тапсырма берушілермен, жобалаушылармен және мердігерлермен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау.

Құрылысты жетекшілік ету бақарудың жалпы принциптеріне негізделеді. Құрылыс халық шаруашылығының барлық саласымен байланысты және нысанның белгіленуі бойынша әр түрлі салаларға: азаматтық, энергетикалық, транспорттық, ауылшаруашылықтық құбырөткізгіштік, мелиоративтік және т.б. болып бөлінеді. Осы бөлімдерді құрылысты басқару бөлімі ұйымдастырады.

 

Сандық және сапалық сипаттамалар

Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді.

Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл – құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі.

Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.

 

Құрылыстағы инженерлік ізденістер және жобалау

Құрылыс үшін инженерлік іздестіру үлкен роль атқарады, ол жобалайтын құрылыс аланының табиғи және техногендік жағдайларын анықтауға, олардың қоршаған ортамен байланысын және халыққа қауіпсіз өмір жағдайын туғызады.

Құрылыс кезінде инженерлік іздестіру кезінде жиналған материалдар жобалық құжат ретінде, сонымен бірге құрылыстың инвестициялық, үймереттер мен ғимараттардың жұмыс құжаттарын өңдеуге негіз бола алады.

Жоба дегеніміз – жобаланатын кәсіпорын немесе үйдің технология және қондырғылар бойынша сәулеттік-жобаланатын және конструктивтік шешімдері, техника-экономикалық есептері, сметалары және қажетті түсініктемелерін қамтитын сызбалық және тексттік материалдардың жинағын айтамыз.

Пайдалануына қарай жобаны жеке, қайта қолданылатын және типтік болып бөледі. Жалпы құрылыстың нысандарын, ереже бойынша, типтік жоба бойынша салады.

Жобалаудың кезеңдері. Құрылыс нысанын жобалау бір немесе екі кезеңде жүзеге асырылады. Бір кезеңді жобалауда жұмысшы жобасы жасалынады. Ол типтік немесе жеке жобаны қолдануда ғана рұқсат етіледі. Екі кезеңді жобалауда құрылыс құнын есептеу және жұмыстық құжаттар жасалынады, сонымен қатар ірі және күрделі нысандарды жобалау кіреді.

 

 

№2 дәріс+