Александр Сергеевич Петровтан, 18.07.1974 ж.т. 13 страница

Сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес, азамат Д.А. Әбдрахмановқа өміріне қауіп төндіру белгісі бойынша жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген дене жарақаты салынды.

10.04.20__ жылы осы дерек ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлімінің 7-тармағы бойынша Өскемен қаласы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Тергеліп отырған құқық бұзушылықтың екеуін де жасаған бір белгісіз тұлғалар екендігін назарға ала отырып, ҚР ҚПК 43 және 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.Оларға ортақ №146310031001152 нөмірін бере отырып, №146310031001152 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары мен №14631003101155 материалы бір іс жүргізуге біріктірілсін.

2.Іс бойынша іс жүргізу мерзімі №146310031001152 материалының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген күнінен бастап саналсын.

3.Қаулының көшірмесі Өскемен қаласының прокурорына жіберілсін.

4.Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

Өскемен қаласы

ІІБ ТБ тергеушісі,

полиция капитаны(қолы)А. Қуанбаев

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жаңарту туралы

ҚАУЛЫ

"04" маусым 20__ ж. Өскемен қ.

 

Өскемен қаласы ІІБ ТБ тергеушісі, полиция капитаны А.Б. Қуанбаевтың №14631003101152 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қарай отырып,

 

АНЫҚТАҒАНЫ:

 

09.04.20__ жылы сағат 19:30 шамасында, белгісіз тұлғалар М.Горький көшесі, 56 мекенжайы бойынша орналасқан «Пицца-Блюз» кофеханасында болып, азамат Д.А. Әбдрахмановқа бұзақылық ниетпен, пышақты қасақана қолдана отырып, дене жарақатын салды.

09.04.20__ жылы осы дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлімі 2 тармағы бойынша Өскемен қаласы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

16.05.20__ жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі ҚР ҚПК 45-бабының 7-бөлімі 1-тармағының негізінде тоқтатылды.

Қазіргі уақытта бірқатар тергеу іс-әрекетін жүргізу қажеттілігі туындады, осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін жаңарту қажет.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін тоқтатуға негіз болған жағдайларды назарға ала отырып, ҚР ҚПК 45-бабының 9-бөлімі мен 198-бабын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.№14631003101152сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша іс жүргізу жаңартылсын.

2.Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

3.Қаулының көшірмесі Өскемен қаласының прокурорына жіберілсін.

 

 

Өскемен қаласы

ІІБ ТБ тергеушісі,

полиция капитаны(қолы)А. Қуанбаев


 

Тергеуге алыну жөніндегі материалдарды беру туралы

ҚАУЛЫ

"13" маусым 20__ ж. Өскемен қ.

 

ШҚО бойынша КБД ККБ ТБ-ның аға маманы-анықтаушысы, кеден қызметінің капитаны Е.Е.Тоқтаубаевтың №14630006100009 қылмыстық іс материалдарын қарай отырып,

 

АНЫҚТАҒАНЫ:

2013 жылғы желтоқсан айында «Семей» кеден бекетінде, «ішкі тұтынуға арналған өнім» кедендік рәсімі бойынша тауарларға (51428/311213/0004797 – «DODGE RAM 1500 LARAMIE» 2013 жылы шыққан, VINкод – 1C66RR7NTXES161810; 51428/201213/0004606 – «TOYOTA TUNDRA» 2013 жылы шыққан, VINкод - 5TFAW5F11EX326095; 51428/201213/0004608 - «TOYOTA TUNDRA» 2013 жылы шыққан, VINкод - 5TFAW5F13EX327507; 51428/201213/0004605 - «TOYOTA TUNDRA» 2013 жылы шыққан, VINкод - 5TFAW5F1ХEX325009) декларация ресімделді.

Тауарға ілесуші құжаттарға сәйкес, жоғарыда аталған көлік құралдарының тіркеу сертификаттарында ұсынылған декларацияларда «SALVAGE» деген таңба бар, яғни көлік құралдары тұзды сумен зақымдалған, алайда, Ғаламтор желісіндегі «5VIN.BIZ» сайтынан алынған «CARFAX» есептерінен атап өткен көлік құралдарының тарихында жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ қандай да бір механикалық зақымданулар туралы ақпараттың жоқ екендігін байқауға болады.

ҚР ҚМ КБК ККБ-ның 07.06.20__ жылы құнға түзету жүргізуіне сәйкес, автокөліктердің кедендік құны 18.547.686 теңгені құрады, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 4.404.721 теңгені құрады.

12.06.20__ жылы осы дерек ҚР ҚК 234-бабы 2-бөлімінің 4-тармағы бойынша ШҚО бойынша КБД-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Осылайша, ҚР ҚПК 187-бабының 3-бөлімі нормаларының талаптарына сәйкес, 234-бабында (екінші және үшінші бөлімдерінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаржы полициясының тергеу органдары алдын ала тергеу жүргізетіндігін ескере, ҚР ҚПК 186-бабы 1-бөлімінің 2-тармағын және 198- бабын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1.20__ жылғы «12» маусымдағы №14630006100009 тергеуге алыну жөніндегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы, экономикалық контрабанда дерегі бойынша, қадағалау прокуроры арқылы ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жіберілсін.

2.Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

3.Қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

ШҚО бойынша КБД ККБ ТБ-ның аға маманы-анықтаушысы, кеден қызметінің капитаныЕ.Тоқтаубаев  
   
   

 

 

Қосымша: №14630006100009 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы98 бет


Қылмыстық істі (қылмыстық қудалауды) тоқтатудың

негіздерін түсіндіру туралы

ҚАУЛЫ

"05" тамыз 20__ж. Өскемен қ.

 

 

Өскемен қаласы ІІБ Ертіс Полиция бөлімі ТБ-ның тергеушісі, ҚР ҚПК 36, 64, 199-баптарының талаптарын сақтай отырып, 1969 жылы 8 қыркүйекте дүниеге келген күдікті Баукенова Эльмира Қалқаманқызына ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлімінің 3-тармағы бойынша қылмыстық істі тоқтатудың құқықтық салдарларын, сонымен қатар осы негіз бойынша оны тоқтатуға қарсылық таныту құқығын түсіндірді.

 

ҚР ҚПК 36, 64-баптарында көзделген құқықтармен таныса отырып, күдікті Э.Қ.Баукенова құқықтардың оған түсінікті болғандығын және ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлімінің 3-тармағы бойынша қылмыстық істі тоқтатумен келісетіндігін мәлімдеді.

 

 

Қорғаушы _____С.А.Жуков ____

Тергеуші хаттаманы дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, өзгерістер мен толықтырулар жоқ.

 

Күдікті: ______Э.Қ.Баукенова _______ (қолы)

 

Қорғаушы: _______С.А.Жуков ____ (қолы)

 

Өскемен қаласы ІІБ Ертіс Полиция бөлімі ТБ-ның аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты(қолы)Д.Байниязов  
   

 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді (қылмыстық қудалауды) тоқтату туралы

ҚАУЛЫ

 

"15" наурыз 20__ ж. Орал қ.

 

БҚО ІІД ТБ-ның тергеушісі, полиция капитаны И.С.Иванов № 14270001100054 қылмыстық іс материалдарын қарай отырып,

 

 

АНЫҚТАҒАНЫ:

Сонымен, А.А. Санталин, 22.02.1978 ж.т., «Опиоид қолдану салдарынан психикасының және тәртібінің бұзылуы. Тәуелділік синдромы»» диагнозымен «Облыстық наркологиялық диспансер» МҚКК-де 05.02.2012 жылдан бері есепте тұратындығын анық біле тұра, жүргізуші куәлігін алу мақсатында, «Здравие» ЖШС-да медициналық тексеруден өту кезінде оның наркологиялық диспансерде есепте тұрмағандығы туралы 09.09.2010 жылғы №27653 жалған құжатты көрсеткен.

 

Кейіннен, «Здравие» ЖШС-ның медициналық анықтамасының негізінде А.А.Санталин «Облыстық наркологиялық диспансер» МҚКК-де есепте тұрмайтын тұлға ретінде жүргізуші куәлігін алған.

Осылайша А.А. Санталиннің іс-әрекетінде ҚР ҚК 3-бөлімінің 385-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері, яғни жүргізуші куәлігін алуға құқық беретін жалған құжатты пайдалану байқалады.

ҚР ҚК 71-бабына сәйкес тұлға егер жеңіл қылмыс жасағаннан кейін қылмыс жасаған күнінен бастап екі жыл өтсе, онда ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

ҚР ҚК 11-бабының 2-тармағына сәйкес, ҚР ҚК 3-бөлімінің 325-бабында көзделген қылмыс жеңіл қылмыс санатына жатады, ол үшін берілетін жаза 2 жыл бас бостандығынан айырудан аспайды.

А.А.Санталиннің 2011 жылы қылмыс жасағандығын және содан бері 3 жылдан аса уақыт өткендегін ескере отырып, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылған мерзімінің өткені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы тиіс.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, ҚР ҚПК 35, 198, 288-баптары 1-бөлімінің 4-тармағын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. ҚР ҚК 3-бөлімінің 385-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша № 14270001100054 қылмыстық іс жөніндегі іс жүргізу, А.А.Санталинге қатысты, оны қылмыстық жауапкершілікке тартқан мерзімнің өтуіне байланысты тоқтатылсын.

2. А.А.Санталинге қатысты, көріну түріндегі міндеттеме түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасының күші жойылсын.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

4. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

БҚО ІІД ТБ-ның тергеушісі, полиция капитаны (қолы)И.С.Иванов  

 

 

Осы қаулымен таныстым, қаулыға шағымдану құқығы маған түсіндірілді:

 

 

«_____ » ________ 20__ ж. ___________________________ (Аты-жөні)


 

Қылмыстық істі тоқтату және оны қосымша тергеу іс жүргізуі үшін жіберу туралы қаулының күшін жою туралы

ҚАУЛЫ

 

"10" сәуір 20__ ж. Орал қ.

 

Орал қалалық Прокуратурасы 2-басқармасының прокуроры, 1-сыныпты заңгер А.В.Поповтың № 14270001100054 қылмыстық іс материалдарын қарай отырып,

 

 

АНЫҚТАҒАНЫ:

 

Сонымен, А.А. Санталин, 22.02.1978 ж.т., «Опиоид қолдану салдарынан психикасының және тәртібінің бұзылуы. Тәуелділік синдромы»» диагнозымен «Облыстық наркологиялық диспансер» МҚКК-де 05.02.2012 жылдан бері есепте тұратындығын анық біле тұра, жүргізуші куәлігін алу мақсатында, «Здравие» ЖШС-да медициналық тексеруден өту кезінде оның наркологиялық диспансерде есепте тұрмағандығы туралы 09.09.2010 жылғы №27653 жалған құжатты көрсеткен.

Кейіннен, «Здравие» ЖШС-ның медициналық анықтамасының негізінде А.А.Санталин «Облыстық наркологиялық диспансер» МҚКК-де есепте тұрмайтын тұлға ретінде жүргізуші куәлігін алған.

Осы дерек бойынша, 15.02.20__ жылы А.А.Санталинге қатысты ҚР ҚК 3-бөлімінің 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыс жасалған күннен бастап 2 жылдан аса уақыт өткендіктен қылмыстық жауапкершілікке тартылған мерзімнің өткені үшін 15.03.20__ жылы қылмыстық іс тоқтатылды.

Сонымен бірге, қылмыстық істі тоқтату кезінде тергеуші И.С.Иванов көпе-көрінеу жалған құжатты, атап айтқанда, соның негізінде А.А.Санталин медициналық тексеруден өтіп, кейіннен жүргізуші куәлігін алған «Облыстық наркологиялық диспансер» МҚКК анықтамасын дайындау дерегі бойынша процессуалдық шешім қабылдаған жоқ.

Осылайша, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күші жойылуы және қылмыстық іс қосымша тергеуге жіберілуі тиіс. Соның барысында А.А.Санталиннің атына «Облыстық наркологиялық диспансер» МҚКК-нің көпе-көрінеу жалған анықтамасын дайындаған тұлғаны анықтау және оған қатысты процессуалдық шешім қабылдау қажет.

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, ҚР ҚПК 193, 290-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. № 14270001100054 қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күші жойылсын.

2. Қылмыстық іс материалдары БҚО ІІД ТБ-ға қосымша тергеу іс жүргізуі үшін жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

 

БҚО Прокуратурасы 2-басқармасының прокуроры, 1-сыныпты заңгер (қолы)А.В.Попов

 

Күнәні мойындау туралы мәміле түріндегі

ПРОЦЕССУАЛДЫ КЕЛІСІМ

 

"17" мамыр 20__ ж. Переметное кенті.

 

Бір жағынан Зеленов ауданының прокуроры кіші әділет кеңесшісі А.В. Попов №14270001100057 қылмыстық ісі бойынша ҚР ҚПК 193-бабы1-бөлімінің19-тармағын басшылыққа ала отырып және екінші жақтан күдікті Орал қаласының тумасы, жұмыс істемейтін В.В. Кузнецов (25.07.1982 ж.), Қорғаушы: А.А. Сергеев ҚР ҚПК 615-бабы 3-бөлімінің 2-тармағында, 616 бабының 1 және 2-бөлімдері 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген, қажеттілік туындаған жағдайда ҚР ҚПК 47-бабының ережесі бойынша құпиялығын сақтай отырып және оның 12-тарауына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметное кентіндегі Некрасов көшесі 23 үйде орналасқан прокуратура ғимаратында төмендегі келесі шарттарды сақтай отырып күнәні мойындау туралы мәміле түріндегі келісімді жасады:

 

1.БҚО ІІД ТБ тергеушісі А.А.Иванов 20___ ж., «01» мамырында

Владимир Витальевич Кузнецовқасотталмағанға қатысты күдігін білдірді.

 

 

В.В. Кузнецов 20__ жылдың 25. 04. Зеленов ауданының Рубежка кентінде болған кезінде Заводская көшесіндегі азамат А.В. Сидороваға тиесілі №45 үйдің сарайына жасырынып кіріп, үш тауықты ұрлап, артынан қылмыс орнынан жасырынған.

20__ жылдың 28.04. күні В.В. Кузнецов өзі ұрлаған үш тауықты Дарьинское ауылының тұрғыны А.В. Воронцовқа 5000 теңгеге сатады, мұны соңғы аталған тұлғаның жауабы растайды.

 

1. Күдікті В.В.Кузнецов сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған іс бойынша өз күнәсін толығымен мойындады және міндетіне алды:

а) сот іс жүргізуі барысындағы тағылған айыптауды бұлтартпасыз толық мойындау;

б) 20__ «16» мамырына дейін мемлекетке (немесе жәбірленушіге) сараптама 5000 теңге деп белгілеген қылмыстық әрекет арқылы келтірген материалдық шығынды толығымен төлеу.

в) аталған құқық бұзушылыққа қатысты жағдайларды анықтау бойынша қылмыстық істі тергеуге көмектесу.

г) басқа жағдайлар ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Күдікті күнәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалды келісімге байланысты барлық шарттар мен талаптармен танысты.

Жәбірлеу және өзгеде адами емес қатаң немесе адам намысын таптайтын әрекеттерге немесе жазалауға ұшыраған жоқ және бірігіп жұмыс істеу туралы процессуалды келісімді өз еркімен жасады әрі оның құқықтық әсерін түсінеді;

ҚР ҚК 54 бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік пен жазалауды ауырлататын жағдайларға жатқызу керек: жоқ.

ҚР ҚК 53 бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік пен жазалауды жеңілдедетін жағдайларға жатқызу керек: соттылығының болмауы.

Күдікті В.В. Кузнецов

_____________________ (қолы)

 

1. Тараптар күдікті В.В. Кузнецовқа қатысты ҚР ҚК 188 бабы 1 бөліміне сәйкес 3 бостандығынан айыру түрінде жаза белгілеуге келіседі (немесе мәміленің басқа шарттары)

 

Ұсынылған жазаның түрі және шарасымен келісемін

Күдікті В.В. Кузнецов

_____________________ (қолы)

 

 

1.Күдікті В.В. Кузнецов, сол сияқты жәбірленуші А.В. Сидорова ҚР ҚПК 614 бабына сай аталған мәмілені жасау мен бекітудің тараптар үшін:

1) процессуалды келісім жасаған сәттен бастап, ҚР ҚПК 192 бабы бекіткен мерзімінде аяқталған сотқа дейінгі іс жүргізу болып табылатынын;

2) ҚР ҚПК 382 бабы 2 бөлімі және 64 тарауына сай күнәні мойындау туралы мәміле түріндегі істі соттың қарауы болып табылатынын;

3) процессулды келісім жасауға келісім берген жәбірленушіні алдағы уақытта келтірген зақымды өтеу құынын өзгерту талабынан айыруға болатынын түсінеді.

Процессуалды келісім жәбірленушіні және азаматтық арызданушыны аталған қылмыстық іс бойынша азаматтық қуыным беру немесе азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қуыным беру құқығынан айырмайды.

 

 

Күдікті: _____________В.В. Кузнецов

Жәбірленуші: _____________А.В. Сидорова

 

Күдіктінің соттың шешім қабылдауға кеңес бөлмесіне кеткеніне дейін процессуалды келісімнен бас тартуына құқығы бар. Тараптардың процессуалды келісім жасаудан бас тартуы ҚР ҚПК 614 бабының 3 және 4 бөлімдеріне сай қайта келісім жасау туралы өтініш беруіне кедергі жасамайды.

Күдікті: _____________ В.В. Кузнецов

 

1.Күдікті В.В. Кузнецов осы келісім аясында басқа тараптың міндеттерді орындауы толығымен өзінің Заңды және жасалған осы келісімнің кез-келген ережесін сақтауына байланысты екенін түсінеді.

 

2.Күдікті В.В. Кузнецов жәбірленуші келіспеген жағдайда процессуалды келісім жасалмайтынын түсінеді. Егер жәбірленуші келісетін болса, прокурор және қорғаушы тарап ақылға қонымды уақыт ішінде келтірген зиян бойынша өтем төлеу бойынша оның пікірін ескере отырып, жазбаша түрде жазылатын және қатысушылар қол қоятын процессуалды келісім жасайды.

 

Келісім 20__ жылдың «17» мамырында 3 данамен жасалды (1-данасы айыптау актісіне қосылып, сотқа жіберіледі, 2-данасы прокурорға, 3-данасы күдіктіге (күдіктіге) жіберіледі).

 

Тараптар:

 

Зеленов ауданының

Прокуроры

кіші әділет кеңесшісі(қол) А.В. Попов

Күдікті(қол)В.В. Кузнецов

Келісім күдіктінің қорғаушысының қатысуымен жасалды

 

Қорғаушы(қол) А.А.Сергеев

 

 

Кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі

процессуалды келісім жасалғаны туралы

ӨТІНІШ

 

Мен, 25.07.1982 ж. Орал қаласында туылған, Зеленов ауданының Рубежка кентінде Коммунисттік көшесі 14 үйде тұратын, жұмыс жасамайтын, бұрын сотталмаған Кузнецов Владимир Витальевич, №14270005100057 қылмыстық ісі бойынша азаматша А.В. Сидороваға тиесілі 3 тауықты ұрлады деген күдіктімін, соған байланысты маған ҚР ҚК 188 бабы 1 бөліміне сай күдік тағылды.

ҚР ҚПК 612 және 615 бабтарын негізге алып, баяндалғанның негізінде, күнәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалды келісім жасауға тілек білдірдім.

Күнәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалды келісім жасау шартынан оның салдарларымен және өтінішті қарау тәртібімен таныстым.

 

Күдікті(қолы)В.В. Кузнецов

Өтінішкүдіктінің қорғаушысының қатысуымен жасалды:

Қорғаушы(қол) А.В.Сергеев

 

 

Өтінішті тергеуші (анықтаушы) А.В. Иванов қабылдады және ҚР ҚПК 613 бабы негізінде, 614 бабы 2 бөлімінің тәртібімен Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданының прокурорына 20__ жылдың «17» мамырында №15-24/14 тіркеу нөмірімен жолданды.

 


Ынтымақтастық туралы

ПРОЦЕССУАЛДЫ КЕЛІСІМ

 

"18" мамыр 20__ ж. Переметное кенті

 

Бір жағынан Солтүстік Қазақстан облысы прокуроры әділет аға кеңесшісі А.В. Попов №14270001100057 қылмыстық ісі бойынша ҚР ҚПК 193-бабы1-бөлімі 19-тармағының негізіндежәне 612-бабы 1-бөлімінің 2-тармағын және 619-бабын басшылыққа ала отырып және екінші жақтан күдікті Орал қаласының тумасы, жұмыс істемейтін В.В. Кузнецов (25.07.1982 ж.),

Қорғаушы: А.А. Сергеев

___________________________________________________________________________________________________________________________________

 

ҚР ҚПК 615-бабы 3-бөлімінің 2-тармағында, 616-бабтың 1 және 2-бөлімдері 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген, қажеттілік туындаған жағдайда ҚР ҚПК 47-бабы ережесі бойынша құпиялығын сақтай отырып және оның 12-тарауына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметное кентіндегі Некрасов көшесі 23 үйде орналасқан прокуратура ғимаратында төмендегі келесі шарттарды сақтай отырып күнәні мойындау туралы мәміле түріндегі келісімді жасады: