Тапсырма. 1. Ежелгі қалалар (Отырар, Түркістан, Тараз, Сайран, Сығанақ) мәдениеті туралы реферат әзірлеу

1. Ежелгі қалалар (Отырар, Түркістан, Тараз, Сайран, Сығанақ) мәдениеті туралы реферат әзірлеу.

2. Ел ордасы – Астана. Астана қаласының көзтартарлық орындарын әңгімелеу.

3. «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» тақырыпына шығарма жазу

2-тапсырма.Өлеңді жаттап алыңыз.

Туған елге.

(Жұбан Молдағалиев)

 

Қазақстан, сүйікті туған елімсің,

Асық атып, доп қуған,

Асыр салған жерімсің.

Бөленіп гүл мен нұрыңа,

Бағыңда ойнап күлгенмін.

Таңыңда сайрап бұлбұлға,

Ән қосып жырлап жүргенмін.

Сен есіме түскенде,

Көңілім бұлттан ашылып,

Тасиды жаңа күш менде,

Жабыққаным басылып.

3-тапсырма.«Менің елім Тәуелсіз Қазақстан» шығарма

2-сабақ

Лексикалық тақырып:

Ел басқару жүйесі. Президент.

Бөгде сөз.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

1-тапсырма. Ел басқару жүйесі мәтінің оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында: «Қазақстан Республикасы - президенттік басқару жүйесіндегі біртұтас мемлекет» делінген. Президеттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Мемлекет дегеніміз қоғамды басқару құралы болып табылады.

Республикасының Президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституциясының мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Мемлекетте адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, парламентті биліктің дербес тармағы ретінде өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын рөлін көтеру бекітілген. Үкіметтің және оның мүшелерінің парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, депутаттардың мәртебесін көтеру, соттық құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі реформалау көзделді. Мемлекет құрудың негізгі шарты - барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіруді айтады. Республикалық басқару жүйесі деген не? Бұл басқару жүйесі - жоғарыдан төмен қарай белгілі бір мерзімге сайлау арқылы жүзеге асуды білдіреді. Қазіргі басқару жүйесін екіге бөлуге болады. Олар - Президенттік және Парламенттік.

Біздің мемлекетіміз президеттік басқару нысанындағы республика түріне жатады. Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, тәуелсіз мемлекет атанды. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейінде беделінің ерекше артқаның көрсетеді. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас мемлекетіміздің буыны бекіп, өркендей түсуіне зор еңбек сіңіріп келеді. Еліміздің Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, және Әнұраны бар. Бізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады.

2-тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.

Басқару управлять
Кепіл гарантия
құқық право
өкілеттілік полномочия
мәртебе статус

3-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мемлекет дегеніміз не?

2. Мемлекет құрудың негізгі шарты дегеніміз не?

3. Республикалық басқару жүйесі деген не?

4.ҚР БҰҰ-на қашан қабылданды?

5.Еліміздің Конституциясы 1995 жылы 30 тамыздақашан қабылданды?

6. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, қашан тәуелсіз мемлекет атанды?

7.Қазіргі басқару жүйесі нешеге бқлінеді?

4-тапсырма. Президент мәтінімен танысып мазмұндаңыз, аударыңыз.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Қаскелең ауда-нындағы Шамалған ауылында туған. Осы ауданда Абай атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, комсомолдық жолдамамен Те-міртауда фабрика-зауыттық училищеде оқиды.

Нұрсұлтан Әбішүлы 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін бітіреді. 1967 жылы Қарағанды металлургия зауыты жанындағы жоғары техникалық оқу орнында оқиды.

1960-69 жылдары Н.Назарбаев Қарағанды металлургия зауы-тында жұмысшы болып істейді. 1969-73 жылдары Қазақстан Ком-партиясының Теміртау қалалық комитеті өнеркәсіп-транспорт бөлімінің меңгерушісі, онан кейін қалалық партия комитетінің хат-шысы, 1979 жылдан Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің хатшысы және Бюро мүшесі, 1981 жылдан Қазақстан орталық комитетінің мүшесі, 1989 жылы Қазақстан орталық комитетінің хатшысы, 1991 жылы бірінші рет егеменді Қазақстан Республикасы-ның тұңғыш Президенті болып сайланды.

1995 жылдың 29 сәуірінде бүкілхалықтық референдум нәтижесі бойынша оның Президенттік өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қантарында өткен сайлауда Н.Ә. Назарбаев 7 жылға ҚР – ның президенті болып сайланды.

ҚР – ның ең жоғарғы наградасы «Алтын Қыран» орденімен 1993, «Құрмет белгісі» 1997, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен 1990 және бірқатар шетелдік наградалар мен марапатталған.

2005 жылы ел –өмірінде болған маңызды оқиғаның бірі – 4 желтоқсандағы Президент сайлауы. Осы сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа 6147514 (91.5%) сайлаушы дауыс берді.

Республика Президентін бүкіл халық болып сайлады. Нұрсұлтан Әбішұлы елдің қамын жеп, мұңын мұңдайтын, өз халқының қадір-қасиетін жанымен ұғатын, мейлінше ұғатын, мей-лінше әділ азамат.

Бүкіл жер жүзі халықтарының арасында беделі зор саяси қоғам қайраткері.

Президент Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын, экономикалық байланыстар үшін түрлі елдермен келіссөздер жүргізеді, мемлекет наградаларын тапсырады және т.б. мемлекеттік маңызы бар басқа да мәселелерге араласып отырады. Президент Парлаиент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады. Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар Жарлық қабылдай алады.

 

5-тапсырма.Мәтін бойынша 10 сұраулы сөйлем құрастырыңыз.

 

6-тапсырма.Н.Ә.Назарбаевтың өмірі, еңбектері және отбасы жайлы баяндама жазыңыз.

7-тапсырма.Мына мақал- мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

 

Жақсыдан әкім қойсаң - түзер,

Жаманнан әкім қойсаң – бүлдірер

 

Тура биде туған жоқ,

туғанды биде иман жоқ

 

Үлгісізден би қойсаң, өсиеті болмайды.

Қаһарсыздан хан қойсаң, қасиеті болмайды.

 

8- тапсырма. «ҚАЗАҚСТАН-ПРЕЗИДЕНТТІК РЕСПУБЛИКА»- мәтінің аударыңыз, мазмұндаңыз.

 

Қазақстан Президенттік ел басқару жүйесіне негізделген. Қазақстан Республикасының Президенті- мемлекеттің басшысы, ең жоғары лауазымды тұлға.

Республика Президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады. Президент Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайланады.

Президент Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын, экономикалық байланыстар үшін түрлі елдермен келіссөздер жүргізеді, мемлекет наградаларын тапсырады және т.б. мемлекеттік маңызы бар басқа да мәселелерге араласып отырады. Президент Парлаиент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады. Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар Жарлық қабылдай алады.

Әр халықтың тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері болады. Рәміз – эстетикалықкатегория, шартты таңба.

Қазақстанның да өз рәміздері бар. 1992 жылы 4-інші маусымда мемлекетіміздің туы, әнұраны, елтаңбасы туралы заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн орналасқан. Оның астында қалыптап ұшқан қыран құс бейнеленген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек бар.

Көгілдір түс – жарқын болашақтың және ашық аспанның нышаны болып табылады. Күн – бейбітшіліктің, қыран – биікке самғау белгілері. Өрнек – қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді.

Шұғылалы күн, қыран құс және ұлттық өрнек алтын түсті. Алтын түс – молшылық пен байлықтың белгісі.

Тудың авторы, суретші – Шәкен Ниязбеков.

   
9- тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерің

дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.

Мемлекеттік ту – государственный флаг

Рәміз, нышан - символ

Тік бұрышты – прямоугольный

Көгілдір мата – голубая ткань

Шұғылалы күн – солнечное зарево

Орналасқан – расположен

Қыран құс – орел

Бейнеленген – изображен

Ұлттық өрнек – национальный узор

Сол жағында – с левой стороны

Таңба, белгі – знак

Білдіреді – обозначает

10 – тапсырма.Тудың суретін қолдана отыра, туды ауызша суреттеп беріңіз.

11-тапсырма.Мына сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің авторлары кімдер?

2. Еліміздің рәміздері қай жылы қабылдаңды?

3. Көк байрақта, Елтаңбада қандай белгілер бар? Мәнін түсіндір.

 

12-тапсырма.Өткен мәтіндерге сүйене отырып, "Менің елім" деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

13-тапсырма.Президент, жұмыс, уақыт, кісі, жұрт – деген сөздердің синоним сыңарларын тауып жазыңыз.

 

14-тапсырма. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы»мәтінің оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Ол-елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы - отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз- ертегілердегі пырақтардың қанаттары көмкерген. Қанатты пырақ - мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын көрсетеді.

Елтаңбаның үстіңгі жағында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол- бес континентке жол ашуды білдіреді. Төменгі жағында '' Қазақстан''деген жазу бар. Реңдік бейнесі - алтын және көгілдір түсті.

Елтаңбаның авторлары, суретшілер - Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.

15-тапсырма.Берілген сөздерді аударыңыз.

аясында - біртұтас - ошақ - айнала - аңыз - ертегі - мәңгілік - шексіз – рухани-

16-тапсырма.Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраның жатқа айтып беріңіздер.

 

Музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

 

ҚАЙЫРМАСЫ:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

ҚАЙЫРМАСЫ:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

17-тапсырма.Берілген сөздерді жаттап алыңыз.

 

ерекшелік- особенность

еске салу- напомнить

бейнелеу- изобразить

бейне- образ

іспеттес- подобный

самғау биігі- здесь: мечта

қырағылық – зоркость

бірігу идеясы- идея единения.

 

18-тапсырма.Өэіңіз білетін бір елдің мемлекеттік рәміздерін сипаттап беріңіз.

СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ