Парламент 2 страница

(қандай?) (кімнің?)
жұмсалатын тапқан күнделікті   қаржы табыс қажеттілік     отбасының     бюджеті бірлігі берекесі
(қалай тапқан?) (не істеу?)
       

 

4-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Егер мәтіннің мазмұнын бір сөзбен анықтасаңыз, қандай сөзді таңдар едіңіз?

2. Мәтінді дауыстап оқыңыз, тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы

мазмұнына көңіл аударыңыз.

3. Мәтіннің негізгі ойы қай жерде берілген, соны дәптеріңізге жазып алыңыз.

4.“Экономика” деген сөздің анықтамасын дәптерге көшіріп, жаттап алыңыз.

5-тапсырма.Сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

 

(нені?) жүргізу,

(қалай?) ұйымдастыру,

(нені?). өнеркәсіпті басқару,

(нені?) үнемдеу;

(қандай?) .............. шаруашылық,

(неге?).............. зиян (вредный),

тауарды (не істеу?),

өндірісті (не істеу?) ..............,

нарықтық (не?),

(қандай?) экономика.

 

6-тапсырма.Жоғарыдағы құрастырылған сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.

7-тапсырма.Төмендегі сөздерді анықтайтын сөздер жазыңыздар.

Экономика, шаруашылық, тіршілік.

 

8-тапсырма. Сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Жүргізу, ұйымдастыру, басқару, айырбастау;

Шаруашылық, зиян, білуі, тауарды, өндірісті, нарықтық, дұрыс, экономика, жүргізу, айырбастау, шектеу, керек, басқару, дамыту.

 

9-тапсырма.Жоғарыдағы құрастырылған сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.

10-тапсырма. «Отбасы экономикасы»Мәтінді мазмұндау және аудару.

Отбасы экономикасы жанұяның әр мүшесінің еңбекпен тапқан табысы олардың отбасындағы ортақ игілігіне, тамағына, рухани мүдделеріне, жол және пәтер ақысына т.б. тіршілікке қажетті мұқтажына жұмсалатын қаржысына айналады. Тапқан табысты қажетіне қарай қанша жұмсау - әркімнің өз ықтияры. Алайда кімнің де болсын табан ақы, маңдай терімен келген табысын орынды жеріне үнемдеп жұмсау отбасының күнделікті қажетін толық қамтамасыз етіп отбасының береке-бірлігі мен бала тәрбиесіне де зор ықпал ететінін ескермеуге болмайды.

Айталық, үйдегі ересек адамдардың, әсіресе, ата-ананың ақшаға, дүние-мүлікке көзқарасы мен қатынасының ыңғайына қарай баланың да көзқарасы, мінез-құлық әдеттері, тәртібі қалыптасатыны бекер емес.

Ата-ана отбасында күніне, аптасына, айына қанша қаржы жұмсалатынын, үйге қанша кіріс кіретінін, не сатып алу керектігі жөнінде баланы қатыстыра ақылдасып, тіршілікке баулып өсіргені жөн.

11-тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.

ақша шашпау –не разбрасывать деньги

алдынғы қатарлы – передовые

апат – бедствие, катастрофа

бағалау – оценивать

басқару өнері – искусство управлять

басым бағыт – превосходящее направление

белгілі болмасқа – известным быть

батып кету - утонуть

бөлісу - делиться

біртұтас - единый

жайбарақат - беспечно, спокойно\

жалғастыру - продолжать

даңқ - слава

ие болу - владеть, овладеть

күнделікті тұрмыс - обычная жизнь

қалдыру - оставить, оставлять

мүмкіндік - возможность

өндіру - производить

салыстыру - сосоставить, сравнить

сұраныс - спрос

табиғат заңдары - законы природы

тұрмыс – быть, жизнь

таңдау – выбирать

ұрпақ - подрастающие поколение

ұрпақ үшін күрес – борьба за подрастающее поколение

12-тапсырма.«Отбасы экономикасы» мәтініне қатысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

13-тапсырма.«Отбасы экономикасы» тақырыпына жатпайтын сөздерді сызып тастаңыз.

 

Шаруашылық, тіршілік, бюджет, мемлекет;

қаржы, ақша, тиын, теңге, қаржыландыру;

халық, ата-ана, балалар.

 

14-тапсырма.Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыздар.

Тапқан табысын, адамдар, материалдық, рухани, жұмсайды, мүдделерге;

Тәрбиесіне, балалардың, бюджеті, отбасы, жұмсау, әсер етеді, дұрыс;

Жөн, балаларды, бюджеті, отбасы, қатыстырған, бөлгенде.

 

15-тапсырма.–лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтардың мағыналық ерекшеліктерін түсіндіріңіздер. Аударыңыздар.

(қандай?)

компьютерлік есеп, экономикалық ситуация;

делдалдық қызмет, кедендік күн;

ұлттық, мемлекеттік экономика.

 

16-тапсырма.Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.

Экономикасы, табысы, үнемдеп жұмсау, ықпал ету, әдеттері, тәрбиесіне, баулы, қамтамасыз етіп, кіріс, айналады, мүдделеріне

СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Қазақстан экономикасы

 

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен және адам ресустарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі.

Тәелсіздік алуына байланысты Қазақстан экономикасында демократиялық қоғам жағдаиында, нарық еркіндігін жасау межеленіп отыр.

1992 жылдан бастап елімізде мемлекеттік мекемелерге жекешелендіру жүргізілді.

Нарық жағдайындағы Қазақстанстанның жекеменшік секторы еліміздің болашақ экономикалық тұрақтылық базасын қалыптастыруда орасан зор биіктіктерге көтерілу үстінде.

Қазақстан экономикасы үшін шет ел инвестициясына жол ашық.

Өтпелі кезеңнің қиындығына қарамастан Елбасының «Қазақстан 2050» бағдарламасы елеміздің өркендеген елдердің бірі ететін, экономикасы дамыған демократиялық қоғамға айналдыруға кепілдік береді.

 

2-тапсырма. Мәтіндегі әр сөйлемге сұрақ құрастырыңыз.

 

3-тапсырма. Қазақстан экономикасына байланысты сұхбат жүргізу.

 

4-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстан нелерімен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі?

2. Қай жылдан бастап елімізде мемлекеттік мекемелерге жекешелендіру жүргізілді.

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Ішкі және сыртқы сауда.

 

Ішкі және сыртқы сауда баяндама жазу

5-сабақ

Лексикалық тақырып: Ақша-кредит саясаты.

Банк жүйесі.

Сан-мөлшер категориясы.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Мәтінді сөздік арқылы аударыңыз.

2-тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.

құн өлшеуші мера стоимости
ақша айналымы денежный оборот
құрал средство
несие кредит
тұтыну несие потребительский кредит
мерзім срок
әмбебап универсальный
жылжымайтын мүлік недвижимость
төлем құралы средство оплаты

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы, дүниежүзілік ақша қызметін атқарады.

Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Алайда біртіндеп өндірістің даму үрдісінде ол алтынға берік орнықты. Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар.

Құн өлшемі қызметінде ақша – баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету үрдістеріне ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды.

Ақша айналымы дегеніміз еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі.

Ақшаның ең басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде.

Кредит (лат. creditum – несие, credo – сенемін, сенім білдіремін) деген мағынаны білдіреді. Несие – белгілі бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз.

Экономиканы дамытуда кредиттің рөлі маңызды әрі сан салалы. Тұтыну несиесі халықтың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізеді. Несие негізінен, коммерциялық несие және банк несиесі болып бөлінеді. Айрықша түрі – халықаралық несие.

Коммерциялық несие – сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде вексель жүреді. Мұндағы вексель дегеніміз – несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме.

Банк несиесінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте, банктер, ақша иелері және басқа несие мекемелері несиегерлер болып келеді.

Банк несиесі несиелеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімде), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) болып келеді. Ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс.

 

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ақша қандай қызмет атқарады?

2. Ақша деген не?

3. Ақша қандай тауар?

4. Несие дегеніміз не?

5. Несие неше түрге бөлінеді?

6. Тұтынушылар өмірінде кредиттің маңызы қандай?

7. Несиенің қандай түрлерін білесіз?

 

4-тапсырма.Мәтіннен мына сұрақтарға жауап табыңыз.

1. Ақша қозғалысы қандай экономикалық терминді қалыптастырады?

2. Ақшаның ерекшелігі неде? Бұл туралы мәтіннің қай бөлігінде берілген?

3. Бірінші абзацта құрал сөзінің тіркескен сөздеріне назар аударып, атап шығыңыздар, орысша баламасын айтыңыздар?

 

5–тапсырма.Мына терминдерді экономикалық сөздікті пайдаланып, қазақшаға аударыңыз.

Денежная единица, денежная масса, денежно – кредитное регулирование, денежно – кредитный кризис, денежное обращение, денежные знаки, денежный начет

6-тапсырма. «Банкі жүйесі»мәтінің оқып, мазмұндаңыз.

Банк итал. Banko – үстел деген мағынаны білдіреді. Банк – ерекше кәсіпорын. Егер кәдімгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал Банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, тұтынушыларға есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, несие бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) тағы сол сияқты басқа да қызметтерді атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті және активті болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы, депозиттер қабылдау жатады, ал негізгі активті операцияларға банкаралық несие беру, инвестициялық қаржы бөлу т.б. жатады.

Алғашқы банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына әсіресе, 1716-20 ж. Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды.

Қазақстанға банк капиталының енуі және оның территориясында несие желісінің жасалуы ХІХ ғасырдың соңында басталды. Қазақстандағы негізгі банктер – Ресей банктері болды. Олардың филиалдары өлкенің орталық қалаларында (Оралда, Омбыда, Петропавлда, Семейде, Верныйда) орналасты.

Қазақстанда 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі Банк – ҚР-ның Ұлттық банкі. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заң күші бар Жарлығында (30.3.1995) белгіленген. Өзге банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар “Коммерциялық Банктер” деп аталады. Қазақстанның екінші деңгейдегі Банктерінің ең ірілерінің қатарына Казкоммерцбанк, Тұранәлембанк және т.б. жатады.

 

7-тапсырма.Сөздікті дәптерге жазып, жатта.

банкаралық несие–межбанковский кредит Банкі жүйесі, қызметі–Баковское система, работа уақытша – временно, временный ерекше – особенный кәсіпорын – предприятие мерзім – время, срок қор - фонд салым - депозит есепшот – счет тауар – товар желі-сеть

 

8-тапсырма.Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Алғашқы банктер қашан, қай жерде пайда болды?

2. Қазақстанға банк капиталының енуі және оның территориясында несие желісінің жасалуы қай уақыттан басталды?

3. Қазақстандағы негізгі банктер – қандай банктері болды?

4. Қазақстанда нешінші жылы және қандай нәтижеде банк жүйесі құрылды?

5. Жоғары (бірінші) деңгейдегі Банкі қалай деп аталынады?

6. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі қандай жарлығымен және нешінші жылы белгіленген?

7. Екінші деңгейге және ең ірілеріне қандай банкттер жатады?

 

9 тапсырма.Мына сұрақтарға жазбаша жауап іздеңіздер.

 

Сұрақтар: Жауаптар:
1. Банк қандай кәсіпорын? 2. Банк жүргізетін операциялар қалай аталады? 3. Активті операцияларға не жатады? 4. Пассивті операцияларға не жатады? 1. 2.   4.

 

10-тапсырма.Салым түрлерін толықтырыңыз, сәйкестендіріңіз, аударыңыз.

 

1) до востребования 2) целевой 3) срочный 4) выигрышный 5) текущий 6) краткосрочный 7) долгосрочный А. шұғыл түрдегі Ә. талап етуі бойынша Б. В. ағымдық Г. Ғ. ұтыстық Д

 

11-тапсырма.Оқыңыз, жалғастырыңыз.

 

Банк қызметтері:

1) кассалық

2) есеп-айырысу

3) несиелік

4) кеңес беру

5) инкассация

6) ....................

7) ....................

8) .....................

 

12-тапсырма.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Банк жүйесі, шетел валютасы, банк операциялары, несие, капитал, банк депозиті, қор, қаржы

 

13-тапсырма.Мына сөйлемдерді төмендегі құрылым түрлеріне қарай өзгертіңіз.

1. Ұлттық банк басқа банктерге лицензия береді және олардың жұмысын тексеріп отырады.

 

1) – мен қатар..... ______________________

2) – мен бірдей.... ______________________

3) да, ....да ______________________

 

2. Банк жеке адамдарға да, кәсіпкерлерге де несие бере алады.

 

1) тек....ғана емес _________________________

2) қалай... солай...._________________________

3) –мен қатар _________________________

 

14-тапсырма.Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Банк Каспийский быстро и качественно обслуживает клиентов.

2. Казкоммерцбанк предлагает кредитование физических и юридических лиц.

3. В банке за короткий срок мы можем получить экспресс-кредиты.

 

15-тапсырма.Сөздердің орын тәртібін дұрыс орналастырыңыз.

 

1. Ұлттық банк, кассалық есеп, көрсетеді, қызметін, мекемелер мен өнеркәсіптерге.

2. Сапалы, көрсетуге, қызмет, кепілдік, клиенттерге береді, банк.

 

16-тапсырма.Мақсатпен сұхбаттасыңыз.

 

Мақсат: - ҚР-ның банк жүйесі жайлы сіз не айта аласыз?

Сіз: - _____________________________________

Мақсат: -ҚР-ның банктері қандай қызмет көрсете алады?

Сіз: -______________________________________

Мақсат: - Өз бизнесін бастағысы келген заңды және жеке тұлғаларға қандай мүмкіндіктер жасалған, білесіз бе?

Сіз: - ______________________________________

Мақсат: Әңгімеңізге көп рахмет, ҚР-ның банк жүйесі жайлы біраз мәлімет алдым.

 

17-тапсырма. «Өз бизнесіңізді қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыпына шағын шығарма жазып келіңіз.

18-тапсырма. Сөйлемдерді орысшаға аударып, есептік сан есімдерді бір бөлек, реттік сан есімдерді бір бөлек, жинақтық сан есімдерді бір бөлек көшіріп жазыңыздар.

Мен биыл он сегізге толдым. Қаламыздағы бесінші орта мектепті бітірдім. Сыныбымызда жиырма бір оқушы болдық. Асхат, Сергей және мен үшеуіміз үнемі бірге жүретінбіз. Қазір олар екеуі бір кәсіп орында жұмыс істейді, ал мен жоғарғы оқу орнында оқимын. Биыл бірінші курсты жақсы деген бағаға аяқтағалы отырмын. Жазда Көкшетауға барып бір ай бойы демалатын шығармын. Демалыс кезінде біз үшеуміз бірге боламыз. Біздің сабақтарымыз маусымның жиырма бесінде бітеді. Содан кейін екі ай бойы жазғы демалысты алаңсыз өткізуге болады.

СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Ұлттық валюта

 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран, және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді. Теңгенің авторы болу бақыты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов пен Меңдібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді. Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ ғасырдағы үлкен жетістік.

(М.Тазабеков. «Егемен Қазақстан»)

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Теңгенің туған күні қашан? Авторлары кімдер?

2. Теңгенің тұрақты болуы неге байланысты деп ойлайсыз?

3. Теңгеде бейнеленген адамдар туралы не деп ойлайсыз?

4. Төмендегі мақалды қалай түсінесіз? Көршіңізбен пікірлесіңіз.

«Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын»

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ.

1-тапсырма.Мәтінді мазмұндаңыз,аударыңыз.

Ұлттық байлық дегеніміз не?

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-құатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле бастады. Біздің Қазақстанда ше?

Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп-еңбекпен жасаланытын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игілектердің қорын айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды.

Сонымен ұлттық байлыққа не жатады?

Ұлттық байлық негізінен мына малалардан тұрады:

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабаларының қалдырған барлық мұрасы.

ә) табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп- өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтап тұтады. Оның құны-сол елдің байлығының кепілі.

Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құнын анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.

Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да жатады.

Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.

Барлық мемлекетте ғасырлар бойы жинақталған ұлттық байлықтары бар. Оны ғалымдар ең құндысын рет-ретімен ғылыми жұмыстарымен дәлелдеп қана қоймай, ол заттың құны валютамен есептеліп шығарылған.

 

6 сабақ

Лексикалық тақырып: Халықаралық ынтымақтастық.

Анықтауыштық қатынас.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз.