БАСПАНА

Тірек сөздер:Төлеу қабілеттілігі, жылжымайтын мүлік, алғашқы төлеу жарнасы, алып-сатарлығын болдырмау, артықшылық, бағдарлама аясында, шаршы метр.

 

6-тапсырма.Мәтінді оқыңыз

 

Халық арасында Мемлекеттік 2005-2007 жылдардағы тұрғын үй бағдарламасын мемлекеттік қызметкерлерге арналған ипотека деп атайды. Бұл – жас отбасылар мен жас мамандар үшін көптен күткен жағымды жаңалық болды. Бюджет қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін Тұрғын үй департаменті шешеді, ақыр аяғында үміткердің армандаған шаршы метрлерін төлеу қабілеттілігін банк анықтайды. Өз кезегінде, банктерге де ерекше талаптар қойылған, алғашқы төлеу жарнасы 10 пайыздан кем болмауы керек, банктің қызмет көрсету сыйақысы да 10 пайызды құрайды, несиені қайтару мерзімі - 20 жылдан аспау керек. Жылжымайтын мүлік алып-сатарлығын болдырмау үшін, мемлекеттік тұрғын үй ережесі заемды бірінші үш жылда төлеуге рұқсат етілмейді. Артықшылыққа ие, арыздары бірінші кезекте қаралатындар – балалы жас отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және әлеуметтік қызмет жұмыскерлері.

7-тапсырма. Мәтін бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мәтіннің мазмұнын түсініп оқып, мазмұнын біліп алыңыз

2. Осы бағдарлама жайлы сіздің ойыңыз

3. Біздің қаламызда Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қалай жүріп жатыр?

4. Жас отбасы үшін қай жағынан қолайлы деп ойлайсыз?

5. Несиені қайтару мерзімі, сіздіңше ұзақ емес пе?

8-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін оқып, аналитикалық тәсілді қолданып сөйлем құрастырыңыз.

Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз;

Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр;

Иненің көзінен өткендей – пысық;

Иін тірескен – өте көп;

Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе сезбеу.

 

9-тапсырма.Сөзжұмбақты шешіңіз.

      Т          
      Ұ          
        Р          
      Ғ          
      Ы          
        Н          
      Ү          
      Й          

 

1. Сусын құятын ыдыс.

2. Жылқының төлі

3. Баланың баласы

4. Туыстық атау

5. Емдік қасиеті бар сусын

6. Қасиетті кітап

7. Құс

8. Діни мейрам

 

10-тапсырма. «Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша жеңілдікті тұрғын үй алу» тақырыбында сұхбаттасыңыздар.

11-тапсырма. Біздің қаламызда салынып жатқан ипотекалық тұрғын үйлер туралы шағын әңгіме жазыңыз.

12-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыздар.

Жекеменшік, қазына үйі, кең, тар, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, сәнді, қолайлы, балалар бөлмесі, еден, перде, түнгі шам.

13-тапсырма. Сөйлемдерді үлгі бойынша өзгертіңіз.

Үлгі: Біздің пәтеріміз бес жыл бұрын жекешелендірілген.

Біздің пәтерімізді бес жыл бұрын жекешелеген.

1. Мына үй бес жыл бұрын салынған.

2. Мына саяжай өткен жылы салынған

3. Ақша банкке салынған.

4. Жаңа үй, әдемі жиһаз алынған.

5. Қоныс той жұмада ұйымдастырылған.

6. Ескі жиһазға реставрация жасалған.

7. Пәтерге жөндеу жүргізілген.

8. Жөндеуге ақша банктен алынды.

 

14-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, жоспар құрыңыз.

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда жаңа инжинерлік желілер, құрылыстар мен жолдарды салумен ғана проблема шешілмейді. Салынып жатқан тұрғын үйге арналған коммуналдық қызметтерді тасымалдау бұрын салынған тұрғын үй талаптары арқылы өтетін жұмыс істеп тұрған коммуникациялар мен құбылыстар бойынша жүргізіледі.

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инжинерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен екі бағыт бойынша жүзеге асыру болжанып отыр:

1. Аула ішіндегі аумақтарды, кіреберістер мен үйге кіретін жолдарды абаттандыруды қоса алғанда, тұрғын үй құрылысысалынатын аудандарда инжинерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және сметалық құн бойынша жеке құрылыс салушылардан сатып алу.

2. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, құрылыстарды, энергиямен жабдықтайтын және жылумен жабдықтайтын көздерді жобалау және қайта жаңарту.