Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының әсерінен өрт, жаппай қирау, коммуналдық-энергетикалық тораптарда апаттар, жердің радиоактивті ластануы және халық арасында едәуір шығын пайда болатын аумақ. Ядролық зақым ошағының аумағы қолданылған қарудың мөлшері мен қуатына, жарылыстардың түріне, құрылыстың сипатына, жер бедеріне (акватория терендігі) және ауа райы жағдайларына байланысты.

Қирау сипатына қарай және құтқару жұмыстарының көлемін белгілеу.

Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді.

Соққы толқыны - негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша Шгт ядролық оқтүмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта, 5 километрге, 22 секундта, 10 километрге жетеді.

Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны, қиратады және адамдарды зақымдайды. Соққы толқынның зақымдағыш әсері шаршы сантиметрге (кг/см2) килограммдармен көрсетілетін оның төнірегіндегі артық қысыммен сипаталады. Мысалы, ауадағы ядролық жарылыс кезінде қабылдау бетінің алаңы 50()см2, түрған адамға артық қысымы 0,5 кг/см2 соққы толқыны 2500 кг күшпен әсер етеді. Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді.

Бірінші аймаққа (жарылыс кіндігіне жақын жердегі толық қираушылық) сырттқы шекараға 0,5 кг/см2 жоғарырақ артық қысым-мен соққы толқынының әсеріне үшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады.

Екінші аймақ (қатты қирау) 0,5 - 0,3 кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бүл аймақта тас ғимараттар мен жертөбелер қатты қирап, ағаш ғимараттар толық қирауы мүмкін, үйінділер пайда болып, өрт шығуы да мүмкін. Панаханалардыңкөбісі сақталады, алайда кейбіреулерінің кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін. Панаханадағы адамдар зардап шекпейді.

Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0,3 - 0,2 кг/см2 соққы толқы-нының артық қысымымен, ғимараттар мен түрақжайлардың ішінара қирауымен сипатталады. Оларды жаппай өрт жайлауы мүмкін, (көптеген қорғаныс ғимараттар сақталынады, ал онда түрған адамдар зардап шекпейді. Қорғаныс ғимаратының сыртында қалған адамдардың бір бөлігі жарақат алып, жедел медициналық көмекті қажет етеді.

Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2 - 0,1 кг/см2 толқын соққысының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта ғимараттар мен тұрақ жайлардың қирауы сирек.

Жарықтың сәуле шығаруы - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жарылыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион градусқа дейін жетіп, аяғында бірнеше мың градусқа дейін тө-мендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қас-қағым сәтте таралып, аз уақыт ғана әсер етеді.
Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді.

Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстінгі беттегі Ісм2 сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2 алынады. 2-4 кал/см жарық серпіні кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4-7,5 кал/см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы). 5-12 кал/см2 кезінде үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғыларының толық жансыздануы), 12 кал/см2 өнан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді).

Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті.
Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді. Түман, жаңбыр мен қар оның әсерін қатты әлсіретеді, ал ашық қүрғақ ауа райы, керісінше, өрттердің шығуы мен күйік алуға қолайлы жағдай жасайды.

Өткіш радиация - ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны. Р-нің зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле ауруын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бүзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер Р-ның әсерін күрт әлсіретеді.