Сұрақ Тілді теориялыќ – практикалыќ тұрғыдан оќытудың әдіс тәсілдері

Мектеп оќушыларына ќазаќ тілінен теориялыќ білім мен практикалыќ дағды беруде білім беру әдістері жиі ќолданылады. Сондыќтан білім беру әдістері теориялыќ әдістеменің негізгі мәселелері болып саналады. Әдіс грек тілінен енген сөз. Оның бастапќы ұғымы “зерттеу” деген мағынаны аңғартќан. Бертін келе алғашќы мағынасын кеңейтіп, “белгілі бір пәнді оќытудың әдісі” дегенді білдіреді. Сөйтіп әдіс ќазаќ тілінен теориялыќ білім берудің тәсілдерін, соған байланысты практикалыќ дағды мен тәлім – тәрбие берудің амалдарын саралайды, соны іс – тәжірибе жүзінде іске асырудың тәсілі мен жолдарының дәл жүйесін көрсетеді. Оќушылардың ќазаќ тілінен алған білімі мен білігін және іс – тәжірибелік дағдысын ќалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыс жүйесі оќыту әдістерінің ќұрылымына тікелей байланысты.[11:126] Сонымен ќатар мұғалім басшылығымен орындалатын оќушы жұмысының тұраќты сатысы оќыту әдістерінің мазмұнына ќатысты. Білім беру әдістері ќазаќ тілінің теориялыќ материалдарын психикалыќ ќызмет негізінде меңгертіп, оны оќушылар ойында ќалыптастыруды және практикада шебер ќолдана білуді үйрететін тәсілдер ќұрамы болып табылады.

Білім беру әдістеріне педагогика теориясында төмендегідей аныќтама берілгін: “… білім беру әдістері оќушылырдың білім мен білігін, олардың практикалыќ дағдысын ќалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыстарының тәсілі және оќушылар жүргізетін жұмыстың мұғалімнің басшылығымен орындалатын бірден – бір тәсіл”. [12: 47]

Әдістің теориялыќ маќсаты білім берудің маќсатына негізделеді де, әр алуан жұмыс жүйесі арќылы жүзеге асады. Осы үрдісте мынадай ойлау дағдылары ќалыптасады: тілдік материалдарды талдау, талданған объектілерді түсіндіру, объектілерді дәлелдеу, объектілердің өзіндік белгілерін санамалап көрсету, таќырыпты оќыту, оќыту үстінде ќатесін түзету, таќырыптың аныќтамасы мен ережесін айту, бірнеше мысалдарды оќушылардың өздеріне тапќызып талдату. Білім мен дағдының өзара кірігуі арќылы білім беру әдісінің ќұрлымын білуге жол ашады, мұғалім мен оќушының ќарым – ќатынасы күшейіп, мұғалімнің білім беру шеберліктері төселеді, теориялыќ және практикалыќ әдістерді саралап, ќолдануға жаттығады. Осының нәтижесінде ќазаќ тілінің оќыту әдістері жүйеленіп, білім берудің сапасы артады.[ 16:25]

Ќазаќ тілінен білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді әдістемеде жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оќушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оќушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атќаратын жұмысы жеңілдейді. Әрине, білім беру әдістерін таңдап, ќолдану, оны ќай уаќытта іске асыру және білім беру әдістерін ќай материалға байланысты сұрыптап алу методиканың ќиын әрі күрделі мәселелері. Сондыќтан оќушыларға ұсынылатын тілідік материалдардың көлемін дұрыс таңдап, сұрыптау өте ќажет іс болып табылары сөзсіз. Оќушыларға берілетін білім мазмұнының көлемі мен ғылыми сапасын зерделеу білім беру әдістерінің іске асырылуын жеңілдетеді. Білім беру әдістерін іске асыруда оларды топтастыру, жіктеу ең ќажетті мәселе болып табылады. Оќушылар тілді практикалыќ – теориялыќ және теориялыќ – практикалыќ жаќтан меңгереді. Ќазаќ тілінен білім беру әдістерін топтастыру әдістеменің соңғы жетістіктеріне негізделеді.

Ќазаќ тілінен білім беру әдістерін жіктеуде төмендегі әдістемелік мәселелер өлшем етіп алынады. Олар мыналар: ќазаќ тілінен білім беру әдістері білім алу көздеріне байланысты жіктеледі. Біз оќушылардың ќазаќ тілінен теориялыќ білім алуы мен практикалыќ дағды ќалыптастыруының негізіне тоќтап кетуді жөн санадыќ. Оќушылар ќазаќ тілінен алан білімдері мен дағдысын ұжыммен ќарым – ќатынас жасау негізінде кеңейтеді. Көрген – білгенін әңгіме етеді, сөйтіп ќарым – ќатынас жасау негізінде белгілі бір білім негіздерін молайтады. Тілдік материалдарды іс жүзінде ќолдануды оќушылар көркем әдебиетті оќу үстінде түсінеді. Оќушылар білім мен дағдыны ќазаќ тіліне байланысты жүргізілетін тәлім – тәрбие сабаќтары мен сыныптан тыс орындалатын жұмыстар бойынша алады. Білім мен дағды мұғалімнің түсіндіруі бойынша жеткізіледі. Білім мен білік ќазаќ тілі оќулығы бойынша ќалыптасады, білім мен дағды арнайы таңдалған дидактикалыќ материалдар – диктант, мазмұндама, үлестірмелі ќима ќағаздар және түрлі көрнекі ќұралдар негізінде шоғырланады. [17: 165]

Ќазаќ тілінен білім беру әдістері белгілі әдіскер ғалымдардың айтќан әдістемелік пікірлеріне байланысты жіктеледі. Профессор А. В. Текучев “Методика русского языка в средней школе” деген еңбегінде білім беру әдістерін білім алу көздеріне ќарай жіктеуді маќұлдайды. Орыс тілін оќытудың заңдылыќтарын көп зерттеген әдіскер ғалым профессор Л. П. Федоренко теориялыќ методиканы зерттеудің мәселелері жайында: “Важными вопросами теории методики автор считает следующие: принципы методики руского языка, вытекающие из закономерностей усвоения родного языка; теоретический анализ средств передачи знаний, в частности анализ методов обучения родному языку” деп орынды атап көрсеткен. Ана тілін оќыту әдістемесін негізгі мәселелерін зерттеу ќазіргі заманғы әдістеменің басты міндеті болып отыр. Ќазаќ тілін оќыту әдістемесіне байланысты жазылған ќұнды зерттеулер де осы маќсатќа арналады. Мұнда білім беру әдістерінің біраз түрлері жан – жаќты баяндалады.

Сөйтіп ќазаќ тілінен білім беру әдістерін оќушыларың білім алу көздеріне негіздей отырып, оларды төмендегіше топтастыруға болады: ќазаќ тілін практикалыќ жаќтан үйрету әдістері. Бұл әдістердің ќұрамына мыналар кіреді: тілді әдебиет материалымен байланыстырып өту әдісі, түсініксіз сөздерді үйрету әдісі, диологтыќ және монологтыќ сөйлеуді үйрету әдісі, ауызша түсіндіру әдісі, ауызша мазмұндау әдісі және мәнерлеп оќу әдісі, ќазаќ тілін теориялыќ жаќтан үйрету әдістері. “Бұған мына топтағы әдістер жатќызылады: әңгіме әдісі, хабарлау әдісі, түсіндіру әдісі, тәжірибе әдісі және кітапты пайдалану әдісі, ќазаќ тілін теориялыќ – практикалыќ жаќтан үйрету әдістері. Яғни дайын материалды талдау әдісі, фонетикалыќ талдау әдісі, морфологиялыќ талдау әдісі, синтаксистік талдау әдісі, тілдік материалдың түрін өзгерту әдісі, тілдік тапсырмалары бар мазмұндау әдісі, ќазаќ тілі бойынша сөйлем ќұрату әдісі, тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі, орфографиялыќ талдау әдісі, көшіріп жазу әдісі, диктант жазу әдістері.”