Азақ тілі бойынша дайын материалды талдау әдісі

Бұл әдіс белгілі бір тақырыпқа таңдалған дидактикалық материалдарды талдау негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жаттығулардың мәтіндері оқулықтан жаттығулар жинағынан және көркем әдебиеттерден алынады. Мұғалім өтілетін материалдың ерекшелігіне қарай күн ілгері дайындалады. Дайын материалды талдауда оқушылар жаңа материалды өткен тақырыппен байланыстырады, материалдың өзіндік белгілерін бір-бірімен салыстырып, анализ жасайды. Сонан соң тақырыптың ерекшеліктеріне қарай анықтама-синтез жасап, белгілі бір түсінікке ие болады. Дайын материалды талдау төмендегі тәртіппен орындалады: оқушылар оқулық пен класс дәптерлерін парта үстіне алып, жаңа өтілген материалдың бетін табады. Бұл тақырыпты екі оқушы дауыстап оқиды. Сонан соң тақырыптың ерекшеліктерін айтып түсіндіреді және анықтамасын шығарады. Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Кеңейтілген түсіндірмелі дағды мазмұнына қарай ірі тақырыптар және жеке тақырыптар бойынша орындау боп екіге бөлінеді. Айталық, дауысты дыбыстарды тұтас өтіп болған соң, өтілгенді бекіту мақсатында жүргізуге болады. Сондай-ақ дауысты дыбыстардың түбірлеріне байланысты орындалады. Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау екіге бөлінеді: ауызша және жазбаша талдау.

(Ауызша талдау үлгісі -Бұл жаттығуды мұғалім төмендегі жүйе бойынша жүргізеді. Алдымен оқушылардың ойын бір нүктеге бағыттау үшін, тыңдап отыруды талап етеді. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді. Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар; еріндік пен езуліктерге назар салыңдар; мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар; осыған ұқсас мысалдарды ауызша келтіріндер; тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер; анықтамасын айтыңдар.)

(Жазбаша талдау үлгісі -Сондай-ақ тақтадағы кеңейтілген түсіндірмелі талдау мынадай методикалық жүйемен жүреді: тақтаға өтілетін тақырып жазылады. Мәселен, жіктеу есімдіктерін өтуде қазақ тілі материалдарын еске түсіреді. Мүғалім осы есімдікке сай үш сөйлемді таңдап, тақтаны үшке бөледі. Сонан соң сөйлемдер жазылған карточканы таратып береді. Бірінші оқушы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай) деген сөйлемді, екінші оқушы: Адам деп мені, салмадың сен хат маған (Абай) деген сөйлемді, үшінші оқушыға: Менің атым Темір. Темір сенбісің? (Ә. Әбішев) деген сөйлем жаздырады. Басқа оқушылар тақтаға жазылған сөйлемдерді дәптерлеріне көшіріп отырады.

Бұдан кейін бірінші оқушы тақтаға жазылған сөйлемін дауыстап оқып, жіберген орфографиялық және пунктуациялық қателерін түзетеді. Тақтадағы екінші, үшінші оқушылар қателерін түзетіп, шартына сай объектіні ойлап, түсіндіруге дайындалып түрады. Бірінші оқушы – Менжіктеу есімдігіне сипаттама береді: үш жақта мен, сен ол және оның септелу үлгісін көрсетеді. Екінші оқушы- Мені, сен, маған жіктеу есімдіктеріне сипаттама береді: мені- табыс, сен- атау, маған- барыс. Үшінші оқушы – Менің, сенбісің есімдігіне сипаттама береді: менің – ілік,сенбісің септік және жіктік.

Қазақ тілі бойынша дайын материалды талдау тәсілдерінің тағы бір түрі — схемалар мен кестелер бойынша талдау. Мұндай талдау өткізгенде алдымен оның жеңіл түрлері үйретіледі. Сонан соң ол бірте-бірте күрделендіріледі. Сондықтан нақтылы оңай схемалар мен кестелерден бастап, дерексіз түріне, яғни көлемді түріне қарай іздестіру тәсілімен танытылады. Бұл жүмысты класс дәптерінде орындаумен бірге үлкен формат қағаздарда да жазып үйреткен жөн. Былай етудің себебі: үлкен формат қағазға дайындауда окушылар, біріншіден, қабырға газеті мен фотомонтаждар шығаруға үйренеді, екіншіден, түрлі түсті тушьпен үлкен әріптерді жазуға төселеді, үшіншіден, мүғалім тапсырған істі мүлтіксіз орындауға әдеттенеді. Үлкен формат қағазға схемалар мен кестелерді жазу аркылы көрнекі қүрал дайындап, оны қазақ тілі кабинетінде жинақтайды. Әрі қазақ тілі кабинетінің материалдық қорын байытады. Ал оқушыларға схемалар мен кестелер жасау олардың көп уақытын алады. Сондықтан оқушылардың уақытын алмау үшін жылына 5—6 ғана схема мен кесте жасату қажет.

 

 

9 сұрақ. Қазақ тілі бойынша мазмұндау әдісі.

Мазмұндама дегеніміз-байланыстырып сөйлеу түрлерінің біріне жинақталып берілген атау. Мектеп жағдайында мазмұндама-оқылған текстің, естіген әңгіменің, көрген нәрсенің (фильм, спектакль) мазмұнын жазу түрінде беріледі. Мазмұндама, сонымен қатар, конспектілеу, жиналыста естігенін жазып отыру түрінде де іске асады.

Жаттығудың басқа түрлері сияқты, мазмұндама да оқушылардың әр түрлі дағдыларын қалыптастыруға пайдаланылады. а) Бөгде сөзді немесе ұзақ не қысқа мәтіннің мазмұнын тыңдап, еске сақтап, одан кейін ауызша не жазбаша қайталап айту дағдылары; ә) логикалық ойлау дағдылары мазмұндаудың бірізділігі, басты және негізгі еместері дұрыс іріктеу, текстік және түрлік қатынастарды айыру, дәлелдер, қорытындылар жасау дағдылары;б) сөз байлығын барынша және орнымен қолдану дағдылары; в) неғұрлым әсерлі мазмұндау үшін тілдің грамматикалық және стилистикалық. құралдарын қолдану дағдылары.

Мақсатына қарай үйретуші мазмұндама және бақылау мазмұндама болып бөлінеді. Бұлардың арасындағы айырма- үйрету мазмұндамасының алдында оқушыларға даярлық жұмысы жүргізіледі:жаңа фактімен, мағлұматпен қаруландырады, мазмұндалатын текспен алдын ала даярлық жұмысы жүргізілмейді.

Көлемі жағынан қысқа (ықшам) мазмұндама және жатыңқы (толық) мазмұндама болып бөлінеді. Мазмұндалатын текст көлемі 100 сөзден 350-450 сөзге шейін (сыныбына құарай) беріледі. Сыныпта мазмұндама жазудың типтік схемасы мынадай болады: мұғалім мазмұндама тексін жайлап оқып шығады. Оқу барысында немесе сабаққа дейін түсініксіз сөздерге тоқталып түсінік беріледі. Жоспар жасалады. Содан соң 1-2 оқушы жоспар бойынша тексті толық ауызша баяндайды, әрі қарай жазуға кіріседі.

Қазақ тілі бойынша тілдік тапсырмалары бар мәтіндерді дұрыс таңдау меңгерілетін материалдардың саналы игерілуіне септігін тигізеді.Тілдік. тапсырмалары бар мазмұндау әдісінің құрылымдық элементтері негізінен мыналар: 1. Мұғалім таңдалған мәтінді дауыстап оқып шығады. 2. Мәтінге лайықты жоспар жасалады, оны оқушылар дауыстап оқиды. 3. Керекті сөздерді көшіріп жазады. 4. Қазақ тіліне байланысты объектілерді талдайды. 5. Тілдік объектілерді сақтай отырып, мәтінді ауызша немесе жазбаша мазмұндайды.

Мұғалім алдымен жаттығу мәтінін қай материалға байланысты іске асыру керек екенін анықтайды. Мәселен, мәтіннен көптік, тәуелдік, септік жалғауларды ажырата отырып, оны мазмұндап шығады ( Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесін оқып беруге болады).

Бұдан соң оқушылар жылжымалы тақтада жазылған мәтін жоспарын дауыстап оқып шығады:

1. Бір кішкентай қыз.

2. Әжесінің ақыл айтуы.

3. Мақта қиқымын тастауы.

4. Әжесінің сөзі.

5. Торғайдың мақтаны алып ұшуы.

6. Балапандарына мамық етуі.

Оқушылар мәтін ішінен сөздерді іріктеп, таңдап алады да, дәптерлеріне көшіріп жазадьі: шапанын, заттардың, жерде, киімін, әжесінің, қиқымын, терезеге, мақтаны, әжесінен, тұмсығымен, ұясына, балапандарына. Оқушылар бұл сөздерге морфологиялық талдау жасайды.

М: шапанындеген сөз қосымшалы зат есім, сез құрамына қарай шапан түбірсөз, сөз табына қарай зат есім, жалпы есім, атау түлғада тұр, шапаныдегенде -ы тәуелдік жалғаудың көрсеткіші, III жағында тұр, н — табыс-септігінің жалғауы. несін? деген сұраққа жауап береді т. б.

10 сұрақ. 10сурақ

Қазіргі таңда оқытылатын пәндер балалардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда, яғни мақсаты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Жеке тұлға, дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – жеке тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. «Осы шығарма жазу неге керек?» «Қалайда жаздыру керек пе?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. Қазақ әдебиеті пәндерінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындамақ.

1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.

2. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.

Нәтиже қай жұмыста да нәтижелілігімен бағалы. Алдындағы оқушысы ақ қағазға өз ойын, көзқарасын, пікірталасында туған шешімін түсіріп, тіпті өзіндік стиль айшығын танытып жатса, мұғалім жұмысының шынымен нәтижесі болғаны ғой. Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады. Шығарма жазу үшін және оған жоспар құру әдістері оқушылардың ой - қабілеттерін арттыра түсетіні белгілі. Әдебиет сабағынан шығарма жазу - әдебиетті оқыту процесінің сапаға айналған нәтижесі болып табылады. Мұғалімнің педагогтік шеберлігі еңбегін айқындайтын, оқушының әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіш.

Мектепте шығарма жазуды 7 - 8 - сыныптарда бастаған жөн деп ойлаймын. Біз көбінесе 10 - 11 - сыныптарда шығарма жазуға үйрете бастаймыз. Сондықтан оқушылар шығарма жазуда көптеген қиындықтарға кездеседі. Оқушылар арасында әлі де шығарма жазып, жоспар құра алмайтын, өз ойын жеткізе білмейтін, ора шолақтары жиі кездесіп отырады. Осындай кемшіліктерді мектеп бітіруші оқушылардың жазған шығармаларынан жиі байқаймыз. Қазіргі уақытта жазу жұмысына қойылатын талаптар күшейді. Мектеп бітіретін оқушылар кәмелеттік аттестат алу үшін жазатын шығарма жұмысына берілген нұсқауда былай делінген:

«Емтихандық жазба жұмыс – мектеп оқулығын немесе белгілі бір библиографиялық - сын мақаланы қайталап, болмаса мұғалімнің ой пікірін өңін айналдырып жазып беру емес. Оқушының көркем әдебиетті оқығанда алған әсерін, жазушының өмірімен, шығармашылық жолымен танысқанда білген, жалпы әдебиет пәнін оқуда көңіліне түйген, таныған, өзіндік ойлары мен сезімін дұрыс жазып беруін талап ететін уақыт жетті. Емтихандық шығарма сапалы болумен қатар, онда әңгіме етіліп отырған мәселені терең түсіндіру арқылы эмоционалдық жақтан айқын да анық баяндалуы және нақты пікірі әдеби көркем тілмен берілуі қажет» делінген.

Әрине, мұндай талапты орындап шығу – бір күннің немесе бір айдың, бір жылдың ісі емес, бүкіл орта мектеп көлемінде алған білімнің ұзақ мерзімде қол жеткен нәтижесі болу керек. Емтихан уақытында оқушылардың шығарма жазуда жіберетін, жиі кездесетін шығарманы қалай бастау керек екенін білмеу, бірінші бетті бастағанда алдымен жоспар, одан кейін тақырыпты жазу сияқты кемшіліктерді болдырмас үшін шығарманы қалай жазу туралы арнайы нұсқауды негізге алу жөн.

Онда былай делінген:
1) Бірінші беттің ортасына жұмыс иесінің аты - жөні жазылады.
2) Екінші бетке екі жол төменірек ашық және айқын етіп тақырып жазылады. Егер тақырып үзінді болып келсе, онда оның астына автордың аты жазылады.
3) Тақырыптан екі жол төменірек шығарманың жоспары жазылады.

Мектептегі шығарма жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда игі ықпал ететіні сөзсіз. Олай болса шығарманың негізгі мақсаты – осы. Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрі болса да өте күрделі ой еңбегі, шығармашылық іс. Оқушының ақыл - ой қабілетін дамытып, белсенділігін арттыруда шығарма жұмысы орасан зор міндет атқарады. Сондықтан мұндай күрделі ақыл - ой еңбегін «шығармашылық» немесе «шығармашылық емес» деп атау ыңғайсыз.

Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты.
2. Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.
3. Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.
Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз өміріне байланысты, осы негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді.
Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгеріп, оған қажетті материалдарды саралап, тақырыпқа тікелей байланысы жоқ жанама мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиімділігін арттырудың айғағы екенін мектеп тәжірибелерінен көруге болады. Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының теориялық негіздерін білу шарт. Сондықтан шығарманың құрылысына назар аударғаны мына сызба жүйені есте сақтау керек:

1. Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (экспозиция)
II.Негізгі бөлім:а) оқиғаның байланысы
ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері
б) шешілуі
III. Қорытынды (эпилог)
2. Талдау түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет)
II. Негізгі бөлім:а) Тақырып көтерген мәселе
в) Ұсынылған дәлелдер
с) Дәйексөз түріндегі мысалдар
д) Өзіндік ойлар
III. Қорытынды (эпилог)
Әрине, оқушы шығармасында осы схеманы орындау мүмкін емес. Бірақ шығарманы талдай білу үшін осы жолдарды білу қажет деп ойлаймын. Шығарма жазу үшін оқушы мынаны білген жөн:
1. Шығарманың тақырыбын әбден ойлап алып жазу керек.
2. Жоспар тақырыпқа сай, нақты жасалынуы тиіс.
3. Эпиграф тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынуы керек.
4. Тақырыпқа байланысты материалды іріктеген кезде ең негізгісін алу қажет.
5. Шығарманың реті мен жүйесін сақтау және тақырыптан ауытқымау керек.
6. Айтатын негізгі пікірлері шығарманың негізгі бөлімінде болатынын есте сақтау керек.
7. Келтірілетін мысалдар, салыстырулар негізгі пікірге байланысты болу керек.
8. Қорытынды ой негізгі пікірлердің төңірегінде жазылуы және айтылатын ой айқын, сөйлем орамды, түсінікті болуы қажет.
9. Әр сөйлемді дәптерге жазар алдында стильдік қате жібермеуді ойлау керек.
10. Ұмытып кетпес үшін байқаған емлелік қателер мен тыныс белгілерін бірден қойып, сауатты жазуға, дәптердің сыртқы көрінісіне мән беру керек.

Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:

1. Тақырыпты толық аша білу;

2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;

3. Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;

4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;

5. Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;

6. Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;

7. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.

 

 

11 сұрақ. Бақылау диктантын жазу жөнінде оқушыларғга бір апта бұрын хабарланады. Оны дұрыс және сауатты жазу үшін қажетті ережелермен алдын ала танысуга тапсырма беріледі. Бұл диктант белгілі бір өтілген емлеге байланысты оқушылардың білімі мен сауаттылық дәрежесін сынау, байқау мақсатында жүргізіледі. Диктант мәтінін таңдауда оның орфографиялық ерекшелігімен бірге мазмұн жағынан идеялы, тәрбиелік мәні күшті болуы абзал. Мәтін екі түрлі болады: әр түрлі мазмүнды және бір түрлі мазмұнды мәтін. Бұл екі түрлі мәтін мынадай басылымдардан алынады: 1) ертегі, әңгіме, очерк және кішігірім мақалалардан; 2) поэма, повесть, романдардан; 3) саяси мәні бар мақалалардан; 4) газет, журналдардан, әсіресе, балалар газет-журналдарынан; 5) жаттығулар жинағынан; 6) оқулықтан; 7) диктанттар жинағынан.

Алдымен диктанттың тақырыбы тақтаға. жазылады. Мысалы, «Дауыссыз дыбыс әріптері мен әріптер тіркесінің емлесіне арналған бақылау диктанты».Сонан кейін диктант мақсаты айқындалады: а) үнді дауыссыздар емлесін қаншалықты игергендерін байқау; ә) ұяң дауыссыз дыбыстардың емлесін бағдарлау; б) қатаң дауыссыздардың емлесін сынау; в) әріптер тіркесінің емлесін игергендіктерін байқап көру; г) оқушылардың емлелік қателерін байқау; 7) жалпы сауаттылығын байқау; д) оқушылардың қандай орфографиялық қателерді көбірек жіберетіндігін есепке алу; з) диктант арқылы өтілген теориялық және емлелік тақырыптарды меңгергендерін байқау.

Диктантты жаздыру техникасы былайша құрылады: бір орында тұрып, диктант мәтіні мәнерлі, ашық дауыспен бір рет түгелдей оқылады. Оқу кезінде оқушылардың еш жаққа көңіл аудармай ұқыпты тыңдап отыруы ескертіледі. Сонан соң мәтінде кездескен түсініксіз, аз қолданылатын сөздер және таныс емес емлелер тақтаға жазып қойылады, түсіндіріледі. Бұдан кейін әрбір сөйлем жеке-жеке оқылады. 5-тен 8 сөзге дейін құралған сөйлем бір рет, 12-ден 14 сөзге дейінгі сөйлем екі рет, 15-тен 18 сөзге дейінгі сөйлем үш рет оқылады. Оқушылар сөйлемді ұмытып қалмауы үшін, қайталап айтқызылады. Сөйлем аяқталарда «тыңдаңдар», басталарда «жазыңдар», сөйлем біткеннен кейін «тексеріп шығыңдар» деп ескертіп отырған жөн. Диктант жазылып болғаннан кейін, оның мәтіні бастан-аяқ бір рет оқылады. Бұл кезде оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады. Өтілген емлелік тақырыптарды ескере отырып, қалып қойған сөзді, түсіп қалған орфограммаларды орын-орнына қойып шығады. Оқушылар бақылау диктантын 25—30 немесе 30— 35 минутта жазып бітеді.

Осыдан кейін диктант жұмысы жинап алынады, одан соң оқушылардың диктант төңірегіндегі сұүрақтарына жауап беріледі. Бақылау жұмысын жазғганда текст оқу мәнері едәуір рөл атқарады. Өте тез немесе өте жай оқудың екеуі де дұрыс емес. Текст белгілі бір қарқынмен оқылса, шәкірт тез түсініп, дұрыс қабылдайды. Мұның өзі тыныс белгілерін дұрыс қоюына көп әсерін тигізеді. Арнаулы нұсқада «Текст үлгерімі орташа оқушыларға лайықталып оқылады» деп бекер айтпаған.

Бұл нұсқауды әр сыныптың қабілетіне қарай, білім, икем-дағыларын бағалау нормаларын бұзбай іске асырылады.

Диктант жаздырғанда дәптерді алға қою, қалам ұстау, түзу отыру, көз бен дәптер арасындагы қашықтыққа байланысты талаптарды ескеріп, орындатып отырылады.

Мұнан соң карточкалы дәптерде қателермен жұмыс жүргізу ұйымдастырылады. Қате жіберілген сөйлемдерді көшіріп жазу, сөздердің синонимдерін, бір түбірлі сездерді және ұқсас сездерді орфографиялық сөздіктен таптыру, жаңа сөйлем құрау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Осы жүмыспен бірге мынадай тәсіл де қолданылады: оқушылар ұжымды түрде диктантты талдағаннан кейін жіберілген кателерге байланысты кішігірім диктант жаздырылады, оның келемі 30—40 шақты сөзден құралады. Сөйтіп алғашқы жіберілген қателерді болдырмауға шаралар белгіленеді. Бұл жұмысты әр мұғалім өзінің шеберлігіне қарай түрлендіріп жүргізуге болады. Мысалы, диктант жиналып алынғаннан кейін кейін кімнің ңалай жазғаны туралы оқушылар арасында өзара пікірталас басталады. Көбінде оқушылар өз қатесін өздері табуға тырысады. Таба алмағган жағдайда орфографиялық қате болса, «Қазаң тілінің орфографиялық сөздігі» кітабынан көрсетіледі. Тыныс белгісінің дұрыстығын шеше алмаган жағдай-да, Рабиға Сыздықованың «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында аныңтағыш» кітабы таратылады.

Жалпы алғганда, оқушы жіберген қатесін қатемен жұмыс жүргізілетін уақытқа дейін тауып, жадында сақтап, сол түзетулер өмір бойы ойында қалатындай күйге көшеді.

Шәкірттердің жазу қарқынына жете көңіл бөлу — ұмытуға болмайтын талап. Демек диктантты тексеру барысында қателерді түзету барысының әрі сауаттылық тұрғыдан, әрі тәрбиелік тұрғыдан рөлі үлкен. Тексеру сапалы болса, тілдің сапалы оқытылуына ықпал етеді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, жауапкершілігін арттырады.

Оқушыларға өткен сабақта жиналып алынган бақылау жұмысының дәптерлері мен қызыл сиялы қаламсаптар таратылып беріледі.

Бақылау жұмысының тексі жазылған беттері ашылады. Мұғалім оған қысқаша түсінік жасайды.

Оқушылар өздері жіберген қатесін тақтадағы текстен өздері табады.