Бағандық айырмашылықтарды тану

Кейінгі есепті мерзімдерге есеп беру. Бағамдық айырмашылықтарды тану. Функционалды валютаны ауыстыру. Функционалды валютадан ерекшеленетін ұсыну валютасын қолдану. Ұсынылатын валютаға қайта есептеу

Субъектінің, заңды ұйымның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға қарызы, олардан сатып алған тауарлардың, материалдық құндылықтардың және тағы да басқалардың құны мен олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Есеп айырысу шотынан қаржы кейбір жағдайларда шот иесінің келісімінсіз де арбитраждың бұйрығы, соттың үкім қағазы, салық инспекциясы немесе полициясының бұйрығы, тағы да басқа занда қаралған жағдайлар негізінде аударылады. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарынан, нақты ақшамен қаржы алып, пайдалану үшін шот иесіне қызмет көрсететін банк мекемесі чек кітапшасын береді. Кәсіпорынның, яғни субъектінің өкілі, әдетте кассир есеп айырысу шотынан кәсіпорын кассасына накгы ақшаны осы чек кітапшасының тиісті түрде толтырылған чегі бойынша ала алады. Есеп айырысу шотына субъектінің сатқан өнімі мен тауарлардың, материалдық құндылықтар мен басқа да активтердің және көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы, банктер мен басқа да банктен тыс мекемелерден алған несие, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардан алған қарыздарының сомалары кірістеледі. Ал бұл шоттан субъектінің басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан сатып алған мүліктері мен заттарының құны, бюджет және бюджетген тыс мекемелерге төленетін төлем сомасы төленеді. Сонымен қоса бұл шоттан кәсіпорынның кассасына жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысын телеу үшін және басқадай мақсаттар үшін нақты ақша алынады. Банк мекемесі есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттардың шегінде шот иесінің, яғни субъектінің ақша қабылдау, төлеу және аудару жайлы тапсырмаларын орындайды. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар бірыңғайланған белгілі құжатгар негізінде жүргізіледі. Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талабы-тапсырмасы, инкассалық өкім, салық және кеден органдарының инкассалық өкімі және тағы басқа құжаттар саналады. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамның қолы болуы керек. Онсыз құжат орындалуға қабылданбайды. Есеп айырысу құжаттарының үлгілі түрін олардьщ толтырылу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілейді. Банк мекемесі өзі қызмет көрсететін субъектімен, яғни есеп айырысу шотының иесімен келісімге келе отырып, белгіленген мерзімде кәсіпорынға шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы көшірмемен бірге есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың негізі болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге бері-леді. Көшірмеде субъектінің шотындағы қаржының айдың басындағы және айдың соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен, яғни кіріс етіл-ген және одан шығыс етілген, яғни жұмсалған қаржылар сомасы көрсетіледі.

ХҚЕС 5 мақсаты мен қолдану аясы

5-ші Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IFRS 5)
«Сатуға Арналған Ұзақ Мерзімді Активтер және Тоқтатылған Қызмет»

 

Мақсаты

1 Осы Стандарттың мақсаты сатуға арналған активтерді есепке алуды анықтаужәне тоқтатылған қызметтуралы ақпаратты ұсыну, әрі ашып көрсету болып табылады. Атап айтқанда, осы Стандарт:

(а) сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын активтердің ең аз қаржылық жағдай есебі сомасымен және сату шығындарын шегергендегі әділ құнмен бағалануын және бұл активтерге амортизация есептеудің тоқтатылуын; және

(b) сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын активтерді қаржылық жағдай туралы есептің өзінде бөлек ұсынуды және тоқтатылған қызмет нәтижелерін пайда және залал туралы есепте бөлек ұсынуды талап етеді.

ҚОЛДАНУ АЯСЫ

2 Осы Стандартта көзделген деректерді жіктеуге және ұсынуға қойылатын талаптар барлық танылған ұзақ мерзімді[1] активтергежәне ұйымныңшығаруға арналған топтарына қолданылады. Осы Стандартта көзделген бағалауға қойылатын талаптар 5-тармақта аталған, бұдан былай да көрсетілген Стандартқа сәйкес бағалануға тиісті активтерді қоспағанда, танылған барлық ұзақ мерзімді активтерге және ұйымның шығаруға арналған топтарына (4-тармақта көрсетілген) қолданылады.

3 1 Қаржыық есептілігін ұсыну ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес ұзақ мерзімді деп жіктелген активтер осы Стандартқа сәйкес сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарына сай келмейінше, қысқа мерзімді активтерге қайта жіктелмеуі тиіс. Ұйым әдетте ұзақ мерзімді деп қарастыратын түрге жататын және кейінірек тек қана қайта сату мақсатында алынған активтер, егер олар осы Стандартқа сәйкес тек сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарына жауап бермесе, қысқа мерзімді деп жіктелмеуі тиіс.

4 Кейде ұйым активтер тобын шығаруды кейбір тікелей байланысты жағдайлармен бірге мүмкін бір операциямен жүзеге асырады. Мұндай шығаруға арналған топ ақша қаражатын құрайтын бірліктер тобы, ақша қаражатын құрайтын жеке бірлік немесе оның бір бөлігі[2] болуы мүмкін. Топқа қысқа мерзімді активтер және осы Стандарттың бағалауға қоятын талаптарынан 5-тармақпен алынып тасталған ұйымның кез келген активтері мен міндеттемелері кіруі мүмкін. Егер бағалауға қойылатын осы Стандарттың талаптары шеңберіндегі ұзақ мерзімді актив шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылса, онда осы Стандарттың бағалауға қоятын талаптары топқа, жалпы алғанда, топ қаржылық жағдай есебіжәне сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азы бойынша бағаланатындай болып қолданылады. Шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылатын жекелеген активтер мен міндеттемелерді бағалау жөніндегі талаптар 18, 19 және 23-тармақтарда баяндалған

5 Осы Стандарттың бағалау бойынша ережелеріне[3] жекелеген активтер ретінде, не шығаруға арналған топтың бір бөлігі ретінде болмай, аталған стандарттармен реттелетін мынадай активтерге қолданылмайды:

(а) кейінге қалдырылған салықтық активтер (12 Пайдаға салынатын салықтар ХҚЕС (IAS) );

(b) қызметкерлерге сыйақылар нәтижесінде пайда болған активтер (19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС(IAS) );

(с) 9 Қаржы құралдары ХҚЕС (IFRS) қолданылу аясына кіретінқаржы активтері;

(d) 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік ХҚЕС(IAS) ұсынылған әділ құн бойыншаесепке алу үлгісіне сәйкес есепке алынатын ұзақ мерзімді активтер;

(e)41 Ауылшаруашылығы ХҚЕС-ына (IAS) сәйкессатуға жұмсалатын шығындар шегерілген әділ құн бойыншабағаланатын ұзақ мерзімді активтер;

(f) 4 Сақтандыру келісімшарттары ХҚЕС(IFRS) айқындалған сақтандыру шарттарына байланысты құқықтар.

5А Осы ХҚЕС-тағы (IFRS) сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активке (немесе шығаруға арналған топқа) қатысты жіктеу, ұсыну және өлшеу талаптары иелер ретінде әрекет ететін иелерге үлестірілуге арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активтерге де (немесе шығаруға арналған топқа) қатысты болып есептеледі (иелерге таратуға арналған).

5B Осы ХҚЕС (IFRS) сатуға арналған және тоқтатылған қызметке жатқызылған ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтар) қатысты талап етіліетін ашып көрсетулерді анықтайды. Басқа ХҚЕС-ында(IFRS) ашып көрсету осындай активтерге (немесе шығаруға арналған топтар) сол ХҚЕС (IFRS) талап етпеген жағдайда қолданылмайды:

(a) сатуға арналған және тоқтатылған қызметке жатқызылған ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтар) қатысты арнайы ашып көрсетулер; немесе

(b) 5 ХҚЕС-дағы (IFRS) бағалау талаптары аясынан тыс шығаруға арналған топтар ішіндегі активтер мен міндеттемелерді бағалау жөнінде ашып көрсетулер және қаржылық есептіліктердің басқа түсініктемелерінде сипатталмаған ашып көрсетулер.