Жал алушылардың және жал берушілердің қаржылық есептілігінде операциондық жалдың бейнеленуі

Жалдың жіктелуі. Жал алушылардың қаржылық есебінде жалдың бейнеленуі

Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болу мүмкін.

Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамаы мен құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т. б. қарастырылады.

Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім шарттың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да әсер етеді.

Жалгерлік есеп №17 «Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және сонымен сәйкес жал мерзіміне байланысты қаржылық және ағымды болып бөлінеді.

Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.

Жал мерзімі- көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім-шарнтпен рәсімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуңы мүмкін.

Жал алушылардың және жал берушілердің қаржылық есептілігінде қаржылық жалгерлік: бастапқы танылуы мен бағалануы, кейінгі бағалануы.

. Қаржылық жал. Бастапқы тану. Кейінгі бағалау

Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады.

Қаржыландырылатын жал-мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады. Бұл кезде жалға алушы алынған мүліктерді өз балансында көрсетеді. Ал жалгерлік кезеңдегі құқықтың өзі берілуі немесе берілмеуі мүмкін.

Жалға алушының қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс: қаржыландырылатын жалгерлікке алынған мүліктің жалпы құны;мүлікті жалға алу бойынша ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер; қаржыландырылатын жалгерлік және мерзімі бір жылдан артық біртұтас ағымдағы жалгерлік кезіндегі ең төмен жалгерлік төлемдер бойынша міндеттемелер; жалгерлікті немесе мүлікті сатып алу уақытын ұзартуды таңдау құқығы, келісіма шарттардан туындайтын күтпеген жалгерлік төлемдер және басқа да күтпеген жағдайлар.

Жалға берушінің қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс: қаржыландырылатын жалгерлікке жалпы капитал салымы; жалға берілген мүліктен түскен пайдаланбаған табыс; активтердің құны, сондай-ақ осыған байланысты есепті кезең ішіндегі активтердің түрлері бойынша жинақталып қалған амортизациялық аударымдар.

Жалға берілген мүліктің пайдалану құқының басым бөлігі мынадай жағдайда берілуі мүмкін:

- жалға алынған мүлікті тұрақталған бағасы бойынша немесе жал соңында анықталған бағасы бойынша жалға алушының сатып алу құқығы бар болса;

- егер де жалға берілген мүліктің пайдалану қызметінің мерзімі 80%-ға жетсе;

- егер де негізгі құралдың жал мерзімі біткен кезде бастапқы құны оның 20%-ын ғана құраса;

- бүкіл жал кезеңінде оның дисконтталған құны төленетін жал ақысының 90% құраса;

- жал ерзімі біткен соң жалға алушы жалға берушіден негізгі құрал объектісін сатып алуға немесе алмауға құқы бар.

Қаржыландырылатын жал мерзімінің ішінде жалға берілген мүлік баланста бір ғана баға бойынша көрініс табады.

Қаржыландырылатын жалдың жағдайы бойынша жалға алушы жалға алынған активтердің тозуын есептеуді жүзеге асырады.

ХҚЕС 14 мақсаты мен қолдану аясы

Стандарттың мақсаты қауымдасқан ұйымдарған салынған инвестиция есептілігін және қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестиция есептілігін даярлағанда үлестік әдісті қолдануға қойылатын талаптарды береді.

Қолдану аясы

2Осы Стандарт инвестиция алушымен бірге бірлескен бақылауы бар немесе елеулі ықпал жасайтын инвестор ұйымдарға қолданылуы тиіс.