Сөздің анықтамасы. Сөзге тән белгілер

Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады. Мысалы: қар деген сөздің білдіретін ұғымы — түсі ак, салқын, еріп, суға айналатын зат. Парта — ағаштан жасалган оқушьшың мектептегі құралы, отыратын орны. Әр сөздін білдіретін осындай ұғымы оның мағынасы делінеді.
Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык, мағына және грамматикалық мағына.
Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы онын лексикалық мағынасы болады: Тау, тас, орман. Ал осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырғанда, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады: Тау мен тасты жел бұзар; Орман — ел байлығы деп, сөйлем құрастырсақ, тау, тас, орман, ел, байлық деген сөздер, бір жағынан, жеке-жеке ұғымның атауы болып, лексикалық мағынаны білдіреді. Екінші жағынан, ол сөздердің барлығы да жалпы зат атауы мәнін білдіріп, зат есім болып түр. Бұл — сол сөздердің грамматикалық мағынасы. Егер бұларға грамматикалық талдау (грамматикалық тұлғалары мен атқаратын қызметтеріне қарай) жасасақ, олардың әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұрғанын байқаған болар едік. Мысалы: тау және тасты деген сөздер әркайсысы белгілі бір ұғымды білдірсе (бұл — лексикалық мағынасы), оның үстіне бұл екі сөз де жалпьг жансыз зат атауы және табыс септік жалғауы арқылы бұзу қимылының тура объектісі мәнін (нені бұзар?) білдіріп тұр. Сондай-ақ жел — әрі жалпы жансыз зат атауы, әрі қимылды атқарушы (бастауыш)— не бұзар? Бұзар — жалпы қимылды білдіреді және -ар қосымшасы арқылы шақтық (болжалды келер шақ), 3-жақта түруы арқылы жақтық, баяндауыштық мәнде тұр. Бұлардың барлығы — грамматикалық мағыналар. Сондықтан сөзде бір лексикалық және бір я бірнеше грамматикалық мағына болады дейміз.

Создер толық (лексикалық) мағынасы бар негізгі сөздер және лексикалық мағынаны білдіре алмайтын көмекші сөздер болып та бөлінеді: Жұмыстан кейін киноға бардым десек, сөйлемдегі жұмы-стан, киноға, бардым дегендер — толық мағыналы сөздер, өйткені олардың әрқайсысы өздігінен тұрып белгілі бір ұғымды білдіре алады. Ал сөйлемдегі кейін сөзі өздігінен тұрып ешбір ұғым білдіре алмайды, өзінің алдындағы сөзге тіркесіп барып мезгілді, уақытты білдіреді. Сондықтан кейін сөзін көмекші сөз дейміз. Асқар келгенде, Ботагөз ұйықтап қалып еді деген сөйлемде Асқар келгенде, Ботагөз, уйықтап негізгі толық мағынаны, ал қалып еді сөздері көмекші мағынаны білдіріп тұр. Калып еді етістіктері өздігінен толық мағынаны білдіре алмай, ұйықтап көсемшесіне тіркесіп барып бір істі, әрекетті (бір мағынаны) білдіреді.

Сонымен, сөздер толық, негізгі, көмекші, қосымша мағыналарды да білдіре алады. Сөз бір мағынаны да, бірнеше мағынаны да білдіреді.

 

Сөз варианттары

Тілде сөз варианттарынан басқа жарыспалы сөздер бар. Жарыспалы сөздер - мағыналары тепе- теңдікті білдіретін, тұлғаларында айырмашылығы бар, синонимдерге сырттай ұқсас құбылыстар. Шын мәнінде, бұлар да сөз варианттары, сол себепті әдетте бұл ұғымдар бірінің орнына бірі қолданыла береді. Дегенмен, бұлардың бір-бірінен ерекшелігі бар екенін ескерген жөн. Сөз варианттары дыбысталу жағынан да, мағынасы жағынан да тепе-тең, шыққан тегі бір сөздер болса, ал дублет сөздер дыбысталуы жағынан ұқсас болып та, алшақ болып та келуі мүмкін, өйткені дублет сөздердің шыққан тегі бір бола бермейді. Мысалы, разы/ риза/ ырза, жалғыз/ жаңғыз, залал /зарар т.б әрі сөз варианттары, әрі жарыса қолданылатын дублет сөздер, ал таңба/ әріп және белгі, буын үндестігі/тіл үндестігі, шұғыл/тоғысыңқы, дыбыс/фонема, фонема/сингармемо, ызың/жуысыңқы, тіл арты/жуан дауыстылар дегендер жарыспалы сөздер. Жарыспалы сөздердің бір қатарының мағыналарында, стильдік реңкінде, қолданылу тәсілінде өзгешелік болғандықтан, синонимдік қатар құрауға қатысады: дауысты/вокализм, дауыссыз/консанантизм, дәстүрлі принцп/тарихи принцп т.б.

Сөз варианттары орыс. варианты слов — дылуы, мағынасы бір-біріне жақын, тілде жарыса қолданылатын, шыққан тегі бір сөздер. Сөз варианттары фонетикалық, лексика-морфологиялық, лексика-семантикалық, әдеби-диалектілік сипатта кездеседі.

Мысалы:

· Фонетикалық варианттар: дөңгелек — доңғалақ, шүйінші — сүйінші, шайқымазақ — сайқымазақ, парапар — барабар. суару — суғару, дәнеме — дәнеңе.

· Лексика-морфологиялық варианттар: екіншілей — екіншідей, естіген — есіткен, қабырға — қабыртқа, бақай — башпай, жирену — жиіркену, міне — мінеки — мінекей

· Лексика-семантикалық варианттар: азар—әзер, күнә—кінә, ащы — ашты, ыстық — ыссы.

Кірме сөздердің кейбірі бірнеше вариантта қолданылады: ар., парсы сөздерінен: риза разы—ырза, царжы — қаражат, мағлұмат — мәлімет, халық, — халайық,

Орыс сөздерінен: самауыр — самаурын, өшірет — шірет, мәтке-мәтша;

Әдеби-диалектілік варианттар: нағашы — таға, құдаги — құдағай, себеп — сәбеп, кесе — кәсе, балуан — палуан, маңдай— маңлай, тундік — туңлік, асылы — әсілі, егер — әгәр — әгәрки, әгәрәкім т.б. Бұл сияқты варианттардың кейбірінің әдеби нұсқалары әлі анықтауды қажет етеді. Сөз варианттарын синонимдермен шатастырмау керек, олардың синоним/синонимдерден айырмасы — шыққан тегінің бір екендігінде.