Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификциясы

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикалық-психологиялық негіздері.Қазіргі таңда мектептерде оқу-тәрбие жұмысын түбегейлі қайта құру мен жаңалап, жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің міндеті – әр оқушының психикалық-физиологиялық даму және қалыптасу ерекшелігін білумен бірге, мұғалімнің педагогикалық тұрғыда оқушылармен қарым-қатынас орнату негіздерін білу қажеттігі туып отыр. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасында (1992 ж): «Педагог кадрларды қазіргі заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру – мұғалімнің мамандық шеберлігінің басты белгісі – оның психологиялық-педагогикалық жоғары әзірлігі болып табылады», - делінген.

Психология, педагогика ғылымдары мен пәнді оқыту әдістемесін жетік білетін білімдер әрі білікті мұғалімдер оқытуда көп қателік жібермейді. Сондықтан ана тілінен сабақ беретін мұғалім – ең алдымен, психолог болуы керек. К.Д.Ушинский өзінің «Ана тілі» оқулығын жасау барысында баланың психикасынжете білуге ерекше мән бергені соншалық, ол өзінің дидактикалық пікірлерін сол кезде жаңа дамып келе жатқан психология ғылымының жетістіктеріне негіздей отырып жасаған.

Д.Ушинскийдің осындай пікірлеріне сүйенген қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин өзінің «Хрестоматиясында» баланың жас және өзіндік ерекшелігімен санаса отырып, былай деген еді: «Мұғалімнің жұмысы – балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесу, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, мәнерлі сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек», - деген болатын. Бұл жерде ол оқытушының терең білімі «оқытушының әдістер жөнінде оның өте тапшы, үстірт қана түсінігі бар екенін» айтып, білім беруде оқытушының әдіс-тәсілді жете меңгеруін қалайды.

Адамның немесе баланың жан дүниесінетерең үңіліп, оны өз ой елегінен өткізген Абай: «... соның бірі – ес. Ес-сана болмаса, адам балаға ғылым, білім, мәдениет салаларын меңгерте алмас еді», - дей келіп, адам психологиясының барлық жағына терең үңіліп, тиісінше талдаулар жасайды. Абай: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек...» - деп олардың бірлігін көрсетеді. Жүрек сөзі – мидың символы, мидың өнімі – ойлау, түйсік, мінез. Тағы да Абай: «Адам дүниеге келгенде ақылды болып тумайды. Естіп, көріп, оқып, ізденіп ақыл табады», - деген екен. Ұлы Абайдың «адамды сүй, бауырым» деген қағидасын ескере отырып, қазақ тілінен сабақ беріп жүрген мұғалім білім беруде балаға сүйіспеншілікпен, ықыласпен қарауы керек. Сондықтан, оқушы психологиясын терең зерттеп, білу үшін психология ғылымына еңбегі сіңген ғалымдарымыздың еңбектерін оқып, ойға тоқып отыру қажет. Оқыту үрдісін психологиялық тұрғыдан басқару жайында құнды пікір айтқан ғалымдарымыз: П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.С.Выготский, т.б. еңбектерін үзбей оқып, басшылыққа алып отыру қажет.

Тілдік ұғымдарды психология ғылымы тұрғысынан зерттеу идеясына байланысты Қазақстанда тұңғыш рет құнды пікір айтқан тюрколог-ғалым С.Кеңесбаев болды. Ол 50-жылдарды қазақ тілін оқыту мәселелерін психологиялық тұрғыдан зерттеу игілікті іс екенін айтып дәлелдеген еді. Одан кейін оқытудың психологиялық принциптері М.Мұқановтың 1962 жылғы «Педагогикалық психология очерктері» еңбегінде сөз болады. Академик Т.Тәжібаевтың «Жалпы психология» деп аталатын еңбегін оқып отыру бүгінгі таңда аса қажет.

Педагогтық әдеп – мұғалімнің өзіне тән этикасы. Ұстаздық шеберлік – мұғалімнің сауаттылығы ғана емес, әрбір сөзін, айтайын деген ойын оқушыға жеткізе білу және оны оқушы толық қабылдап түсінуі. Шебер ұстаз – үйінде, басқа да ортада болған қабақ шытуды есігінің алдына қалдырып, сабаққа бар ниетімен, күлімдеп кіреді. Оқушының бар ықыласын өзіне аударып, 45 минут оқуды қызықты ұйымдастырады. Сондықтан мұны – педагогикалық теника дейді. Оған әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет.

Қазіргі мектепте қазақ тінінен сабақ беретін мұғалімдер осындай педагогикалық қасиетті жақсы меңгерулері керек. Қазақ тілі мұғаліміне қажетті қасиеттер:

Өз ойын көркем жеткізе білу;

Анық және түсінікті сөйлей білу, өз сөзінің де, оқушының сөзіндегі қателіктерді де байқау, қиялдай білу;

Айтайын деп тұрған әңгімесін толық, ұғымды түсіндіру;

Сөзді жазбаша сауатты игеру;

Оқушылармен еркін сөйлесіп, жақсы қарым қатынаста болу;

Оқушыға деген сүйіспеншілік, адамгершілік, қамқорлықтың болуы;

Ұлттық мәдениеттің болуы, әдет-ғұрып, салт дәстүрді өзінің де, оқушының да бойына сіңіру, әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, құрметтеу, әрқайсысымен жұмыс істеуді дағдыға айналдыру қажет.

Мұғалім әдістемелік технологияны жинақтауда мына стандартты тұжырымдамаға – кәсіби мамандыққа қол жеткізеді.стандартталатын білім кеңестігінде кәсіби әрекет мазмұны категориясының технологиялық тұжырымдамасында мемлекеттік білім стандартының құрылымы тек дәстүрлі компаненттерді байланыстырады. Мұны жақсы білу – технологиялық карта құрастыру үшін мақсатты жобалау оқу-әдістемесін үйлестіру үшін де қажет.

Мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін компоненттер:

Ақпараттық(біліктер: ақпаратты қабылдау, жинау, таңдау, жүйелеу, талдау, түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеу, шолу (визуализация), вербализация, кодтау, өзгерту (трансформация) және тарату, т.с.с.)

Зерттеу (біліктер: проблема туғызу, оны кекейлестендіру, мақсатты, міндетті, пәнді, объектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру және жоспарлау, бақылау, тәжірибе жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындыны тұжырымдау және т.с.с.);

Интелектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, жіктеу (классификация), абстрактілеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте алу (рефлексия);

креативті(біліктілер: елестету, жалғастыра алу (агглютинация) сүлбелеу (схематизация), топтастыру (типизация), негізгісін бөле көрсете алу (акцентировать), әсірлеу (гипербоизация), алдын ала білу, қайта түзу, жаңаша түрлендіру және т.с.с.);

диагностикалық(біліктілер: диагностиканың тәртібі бойынша жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу және т.с.с.);

болжау (біліктілер: мақсат қою, ақырғы нәтижені болжау, үрдісіті интуитивті болжау, болжамды, мақсатты, міндетті тұжырымдау заңдылықтарды, шарттарды айқындау, қор іздестіру, түзетулер жасау және т.с.с.);

коммуникативті (білітілер: байланыс орнату, ақпараттарды алмастыру, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас, түзетулер жасау және т.с.с.);

аксиологиялық (біліктілер: объект пен бақылау формаларын өлшемдерін таңдау, нәтижені қажеттә мөлшермен салыстыру, өзін-өзі ұйымдастыру, реттеу және т.с.с.);

басқару (біліктілер: ұйымдастыра отырып басқару, ынталандыру, мақсат кою, жорамалдау, болжау, мәлемет беру, іс-әрекеттерді ұйымдастыру, бақылау, іс-әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау және т.с.с.);

жобалау (біліктілер: мақсат қою, жоспарлау, жобалау, түзу, үлгілеу, құрастыру, технологияландыру және т.с.с.);

инновациялық(біліктілер: мәлеттер жинақтау, педагогикалық тәжірибеге талдау жасау, мақсат қою, болжау, жоспарлау, үлгілеу, тәжірибе жүргізу, өзгертулер жасау, жан-жақты ойлана алу ой-жүгіртулер арықылы бағалау, қадағалау, жаңаша түрлендіру, екінші рет тәжірибе жүргізу, өңдеу, енгізу).

Қазіргі маман өз кәсібін жетілдіру үшін осыған сүйене отырып, технологияны тәжірибе түрінде жүзеге асыру екенін түсіндірулері керек.

Кәсіби жетіктік - ізденімпаздықпен, жауапкерішілікпен әрекет етуде адам еңбегінің нәтижесінде байқалатын (көрініс табатын) белігілі бір еңбек функциясын қабілеттілікпен және біліктілікпен меңгеруіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай. Жетіктік мынадай 3 жағдайдың жиынтығы ретінде қарастырылады:

- мағыналық (түсіну, қатынас жасау, бағалау сәйкестілігі енетін);

- проблемалық-практикалық (мақсат, міндет, мөлшер тұрғысындағы жағдайларды танып-білудің сәйкестілігін қамтамасыз ететін);

- коммуникативтік (қарым-қатынас пен өзара байланыстың белігілі бір мәдени қалпына сәйкес қарым-қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін).

Мұғалімнің кәсіби жетіктігі оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Осыдан барып жетіктік іс-әрекетінің формасы, үлгісі (идеалы) ретінде көрініс табады. "Жетіктік" (кәсіби) адамның білімі, білігі және дағдылардың қолдану аймағын белгілейді. "Жетік" (компонентный - compotents - латынша аударғанда - қабілетті, сәйкес келетін деген мағына білдіреді) адам - бір нәрседен хабары бар, қандайда бір мәселені шешудің жолын білетін, беделді, толық құқықты, қолында билігі бар, қабілетті адам. Жетік маман - кәсіби қалыптасу барысында жетік үлгісіндегі мақсатында ұмытылуда белігілі бір міндеттер жиынтығына (оның ішінде дидактикалық және жеке тұлғалық) ие болатын маман.

Жоғарыда көрсетілгендей (білікті - жетік жас ұрпақты дайындауда) - қазақ тілінен сабақ беріп жүрген мұғалімдердің өздерінің біліктілігін қалыптастыру арықылы қол жететінін естен шығармаған жөн. Бұл жөнінде Білім және ғылым министірлігінде, мұғалімдер үйінде, Астанада, Алматыда, Ақтөбеде, т.б. қалаларда, мұғалімдердің кәсіптік мамандығын жетілдіру мақсатында көптеген жүмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазақ тілінің қағидасы (принциптері).Қазақ тілін оқыту барысында мұғалім оқытудың формаларын, мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемесін анықтауда ең алдымен дидактикалық принципті басшылыққа алады. (Принцип - латын сөзі, - основа первоначально руководящая идея... қазақ тілін - оқытуда басшылыққа алатын идеясы, қағидасы). Қазақ тілін оқытудың барлық сатысында бағыт беретін негізгі жұмыс бағыты осы.Дидактикалық принципті алғашқы зерттеу чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийден бастау алса, орыстың ұлы педагогы Д.Ушинский, қазақ халқының ағартушысы Ы. Алтынсарин бұл жөнінде аса құнды пікір айтты. Оқытудың бағытын, принциптерін зерттеуде Одақ (кеңес) кезінде педагог ғалымдарымыз көп еңбек сіңірді.

Қазақ балаларын оқытуда Ы. Алтынсарин мұғалімдерге жоғары талап қоя білген еді. Ол осы жайында бағалы пікір айтып, артына: «...әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз оқулығында («Қырғыз хрестоматиясы») тақырыптарға сәйкес суреттеу, сурет арқылы беру сияқты, көркем жазуды, әріптердің формасын дұрыс түсінуге, дағдыландыруды үйрету...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің – көз, қол, есту қабілетін, тілді,зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру арқылы және оған өз бетімен жұмыс істеу керек» деген әдістемелік нұсқау қалдырды. Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне: түсініктілік принципі, көрнекілік принципі, жаттығу принципі, өз бетінше оқыту – саналылық принципін ұсынған болатын. Ғасырлар бойына: жақыннан алысқа, белгілерден белгісізге қарай, нақтыдан абстрактыға қарай түсініп оқыту мәселесі өмір сүріп келеді. Қазіргі заман талабына сай қазақ тілінің оқыту принциптерін 6 топқа біріктіріп, бағдарлаған жөн секілді:

1. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі.

2. Оқытудың шамаға лайықты жүйелілік принципі.

3. Оқытудың белсенділік, сапалық принципі.

4. Жеке тұлғаны дамыта отырып, даралап, саралап оқыту принципі.

5. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді ұлттық рухани тәрбиемен, өмірмен байланыстыру принципі.

6. Көрнекілік принципі.

Қазақ тілін оқытудың ғылыми принциптері.Ғылымилық принцип дегеніміз – қазақ тілін оқытуда грамматиканың әр саласынан берілетін ғылыми фактілер, ұтымды тұжырымдар және анықтамалар. Ғылыми принципті меңгеру мен меңгерту қазақ тіліндегі әрбір тақырыпқа байланысты игерілетін, іріктелетін материалдардың ғылыми түсініктемесі.

Профессор Ә. Исабаев бұл жөнінде мынандай тұжырым жасайды: «Оқушыларға берілетін тілдік мәліметтер төмендегі өлшемге сәйкес болуы қажет.

1) Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет, мәселен төртінші және бесінші сынып оқушыларына берілетін және онымен таныстырылатын терминнің аясын аса ғылыми дәрежеде кеңейтіп беруге болмайды: айталық, дауысты дыбыстарды – вокализм деп, дауыссыз дыбыстарды – консоннанизм деп түсіндіруге болмайды. Сондай-ақ, қосынды дауыстыларды – дифтонгид деп түсіндіруге болмайды. Сондықтан да қазақ тілінен нақтылы білім беруде сол сыныпқа сыятын терминдерді ғана пайдалануға болады», - деп бағыт береді.

Әр тақырыпқа ғылыми түсініктеме берерде оның тарихи шығу тегіне, тілдің, немесе жеке тақырыптың шығу тарихына, баяндау жолдарына, оқытудаға қажеттілікке, не үшін білу керектігіне байланысты бірнеше пікірді ауызша баяндап алып, түсіндіру жұмысын осыдан соң бастауы тиіс.

Сөйтіп, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы берілетін білімнің (тақырыпты) ғылыми жағына, оның зерттелуіне, тарихи даму ерекшелігіне, ғылыми фактілерге, анықтамаларға, терминдерге жас ерекшелігіне қарай оқушылардың назарын аударып, сабақты түсінікті жүргізуге ерекше көңіл бөлуі тиіс.

Оқытудағы шамаға лайықты жүйелілік принциптері.Қазақ тілін оқытуда оқытушының бірінші кезекте басшылыққа алатыны – әр сыныптың ерекшелігіне байланысты білім кемелінің бір жүйеде берілуі. Бағдарламадағы материалдардың орналасу жүйесі бастауыш сыныптың, орта және жоғарғы сыныптың оқулықтарында көрсетілген. Үш сатыда берілген материалдар сабақтаса отырып, толықтырылып, кеңейтіліп, сатыдан-сатыға өткен сайын тереңдеп, ғылыми жағынан байып отырады. Мысалы: 5-сыныпта қазақ тіліндегі «Лексика» тарауы 6-сыныпта «Фразеология» тақырыбымен толықтырылады. Бағдарламады көрсетілген бір ізге келтірілген өзара байланысты білім жүйесі ғана жас ұрпаққа іс жүзінде пайда келтіріп, әрі қарай білімдерін тереңдету жүйесін дамыта түседі.Жүйелілік оқушының білім алуында да, тапсырманы орындауында да жүзеге асады. Қазақ тілінен сабақ беретін оқытушының тілдік материалды – теориялық мағлұматтарды белгілі бір орынды сақтау тәртібімен өткізіп, жаттығу жүргізу арқылы толықтырып отыруы керек. Ы. Алтынсарин өзінің «Қырғыз хрестоматиясы» еңбегін құрастыруда, материалды сұрыптауда дидактикалық принциптерге сүйенген еді. Мұндакғы ереже, әңгімелер сурет арқылы беріле отырып, ондағы идея халықтың адамгершілігі негізінде жүйелілік түрде қарастырылып, оқушы түсінігіне лайықталған.

Қазіргі қазақ тілі бағдарламасы оқушының жас ерекшелігіне сай, фонетика, морфология, синтаксисті оқытуды (5-6-7-8-9 сыныптарында) жетілдіру мақсатында жасалынды. Онда білім берудің мазмұны дұрыс айқындалып, оқытудың алғашқы сатысы негізгі сатысымен тығыз байлыныстырылған, құрылымы, мазмұны жүйеленіп, тіл мәдениеті, ауызша сөйлеу мәдениеті, жазбаша тіл мәдениеті, т.б. талаптар тізбектелген. Осыған орай оқыту әдістемесі де шамаға лайық, жүйелілік байланыста болуы қажет.

Оқытудың саналылық және белсенділік принциптері.Қазақ тілін оқыту барысында әдіскерлер ұстануға тиісті басты мақсат – ол оқушыларға берілетін білімді сапалы меңгерту. Білімді сапалы меңгерту – мұғалімнің білімдарлығы, ой –түйсігінің айқын әрі дәлдігі, пәнді жеткілікті дәрежеде түсіндіре алуы арқылы сипатталады. Білімді сапалы да саналы меңгерген оқушы өз белсенділігін оқудың бүкіл барысында көрсете алмады. Білімді сапалы меңгеруі түптен келгенде оқушыны іскерлік пен дағдыны саналы меңгеруге қалыптастырады. Бұл принцип – қағида, қазақ тілінен беріліп отырған білімді шеберлікпен айқын да, анық түсіндіргенде, таныс үрдісінің аяқталу барысында (жаңа білімді түсіндіргеннен кейін) аса айқын көрінеді.Белсенді оқушы алған білімін жаттығу кезінде де көрсете алады.

Қазақ тілі сабағындабілімнің төмен берілуі, оқушының психологиясымен санаса алмаған, педагогикадан да хабары шамалы, әдістемені жете білмеуден болады. Ғалымдардың пікірінде, мұндайды «оқытудаға формализм» дейді. Білімді саналы да сапалы да игерген оқушалар сабақта үнемі белсенділік көрсетіп отырады.

Дамыта, дарыта оқыту дегеніміз, бұл – оқушының жеке басына мол деректерден білім беру. Білім беруді дамыта оқыту принципі – баланың болашағына пайдалы білім беру, жан-жақты жетілдіру. Бүгінгі таңда елімізде мектепті қайта құру мәселесі – жеке оқушыға білім беруді дамыта оқыту, білім деңгейін есепке алуды жетілдіру – мектептегі оқушылардың біліктілігін көтеру, озық біліммен қамту жүйесі арқалы инновациялық дамыту мәселесін көтеріп отыр. Қазіргі кезде ана тілінен білім берудегі талап – оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру және оларға тілді танып құралы ретінде терең меңгеру арқылы білім, тәрбие беруді түбегейлі жақсартуда пәннің мазмұнын интеграциялау қажет. Өйткені, тіл – дүниетанудың негізгі құралы.

Осылайша қазақ тілінен берілген білімді игертуде мұғалімнің «Оқушы бойына ой-сезімін тұтастыққа дарыта отырып, синтездік қабылдаудан аналитикалық оқуға көшу, ал танымдық, білімдік, іскерлік және шығармашылық әрекеттерін кейін оларды жүйелеп, жинақтап қайта синтездеу», - сабақ сайын дарыта, дамыта оқыту – сабақты интеграйиялық мазмұнда құру оның тиімділігін арттыра беру қажет бола түспек.

Қазақ тілінен оқушыға даралап, сараплап беруде – дифференциялық қатынастың маңызы зор. Әр оқушының білім алу қабілетінің әр түрлі болуына байланысты, оқушы оларды іштей топқа бөліп, тапсырмалар беріп отырады.

Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді ұлттық рухани тәрбиемен байланыстыру принципі.Теорияның тәжірибемен байланысының принципі – оқыту мен тәрбиені қатар жүргізу заңдылығымен ұштасады. 1958 жылы «Мектептің өмірмен байланысын нығайту туралы СССР-де халыққа білім беру жүйесін онан әрі дамыту туралы» заң шықты. Қай пәнді оқытса да, өмірімен байланыстыра отырып оқыту оқушыларды өмірге дайындауға мүмкіндік туғызды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып отырған жағдайда, еліміздің жас ұрпақтарын оқыта отырып, оны ұлттық рухани тәрбиемен байланыстыру міндеті қойылуда. «Ұлт мектептерінде оқытуда мектептің ұлттық мәдени жасампаздық қызметін қалпына келтіру» деген тұжырымдамады қазіргі ұлт мектептерінде білім беруде ата-бабамыздың аяулы дәстүрлерінен, қастерлі әдет-ғұрыптарынан мәлімет бере отырып, теориялық білім беру (кейінгі тарауларда айтылады) қажет. Қазақ тілінен теориялық білімді игерте отырып, өз елінің ұлттық намысын қорғайтын, ойшыл, қайратты да, жігерлі азамат – ұрпақ дайындауға септігін тигізеді.

Көрнекілік принципі– қазақ тілінен берілген білімді көрнеілік арқылы оқытуға мүмкіндік береді. Оқытудың көрнекілігі жайлы тұңғыш рет құнді пікір қалдырған Я.А.Коменский болатын оның көрнекілік айтқан «Алтын ережесінде»: «...бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығы сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тындасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолын ұстап, нәрсенің қатты, жұмсақтығын, т.б. байқасын...» - деген болатын(Я.А.Коменский). оқушы қазақ тілінен берілген білімді (схема, таблица, плакат, сурет, т.б.) көріп қана қоймайды, арнаулы сұрақтарға жауап іздеп, ең маңызды қасиеттерін білуге ұмтылады. Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың ыңғайына қарай көрнекілікті таңдауға болады. Көрнекіліктің түрлері педагогиканың дидактика тарауында былайша көрсетілген:

1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиған аясына саяхатқа шығару арқылы сол көрпгендері шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыруы.

2. Көлемдік көрнекілік: фото-суреттер, картиналар, диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент, т.б. көрсету арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.

3. Дыбыстық көрнекілік: күйтабақтан, грампластинкадан, магнитофоннан үзінді оқытып, талдату.

4. Графикалық символдық көрнекілік: картина, схема, таблица, диаграммалар.

Қазақ тілі сабағында тақырыптың ыңғайына қарай жоғарыда айтылған қажетті көрнекілік түрі таңдалынып алынады. Сабақ сайын көрнекілікті пайдалану – білімді ынталы игеруге, уақытүнемдеуге пайдасын тигізеді. Кейінгі беттерде берілген «көрнекілік әдістерді» бұлар толық баяндалады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі тәсілдер жүйесі.Оқыту әдістемесі – педагогиканың күрделі саласының бірі – дидактика тарауында қаралады. Дидактика (оқыту теориясы) гректің didaktikos –оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оқу үрдісінің заңдылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді. Қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты, сапалы да, саналы білім беру – мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы жүзеге асады. Ол оқытушы мен оқушы арасындағы жақсы ұйымдастырылған қызметтен көрінеді.

Ә. Исабаев өзінің «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» деген еңбегінде оқыту әдістерін: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және кітапты пайдалану әдісі деп теориялық, тәжірибелік тұрғыда оның төрт түріне тоқталады. Оқытудың теориясын зерттеген ғалымдар ғылыми еңбектерінде оқыту әдістерінің анықтамасын былай берген. И.Д.Зверев: «Оқыту әдістері дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру» дейді. Қазақ тілінен білім беру тәсілдері сан алуан. Осы әдістерді әдістемеде жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді. Жоғарыда айтылған оқыту әдәстемесіне байланысты жазылған құнды ғылыми еңбектерді зерттей келе, қазақ тілін оқыту әдістерінің жіктелу түрлері (классификациялау) төмендегідей топтастырылды.

1. Түсіндіру әдісі: бұл әдіске ауызша баяндау – түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.

2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау – анықтама, түсініктер, жоспар, конспектілеу, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.

3. Көрнекілік әдіс: экскурция, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану, т.б.

4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі – демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі кодоскоп, эпидоскоп, лингофон, компьютермен жұмыс, т.б.

5. Жаттығу әдісі: ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану жұмысы.

Түсіндіру әдісі.

Баяндау әдісі. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекеті ауызша баяндаудан басталады. Мұғалімнің оқушыларға жаңа білімді баяндап айтып беруін – ауызша баяндау әдісі дейміз.

Әңгіме әдісі – жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе сұрақ-жауап әдісі. Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге, анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу тарихы немесе оны жазған авторлар жөнінде мағлұматтан бастау әңгімелеу әдісімен түсіндіруге талаптанады. Әңгіме әдісін жақсы ұйымдастыру – мұғаліснің шеберлігіне байланысты. Әңгіменің нәтижелі болуы – сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге байланысты. Мұғалім сұрақты дұрыс қоя алмаса, оқушылар да асып-сасып, жауып бере алмайды.

Түсіндіру әдісі – қазақ тілінен берілетін бергілі бір тақырыпты түсіндіруде мұғалім көрнекі құралды, таблицаны, т.б. құралдарды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын түсіндіреді.

Лекция– жоғары сыныптардың оқушыларына қазақ тілінен факультативтік сабақтарда, ал 9-сыныпта қазақ тілі сабағында оқылады.

«Бүкіл білім байлығы - кітапта» дегендей, оқушыларға үйретілетін білімнің мазмұны – кітапта. Әрбір сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы – оқушыларға тілден білім беретін негізі құралы. Ол оқу бағдарламасына негізделіп жазылады. Оқушылардың оқу құралымен, не басқа әдеби кітаптармен жұмыс істеуі – өз бетінше білім алуға, ізденуіне ықпал етеді. Қазіргі оқыту технологиясын техникалық құралмен шатастыруға болмайды.

Мектептерде техникалық құралдарды оқу-тәрбие жұмысына енгізу 1960-70 жылдары басталады. Алғашқылардың бірі болап С.И.Архангельский, Н.М.Шахмаев, Т.К Кирш, т.б. оқу-тәрбие ісінде техникалық құралдарды пайдалануға зор мүмкіндіктердің бар екендігін ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы дәлелдеп берді. «Қазақ тілінің машинасының қоры» сөздіктер, әр түрлі тұрмыстық салалар, сауда, медицина бойынша тілашарлар, ғылыми әдістемелік көмекші құралдар, сабақ үлгілер – бәрі де компьютерлік машиналар қорымен жүзеге асады. Ол келшектің ісі бола бермек.