Психологиялық тренинг принциптері

1.Ұстаным бойынша қатынас «осында және қазір». Көптеген қатысушыларға тренинг жұмысы өткен және болашақтағы оқиғаларды талқылау. Бұндай жағдайда психологиялық қорғаныс механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты идеясы мынадай жағдайдан тұрады, ол топтың үлкен айнаға айналуы немесе айналар жүйесін құруы, осында әрбір қатысушы жаттығулар барысында сол айнадан өзін көре алуы тиіс. Бұл өз жетімісін беруі мүмкін, егерде топта кері байланыс жақсы дамыған болса, және қатысушылардың бір-біріне деген үлкен сенімі. 2.Жеке-дара пікір айту ұстанымы. Бұл ұстанымның негізі әлеуметтік жұмыскер тренинг барысында көпше түрдегі сөздерді емес жеке өзінің ойын толық жеткізуі. Яғни «біздің ойымызша…» немесе «көптің айтуынша…» деген формадағы сөздерді емес, «менің пікірімше, бұл…» деген формадағы сөздерді қолдануды дағдыға айналдыру. 3.Екпінін айқын етіп айту ұстанымы. Осы ұстанымға сәйкес кез келген қатысушы өзінің сөйлеуі барысында екпінмен айту, эмоциялдық күйлерге түсіп баяндап беруі тиіс. Мәселен мынадай жағдайлар болмауы тиіс «сенің сөйлеу екпінің мені ашуландырып жатыр». Сондықтан әрбір қатысушы өзінің сөз сөйлеу екпінін дұрыс қоя білуі шарт және өздерінің көңіл-күйлерін білдіре алуы тиіс. 4.Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында бұл ұстанымды қолдану барлық қатысушылардан талап етіледі. Мұндағы басты міселенің негізгі мақсаты қатысушылар белсенді қатысып өздерін, топты және әріптестерін тануы. Адамның жеке өмірі барысында ол тек өзінің жеке проблемалары төңірегінде ғана ой қозғайды. Осында қарастырылып отырған міселенің негізгі түйіні осы мәселені топтық жағдайда анализ жасауды үйрену. 5.Сенімділік ұстанымы. Тренинг қатысушыларының бір-біріне деген сенімі, пікір алмасулары барысында бірінін-біріне «сен» деп қарым-қатынас жасауы сенімділікті арттырады және басқаларды жақсы тануға септігін тигізеді. Және тренингтің алтын ережелерінің бірі «тек қана шындықты айту, шындық болмаса да өтірік айтпау»

6.Жария етпеу ұстанымы. Бұл ұстанымның негізгі мағынасы осы тренинг барысында сөз болған сұхбаттар тек осында қалуы тиіс, ол «сыртқа шықпауы шарт». Бұл да тренинг барысында қатысушылардың бір-бірне деген сенімінің артуына алып келеді, және қатысушылар ашық сыр-сұхбат құрып тренингті жүргізу оңай болады.

6. Психогимнастикалық жаттығулар әдістемесі

Психогимнастикалық жаттығулар барлық жаттығулар үш тармаққа топтастырылған: 1. Жалпы топқа немесе оның әрбір мүшесінің жағдайына әсер ететін жаттығулар (оларды жұмысқа қабілеттілігін арттыруды көздеген жаттығулар деп атайық). 2. Жұмыстың мазмұндылық қырына бағытталған жаттығулар (оларды мазмұндық жоспар жаттығулары деп атайық). 3. Жекешілдік кері байланыс орнатуға арналған жаттығулар. Жаттығуды талқылау түрі аяқталғаннан кейін жаттықтырушы қоятын сұрақтар жаттығудың көздеген мақсатына байланысты болмақ. Басты қойылатын ортақ талап: жаттығудың мазмұнды ақпарат алуға бағыты жоғары болған сайын, оны талқылауға кетіретін уақыт мөлшері де арта түседі. Дене және психикалық ми-жүйкесіне күш түсіруді қарқындылығын төмендету, бұлшық ет тонусын ретке келтіру, бірге өткізілетін сабаққа баланың зейіні мен ықыласын аудару, балаларды белсенді жұмысқа кірістіру және өзара қарым – қатынастарын нығайту. Психогимнастикада дене қозғалысының қандайы болсын эмоциялық мазмұнмен қанықтандырылған белгілі бір қиял бейнесін мәнерлейді, соның арқасында психикалық функциялар, яғни ойлау функциясы, эмоция, қимыл функциялары бірігеді, ал мұғалімнің түсініктемелері көмегімен балалардың ішкі зейіндері осы аталған үрдістерге қосылады Атап айтқанда, психогимнастикалық жаттығулар жасауда денеге, ми-жүйкесіне күшті төмендетіп түсірудің функциялық тұтастық механизмі қолданылады. Атақты психолгтардың айтулары бойынша,психофизикалық және психогимнастикалық жаттығулар,баланың денсаулығына,оның белсенді өмір сүруіне жақсы дамуына оң әсер етеді делінген.Тек физикалық жүктеме кезінде ғана организмде белсенді зат алмасу үрдісі болады. Белсенді қозғлыстар,баланың физикалық және рухани дамуына әсер етеді. Дене шынықтыру мұғалімі,мұның бәрін ескере отырып, баланың психофизикалық қабылдауына түрлі әрекеттермен қолдану қажет.Бұл түрлі жаттығулар-жүру,орында жүру,тура жүру т.б.Психогимнастикалық жаттығулар организмдегі, психикаға және жүйке жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға,бұлшықет тонусының дұрыс жұмыс жасауына, зейін мен сабаққа деген қызығушылық, ынталарын дамытуда үлкен орын алады.Психогимнастикалық жаттығу:барлық қатысушылар шеңбер бойынша тұрып өз аттарын атап өтеді,сонан соң олар қандай да бір қасиеттері бойынша орнын ауыстырып тұрады,мысалы,шашының түсіне қарай немесе бойына қарай.Қатысушылардың әрқайсысы өзінен бастап солға қарай барлық қатысушылардың атын атап,оларға бір жылы сөз айтуы керек.