Мемлекеттік участікке меншік құқығы

Жер учаскесіне меншік құқығы:

- меншік құқығын табыстау;

- меншік құқығын беру;

- меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды. Мұндай жағдайларда жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып, жүзеге асырылуы тиіс.

Жер учаскесіне меншік құқығы, сондай-ақ:

- мемлекеттік органдардың актілерінің негізінде;

- азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;

- ҚР заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.

«Жер Кодексінің» 4-тарауы «Жер пайдалану құқығы» деп аталады. Жер пайдалану құқығы-заттық құқық болып табылады, Жер Кодексі мен заттық құқықтың мәніне қайшы келмейтіндіктен, бұған меншік құқығы туралы нормалар қолданылады. Жер пайдалану құқығының түрлері:

- тұрақты;

- уақытша;

- иеліктен шығарылатын;

- иеліктен шығарылмайтын;

- өтеулі алынатын;

- өтеусіз алынатын;

Заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде ешкімді де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

Жер пайдалану құқығының субъектілері мыналар:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;

2) ұлттық және шетелдік;

3) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша;

5) бастапқы және кейінгі;

Кадастр түсінігі, түрлері

Кадастр[1][2] (французша: cadastre – парақ, тізілім) –

I. экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.

Кадастрда ресурстар мен нысандардың орналасуы, олардың шамасы, нысандардың құндық бағасы мен кірісін құрайтын сапалық сипаттамалары туралы деректер беріледі. Кадастрдың белгілі түрлері:

• Жер кадастры – ауыл мен орман саласында өндірістің басты құралы жер туралы егжей-тегжейлі мәліметтердің жиынтығы;

• су кадастры – жер бетіндегі және жер астындағы су нысандары туралы гидрологиялық мәліметтердің жиынтығы;

• сондай-ақ, жекелеген кәсіпшіліктер мен ұсақ нысандардың да кадастрлары болады. Кадастр деректері салықтарды, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер белгілеу кезінде, нысандарды жалға беру, кепілге салу, сату кезінде олардың құнын бағалау үшін пайдаланылады;

II. биологияда – жүйеленген биологиялық мәліметтер жиынтығы. Кадастр белгілі бір нысанның үстінен үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл жүргізген бақылау мәліметтерін тіркеу арқылы жасалады.Бұл мәліметтерді тіркеу үшін, алдымен, оның сапасы дұрыс бағаланып, категорияға, топтарға бөліп жіктелінеді.кадастрдың түрлері көп.

Мысалы, орман кадастры – орман алқаптарының көлемі, сапасы туралы мәліметтер жиынтығы; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастры – қорық, қорықша, ұлттық саябақтардағы тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтер жиынтығы; жануарлар Кадастры – белгілі бір аумақтағы жануарлар саны, таралуы, шаруашылық маңызы және оларды пайдалану туралы мәліметтер; өсімдіктер Кадастрды – жануарлар Кадастры сияқты өсімдіктер туралы жиналған деректер. Кадастры жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді

Кондоминиум түсінігі

Кондоминиум – бұл бір объектіні, көбіне жылжыматын мүлікті бірлесіп иелену.Үйлерді, тұрғын пәтерлерді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ көппәтерлі үйдің ортақ мүлкіне қатысты басқа да мәселелерді шешу үшін пәтер иелері тұрғын үйді меншіктенушілер серіктестігін құра алады.ТМС – бұл коммерциялық емес ұйым, жылжымайтын мүлікті (мысалы, көппәтерлі үйді) бірігіп пайдалану мен басқару, сонымен қатар ортақ мүлікті келісіп иемдену, пайдалану, және басқару үшін үй иелерінің бірігу формасы.

Сервитут түсінігі

Сервитут- бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникациялар тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттіктер үшін пайдалану құқығы.

«Жер Кодексінде» және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларда меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немес жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және заңды тұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен беруге міндетті.

Жер кадастры деген не?

Жер кадастры дегеніміз- жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың құрадас бөлігі. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.