Шалкиіз жырау өлеңдерінің басты тақырыптары және поэтикасы

Шалкиіз – жырау, жырау болғанда өлеңмен не қарасөзбен сөйлеу бір қисап, аузын ашса болды көмейінен күмбірлеген жыр төгіле берген жыраудың классикалық үлгісі.

Шалкиіз – көбі мақалаға айналып кеткен талай афористік сөздердің авторы. Көзі жіті жырау өзінің айтпақ ойын неғұрлым өткір, неғұрлым дәл бере алатын сөздерді іріктеп қолданады. Бұл тұрғыдан алғанда Шалкиізді қазақтың барлық жыраулардың атасы деуге болады. Өзінің философиялық афористік поэзиясы – толғауларда Шалкиіз ойлылықтың, көркемдіктің шыңына шықты. Қиыннан қиыстыру, нақтылық, ықшамдылық, ойнақылық, сонымен қатар тереңдік – Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі.

Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе жоқ дейді жырау. Шалкиіз поэзиясының рухы – ерлік. Жыраудың кей шығармалары майдан даласының өзінде туғанға ұқсайды. Бұл ретте Шалкиіз батыр қыл шашақты найза өңгерген жауынгерлерді қаптаған қалың жаудан именбеуге, тайсалмай ұрысқа кірісуге шақырады. Жыраудың мұндай шумақтары өр ұранға толы.

Желп-желп еткен бәйтерек,

Жайылмаған желден-дүр.

Төренің кежігуі елден-дүр,

Кешу кешмек сайдан-дүр,

Батыр болмақ сойдан-дүр,

Жалаңаш барып жауға ти,

Тәңірі өзі біледі

Ажалымыз қайдан-дүр!

Шалкиіздің эпосшы болғандығын «Ер Шобан» атты шығармасын оқи отырып көз жеткіземіз. Жырдағы кейбір сәттер оны шығарушының қай жырау ғана емес, талай жортуыл көрген әккі жауынгер де екендігін көрсетеді.

Жырау туғызған нақыл сөздердің талайы мақал-мәтелге айналып, жұртшылық санасына сіңісті болып кетті. Шалкиіз тудырған терең мағыналы, сырлы афоризмдер қаншалық! Оның шығармалары өзінен соңғы ұрпақ санасында елеулі әсер қалдырады.

Ақылсыз достан

Ақылды дұшпан артық;

Жаманнан туған жақсы бар,

Адам айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,

Бір аяқ асқа алғысыз;

Жақсылардың өзі өлсе де, сөзі өлмейді, -

деген сияқты мақалдар алғашқыда Шалкиіз аузынан шыққан еді.

Шалкиіз бізге толық жетпеген «Балпаң, балпаң басқан күн» деп аталатын толғауында өзара қырқыстың нәтижесінде ноғай ордасының бұрынғы күш-қуатынан айрылып, ыдырауға айналғандығын аза тұтады. Сөз соңында айта кететініміз, Шалкиіз – қазақ әдебиетінің тарихындағы өзгеше құбылыс, феномен.

 

І.Есенберлиннің тарихи романдары (Көшпенділер трилогиясы)

Қазақ әдебиетінің қазынасындағы тарихи романдардың алдыңғы қатарында саналы шығармашылық ғұмырында он жеті роман, екі повесть, бірнеше дастан, көптеген өлеңдер жазып, тынымсыз еңбек еткен І.Есенберлиннің қазақ халқының мемлекеттік құрған кезеңін, тарихымыздағы күрделі оқиғаларды, тарихи шындықты көркем бейнелеп, шынайы пайымдаған "Көшпенділер" трилогиясы әдебиетіміздегі үздік туындылар қатарынан орын алады. Жазушының бұл шығармасы қазақ елінің бес жүз жылдық тарихын тірілтіп, тарихымыздағы танымал тұлғалардың сом бейнесін жасауға арналғандықтан , кеңес идеологиясының үстемдік құрған уақытында жарыққа шығуы қиын болды. Осы қиындықтарды сезген жазушы триологиясын соңынан бастап, алдымен "Қаһар" романын жазады. Трилогия 3 кітаптан тұрады. Алғашқы кітабы Қаһар романы 1969 жылы, Алмас қылыш 1971жылы, Жанталас 1973 жылы жарық көреді. Трилогияның бірінші кітабы "Алмас қылыш" романына (1971) жылы алғаш рецензия жазған М.Дүйсенов романның мазмұнына арқау болған тарихи оқиғалар туралы айта келіп, І.Есенберлиннің көне тарихи еңбектердегі , архивтердегі шашырап жатқан фактілерді тірнектей жинап, оны ғылыми електен өткізіп, шығармасына пайдаланғанын, шығарманың біраз беттерінде көркемдіктен гөрі тарихи деректер бірінші кезеккке шығып кететіні тарихи тақырыптың өз қызықтылығымен бірге қиындығына байланысты екенін айтып, романды "оқушы қауымға қазақ халқының ортағасырлық тарихынан біраз қызық мағлұмат беретін, пайдалы еңбек" деп қорытындылайды.

Атақты "Көшпенділер" трилогиясы (1976)- жазушының бас кітабы. Ол "Алмас қылыш" (1971), Жанталас (1973), Қаһар 1969 романдарынан тұрады. Соңынан басталған бұл трилогияның әр кітабы бір қаланың көшелері секілді. Көшелердегі үй-ғимарат әртүрлі, тұрғызылған уақыты өзге болғанымен, араларындағы қатынас үзілмейді. Тақырыбы сабақтас. Ортақ тақырып қазақ халқының ұлттық тағдыры болғанда, әр романның дәуірі, кейіпкерлері, сюжеті мен композициясы, ой қазығы- бөлек-бөлек дербес дүние. "Алмас қылыш" - қазақтың бір кездегі Ақ ордасын қайта қалпына келтіріп, тәуелсіз ел туы астында үш жүз боп бас қосып, бірігу идеясымен әдіптелген. "Жанталас" концепциясы саны шағын ұлттық империялық жұтқыншағы зор ұлттар саясатына қарсы жан алып жан берген күресіне негізделеді. "Қаһар" романы- халықтың еркіндік сүйгіш рухының жойылмайтындығын паш ететін шығарма. Жанр жағынан трилогия- роман- хроника. Қазақ тарихының белді-білді үш кезеңін, жеке хандық яки тәуелсіз мемлекет дәрежесіне жетуі, Ақтабан шұбырынды, Алқакөо сұлама атты , Отан соғысы, Кенесары хан бастаған ұлт азаттығы көтерілісі оқиғаларын суреттегенде нақтылы күнтізбелік деректерге, шежіреге сүйенеді.Бұдан басқа халық эплсының тарихи шындыққа жақын беттері, ақын жыраулардың өлеңдері, Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарих-и Рашиди" мен Рашид-ад-Диннің т.б еңбектері "Орыс шежірелерінің толық жинағы" екі жүзден аса дерек пайдаланылған.