Тақырып. Инфляция және жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде

Жоспар

1. Жұмыссыздық түрлері және оның көрсеткіштері.

2. Инфляция: мәні, пайда болу себептері және түрлері.

 

1 Жұмыссыздық дегеніміз- жұмыс күшінің 1 бөлігінің тауарлар мен қызметтер өндіруге қатыспауын көрсететін әлеуметті-экономикалық көрсеткіш. Жұмыссыздық- өндірісте жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық нарықтық экономикада жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың бұзылуына байланысты пайда болады.

Жұмыссыздықтың үш түрін бөліп көрсетеді: фрикциондық, құрылымдық және циклдік. Фрикциондық жұмыссыздық халықтың әрдайым бір аймақтан екінші аймаққа (қалаларға, поселоктарға) ауысуымен, кәсіптерін ауыстырумен, өмір-сүру кезеңдерімен (оқу, жұмыс, бала туу және оған қарау және т.с.с.) туады. Осы мотивтермен пайда болатын жұмыссыздық ерікті жұмыссыздық ретінде қарастырылады, өйткені адамдар өз еріктерімен тұратын жерлерін, жұмысын, кәсібін ауыстырады, оқу немесе бала туу шешімдерін қабылдайды. Фрикциондық жұмыссыздық әрдайым болады, одан қашып құтылу мүмкін емес. Оның басты белгісі – төмен ұзақтылығы. Құрылымдық жұмыссыздық өндірістегі технологиялық өзгерістермен байланысты еңбекті ұсыныс пен жұмыс күшіне деген сұраныстың сәйкес келмеуі нәтижесінде пайда болады, ол жұмыс күшіне сұранысты құрылымдық өзгерісті туғызады. Осы себепке байланысты құрылымдық жұмыссыздықты кейбірде технологиялық жұмыссыздық деп те атайды. Технологиялық өзгерістердің әсерінен кәсіптің бірқатар түрлеріне сұраныс қысқарады, және жұмыс берушілер жаңа мамандықпен мамандарды іздейді. Соныменен бірге, жұмыс күшін терриотриялық бөлуде де өзгерістер болады, нәтижесінде жекелеген аймақтарда жұмыспен қамтылмаған тұрғындар жинақталуы мүмкін. Құрылымдық жұмыссыздық фрикциондық жұмыссыздықтан сонымен қатар ұзақтылығымен де ерекшеленеді. Фрикциондық жұмыссыздар, ережеге сәйкес, қосымша дайындықсыз жұмыс алуға мүмкіндіктері болады, өйткені еңбек нарығында олардың кәсібіне сұраныс сақталады. Керісінше, құрылымдық жұмыссыздарға тек қана қайта дайындық қана қажет болмайды, соныменен қатар тұратын жерін де өзгерту керек болады. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық сондай-ақ табиғи жұмыссыздық деп те аталады.

Жоғары жұмыссыздық күрделі саяси катаклизмаларды туғызуы мүмкін. Сондықтан да жұмыссыздықпен күрес – мемлекеттің макроэкономикалық саясатының приоритетті тапсырмасының бірі болып табылады.

Жұмыспен қамтудың негізгі 2 түрі бар: Толық жұмыспен қамту; Тиімді жұмыспен қамту.

Жұмыспен қамту саясатын жетілдіру үшін мемлекет еңбек биржаларын қолданады. Еңбек биржасы дегеніміз- жұмыс күші нарығында азаматтарды еңбекпен қамтамасыз ету кезінде арнайы қызметтер көрсететін бөлімше. Еңбек биржаларының негізгі қызметтері: жұмыссыздықты тіркеу; бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмыссыздарға жұмыс тауып беру; еңбек нарығы конъюктурасын зерттеу және ол туралы ақпараттар беру; жұмыс алғысы келетіндерге тест жүргізу; жұмыссыздарды кәсіби қайта дайындау; жәрдемақы төлеу.

Жұмысшы күші нарығы – экономиканың айрықша секторы.ол басқа нарықтардың барлғынан ерекшеленеді, өйткені онда пластмассадан, ағаштан немесе металдан жасалған тауарлар ауыстырылмайды, тірі адамдар ауысымы жүреді. Сондықтанда оны реттеу үлкен әлеуметті-экономикалық және саяси мәнге ие болады және меселекеттің ерекше қамқорлығын қажет етеді. Бірақта мемлекеттің тапсырмасы - әр тілектес адамды жұмыспен қамту емес, өйткені ол инфляцияны жоғарлатады, ал жұмыссыздықты табиғи деңгейде ұстап тұру, ол толық жұмыспен қамтуға жетуді көрсетеді.

Әрі қарай, жұмыссыздықты қысқартудың және жұмыспен қамтудың нақты тәсілдерін ойлап тапқан кезде ғана кез-келген инфляциялық қауіпсіз әдістерді қолдануға болады:

а) бизнеске салықтық ставкаларды төмендету;

б) бос жұмыс орындары туралы ақпараттар жүйесін жетілдіру;

в) еңбек биржаларын құру және қызметтерін жақсарту;

г) кадрларды дайындау жүйесін дамыту;

д) шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау;

е) жастарды, әйелдерді және қайта құрылған салалардағы жұмысшыларды жұмысқа тұрғызудың ерекше мақсатты бағдарламаларын құру.

 

2 Нарықтық қатынаста ақша мен инфляция процесі байланысты. Инфляция - бұл айналым сферасын ұлттық шаруашылықтың шынқажеттілігімен артық толтыру. Инфляция кезінде қағаз ақшалар: а) алтынға; ә) тауарларға; б) шетелдік валюталарға қарағанда құнсызданады. Осыныңәсерінен бірінші жағдайда алтынның қағваз ақша түріндегі нарықтық бағасы артады. Екінші жағдайда тауарлар бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетелдікақша бірлігіне қарағанда ұлттық валюта бағамы төмен түседі. Инфляция ақша жүйесінің "ауруын” көрсетеді. Ол шаруавшылық сфераларды қиратып, алыпсатарлықты күшейтеді, халықтың өмір сүру деңгейініңтөмендеуіне әкеледі. Сондықтан мемлекет инфляциямен күрес шараларын жүргізеді. Баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігі мына формула бойынша көрсетіледі: М*V=P*Q Ондағы: М- ақша бірлігінің массасы; V - ақша айналымының жылдамдығы; Р- тауар бағасы; Q - рыноққа ұсынылған тауарлар саны.

Инфляцияның пайда болу себептері:

· мемлекеттік бюджет тапшылығы;

· инвестициялаудың жоғарлауы;

· өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігінің жоғарлауымен салыстырғанда еңбек ақының тез өсуі;

· мемлекеттік бағаның белгіленуі.

Инфляцияның түрлерін анықтаудың 3 критерийі бар: баға өсуінің қарқыны (қалыпты, қарқынды, ұшқыр); баға өсуінің сәйкестендірілу деңгейі (сәйкестендірілген және сәйкестендірілмеген); инфляцияны күту және күнібұрын болжау (анықталған және анықталмаған).

Инфляцияның 2 типі бар: а) сұраным инфляциясы; ә) ұсыным инфляциясы.

Инфляция – орташа және жалпы бағалар деңгейінің өсуіне әкелетін тұрақты тенденция. Ол ақшаның сатып алу қабілеттілігінің төмендеуін ұзақ мерзімді көрсететін процесс. Инфляцияның ашық және жабық түрлерін бөліп көрсетуге болады. Ашық инфляция еркін баға жағдайында қалыптасады. Инфляцияның жылдамдауының негізгі факторлары болып табылады:

· Мемлекеттік шығындардың тез өсуі;

· Массалық даму және кәсіподақтар монополиясын қысқарту;

· Ақша массасының көбеюі;

· Ақша айналымы жылдамдығының жоғарылауы;

· Шығарылатын өнім көлемінің қысқаруы.

Инфляция тұтынушылар бағасының индексі көмегімен өлшенеді, оны базалық кезеңдегі бағалар деңгейіне қатынасы бойынша есептейді. Инфляция – ақша шаруашылығы дамуының өнімі және монетарлық құбылыстарға көрсетеді: бағалардың құнсыздануы тауарлық шаруашылыққа қызмет ету үшін қажетті ақша массасы экономикада көп шығуы әсерінен болады. Баға қарқындарына байланысты инфляцияның қалыпты, қарқынды және гиперинфляция түрлері бар. Қалыпты инфляция – оның жылдық қарқыны бір белгілі санмен өлшенеді, яғни 10 пайызға дейінгі. Қалыпты инфляция кезінде бағалардың өсуі баяу жүреді және оны анықтауға болады, бірақ баға еңбек ақыға қарағанда тез өседі. Қарқынды инфляция – оның жылдық өзгеру қарқыны 20-дан 200-ге дейінгі пайыздық шекте екі немесе үш белгілі санмен өлшенеді. Ол елдегі ақша-несие саясатында күрделі бұзушылқтар туралы куәландырады. Адамдар нақты ақшаны аз сақтайды, өйткені олар өздерінің құндылығын тез жоғалтады. Қаржылық нарықтар дағдарысқа ұшырайды, өйткені капитал шетке шыға бастайды. Гиперинфляция – баға айына 50 пайыздан жоғары өседі,и оның жылдық өсімі төртбелгілі санмен өлшенеді. Гиперинфляция ақшаға деген сенімділікті төмендетеді, ол бартерлік мәміле жасауға әкеледі және еңбек ақы ақшалай төлеуден натуралды төлемге көшіреді.