Тақырып. Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі

Жоспар

1 Нарықтың қызметтері

2 Нарық конъюнктурасы.

3 Сұраныс және ұсыныс

 

1Нарық мынадай маңызды қызметтер атқарады:

1) Тауар өндірісінің өзін -өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде, өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарылатады; нәтижесінде пайда мөлшері қысқара бастайды;

2) Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде, өндірушілер өндіруді азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығын көлемін азайту мүмкіндігін іздестіреді;

3) Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады: сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда;

4) Реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макропропорциялар белгіленеді;

5) Шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсері мен қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни дифференциялданады.

Нарық экономикасының қызмет етуі оның белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады: біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар, өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Мұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі- баға.

Нарық экономикасының төртінші орталық буыны-екі құрылымнан сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтұнушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін нарық механизмінің өте маңызды әлементі. Нарық механизмінің бесінші элементі –бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын тілейді және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарығы субьектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың «Көрінбейтін қолы» деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүделеріне сәйкес өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрлым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.

2Нарық инфроқұрылымының тиімділігі көбінесе экономикалық конъюнктураға байланысты, яғни нарықтың белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы. Конъюнктура туралы төменде көрсетілген көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді: өндіріс пен кұрылыс динамикасы, тауар қорының мөлшері; баға, процент, бағалы кағаздар курсының козғалысы; пайда, еңбек ақы және өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі; еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас; экономикалык конъюнктураға "циклдық", "циклдық емес","кездейсоқ" факторлар әсері бар. Қазір барша кәсіпорындар немесе жекелеген нарықтар конъюнктураның өзгеруін зерттейді, оның болашағын болжайды. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді: маржиналдық (шекті) талдауға; балама таңдау шығындарына; экономикалық рационалдыққа. Нарық құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында өз әрекетін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді: меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдык, аралас); шаруашылық субьектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары т.б.); тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен; шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен; осы елде пайдаланылатын сауданың түрлерімен. Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді.

Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:

1 Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша: игіліктер мен қызметтер нарығы; өндіріс құралдарының нарығы; ғылыми- техникалық жұмыстар нарығы;

2 Нарықтарды тауарлық топтар бойынша классификациялауға болады: өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы; халық тұтұнатын тауарлар, азық-түлік тауарлар нарығы; шикізат пен материалдар және т.б;

3 Кеңістік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтары болады: аймақтық; аймақаралық; республикалық; республикааралық; халықаралық (әлемдік) нарықтар.

4 Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады: монополиялык; олигополиялык; салааралык нарықтар;

5 Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады: Көтерме сауда нарықтары. Мұнда сатып алушылар мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді; Бөлшек сауда нарықтары. Мұнда сатып алушылар-жеке азаматтар; Ауылшаруашалық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Мұнда сатып алушы - мемлекет, сатушылар-ауыл шаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: фермерлер, агрокешендер т.б.

6 Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады: занды, ресми нарықтар; занды емес, көлеңкеленген нарықтар т.б.

Нарықтардын құрылымын зерттеу оларды негізгі түргебөлуге мүмкіндік береді. Тауарлар мен кызметтер нарығы. Бұл топка жататын нарықтар: тұтыну тауарларының нарықтары-азык-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы; қызметтер нарығы - тұрмыстың, көлік, коммуналдық қызметтер; тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы. Өндіріс факторларының нарығы. Бұған жататындар: жылжымайтын мүліктер нарығы; еңбек құралдарының нарығы; шикізат пен материалдардың; қуат ресурстарының; пайдалы қазбалардың нарықтар. Қаржылар нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестиңиялык нарықтар; несие нарықтары; құнды қағаздар нарықтары - акциялар, облигациялар, варианттар және т.б. валюта-акша нарықтары. Интеллектуалдық өнімдер нарығы инновациялардың, ойлап табулардын, информациялык кызметтердің, әдебиет және өнер еңбектернің нарықтары. Жұмыс күші нарығы. Бұл енбек ресурстары козғалысының экономикалық формасы. Мұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады. Аймактық нарықтар: жергілікті, кіші, ұлттық, сыртқы, халыкаралық нарықтар.

Нарықтарды сегменттеу. Нарықтың негізгі түрлері әртүрлі субнарықтарға косалқы, нарықтық сегменттерге бөлінеді. Нарықты сегменттеу тауарларға бірдей емес талаптар қоятын, осы тауарлардың тұтынушыларын жеке-жеке топтарға бөлу болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі факторларды (көрсеткіштерді) қолдану арқылы жүргізіледі. Осылардың негізгілері:

Нарықтың артықшылықтары:

- ресурстарды тиімді орналастыру;

- өзгеретін жағдайға икемділік пен бейімделу;

- нарықтық процеске қатысушылардың таңдау және әрекет еркіндігі;

- ҒТП жетістіктерін шығындарды төмендету мақсатында пайдалану;

- бағаны төмендету мақсатындағы бәсекенің дамуы;

- қажетті мөлшерде және жоғары сапамен түрлі талаптарды қанағаттандыру қабілеттілігі

кемшіліктері:

- өндірістің үйлесімсіз дамуының мүмкін болуы;

- қоғамдық проблемаларды шешпейді;

- жұмыспен қамтамасыз етпейді;

- қоғамның бай және кедей топтарына бөлінуінің күшеюі;

- бағаның тұрақтылығы мен табыстың алынуына кепілдік бермейді;

- іргелі зерттеулерді қамтамасыз етпейді.

3Сұраным – тауарлы шаруашылыққа тән айырбас сферасында көрінетін экономикалық категория. Сұраным қисығы – сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық. Нарықтық сұраным көптеген факторлардың әсерімен: баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, нарық көлемі, жинақталған мүлікпен сатып алушылар санымен және басқалармен – қалыптасады. Көлемнің оны айқындайтын фактордан тәуелділігі сұраным қызметі деп аталады. Сұраным мөлшері мынадай формуламен анықталады. Qd = F (Б · Ат · Тт · Жм) Мұндағы Qd – қолдағы тауар көлеміне сұраным; Б – қолдағы және жолдағы тауарлар бағасы; Ат – тұрғындардың ақшалай табысы; Тт – тұтынушының талғамы және талғауы; Жм – жинақталған мүлік; F – сұранымды қалыптастыратын факторларға қатысты сұраным тәуелділігінің қызметі.

Егер сұраным мөлшерінің баға емес детерминантын өзгермеген деп санасақ, онда бағаға қатысты сұранымның функционалды тәуелділігін мынадай формуламен анықтаймыз: Сұранымды тұтынушылар белгілі бір баға бойынша және қандай да уақыт ішінде сатып алуға дайын тауар саны ретінде анықтауға болады. Қандай да бір тауарға деген сұраным көлемі деп жеке адам, адамдар тобы немесе жалпы халық белгілі бір шарттармен уақыт бірлігінде сатып алуға келісетін осы тауардың максималды саны аталады. Осы шарттарға: осы тауар бағасы, басқа тауарлар бағасы, ақша табысының шамасы, тұтынушы қалауы мен болжамдылық беруі, мүлік жинау және басқалар жатады. Сұраным көлемінің оны анықтаушы факторларға тәелділігі сұраным қызметі деп аталады. Сұраным көлеміне әсер ететін басқа факторлардың өзгермейтін шама деп алсақ, тауар бағасымен оған деген сұраным шамасы арасындағы тәуелділік сұранымның бағадан болатын қызметі түрін қабылдайды: Сұраным қисығы тауар бағасы деңгейіне байланысты тұтынушы сұранымының көлемі қалай өзгеретінін көрсетеді. Сұраным көлемінің тауар бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруі сұраным қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді. Сұраным қызметі – сұранымды оған әсер ететінәр түрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішіндегі ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады. Баға өзгеруі сұраным қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді. Сұранымның бағаға кері тәуелділігі мына себептерге байланысты: баға төмендегенде сатып алушылар саны көбейеді; тұтынушының сатып алу қабілеті өседі; арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алу тиімді болады. Бағадан тыс факторлар сұранымның өзін өзгертеді және сұраным қисығын оң жаққа және сол жаққа төмендегенді ысырады.

Ұсынымның мөлшері алдымен өндіріс шығындарына, қолданатын өндіріс технологиясының сипатына, дотация мен салыққа, бар тауарлар бағасы мен кәдімгі тауарлар бағасына баға өзгеруін кұтуге, сатушылар санына, табиғи-климаттық жағдайға және тағы басқаларға байланысты. Ұсыным көлемінің оны айқындайтын фактордан функциональды тәуелділігі ұсыным қызметі деп аталады. Ол мынадай формуламен анықталады:

Qs = F (Б ∙ Тс∙ Сd ∙ Кж) Нарықта сұранысқа тауардың белгілі бір ұсынысы қарсы тұрады. Ұсыным дегенде өндірушінің тауар сатуға дайындығын түсінеміз. Ұсыным көлемі бұл сатушуның немесе сатушылар тобының белгілі бір шартпен уақыт бірлігінде сатуға қоятын қандай да бір тауар бірлігінің максималды саны ұсыным көлемінің оны анықтайтын факторларға тәуелділігі ұсыным қызметі деп аталады.

Игілік ұсынымына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді: өндіріс ресурс факторларының бағасы; технология; нарықтық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі; салықтар мен субсидиялар көлемі; сатушылар көлемі.