Ой-пікірді қалыптастыру

- экономикалық теория, саяси экономия және экономикс ұғымдарының өзара байланыстығын түсінуі арқылы студенттердің білікті білімді болып шығуына өзіндік шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады.

- Коммуникациялар:

- әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономиканың қызмет ету үрдісіндегі теориялық, ұйымдастырушылық және әдіснамалық мәселелерді зерттеу шегінде;

- Оқу дағдылары:

-шынайы экономикалық құбылыстар мен жайттарды талдауға, оларды шешу барысында өздігімен шешім қабылдауға дағдылау қажет;

- нарықтық экономиканың әлеуметтік маңызы бар мәселелерін талдау барысында жазбаша және ауызша логикалық ойлау және дәлелдеуге деген дағдыларын дамыту керек.

 

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

Күндізгі оқу түріндегі пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Тақырып атауы Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттар саны СӨЖ  
Бар-лығы Соның ішінде СӨЖМ  
Дәр. Тәж.  
Бөлім I. Экономиканың әрекет етуінің негіздері және зандылықтары  
Экономикалық теорияның пәні мен әдістері және зерттеу әдістері  
Қоғамдық өндіріс негіздері  
Меншік және экономикалық жүйе  
Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Капитал  
Нарық және бәсеке  
Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі  
Бөлім II. Нарықтық экономикадағы жеке ұдайы өндіріс  
Фирма және кәсіпкерлік теориясы  
Өндіріс шығындары және табысы  
Өндіріс факторлары нарығы және табыстарды бөлу  
Бөлім III. Нарықтық жағдайдағы ұлттық экономиканың ұдайы өндірісі  
Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижесін өлшеу  
Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы  
Инфляция және жұмыссыздық – экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі  
Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі  
Мемлекеттік реттеу және ұлттық экономиканың экономикалық кауіпсіздігі  
Әлемдік экономиканың қызмет етуінің экономикалық негіздері  
Барлығы: 90 сағат  

Ашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы сырттай оқу нысаны бойынша пәннің тақырыптық жоспары

Академиялық сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу

 

Тақырыптың атауы Сағат саны сабақтардың түрлері бойынша
Online Оffline
дәр. тәж. СӨЖМ СӨЖ
Бөлім I. Экономиканың әрекет етуінің негіздері және зандылықтары
Экономикалық теорияның пәні мен әдістері және зерттеу әдістері    
Қоғамдық өндіріс негіздері    
Меншік және экономикалық жүйе      
Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Капитал    
Нарық және бәсеке    
Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі    
Бөлім II. Нарықтық экономикадағы жеке ұдайы өндіріс
Фирма және кәсіпкерлік теориясы    
Өндіріс шығындары және табысы    
Өндіріс факторлары нарығы және табыстарды бөлу    
Бөлім III. Нарықтық жағдайдағы ұлттық экономиканың ұдайы өндірісі
Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижесін өлшеу    
Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы      
Инфляция және жұмыссыздық – экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі    
Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі      
Мемлекеттік реттеу және ұлттық экономиканың экономикалық кауіпсіздігі      
Әлемдік экономиканың қызмет етуінің экономикалық негіздері      
Барлығы: 90 сағат

Дәріс сабақтарының мазмұны

Бөлім I. Экономиканың әрекет етуінің негіздері және зандылықтары

Тақырып. Экономикалық теорияның пәні мен әдістері және зерттеу әдістері

Жоспар

1 Экономиканың негізгі элементтері және түсініктері

2 Экономикалық заңдардың объективтік сипаты

3 Экономикалық теорияның функциясы

1Экономика ғылымының негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүретін орыны. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономика-лық теория – оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.Байлыққа ие болу және тұтынымды қанағаттандыру жайлы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисс­ти­каға бөлді. Экономиканың біздің ғ.д. негізгі мақсаты – тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті үй шаруашылығы, өнер, сауда арқы­лы баю болды. Байлық және ақшаны иемденуде алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ. Егер экономика табиғи себептер­мен қам­тамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен үйлеспей тұрғандайәсер қалдырды. «Хремасстика» термині – сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Экономика терминін экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзінің кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару жөніндегі нұсқаулары жазылған. Ерте дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты, грек тіліндегі шаруашылық және басқару сөзінен алынып, француз экономисі Антуан Маккретьен оны (1575-1622жж) «Саяси экономия» деген еңбегі арқылы бекітті. Сонымен, XVII ғасырдан қазіргі кезге дейін «саяси экономия» деген ғылым қалыптасты.

А. Макретьен хандар мен жеке билеушілерге мемлекеттік мүлікті қалай басқару керектігі туралы кеңес берді. «Саяси экономия» трактатының аты соған байланысты болуы мүмкін. Осы кезден бастап экономика ғылымының пәні туралы әр түрлі ойлар мен анықтамалар айтыла бастады. Экономикалық ғылым басқа қоғамдық ғылым сияқты әр түрлі және күрделі қоғамдық шындықтың бір қырын қамтып зерттейді. Осы негізде, белгілі көзқарас арқылы адамдар және индивидиум арасындағы көзқарасты қарастырады. Альфред Маршаллдың басты негізгі түсіндіруі молшылықтың материалдық жағдайын жасау мен пайдалануға негізделген. Қазіргі жағдайда экономикалық ғылым заңдар, заңдылықтар негізінде экономикалық процестерді түсіндіретін және айқындайтын материалдық игілік жасау және пайдалану үрдісін анықтайтын маңызды әлеуметтік институт.

Экономикалық ғылым - білім жиыны, қоғамда үстемдік ететін шаруашылық идеологиясының негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы. Экономикалық ғылымның негізгі бөлігіне мыналар кіреді: экономикалық теория, шаруашылық логикасының тәжірибесі ретінде экономикадағы табиғи процестерді реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғам мен индивидумның қажетін қанағаттандыру. Экономикалық ғылым пәнін және әдісін зерттеу экономикалық теориямен ұқсас. Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны жан-жақты ғылым дейді. Ресурстарды талдау проблемасы мен экономикалық теорияның оқу пәні ретіндегі (экономика және саяси экономика) экономика ғылымынан айырмашылығы: шаруашылық және адамдар тәртібін, әрекеттерді нақты, тұрақты дәлелдермен анықтайды, қашаннан белгілі түсініктер мен категорияларды бастапқы білім негізінде түсіндіреді. Экономикалық ғылым әр уақытта нақты шындықты зерттеумен байланысты заңдар мен заңдылықтарды ашу, даму үрдісін ұзарту, қоғамның мақсатына жету тәсілдері мен әдістеріне болжам жасайды. Басқалай айтқанда, экономикалық ғылым әр уақытта динамикалы. Экономикалық теория, саяси экономия, экономика пәндеріне нақтылы анықтама берсек, мынадай жағдайды анықтауға болады: Біріншіден – экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және олардың өндірістегі тәртібін, тауар айырбастау және қызмет жағдайында шектелген ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес игілікті өндіру оларды бөлу және тұтынуды реттейді.

 

2Экономикалық заңдарды объективтік түрде әсер етуі адамдардың сана-сезіміне байланысты емес. Экономикалық процестердің ішкі мазмұнын, мәнін анықтау үшін обьективтік заңдарды ашу керек. Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттері (мән және форма) арасындағы қажетті,тұрақты, ұдайы тәуелділіктерді көрсетуі тиіс және обьективтілігімен байланысты себеп-салдарлы байланыстарды айқындайды. Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс- әрекеттері мен қатынастарын білдіреді. Сонымен, экономикалық заңдар бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Олар адамдардың қоғамдық іс-әрекеттерінің тәуелді байланыстарын, жүйелі ұғым-атау формасындағы заңдарды қарастырады.

Экономикалық заңдарға әлеуметтік, қоғамдық қатынастар заңдары жатады. Осылайша, олар табиғат заңдарынан ажыратылады. Оның екінші бір айырмашылығы -тарихи шектеулі сипатта болуы, ал табиғи заңдар мәңгілік қатынас ретінде зерттеу әдісіне ғана тәуелді. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше және жанама болып екіге бөлінеді. Ерекше экономикалық заңдар жеке дәуірлерге, формацияларға тән. Мысалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі материалдық игіліктерді бөлу заңы. Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларда әрекет етеді, мысалы, еңбек өнімділігін арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы және басқа да тарихи-әлеуметтік қажеттіліктер. Абстрактылы ойлау кезінде мән сыртқы қабықтан босайды. Абстрактылы ойлау кезінде логикалық түсінік қалыптасады, аз не көп зерттелген нақты шындық талданып, қорытындыланады. Өмірдің бұл фактісінде таусылмайтын ғылыми зерттеулер жатыр.

Қоғамның экономикалық даму заңын анықтау – экономикалық ғылымның негізгі міндеті. Ф. Энгельстің «Заңдар туралы ғылым, өндірісті басқару және адам қоғамындағы материалдық өмір игілігін айырбастау» экономикалық теориясы бұған тура бағынады. Экономикалық теорияның басқа экономикалық ғылыммен байланысы, әрқайсысының өзіне тән пәні, қойған мақсаты көрсетілген. Құрылыс экономика курсын алсақ, осы өндіріс саласына байланысты заңдылықтар мен негізгі ерекше заңдарды зерделейді, не оның өзіндік сипатын, құрылыс саласындағы экономикалық категориялар қызметінің ерекшелігін анықтайды. Негізгі көңіл қоятын жағдай - құрылыстың тиімділігін арттыру экономикалық тұтқалар мен категорияларды, оның кейбір бөліктерін: құрылыс, жоспарлау мен смета жасау, құрылыс өндірісіндегі несие-қаржы тетігі, материалдық-техникалық маркетинг, менеджмент – бір сөзбен айтқанда құрылыстағы күрделі қаржыны жұмсаудың тиімділігін арттыру, ерте жасалған негізгі өндірістік қорларды қайта құру және жаңғыртуды қарастырады.

 

3Экономикалық теорияның пәні өте күрделі проблема. Пол Самуэльсон өзінің «Экономикс» атты кітабында экономикалық теорияға төмендегідей 5 анықтама береді:

1) Экономикалық теория – бұл адамдар арасындағы айырбас пен ақшалай келісімге байланысты әрекет түрлері туралы ғылым;

2) Экономикалық теория – бұл адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарды (жер, еңбек, өндіріске арналған тауарлар) әр түрлі тауарлар өндіру үшін қолданылуы (бидай, ет, пальто, концерт және т.б.) және оларды тұтыну мақсатында қоғам мүшелерінің арасында бөлуі туралы ғылым;

3) Экономикалық теория – бұл адамзаттың өндіру және тұтыну үдерістеріндегі өзінің міндеттерін қалай орындайтыны туралы ғылым;

4) Экономикалық теория – бұл адамдардың күнделікті іскерлік өмір-әрекеті, олардың өмір сүруге қажетті заттарды табуы және соларды пайдалану туралы ғылым;

5) Экономикалық теория – байлық туралы ғылым.

Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалык категориялар болып табылады. Мысалы, тауар, құн, косымша құн, акша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объективті сипатын, коғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық емірдегі құбы-лыстарды сипаттап қорытындылауга кемектеседі. Экономикалық категориялар тарихи сипатта болады, олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды.

Экономикалық зандар — адам қоғамы дамуынын турлі сатыларыңда өндіру, белу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Олар қоғамның экономикалык өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын. көрсетеді. Экономикалық зандар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалык жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.

Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

- ерекше экономикалық заңдар – бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары;

- айрықша экономикалық заңдар – бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән. Мысалы, құн заңы; қорлану (қор жинау) заңы; ақша айналым заңы; сұраным мен ұсыным заңы және т.б.;

- жалпы экономикалық заңдар – бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән. Мысалы: уақытты үнемдеу заңы, еңбекті үнемдеу заңы, қоғамдық еңбек бөлінісінің заңы, қажеттіліктің жоғарылауы заңы, еңбек өнімділігінің үздіксіз өсу заңы, еңбекті ауыстыру заңы, халық өсуінің заңы, шекті пайдалылық заңы, табыстың төмендеу заңы, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипаты мен даму дәрежесіне сай келу заңы және т.б.