Тақырып. Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Капитал

Жоспар

1 Қоғамдық өндірістің нысандары

2 Тауар-ақша қатынастары

3 Капитал түсінігі

 

1Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі бар: а) натуралдық; б) тауарлы шаруашылық.

Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал-сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді. Натуралдық шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрлыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашлығынан бөлуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне жіне өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.Тауар өндірісі әлемдік өндіріс әдісінде өзінің дамуының жоғарғы түріне қол жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады. Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда. Адам қоғамның дамуы негізін материалдық өндіріс құрайды. Өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін, адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын-үйі және т.б. болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса, онда Адам қоғамы жойылып кеткен болар еді. Материалдық өндірістер саласы – халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету – киімді өндеу, тігу, жуу, тазалау және т.б.) екіге бөлінеді. Бүгінгі кезед қазіргі қоғамдық өндірісітің алдында төмендегідей маңызды мәселе тұр: а) өндірістің тиімділігін арттыру, ә) өндірістің экологиясын сауықтыру, б) гуманизациялау мәселесі, яғни өндірісте адамға бір қалыпты жағда жасау. Адамзат қоғамы осы мәселелерді шешу жолында ғылыми зеттеу жұмыстарын және эксперименттерін жүргізуде. Бұл мәселелер XXI ғасырдың негізгі проблемалары болып табылады.

Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Бұдан шығатыны:

- тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып табылады.

- тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады.

- тауар сатуға арналған

Австриялық экономикалық мектебінде тауар айырбас үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады. Қызметтің ерекшелігі сонда, оның заттай формасы болмағанмен, пайдалы мәні бар, адам іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Тауарлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін. Тауардың екі қасиеті бар:

- қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;

- басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.

Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады. Тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу алу қасиеті айырбас құны деп аталады. Айырбас негізінде не жатыр және бір басқа тауарға айырбасталуының сандық пропорциясын не анықтайды деген сұрақты алғаш Аристотель қойды. Кейіннен әр түрлі экономистер оған түрлі жауап берді.

Еңбек –құн теориясының жақтаушылар пікірлерінше айырбасталынатын тауарлардың құнын анықтайтын еңбек шығындары түріндегі ортақ негіздері болады. Шекті пайдалылық теориясын қолдаушылар пікірінше, айырбас негізінде пайдалылық жатыр. Шығындар концепциясының өкілдері құнды шығындарға теңестіреді.

Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша. Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың (халықтың) ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

Бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

- өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

- тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

 

2Тауар - айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттандырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қаңдай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз тауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес, айткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт. Сонымен, тауардын екі жақсы қасиеті бар:

- ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат, тұтыну құны;

- ол басқа бір затқа айырбасталатын зат, құн.

Заттың пайдалылығы оны тұтыну құны етеді. Тұтыну құнының негізгі қасиеті - тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері: Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракты еңбек (кұн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек адамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалдарды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен, тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірлен бір кезі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Тауарлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек — физиологиялық мағынадан адам күшін жұмсау. Біз ілгері атап еткендей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өңдірушінің жұмсаған жұмыс уақытының санымен анықталады. Сонымен тауардың құнынын мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады.Өндіргіш күштердің дамуы, онымен байланысты қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі кездейсок айырбастан оның жүйелі нысанына, кұнның да толық нысанына көшуге негіз қалады.

 

3 Капитал түсінігіне ең толық, жан жақты зерттеуді жүргізген К.Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. Капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар капиталдың заттық түрі болады көрсетті – машина, шикізат, құрал-жабдықтар. Кәсіпкерік сфераның қандайда болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы керек.

Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:

- капитал – деген құрал – жабдықтар жиынтығы,

- капитал деген ақша сомасы.

Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады. Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатысатын өнеркәсіптік каиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ. оны мынадай түрге бөлуге болады:

А - Т …Ө ... Т1 - А1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

А- Т ...

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау:

... Ө ...

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады:

... Т1 - А1

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталыньң функциясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=А' - А

Мұнда: А—бастапқы жұмсалған капитал, d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады. Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді. Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады. Негізгі капитал- бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады. Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады. Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады. Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:

- жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;

- табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.