Тақырып. Нарық және бәсеке

Жоспар

1 Нарық ұғымы

2 Бәсеке. Монополия. Монополистік бәсекелестік.Олигополия

1Нарық- өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі. Нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Нарық- тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе-ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі-өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар–ақша, нарықтық байланыстар сату- сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.

Нарықтың пайда болу себептері. Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкүндігі олардың қажеттілігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтыну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.

Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т.б тән нәрсе –олардың сиректігі немесе шектеулігі. Экономикалық теорияда бұл феномен ресурстар заңы деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол-еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурстар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір –бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттілігінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің зерттеген «Көрінбейтін қол» деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың экономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждығы түсіндіріледі. Әдетте, ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек қана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп, ол жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүдесіне де пайдалы әрекет жасайды.

Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:

– нарық әлемінің пайда болуы;

– натуралдық айырбас кезеңі нарығы;

– тауар болмысы кезеңінің нарығы;

– тауар емес балама кезеңінің нарығы;

Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық,

монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.

2 Бәсеке - нарықтық шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке. «Бәсекелестік» түсінігінің тұрақты мәні яғни сату немесе сатып алу барысында бір адамның екінші адаммен бәсекелеске түсуді білдіреді. Қазіргі заманда бәсекелестіктің осы түрі кең таралған, дегенмен ол индустриалды өмірдің түпкілікті ерекшеліктерінде екінші қатарлы салдары болып табылады. Тауарларды өндеу, сату және сатып алу үшін нарықтық шаруашылықтың мүшелері арасында неғұрлым жақсы жағдайлар үшін қарым-қатынас бәсекелестік болып табылады. Экономикалық бәсекелестіктің пайда болуы келесі жағдайлармен анықталады:

· Экономикалық қатынастарда өндіріс құралдарымен жұмысшылардың экономикалық тұрғыдан бірлесуі нәтижесінде пайда болады;

· Экономикалық қатынстарда өндірістік процессті ұйымдастыру жағдайында туады;

· Экономикалық қатынастарда өндіріс нәтижелерін қолдану және иелену жағдайларында пайда болады.

Адамдар арасында экономикалық бәсекелестік объективті, яғни олардың санасы мен еркіне байланысты емес, себебі олардың шаруашылық-өндірістік іс-әрекеттері объективті. Қазіргі заманда кәсіпорындардың нарықта қарым-қатынастары жетілмеген бәсекелестікке ұшырауда. Капиталистік дамыған елдерде автомобильдер нарығы, жедел фотобейгелерді шығару, телефон қызметтерін көрсету, т.б. салалар жетілмеген бәекелестікке негізделген. Сонымен монополизмді олигополия мен қатар жетілмеген бәсекелестікт нәтижесінде туған құбылыс деп сипаттауға болады.

Монополия нақты тауар сатуда немесе қызметті көрсетуде бір ғана сатушының бар болуымен және осы нарыққа басқалай сатушылардың кіруіне кедергі жасайтін нарықтың түрін монополиялық деп атайды, мысал ретінде "Полароид", "Газпром", теледидар саласында кәсіпорындарды келтіруге болады. Сонымен қатар монополистер деп электр, жылуэнергиясымен, сумен, пошта, телефон, байланыс түрлерін қамтамасыз етуді іске асыратын фирмаларды атауға болады, дегенмен осы қызметтердің бағаларын мемлекет бекітеді. Нақты өмірде монополистердің ешқандай бәсекелестері жоқ болады, сондықтан да олар өз тауары, қызмет түрін тұтынушыларға жеткізуде нарықта бағаларды өзіндік реттеуіне тура келеді, мемлекет тек олар бағаны шексіз көтеруден сақтайды. Нарықта монополиялық билікке ие болу үшін фирмаға міндетті түрде монополист статусын алу қажет те емес. Ұсақ дүкендердің өзі тауарларға бағаларын өздері анықтайды. Олардың негізгі ерекшелігі ірі монополистерге қарағанда қойылатын бағаларға деген биліктің неғұрлым төмен деңгейі. Сондықтан да монополистік нарықтарда жетілмеген бәсекелестік жағдайында монополистер зор табыстарға ие болады. Сол сияқты нарықтық жағдайлар басқа кәсіпорындардың қарқынды дамуына кедергі жасап, мемлекетте әлеуметтік проблемаларды шиеленістіреді. Себебі, орта және ұсақ кәсіпкерлік кез келген капиталистік мемлекеттің экономикалық негізін құрайды да экономикалық балансты қамтамасыз етеді. Сондықтан нарықта монополиялардың шектен тыс қызметіне үнемі мемлекеттік үкімет тарапынан шек қойылады.

Монополистік бәсекелестік түсінігі қандай ерекшеліктерге ие деген сауалға жауап беруге тырысайық. Монополистік бәсекелестік үшін монополияның да және жетілген бәсекелестіктің ерекшеліктері тән. Монополия жағдайында сияқты кез келген фирма басқа сатушылардан ерекше деп таныған өнімді сатады. Дегенмен мұнда бәсекелестік жөнінде сөз қозғау керек, себебі алуан түрлі сатуышлар бір-біріне ұқсас дегенмен бір-бірін алмастыра алмайтын тауарларды ұсынады. Мәні бойынша монополистік бәсекелестік – ол жетілген бәсекелестік және өнімнің жіктелуінің жиынтығы, себебі өнімнің жиынтығы кез келген монополиялық бәсекеге түсетін кәсіпкер үшін дәстүрлі сатып алушыларды жоғалтпайтындай бағаны сәл көтеріп отыруға мүмкіндік береді. Дегенмен монополиялық билік сол сияқты тауарлар немесе қызметтерді ұсынатын бәсекелестерге сай азайып отырады. Өнімнің жіктелу мүмкіншілігі тиімділіктің жаңа мәселелерін көтереді, себебі сатушылар өнімнің қандай түрлерін өндіруі керек, оларды шығаруда қандай технологияларды қолдануы керек, өз тауарына деген сұранысты көтеру үшін қандай жарнамаларды қолдануы керек деген сауалдарды қатал түрде шешуге міндетті. Монополистік бәсекелестік барысында жетілген бәсекелестікте сиқты жаңа фирмалар нарғына кіру үшін ешқандай кедергілер жоқ, ірі қалалардың едәуір бөлігінде жаңа дәріхана, мейрамхана немесе дүкен ашу қиынға соқпайды, дегенмен кедергілердің жоқ болуы ұзақ мерзім бойы жаңа кәсіпкер үшін зор пайда әкелетіндігі нақты мәселе емес.

Жетілмеген бәсекелестіктің келесі түрі – бірнеше сатушылардан құрылған олигополия. Олигополиялық нарықта өндірілетін тауарлардың едәуір бөлігі бірнеше ірі фирмалар тарапынан іске асырылады. Олардың әрқайсысы нарыққа ықпал етуде белгілі мүмкіншіліктері бар. Автомобильді, метал құю, жүкті немесе пассажирлік, ауа тасымалдау саласы олигополия деп аталады. Жеке олигополистер бағаларға деген арнайы ықпал жасай алады. Монополияда сияқты, дегенмен барлық сатушылар тарапынан қолданылатын іс-әрекеттермен анықталады, яғни жетілген бәсекелестікте сияқты. Сол сияқты жағдай олигополистердің мәселелерін шешкен кезде көптеген қиыншылықтар тудырады, бәсекелестіктің басқа түрлерімен салыстырғанда. Кез келген олигополистік фирма сатып алушылар сұранысы және басқа да бәсекелестерінің осы іс-әрекетке деген жауапты реакциясы арасында оптималды шешім табуы керек. Себебі сондай жағдайда ол фирманың табысына ықпал жасайды. Олигополистіқ бәсекелестік жағдайында өнім жіктелген болуы мүмкін және өте ұқсас. Егер де өнімнің дифференциациясы мүмкін болатын болса, фирмалар өз тауарының дизайны, жарнамасы жөнінде ерекшеліктер іздегу тиісті (бұл бағытта фирмалар жүргізетін маркетинг зерттеулері маңызды орын алады). Сол сияқты өзгерістердің салдарын, бағаларда сияқты, келешегін анықтау үшін олигополист бәсекелестерінің реакциясын болжауы керек. Олигополиялық нарық монополиялық нарық және толық жетлген нарық арасындағы жағдайда орналасқан.