Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы

Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.

Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.

Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:

Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:

Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.

Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және менарцһе жасына байланысты жүргізіледі.

Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.

Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.

Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.

Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі; Организмнің әрбір қызмет етуші жүйелеріне сәйкес биологиялық сенімділікті анықтайтын потенциалды мүмкіндіктердің генетикалық қоры берілген. Бұған өкпе, бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың жарыса қызмет етуі мүмкіндік береді, яғни тірі организмдегі негізгі жүйелердің көбі бірінің қызметін бірі қайталай алады және организмге қажетті элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. Жүйелердің осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің өсіп, дамуы қорғана алмас еді.

Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы; Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.

Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған. Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек. Солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.

Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан "вундеркинд" жасап шығаруға болады. Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.

Акселерация; латынша (аццеларае) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.

 

Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес

 

 

ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ
Отбасын жоспарлау — біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Отбасын ұзақ жылдар бойы жоспарлау — бала тууды шектеу деген түсінікті береді. Бірақ, отбасын жоспарлау — баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Яғни, отбасылық жұп ұрпағын өсіру мен тәрбиелеу дайындығын есепке ала отырып, баланы өмірге әкелу мәселесіне саналы түрде қарауы. 19-35 жас аралығы — бала туу үшін оңтайлы жас. Егер жүктілік бұдан ерте немесе кеш болса, онда туудың күрделі болатыны дәлелденген. Жүктілік арасындағы үзіліс 2-2,5 жыл болғаны дұрыс, өйткені, әйелге келесі баласын өмірге әкелу үшін, өз денсаулығын және болашақ балаларының денсаулығын нығайтуға мүмкіндікбереді. Контрацепцияның қазіргі заманғы жаңаша әдістері жыныстық қатынастың мейлінше үйлесімді болуын, қажетсіз уайымның және кездейсоқ жағдайдың алдын алады. Контрацепцияның қандай да бір әдісін қолдану туралы шешімді маманнан кеңес алған соң қабылдауға болады. Жасанды түсін бала тууды жоспарлаудың қолайлы тәсілі емес, одан мүмкіндігінше бас тартқан жөн. Әсіресе, жасанды түсік жасату — әйел бедеулігінің бір себебі. Жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы кеселдер де еркек пен әйел бедеулігіне әкеліп соқтыратын жиі себепке жатады. Жыныс мүшелерінің саулығын қадағалау өте маңызды, өйткені, бала сүю мүмкіндігіне шектеу қоятын көптеген аурулар бар. Бұндай ауруларды өз уақытында емдеген дұрыс. Сонымен қатар, мамандардан үнемі профилактикалық тексеруден өткен дұрыс. Қазақстанда халық санының көбеюін қолдауға бағытталған демография саласында нақты мемлекеттік саясат жұмыс жасайды.
   
   
сайын ажырасу хабарын есту үйреншікті жағдайға айналды. Күшті, берік махаббатпен үйленіп, 2 айдан кейін ажырасып жататындар ендігі ешкімді таң қалдырмайды. Айналамызда алғашқы күнгідей бір-біріне ғашық, бақытты жандар күн сайын азаюда. Міне, осындай бақытты отбасын құру үшін төмендегі сырларға аса мән беруіміз керек: · Ерлі-зайыптылар кейде болмашы нәрсеге ұрысып-керісіп жататыны сөзсіз. Ондай кезде ең маңыздысы жұптардың тым қатты ашуланбауы, шектен аспауы және күтпеген әрекеттер жасамауы қажет. Егер жұбайыңыз ашулы болса, сіз жұмсақ мәміле жасаңыз, көңілін жайландыруға, ашуын басуға трысыңыз. Кері қайтарылмайтын сөздер мен іс-әрекеттерден сақтаныңыз! · “Бір ұрыс кезінде маған дауыс көтерді” деп сіз де ұрысудан сақтаныңыз! Ұрысумен еш нәрсе шешілмейді. · Егер дауласудан міндетті түрде біреуі жеңу керек болса, зайыбыңыз жеңсін! Махаббаттың билікке таласатын соғыс емес екенін ойлап әрекет етіңіз! · Ешқашан бұрынғы жасаған қателіктерін зайыбыңызға қайта-қайта айтып есіне түсірмеңіз! Бүгінге дейін ешкім өткенді кері қайтара алмаған және ескіні түзете алмаған. · Не үшін үйленгеніңізді ұмытпауыңыз керек. Қуаныш пен қайғыңызды бөлісу үшін, өмірден екі есе артық ләззат алу үшін үйленген жоқсыз ба? · Сөздеріңіздің болымды, сүйіспеншілікке толы және салмақты болуына мән беріңіз! Әйтпесе еш нәрсеге жарамайды. · Бір жоспар құрған кезде жұбайыңызбен ақылдаспасаңыз, оның пікірін сұрамасаңыз немесе жора-жолдастарыңызға одан да артық уақыт бөлсеңіз, қате жолда жүрсіз деген сөз. · Күніне ең аз бір рет өмірлік жарыңызға әдемі сөз айтыңыз! Жұбайыңыздың сізден әдемі сөзді естіген кезде қандай бақытты болатынын байқадыңыз ба? · Қателік жасасаңыз қатеңізді мойындаңыз және кешірім сұраңыз. Қателік жасауыңыз дүниенің соңы емес. Бәрінен маңыздысы қате жібергеніңізді түсінуіңіз. Үйдегі тыныштықтың ең негізгі қағидаларының бірі де – сырттағы адамдармен қалай сыпайы және жақсы мәміледе болсаңыз, ең болмаса соның жартысын жанұяңызға көрсетуіңіз!  

«Отбасы-қоғамның алтын діңгегі» тақырыбында ашық тәрбие сабағын таңдауымыздың өзіндік мәні мен маңызы ерекше. Біз, Қазақстан халқы, өз байырғы қазақ жерімізде егеменді мемлекетімізді құрдық. Өз Конституциямызды қабылдап, мемлекетіміздің өз мақсатын айқындап, бекіттік. Ата Заңымыздың преамбуласында көрсетілгендей біз өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам құрудамыз. Біздің республикамыздың түбегейлі принциптерінің бірі- қоғамдық татулық, отандық патриотизм.

Отан-отбасынан басталады дегендей, біз өз Отанымызды, елімізді жанымыздай сүюге, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы баянды болуына жан-жақты атсалысуымыз қажет. Отанымызды сүюге тәрбиелейтін бірден-бір орта – бұл отбасы. Отбасы-шағын мемлекет.

Мемлекеттің пайда болу теориясын зерттеуде Қазақстанның заңгер ғалымдары зерделеген еңбектерінде Патриархалдық теориялық ілімнің негізін салған Платон, Аристотель пікірі бойынша мемлекеттің құрылуына отбасылық қағидалар басшылыққа алынып, қоғамдық-саяси ұйымдық билік етуде отбасындағы басқару үлгілері қолданылған деген ілімді танытады.

Жалпы, отбасының өзіндік қағидаларымен қоғамда алар орны ерекше. Олай дейтініміз, азаматтық қоғамның бір бөлшегі болып саналатын отбасы- барлық тәрбиенің ошағы. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп қазақ даналары бекер айтпаған. Мемлекет айыптап, жазалап отырған құқықбұзушының өзі де сол отбасынан шығады. Неғұрлым отбасында адам рухани тазалыққа, тәртіптілікке тәрбиеленсе, соғұрлым мемлекет ісін жүзеге асыруда мұқияттылық қалыптасып, оның қоғамдық ортада абыройлы да беделді өз орны болмақ. Қоғамымызда белсенді құқықтық тәртіпке сай мінез-құлықты азаматтар саны басым болса, ол мемлекетіміздің нығайып, өсіп-өркендеуіне мол үлес қосатыны сөзсіз. Ал, керісінше енжар мінез-құлықты адамдардың көбеюі, ол салақтыққа, немқұрайдылыққа әкеліп, тәртіпсіздікке, тіпті құқықбұзушылыққа апарып соқтыруы мүмкін. Осы мәселердің алдын-алу, өз елімізді әлемдік аренада өзіндік беделі болуын қазірден бастап қолға алғанымыз абзал.

ҚР Білім қызметкерлерінің 1-съезіне қатысқан ЮНЕСКО өкілі К.Пауэр мырзаның «Сіздер Европалық білім мазмұнын сол күйі ала салудан аулақ болыңыздар. ¤йткені, тек Шығыстың, Орта Азияның ерекшеліктері өз алдына, Қазақстан халықтарының да, қазақтардың да бөлекше ойлайтынына менің көзім әбден жетті. Сіздер терең білім берумен қатар ұлттық сипаттарыңызды жоғалтпауды басты нысанада ұстасаңыздар, әлемдік өркениеттен тезірек өз орныңызды табасыздар»,-деген сөздері ұлт деп соғатын жүрегі бар әрбір намысты қазаққа ой салады деп ойлаймын. Қоғамымыздың алтын діңгегі -ұлттық тәрбие берерлік асыл қазынаға бай. Біздің міндетіміз – елім дейтін азаматқа осы бір таусылмас халықтық қазынаны үлестіре білу.

Отбасын жоспарлау – бұл ерлі| зайыптылардьң және жеке тұлғалардың қалаулы бала саны, туылу мepзiмi, олардьң жас аралықтарын тиімді жоспарлауға бағытталған саналы түрде қабылданған ic-әрекеттері.

Отбасын жоспарлау жеке тұлғалар мен ерлі-зайыптылар қалауымен бала санына жету.

Отбасын жоспарлаудың кажеті:

• қалаулы денісау баланы туу ушін;

• әйелдердің денсаулығын сақтау үшін;

• отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін;

• өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін;